Таға
Ауылдық жерлерде есіктің маңдайшасына іліп қоятын тағаны біреу білсе біреу білмес.Таға-аттың тұяғына қағылатын ат әбзелі. Таулы -тасты жерлерде жылқының тұяғы мүжілмес үшін және майтабанына тас батпас үшін атты тағалап отырады. Етіктің ұсақ шегесі тәрізді (дәл сондай ұсақ емес, арнайы деген түрім ғой) өзіндік шегесі бар. егені жанай қағып екінші жағынан сәл майыстырып қоятындарын да көргенім бар еді. Жалпы, қалай тағалау керектігін білетін жан болса толық жазып кетсе де құба-құп.Тағалы ат мұзда да тая қоймайды дегенді естідім,өз басым мұзда тағалы атпен жүріп көрмеппін.
Әрі қарай

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың орта тұсында Қаратау аумағында мекендеген Тянь-Шань аюы, түркістан сілеусіні сияқты жануарлар антропогендік фак¬торлардың ықпалынан бұл төңіректен мүлдем жойылып кетті. Адам баласы да өз қолымен биологиялық алуан түрлілікке зиян келтіріп, табиғи орныққан тұрақтылықты бұзып, соның салдарынан туындаған қасіреттен жапа шегіп, зардабын тартып жатты.
Адырнама
