Ойыншық керек!

«Маджонгтың» пластинкаларынан құралған тасбақаның көзін құртуға он бесінші рет әрекет етіп отырғанымды, осындай жеп-жеңіл нәрсені жеңе алмай жылағым келіп отырғанымды айтқанымда, досым таңданып: «А зачем так упорствуешь?»,- деді. Қалай «зачем»? Бұл ойынды адам баласы құрастырған болса, және оны жеңетін жол бар болса, неге жеңіп шықпасқа? «А-а, типа ты упрямая значит, кхе-кхе», — деп ол күліп алды да, «мә саған!» деп «Машинариумды» компыма лақтырып жіберген. Есім кетіп, екі түн ойнадым. Шынында да, логикаңның ішек-түшегін ақтарып, миды шашып жіберетіндей ойын екен. Логикалық тапсырмаларын былай қойғанда, жалпы «сюжеттері», суреттелуі (дизайн дегенім), саундтрек, әсіресе кейіпкерлері, жалпы идеясы – об-балденно- офигенно !

Бірнеше ойын порталдары 2009 жылдың үздік ойыншығы деп атапты бұл «Машинариумды». Уикиден сұрасаңыз айтып береді.
Енді осының екіншісін, «Машинариум- 2»-ні не базар-дүкендерден, не жора-жолдастардан таба алмай, ия порталдардан жүктей алмай дал болып жүрмін.
Тауып берген адамға менен – шашлық, сыра, балмұздақ және мультфильм
Әрі қарай

Білгенге Ғаламтор Ғаламат-ақ !

Өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуірдегі өрелі жаңалықтардың бірі, тіпті бірі болғанда бірегейі ғаламтор техникасы. Қазіргі таңда осы техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Бұл күндері ғылым-техника, мадени-ағарту, емдеу-денсаулық сақтау, сауда-финанс қатарлы сан алуан қызмет өтеу түрлерінің әрі тез, әрі өнімді, әрі икемді жақсы жүрілуін компьютерсіз, компьютерлер өзара тұтасқан ғаламторсыз көз алдыңызға елестетуіңіз қыйын. Әлемді дүр сілкіндірген әлемилену үрдісінің өзі ақпарат технологиясы яғни ғаламтор арқылы жүріліп жатқан ықпалы күшті үлкен құбылыс.
Әрі қарай

Ертең - тікұшадтардың презентациясы, фуршетсстің

EuroCopter 145Аты-жүні: ЕС 145
Құрастырушы: EuroCopter (Франция-Германия), 2011 жылдан бастап — Қаззақстан
Қойыма қажет пе: Құтқару-көмек жеткізу жұмыстары, қала ішіндегі барлау
Қару-жарақ: Пилот кабинадан темекінің қорабын лақтырмаса – қарастырылмаған.

Ертең, 1 желтоқсанда, Аццсотоно қолосында қаззақтар мен француздар Қаззақстанда жинаған ЕС 145 тікұшағының презентациясын өткізеді. «Қаззақ машина жасау тарихында кейін-соңды болмаған оқиға» деп қорс-қорс жылайды Аццсотоно қолосындағы өзін құпия қалдыруды өтінген ақпарат көтіміз.
Бұл инеліктің қызық жері – тұтастай дерлік композиттік материалдардан жасалған, металлқымбатышылығынсстың. Өзін тіпті құпия қалдыруды өтініп, үш анонимайзер арқылы
Әрі қарай

138-дің хатына үлгермегендерге 247-нің петициясы!

Бүгін мына жерге сілтеме жіберіпті бір таныстар.
Кеше Айконаның айтқан заң жобасы болуы керек жобалауымша…
Қарап талқылай отырыңдар, еу, тілашарлар, тойыс, тіл жанашырлары. ))))))))

247-нің петициясы
Әрі қарай

Биылғы Құрбан Айт...

Мереке мүбәрак болсын, қымбатты Керекинфо!
Құрбан Айтқа биыл Мәсімовтің кабинеті салғырт қараған секілді… Жылда демалыс бергеннің өзінде көлденең көп шаруалар килігіп, осы мерекені Ақтауда өткізетін ем, биыл Үкімет демалыс та бермеді ғой. Хош, "Құрбан Айт күні әйәй киімдеріңді киіп, 7 немесе 9 үйге кіріп, айттап шығу ләзім" дегенді айтқан біздің ауылдың шалдары… Мен кеше бір бөлемнің үйіне кіріп шығуға уақыт таптым))) әлі 8 үйге үлгеру керек…
Қызығын айтайын, биылғы Айттың. Түнде агентті қосып қойып, кино қарап жатқанмын… Орынгүл Таңбай деген досымнан хат келді… Хаттың ұзын ырғасы былай:
"… Менің Қабыл — Айткүл деген апа-жездем бар. Бағана түсте «айт шалып жатырмыз, келіңдер» деген соң бас сұққанбыз Жездем шаңырағына. Кіре берісте аяқ киім шеше бергеніміз сол екен, сол үйдің жаңа түскен жас келіні «Оооо, Орынгүл, Айт қабыл болсын!» демесі бар ма?! Мен сасып қалдым… Айткүл мен Қабылды қоя бершіііі, енесінің аты Болсын еді ғой әлгі келіні түспегірдің...)))"
Әдебиетте «табу» деген термин бар, қазақша «ат тергеу, баламасын табу» дегенге саяды… Қазақылықтан қашықтай бастау ма бұл, қалыпты құбылыс деп қарайық па?! Маңғыстаудың ең батыс нүктесінде Қызан деген ауыл бар… Сол ауылдың тумасымын. Әкемнің жеңешелері, менің мамаларым болады ғой, енді… Солардың бірі Балғабай, Балтабай, Жыланбас деген қайнағаларының атын былай айтқан екен: «Шабатын, Шағатын, Соғатын» Бұл әлгі табудың классикалық үлгісі…
Құрбан Айттағы қызықтармен бөлісе отыр, КерекИНФО!
Әрі қарай

Керек емес инфо



Мынау суретке мұқият қараңыздар… Сол жақтағы айтпаса да түсінікті. Оң жақтағы «керек емес инфо». Нақтырақ айтқанда «Обшественный дискусионный клуб» деп біршироватталады. Бұл сайт кезінде Қызылжар туралы дау туғанда(сары лента естеріңізде болар), атауды өзгертуге қарсы дауыс жинаған болатын. Ұлттық тұрғыда мәселе көтерілетін болса, бірінші болып осы сайт шу көтереді. Осы екі сайттың төбелеріндегі таңбалары біпбірдей.

Егер


осы күйнде қайсы қайсы екенін айра алмай көп шатасамын. Сондықтан керекинфоға өзінің фирменный логотипін қойып қойған дұрыс сияқты…
Әрі қарай