Сонымен, 31 арнадағы жаңа сериал "Қауіпті махаббат" деп аталады!!
Сонымен тағы да таныс бейнелер!!! Назарларыңызда 31 арна ұсынғн түріктің "Қауіпті махаббт" телехикаясы.
«Қауіпті махаббат» телехикаясы – түрік әдебиетінің классикасы, жазушы Керим Надирдің «Құс жолы» романының желісі бойынша түсірілген.
Балаң жігіт Неджат, бөлесі Зюлалға ессіз ғашық болады. Сұлу да еркін, әрі өжет ару бозбаланы көзіне де ілмейді, тіпті мүмкін болса оны кемсітіп қалуға бар. Әдемі кештердің бірінде Неджат қызға сезімін білдіреді. Алайда, Зюлял жігіттің бұл қылығын күлкіге айналдырып, тіпті бозбаланы елемейтінін дәлелдей түсу үшін, оның жақын досына тұрмысқа шығады. Ал, Неджат болса жүрек түкпірінде жатқан жанды ұмыту мақсатында, басқа қалаға қоныс аударады.
Жылдар өте береді…
Зюлялдың отбасылық өмірі баянды болмады. Жарым деп сенген жанның опасыздығын көрген ол, ажырасып кетеді. Тек, осыдан кейін ғана бойжеткен Неджаттың өзіне деген адал махаббатының бағасын түсінеді. Тіпті, осы жылдар бойы жүрек түбінде бөлесіне деген беймәлім жылылық болғанын сезінеді. Өзін шын пейілімен сүйген Неджатты кезінде елемегеніне өкінеді.
Осы уақытта Неджат әкесін соңғы сапарға аттандыру үшін, туған қаласына келеді. Зюлял мен жігіт зират басында кездеседі. Арада жылдар өтсе де, бойжеткеннің тұрмыс құрғанына қарамастан Неджаттың оған деген сүйіспеншілік сезімі титтей де әлсіремеген еді…
Бұл сериалдың сценарийі жақсы, әрі тартымды болады деп сенміз. Жалпы, қазақта бөлелер бір-бірімен үйленеді ме??
Сериал болғаны түсінікті ғой. Бірақ, қандай жан басымдырақ? Ұрыс-тобелес, Саваштағыдай кровная война ма или все-таки махаббат па?
Мен Kuzey&Guney дегенді қарағым келіп жүр. Соны күтіп ем 31-ден.
сериалға келетін болсақ қазірден шамалап отырмын нелер болатынын :)
бірнеше серия бойынша бұрынғы махаббатын қарату, одан кейін кедергілерге төтеп беру, айрылу, қайтадан қосылу.
проблемалар 2-3 серияда басталады деп ойлаймын. Сонымен солай дейік болып, соңғы сериясында ғана бәрі мақсат-мұраттарына жетіп, тату-тәтті ғұмыр кешеді.
к= 1.75
Зүлалдың ролінде — Айдан Шенер (!)
Ә дегенде ұнауы мүмкін емес
Фатмагүлдіңде адам тарту қабілеті де оңып тұрған жоқ, бірақ киноның аяқсыз қалғанына қиналып жүрм
Жалпы, қазақтарда бөлелер үйленеді. Менің тіпті қайын жұртым да бірнеше отбасы солай құырлған. Кезінде қуғын-сүргінде жүрген аталарымыз, ұрпағымыз бір-бірінен алыстамасын деп солай үйлендірген екен. Соның арқасында, туыстарымыз өте көп))))).
Қуғын-сүргінде жүргендіктен амалсыздан үйленсе, оны «Жалпы, қазақтарда бөлелер үйленеді» деп қалыпты жағдай, дәстүр ретінде қабылдай алмаймыз.
Сұмдық қой бөлелер үйленген деген. Сериал көрсетілімін ақтау үшін бұл қазақтарға бұл жат дәстүрді таңудың қажеі жоқ.
«бөледен ауылдас жақын» деген сөз бар, бұл сөздің өзі туыстық қатынасты еркек кіндік арқылы тарататын қазақ үшін бөленің туыстығы қаннан гөрі психологиялық тұрғыда екенін көрсететін болар.
жеті атаға дейін қыз алыспауды ұрпақ тазалығының басты ұстанымы ретінде қолданатынымызды ескерсек, бөлелер жеті ата түгілі екі рулы елдің өкілдері болатынына байланысты олардың үйленуіне теориялық түрде кедергі болмайтыны онық болар.
Бөлелердің үйленуінің кең тарамауы негізінен бөлелер кішкентай кезінен бір-бірімен туыс ретінде араласуына байланысты олардың арасында жынысаралық сезімнің тұтануы сирек кездесетінінде деп ойлаймын… өз ойым…
2009 жылы түріктің дарынды режиссері Андак Хазнедароглу түрік әдебиетінің классикасы «Құс жолы» романы бойынша түсірілетін телехикаяға шақырады. 1989 жылы аталған шығарманың желісі бойынша «Қауіпті махаббат» деген атаумен фильм түсірілген болатын. Картинаның ремейкі де осылай аталады. Телехикаяның сюжеті мен кейбір тұстарына өзгерістер енгізілген. Десе де, жалпы оқиғалар желісі жазушы Керім Нәдірдің романында суреттелген хикаяға негізделген.
