Тындырғаным сол болды
Бүгінгі күннің басым бөлігі ұлымның пайдасына шешілді. Ұйқымызды қандырып, сағат 11-лерде FUNKY TOWN ойын-сауық орталығына бардық. Карточкаға 3000 теңге салып, ойламаған жерден ұтыс купонын иелендік. Сөйтсек, орталықта «Ойыншықтар айлығы» деген акция өтіп жатыр екен. "Ұтыс бүгін сағат 16:00-де болады",-деді кассадағы қыз. Ал біз айналдырған бір сағаттың ішінде карточкадағы тиынның түбіне құм құйып үлгердік. Сағат төртке дейін не істейміз? Оның үстіне үйіміз қаланың ана шетінде...Қайтсек те осында күтуге тура келеді. Содан асқазанымызды аз-мұз алдарқатып, сол ғимаратта орналасқан Арсенал кинотеатрындағы 3Д форматтағы «Гномео и Джульетта» мультфильміне билет алдық. Мені негізі қандай бір нәрсемен таң қалдыру аса қиын емес-тін. Бірақ, 3Д формат мені кереметтей таңқалдырды деп айта алмаймын. Көзілдірікті бір киіп, бір шешіп өзімше сынама жүргізіп отыр ем, кенет кіре берістен оқыған «Көзілдірік бүлінген жағдайда 6000 теңге айыппұл салынады» деген ескертпе есіме түсіп, мұнымды доғара қойдым.Сонымен ұтыс уақыты кеп жетті. Мен естуге құмартқан 2546 нөмірі ақыры аталмастан қалды. Бірақ, мен ұтылғам жоқ. Ұлым мәз-мейрам боп, асыр сала ойнады. Оның бір қуанғаны — бізге мың ұтыс. Купонды күйеуім тіркеткен-ді. Әдетте мені "құманқол" деп мазақ қылатын. Өйткені, мен лотерея, ұтыс деген нәрселерде жолым болып көрген емес. Құманқол деген атақ бүгін оның өзіне бағытталды…
Ойын-сауық паркінен келе жатып орталықтағы абажадай бір жарнама банеріне көзім түсті. Үш тілде берілген жарнаманың жапсары — КОКО МОТО деген лонж-бардың ашылуы туралы жар салу екен. Қақалып-шашалып жатқан сол баяғы қазақ тілі. Айналдырған үш сөйлемде сан қате… Бардың ашылу салтанат құрметтіне шықырылған… Бұлай өздерін де, бізді де алдамай-ақ қойғандары жөн болар еді…

Он тоғызыншы ақпан күнгі кездесуде ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарына қатысты бірқатар шаруалар талқыланып тастады. Қандай дегенмен үйлестіру ісіне атсалысатын жауапты адамдарды белгілеп, тиісті шешімдер қабылдаудың да уақыты келген сияқты, өйткені аз ғана уақыт қалды ғой. Сонымен, маған тайм-киперлер тобын жинау тапсырылды. Жалпы, 7 аудиторияға 14 уақыт санаушы адам керек деп шештік. Әзірге, кешегі кездесуде қол көтеріп, ниет танытқандар мыналар:
Құрметті Шымқаланың блоггерлері және блоггер еместері!
Ия!!! Оралуыңмен КерекИнфо! Шынында да Дабай.кзке кейбіреулер кері пікір тудырып үлгерген еді. Бірақ қалай болғанда да құлағымыз үйреніп те қалыпты! Жаңа ат — жаңа шыңдармен иықтасады деп үміттенеміз! Алдағы уақыттарда бұл сайттан шынында да көптеген керекті инфо табуымызға, өзімізде бар инфоны жұртпен бөлісуге бар күшімізді салуға тырысамыз! Жарайсың Асау Бота! Аузыма «Админ красава» дегеннен басқа сөз келмей тұр!