#EXPO2017: ЭКСПО АЛАҢЫНА БАРАТЫНДАР ҮШІН НҰСҚАУЛЫҚ



Бүгін Астана ЭКСПО мамандандырылған халықаралық көрмесінің ашылғанына 5 күн. Ресми ашылу салтанатынан бері сонда жүргеніммен, қолымның компьютерге жетіп жазуыма енді ғана мүмкіндік туды. Бұл жазбамда қосымша түрде ЭКСПО-ға алғашқылардың бірі болып барған адам ретінде кішігірім нұсқаулық ұсынбақпын ;)
Әрі қарай

EXPO-2017 ашылуына барасыз ба?

ЕХРО-2017 халықаралық көрменің ашылуына 2 күн қалды. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да алдағы бірнеше ай бойы бұл басты тренд тақырыптардың бірі болмақ. Бұл ауқымды шараға бару жоспарыңызда бар ма?

Астана жаңалықтары: EXPO-2017 ашылуына барасыз ба?

EXPO-2017 билеттерін мына жерден онлайн сатып ала аласыз: tickets.expo2017astana.com/kk
Әрі қарай

АРПАЛЫС

ОҒМ жазбалары: АРПАЛЫС

Мамыр айының 18-19 күндері Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры М.Әуезовтың әңгіме желісімен қойылған «Қорғансыздың күні» драмасының премьерасын көпшілік назарына ұсынды. Режиссер — Әлімбек Оразбек, қоюшы суретші — Шынар Елембаева. Еш премьерадан қалмайтын Қаллекидің тұрақты көрермені ретінде, маған 19 мамыр күні А.Серкебаева, О. Жақыпбек, Е.Нұрымбет, Н. Ташимова, Е.Малаев, Қ. Бұғыбай, Н. Есен т.б. қатысуымен екінші құрамның ойынын көру бұйырды.

Әңгімеден ерекшелігі – оқиға желісі кейін шегініп, жұтаң да болса бақытты тірлік кешіп жатқан жанұяның өмірін суреттеуден басталады. Жақып пен оның сүйікті де ерке қызы Ғазизаның сырластық жақындығы көрсетіледі.
ОҒМ жазбалары: АРПАЛЫС

Іс Жақыптың туысы сараң Дүйсеннің малы ұрланған соң насырға шаба бастайды.
Әлімсақтан келе жатқан жамандық пен жақсылықтың, түнек пен жарықтың үздіксіз күресі басталады. Жарық өз сәулесімен адамзатты құтқарамын деп әлек, ал түнек болса «онсыз да қара пейілді пендені қайтесің» деп оны әжуалайды. ОҒМ жазбалары: АРПАЛЫС

Спектакль минимум реквизит тердің максимум қолданылуына құрылған. Бұл тұрғыда режиссердің де, қоюшы суретшінің де шығармашылық жұмысы көзге ұрып тұр.
Қойылымның музыкалық әрлеуі де оның мағынасын үстей түсіп, көрерменді үнемі толқуда ұстап отырды.
Актерлердің ойынына келетін болсам, актриса Алтынгүл Серкебаева бүлдіршіндей жас, нәзік Ғазизаның рөлін жақсы алып шықты. Бас кейіпкердің репликасы аздау көрінгенімен, оның 14-15 жасар жасөспірім екенін ескерсек, одан артықтың керегі де жоқ шығар. Олжас Жақыпбектің Түнегі ерекше есте қалды, дауыс ырғағын құбылта сөйлеп, зымияндықтың көкесін көрсетті. Ақан болыстың атқосшысын ойнаған Қасымхан Бұғыбайдың өз кейіпкері бағытында біраз ізденгені көрініп тұр. Ақан болыс әңгімеде оңбаған болса да тартымдырақ сезілетін, мұндағы бейнесін өз басым қабылдай алмадым (Е. Малаев).ОҒМ жазбалары: АРПАЛЫС

Қойылым соңы биікте шалқалаған бейкүнә құрбанның астындағы Жарық пен Түнектің мәңгілік арпалысымен аяқталады. Құдды бір «Ей, адамзат, байқа!» деп тұрғандай. Себебі өз ниетімізге өзіміз жауап бермесек, Жарықтың да құтқаруы екіталай бізді…

Фото театрдың фейсбук парақшасынан.
Әрі қарай

Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Әлеуметтік желі қолданушылары украин суретшісі Снежана Суштың шығармашылығын өте жақсы көреді. Акварельмен салынған аңғал суреттері әрбір адамға әсер етеді. Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынасты суреттер арқылы көрсетуі ата-аналарға бала тәрбиесі туралы ойландырады және өмірдің сол бір қызық сәттерін еске түсіреді. Снежана өз суреттерін инстаграмда бөліскенді жақсы көреді және аккаунты @vskafandre. Ол бір сұхбатында әкесінің өзіне көп уақыт бөле алмағандығын айтады. Әкесі қызын жақсы көретін бірақ қызына деген махаббатын толық көрсете алмаған. Осылайша Снежана өз суреттерінде өзіне балалық шағында жетпеген сезімдерді: үлкен әкесінің кішкентай қызына жеткізе алмаған махаббатын көрсеткен.

Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен 14 суретте.

Әкеміз — мектептегі бұзақылардан да, төсек астындағы бөжейлерден де қорғайтын адам!
Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Әкеміз — біз үшін шаш өруді де үйренеді...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Әкеңізбен жүргенде жерден жеті қат биікте сезінесіз...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Оның қасында болғанда ештеме уайымдамайсыз...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Қызы үшін бәрін істейді; көлемін де өзгерте алады...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Жұмысы көп болса да шай ішуге уақыт табады...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Біздің көңілімізді қалай көтеруді жақсы біледі.Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Бізбен ойнайды...

Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Қиялында шек жоқБлог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Біз күлімсіресін деп түсініксіз нәрселер жасайды.Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Қиын сәттерде шешім табады.Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Әрдайым жанымызда...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Бізді сүюді ең жақсы білетін екі адамның бірі...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Сол үшін ең қиыны; Айырылысу немесе айырылып қалу...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Әке болу оңай емес, супер әке болу тіпті қиын!

Ата-анамыз аман болсын, достар!
Әрі қарай

Бұта отырғызу

Подъезімнің алды көк тақыр. Көршілес подъездерде бұталар өсіп тұр. Біздегі алаңқайдың тақырға айналуына не себеп екенін кейін білдім — кезінде бірінші қабатта тұратын біреу машинасын өз балконының түбіне қою үшін тал-теректерді жұлып/кесіп/опырып тастаған. Алайда қатты дауыл кезінде жақын маңдағы ағаштардың біреуі сынып, ауыр бұтақ (!) машинасының үстіне құлапты-мыс. Сол кезден кейін есік алдындағы тақыр бос тұр.

Подъездің түбі — автотұрақ, гараж, қойма емес. Ол да жалпыға ортақ территория. Оны бәрі түсінеді, бірақ адамның эгоизмінде шек бар ма? Келесі «умник» келіп, жекеменшік паркингке айналдырғанын күтіп жатқым келмеді. Бірдеңе егіп тастайын дедім.

Осы сенбі-жексенбі соның қамымен өтті. Жер қазып жатқанымды көріп, біреулер мақтауларын жеткізді, тіпті көмекке келген көршілер де бар. Ашық жеріне гүл, көгал егейік деп ұсыныс айтып, қоршау мәселесін қамдайық деген көрші де табылды. Өспей қалады-ау деген скептик те бар екен көршілер арасында, ұрлап кетеді-ау деді бір өткінші. Мені қорқытқаны — өспей қалатыны емес, ұрланып кету ықтималдығы және аяққа тапталып сынып қала ма деген қауіп. Білмеймін, көре жатармыз.

Ал, мынау сол шаруаның видеосы:


ТОЛЫҚТЫРУ!
Кіреберістің екінші жағына да ағаш отырғызылды. Ағаш дегенде сол — бұта ғой ол да. Ақпан айында үйдің жанында бұрыннан өсіп тұрған талдардың бұтақтарын кесіп алып, суға салып қойған болатынмын. Солардың басым бөлігі тамыр жайды. Үш-төрт талдан біріктірдім де, төрт түпке бөліп отырғызып тастадым.
Әрі қарай

#QazzaqDepression. Аяған Себастьян Бақ. "Муззона"

Менде бір керемет сюжет бар...: #QazzaqDepression. Аяған Себастьян Бақ. Муззона
(пролог іспетті)
Санта лючия,
Санта лючия,
Санта лючия,
Санта.
Санта лючия,
Санта лючия,
Санта лючия,
Санта!


