Time-keeper деген кім?

Он тоғызыншы ақпан күнгі кездесуде ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарына қатысты бірқатар шаруалар талқыланып тастады. Қандай дегенмен үйлестіру ісіне атсалысатын жауапты адамдарды белгілеп, тиісті шешімдер қабылдаудың да уақыты келген сияқты, өйткені аз ғана уақыт қалды ғой. Сонымен, маған тайм-киперлер тобын жинау тапсырылды. Жалпы, 7 аудиторияға 14 уақыт санаушы адам керек деп шештік. Әзірге, кешегі кездесуде қол көтеріп, ниет танытқандар мыналар:

Ернарgreekmith.wordpress.com/
Жалғасyertay.wordpress.com/
Нұржанwww.on.kz/u36851/blog/
Димашqisyq.wordpress.com/
Қуанышhuanysh.wordpress.com/
Салтанатbalgyrgan.wordpress.com/
Мақпалkaldykyz.wordpress.com/
Мейіржанkazprose.wordpress.com/

Енді тағы 6 адам керек. Уақыт санау жұмысына атсалысам деуші блогерлер болса, ernar.bekenov@gmail.com мекеніне хабарласуға болады. Немесе мені жақсы танитындар басқа да жолдармен хабарласа алады.

Тайм-кипер деген кім?

Бұл да үйлестіру ісіне атсалысатын еріктілердің бірі. Аудиторияда презентация жасаушыға көмектеседі. Ал, ең басты мақсаты – презентацияға берілген уақытты бақылау. Сөз сөйлеушіге, мысалы 15 минут уақыт берілсе, оның неше минуты қалғанын айтып/көрсетіп отырады. Сондай-ақ, қосымша презентация жасаушыға көмектесіп, флешкасын/дискісін қосып-өшіруге қол ұшын береді, микрофон-проектордың іске жарамдылығын тексереді (оңдамайды).

Тайм-киперлер командасы толықтай жиналғаннан кейін, бір бас қосып, Асхат негізгі атқаратын істерді дұрыстап түсіндіріп, пысықтап береді. Сондықтан, “не істейтінімді толық білмей қаламын” деп қорқудың қажеті жоқ.

Естеріңе сала кетейін, Blogcamp саяси бағыттағы, діншілдердің, сектанттардың немесе тағы да басқа ықпалды күштердің шарасы емес, бұл қазақ блогерлерінің танысу, ойларымен/жобаларымен/тәжірибелерімен бөлісу жиыны. Ешқандай ресмилік, формалдылық, қатып қалған ереже, шарт та болмайды. Қатысушылардың бәрі ерікті, бәрі блогер.

Сонымен, еріктілерден хабар күтемін. :)
bk
Бөлісу:

4 пікір

alisha
есіме дебат түсіп… сағынып кеттім ғой…
asaubota
patick-ке айтып көр, көмектесетін шығар ол да :)
patick
Айтса болам ғо :)