Қазір 39 жасар актер Озджан Дениз телехикаяларға сирек түседі, музыкаға баса көңіл бөлуде. Өзінің айтуынша, оқушы кезінен-ақ, таңдауын жасап 13 жасында мектепті тастап, музыкамен айналыса бастаған. 16 жасында Антальяда концерттер қойып, отбасын асырайды. 17 жасында Стамбулға көшіп, одан кейін Мюнхенге жол тартады. Мұнда әнші Йашар Йамурмен танысып, оның көмегімен алғашқы альбомын шығарады. Осыдан кейін, әнші ретінде таныла бастайды және ондаған күйтабақтар шығарады. Түркияның белгілі продюсерлері оның сахнадағы әртістік қабілетін байқаған соң, сериалдарға түсуге шақырады. «Менің махаббатым қырларда серуендейді» атты кинодағы алғашқы жұмысынан кейін жұртшылық талантты актер ретінде ықыласпен қабылдады. 2004 жылы Озджан «Маусым түні» атты фильмге түсу туралы ұсынысты қабыл алады. Ал, Байрамның рөлі оның танымалдылығын еселеп, әлемнің түкпір-түкпірінде миллиондаған жанкүйерлері пайда болды. Фильмге түсуге деген ұсыныс актерға жан-жақтан түсе бастады. Алайда, ол көбіне-көп бас тартатын. Озджан әнші ретінде әлемнің бірқатар елдерінде концерт қояды. Ал, 2009 жылы киноға оралып, «Қауіпті махаббат» телехикаясында басты рөлді сомдайды. Бұл аса сәтті жоба болды. Фильм орасан зор табысқа жетіп, көптеген елдерде көрсетілді. Апалы-сіңлілі жандардың балалары Неджат пен Зюляльдің әсерлі де, ыстық сезімге толы оқиғасы тағы да көрерменнің ықыласына бөленді.
Таяуда «31 арнада»! «Қауіпті махаббат» телехикаясы!
(«Опасная любовь» емес). Мәтінді дайындаған адамға осы сәлемдемені жеткізер ме екенсіз?(Тырнақ астынан кір іздегендей боп кеттім ба, не боп кетті өзі) :)Зюляльдың роліндегі қыз арық болған соң ба, тартымсыз, бірақ мамасы ұнады. Сондай әдемі келіншек.
Үйлері де күшті екен.
Ай япымның басқа сериалдарын қарап жүрмін, солар жетеді маған :)
шараптарын газетке орап отырып ішеді ғой.
Бұл әулеттегі әрбір жанның ешкімге айта алмайтын сыры бар. Алайда, қандай құпия болмасын бір күні ашылары анық. Оны Фериде ханым да жақсы түсінеді. Бұл сырын ол 25 жыл бойы ешкімге тіс жарып айтқан емес. Алайда, балаларына бар шындықты айтатын уақыт келген секілді.
«31 арнада» түрік киногерлерінің жаңа туындысы – махаббат дастанына құрылған телехикая. Фильм желісі бойынша Неджат – Фериденің жиені, анасы қайтыс болғалы нағашы әпкесінің қолында тұрады. Фериде оны қызы Зүләлмен бірге туған ұлындай тәрбиелеп өсірді. Ержете келе бозбала өз бөлесіне ғашық екенін түсінеді. Бұл сезімін өзіне ар санаған жігіт туған жерінен алыстап кете барады. Ағасына ыза болған Зүләл оның жақын досына тұрмысқа шығады. Фериде балаларының бір-бірінен жырақта қалай қиналып жүргенін түсінеді. Алайда, екеуінің туыс емес екенін, Зүләлді асырап алғанын ашып айтуға оның батылы жетпеді.
Енді, осы қателіктерді түзетудің тағы бір сәті түсіп тұр. Неджат әкесін соңғы сапарға аттандыру үшін үйіне оралды, ал күйеуінен ажырасқан Зүләл анасының қолына көшіп келеді. Фериде екі жастың арасындағы ыстық сезім мен жылы қарым-қатынасқа, әдемі махаббатқа тағы да куә болады. Екі ғашықтың бақыты үшін, ол қызын асырап алғанын жария етпек болады. Алайда, Фериде ханымның туған қызы емес екенін білгенде Зүләл қандай күйге түсетінін ешкім болжай алмаған еді. Осы сәттен бастап оқиға кейіпкерлерінің өмірі күрт өзгерді.
Бұл романдағы қос ғашық түріктің Ромеосы мен Джульеттасы аталып кеткен еді. Әдемі хикая өткен ғасырда жарық көрген болатын. Осы уақыт аралығында, Керім Нәдірдің «Құс жолы» атты романы бірнеше мыңдаған данамен таралды. Ал, шығарма желісі бойынша 1989 жылы түсірілген фильм миллиондаған көременмен қауышты. 2010 жылы көпшілік назарына бұл хикаяның жаңа телетоптама нұсқасы ұсынылды. Түрік режиссері Андак Хазнедароглу «Құс жолы» фильмінің ремейкін – «Қауіпті махаббат» деген атаумен телехикая ретінде жарыққа шығарды. Басты рөлдерде танымал актерлар Озджан Дениз бен Вильдан Атасевер.
Дүйсенбі-жұма 20:00-де «31 арнадан» көріңіздер!
Эзель бітпей жатыр.
1) Фирмач бай болад, көбінесе мінетіндері америкөттердің Jeep немес немістердің БМB маркалы паркетниктері
2) Фермер болад көбісі
3) Жастары тышқан боқтарына дейін клубтарда талқылайд әкесс…
4) Үлкендері көршісінің асханасынан шықпайд
Сериал түк ұнамады, басты рөлдегі актрисаны көрсем, жыным шығады. Сұлу емес бір, еще таланты мүлдем жоқ. Сериал-құсық