— Кхм… — деді бір кезде үш жарым сағат бойы үндемей, терезеден алыстағы әлденеге қарап тұрған клиент. Сосын креслоға жантая кетті.
Әрі қарай

Д.А.-ға (2-хат)

Тимати Ноаның «1876-2007» атты мақаласын оқыған едім. Телефон шалу дәуірінің соңы туралы. 2007 жылы америкалықтардың орташа айлық қоңырау шалуы 2013 рет болғанда, мәтін хабарламасын жіберу 2018 реттен асқанда телефон шалу дәуірі аяқталды дейді. Мен үшін бұл дәуір кейінірек аяқталды…
Есіңізде ме, телефоныңызда полифиония әуені болса дауысын айқайлатып қоюшы едік қой. Біреулер диктофонға жазып алып әуенге қоятын. Мобильді интернет дамығанда рингтондар да түрленді. Кейін телефонға қайта стандартты рингтон қою сәнге айналды. Мүмкін сән емес, адамдар жалыққан шығар. Сіз үнемі ренжисіз, телефон шалсам көтермейсіз деп.
Тұтқаны алмасаң өршелене қоңырау шалатындарды жек көрем. Менің мүлгіген тыныштық аймағыма баса-көктеп кіріп келе жатқан адамға ұқсатам. Есіңізде ме, айтып едім ғой сізге осы Тимати Ноаның телефон шалуға болатын «жалаңаш адам» принципі туралы. Яғни тек жалаңаш көрген (эротикалық мағынада емес) немесе көруің мүмкін адамдарға ғана ескертпей қоңырау шалуға болады. Егер ондай санатқа жатпаса, алдымен хабарлама жіберіп, қоңырау шалуға рұқсат сұраған жөн.
Шынын айтқанда соғылған қоңырау дауысын естігім келмейді. Мен қоңырауын асыға күтетін адам мүлдем жоқ бұл өмірде. Бейтаныс нөмірлерді көрсем тіпті қоңырау қабыл алмауым мүмкін. Түн ішінде жақындарым телефон шалса, зәре құтым кетеді суыт хабар ма деп. Суыт хабар тек түнде емес, тапа тал түсте келуі мүмкін екенін білсем де…
Кейде телефонымды авиа режимге қойып қоямын. Соңғы уақытта жиі. Бірақ үнемі онлайнмын. Тәулігіне 24 сағат. Маған жаза қойсаңыз, жауап бере қоямын)) Бұл әрине араласқым келетін немесе араласуға мәжбүр адамдарға қатысты))) Білесіз бе, қымбатты Д.А., соңғы уақытта бар ғой онлайн коммуникацияда да «тағылық» таныта бастадым. Әлеуметтік желідегі әңгімені жекеме сүйретіп әкелгенде, ортақ чатта отырған адам себепсіз жекеме шыққанда «біртүрлі» болып қаламын. Тіпті тіксініп қалам десем болар.
Жоқ, қоғамнан қашады, депрессияда деп ойлай көрмеңіз. Адамдармен сөйлесуге әрқашан әзірмін. Тек реал өмірде. Өтінемін, тек қоңырау шала көрмеңіз…
Ізетпен Б.
Әрі қарай

Көшкін көңіліңізге қарап келмейді (сәуірде келеді). Немқұрайлылықты доғарыңыз!

Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы Облыстық драма театрда жаңа қойылым сынақтан (сдача) өтті. Оңтүстік өңірінде орналасқан мәдени ошақтарды насихаттауға бағытталған хабардың редакторы ретінде мен де көрсетілімге қатыстым (комиссия мүшесі емес, әрине). Қойылымның режиссері Асқар Алтынбеков былайша айтқанда «саяси жанр» енгізіпті. Пьеса «Көшкін» деп аталады, түрік драматургы Түнджер Джүзеноғлы жазған. Белгілі бір уақытта болмаған шартты оқиға.
Блог - ayzat_bauirzhanqyzy: Көшкін көңіліңізге қарап келмейді (сәуірде келеді). Немқұрайлылықты доғарыңыз!
Шығарма желісі – тау ішінде орналасқан бүтін бір ауылдың жүрегін мазалаған жартығасырлық үреймен ұштасады. Артық дыбыстан, адуындап келетін қар көшкінінің кесірінен адамдар өзін-өзі өлтіруге де дәті бармайды. Ал, әйелдер бала көтерген күні сол шаңырақта жауыздық орнайды. Адамнан адам оңай шыға ма?! Бір бала дүниеге келем дегенше, бүтін ауыл өлім құшады. Лажсыздан босануына 3 айдай қалған әйелді дауысы шықпас үшін, тірідей табытқа салып тастап отырған. Осылай әр жүкті әйел ажалын табыттан күтіп жүреді. Ең өкініштісі, сол үрейдің жәй ғана сандырақ екеніне бақандай елу жылдан кейін ғана көз жеткізу. Қарапайым жұртты «жұмса, жұдырықта ұстағысы» келетіндердің пиғылы дер кезінде анық болмай, ұзақ уақыт бойы көшкін қаупімен халықты қорқытып келген. Бір отбасыдағы үнсіздікке тұншыққан еркек мылтықты көріп, өзін-өзі атуға бел буады. Және әлі уақыт бар деп жүрген келіні мерзімінен бұрын босанып қояды. Содан шаңырақта белгілі деңгейде шу орнайды. Ал, ақырзаманға уәде берген көшкіннен ешқандай хабар болмай шығады.
Блог - ayzat_bauirzhanqyzy: Көшкін көңіліңізге қарап келмейді (сәуірде келеді). Немқұрайлылықты доғарыңыз!
Шығарманың әр түрлі түйіні бар шығар. Менің түсінгенім бойынша нағыз «бізге» арналған екен. Ауыз әдебиеті ұқсап жарты ғасырға созылған үрейге – халықтың сенгіштігі, немқұрайлылығы себеп. Сол 50 жыл ішінде бірде-бір рет төтенше жағдай орнамаған (сабақ алуы үшін). Бірақ, келіп қалар деген қарғыс атқыр «үмітпен» адамдар тіпті сыбырлап сөйлесуге көшіп кеткен. Бүгінде тау арасында тұрмасақ та, біз алдын ала алмай жүрген «көшкіндер» көп. Ол, ақпараттың жалғандығы мен оның тез таралуы, тіпті, ұрпаққа жалғасып кетуі. Дені осындай мәселелер көп қой, жалпы. Не оқиға болса да, соның рас-жалғандығына көз жеткізу керек.
Қойылымдағы актерлар шеберлігі. Ауылдағы ең қатты дыбыс ұйқы болып кеткені, адамдардың қимылындағы үмітсіздік бәрі айқын көрініп тұрды. Фобиясын қалай жеңеді екен деп күтіп отырасың.
Айта кетейін, «Көшкін» пьесасы сәуір айынан бастап көрерменге жол тартады. Барайық, тамашалайық!
Әрі қарай

Мен көрген Атырау

Атырау – Атырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық өзінінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. 1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта атаған. 1992 ж. бері қала атауы — Атырау.

Атырау тұрғындарының айтуынша қалада өмір Жилгородокта басталған. Жилгородоктағы соңғы аялдама. Бұрын бұл жерде арка болған, қазіргі таңда жоқ.


Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы. Бұл ғимарат та Жилгородокта.


Орталық көпір жақта бұрын рестораны бар «Чайка» өзен-вокзалы болған. Қазір бұл жерде қала әкімшілігінің ғимараты тұр. Ал көпірдің арғы бетінде көрініп тұрған ақ ғимарат — Атырау облысы әкімшілігінің ғимараты.


Орталық көпір үстінен жағажай көрінісі.


Жағажайдан көрініс.


Бұрынғы «Гипроказнефть» мемлекеттік жобалау институты ғимаратында қазіргі таңда Атыару облысы қазынашылық басқармасы орналасқан.


Басқа ракурстан.


1970-терде ауылшаруашылығы басқармасы болған жер қазіргі таңда Атырау облысы салық департаменті.


Жайық өзені бойында орналасқан «Атырау» санаторийі.


Темір жол вокзалы.


Атырау қаласындағы шіркеу. Сурет 1947 жылы түсірілген.

Блог - shota2030: Мен көрген Атырау

Жағажай салынып жатқан жылдар. Біз жағажайға суретке түсіру үшін бардық, бірақ гид бұл жердің алыста екенін айтты. Біз ол жаққа бармадық. Сол үшін интернеттен басқа бір азаматтың түсірген суретін алдым. Суретін рұқсатсыз пайдаланғаным үшін ренжімес.


Бір кездердегі «Гурьев» қонақүйінің атауы өзгерген, қазіргі атауы «Атырау» қонақүйі. Біз бұл жерге де бардық, бірақ ағаштар қөсіп кеткені үшін бұл ракурстан суретке түсіру мүмкін болмады. Сол үшін басқа бір сурет пайдаланылды.


P.S.: Кей суреттердің түсірілген жылы мен атаулары дұрыс болмауы мүмкін. Атыраулық ағайын мені түзете жатар.

Аз ғана күнге және блогқұрылтайға келгенім үшін қаланы қыдырып, суретке түсіру үшін уақыт тығыз болды. Ауа-райы да жаңбырлы болып, тамаша суреттер түсіруге мүмкіндік болмады. Бірақ қайтадан келіп суретке түсіремін, бұл фоторепортажды толықтырамын және мына балық аулаушылардың қасында балық аулаймын. Күтіңіздер!

Блог - shota2030: Мен көрген Атырау
Әрі қарай