Керек инфоның (Қазнеттің өзінің) хабаршысы(агенті) қашан болады?

Бұл нағыз керек нәрсе…
ПыСы. Жағдайларыңды айтып өкірмеңдерші. Елдің қолынан келген біздің де қолымыздан келуі КЕРЕК КЕРЕК КЕРЕК @xat.kel — дінің күні қашан туады? Жалпы казнетте. :-( Егер ондай күннің атқанына біраз болса — су миым мүмкін меңгере алмай қалған шығар, жолын айтыңыздаршы.
… Болмаса ат салысайық, АСАР салайық қазнеттегілердің бәріне. Бұл КЕРЕКИНФО!!!
Әрі қарай

авария

толе би сефуллин қиылысына келіңіз. необычный гаишник аварияны разибтрать етіватр.
ол реально негр.
Әрі қарай

Қонақ...

-Әлө, Бөтен, сенбісің?
-Иә, менмін. Бұл кім екен?
-Мен ғой, Шәкіш. Ертең қолдарың бос па?
-(азғана ойлану)Иә, боспыз.
-Онда ана жаман қатыныңды ертіп біздікінен бір омыртқаңды мүжіп кет. Бір бірімізге бөтен адамдар емеспіз, ауылдаспыз дегендей… Оның үстіне көріспегелі де көп болды.
-Не ғой… Жәй шақырдың ба?
-Жәй-жәй… Келсей әуелі, көресің ғой.
Ертесіне кешкілік Бөтен қатынын қолтықтап ауылдасының есігін қағып тұрды. Көзі есіктің маңдайшасындағы қағазға түсіп кетті. Ашып оқыса «1 апреліңмен тыбаймайт! Біз ауылға кеттік»деген жазу екен…
Әрі қарай

...Бұл да өнер.

Дарынды Миландық суретші, иллюстратор-гиперреалист, Гвидо Даниэле (Guido Daniele). Бұд сабазыңды жарнамашыларда, сән индустриясыда т.б. соңынан қалмай ідейді екен. Себебі ол таңғажайып боди-арт, керемет теледидарлық және театралдық декорациялар жасап, кітаптарға иллюстрациялар жасай алады. Ал интернет қолданушыларды — кәдімгі адамның қолынан жасалған «жануарларымен», "құстарымен" таңдандыруда.
Әрі қарай

"Блог құрылтай - 2011" презентациялары жарияланды


  1. Жігіттер уәде беріп еді. Сертінде тұрып, сайтқа жариялап қойды. Блог құрылтайға қатыса алмай зар илеп жүргендер енді презентацияларды сол жерден қарап, кәдесіне жарата алады. Білмегендер біле жүрсін. Презентацияларды шолып шығып әрине бәрін түсіну қиын болуы да мүмкін. Десе де жоқтан жақсы ғой…
  2. Әрбір презентация жинақтаған тәжірибенің, ізденістің нәтижесі. Сондықтан ішіндегі мәліметтерді қолданғанда сілтеме жасап отыруды ұмытпассыздар.
  3. Блог құрылтай сайтына атсалысқан азаматтарға көптен көп алғысымды білдіргім келеді. Биылғы жылы сайт жұмысын кештеу қолға алғандықтан негізгі мәлімет тарату алаңы ретінде пайдаланылмады. Келесі жылы есте ұстар жайт болып отыр.
  4. Егер әлдебір себептермен сіздің презентацияңыз жарияланбаған болса немесе техникалық қателіктер байқасаңыз Қуанышқа хабарласуыңызды сұраймын.

Мақала сілтемесі: http://urimtal.wordpress.com/2011/03/29/%d0%b1%d0%bb%d0%be%d0%b3-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d1%8b%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%b9-2011-%d0%bf%d1%80%d0%b5%d0%b7%d0%b5%d0%bd%d1%82%d0%b0%d1%86%d0%b8%d1%8f%d0%bb%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d1%80%d0%b8/
Әрі қарай

Блогкамптағы қызық кездесу

Аршат дұрыс айтты бұл кездесуді жазғаным дұрыс болар. Блогкампте болғандар Монғолиядан келген Жанарбек бауырымызды барлығыңыз көрдіңіздер ғой. Мен кешігіп жеткесін шығар, дұрыс толық танысуым асығыс болды ғой. Құрылтайда болғандармен толық таныса да алмадым. Тек осы бауырымды бір жерден көрген кездескен сияқты болып жүрдім іштей ойлап. Оның Монғолиядан келгенін білмей жүрдім. Тіпті волейболда бір команда да ойнап жүрдік қой.:) Сонғы құрылтайдың жабылуында сөйлемегенде білмей де кететін бе едім… Сонда бір ерекше ықыласпен, қимастықпен сөйледі ғой монғолиялық бауырымыз. Сол сөйлеп жатырғанда есіме сарт ете түсті. Қасымдағы Аршатқа мен мына жігітті танимын алпенист қой деппін ғо :) Содан тарап жұрт абыр-сабыр далаға шыққанында Жәкеңе жақындап оңаша сөйлесуін өтіндім. Сұрағым — сіз алпенист емессіз бе болды. Ия қайдан білесіз деп таңырқап қалды. Ол былай болған еді. Өткен жылғы газетімізде шетел қазақтарының наурызды тойлауы жайлы материал жазған болатын жұмыстас журналист қарындас. Сонда осы бауырымыз жауап берген болатын. Оның суреті газетке жарамай интернеттен іздеп таба алмай электрон жәшігі арқылы хабарласып суреттерін алғанмын. Соны осы құрылтайда көрем, кездесем деп кім ойлаған десейші…


Оңнан солға қарай Жанарбек, Ділдә,Өмірбек, Артқы қатарда Сунхар, Лашын, Нұрбек
Сурет Жанарбектің блогынан алынды
Әрі қарай