Каратист қақпашы!

Голандия кубогының 1/8 финалы Аякс — АЗ кездесуі. 1:0 мен жығылып жатқан АЗ-ның қақпашысы Эстебан алаңға жүгіріп шыққан жанкүйерді тепкілеп тастады.



сосын қақпашыға доп емес адамды тепкені үшін қызыл қағаз беріп, алаңнан қуады. Ұтылыпатқан АЗ-ның бапкері екі бірдей қорлыққа шыдай алмай тәрбиеленушілерін ертіп қақпашының соңынан кетеді.
Әрі қарай

Авианосецке қонуға жанталас: Тоқтар Әубәкіров

Шешесстің, Советтер Одағы дөрекі қару түрлері болмаса, нәзік баптауды қажет ететін әскери, жалпы кез келген техникадан Батыстан 20-30 жылға қалып қойғаны әлемге аян.
Солай нақ, бір күні орыстар авианосецтерге — ұшақ қонатын кемелерге америкөттер сияқты біз де
Әрі қарай

Бұл ән бұрынғы әннен шынымен-ақ өзгерек екен...2

Қай әнді де түрлі әншілер айтқан кезде бояуы өзгеріп, түрленіп шығатыны бар. Бірақ кейбір әншілертәп тәуір әннің өңін айналдырып, быт шытын шығарып жіберетіні де өтірік емес. Мына ән соның мысалы. «Музарт» тобының орындауында көзіңе жас үйіріп, досыңды аңсатады.

Ал Тамара асардың орындауында автобуста жүргізушіге арқаңды беріп отырғандай жүрегіңді көтеріп, қағаз пакетті аңсатады.
Әрі қарай

Туған ай – туралған ет!..


Өледі кімдер, туады кімдер,
Батады күндер, шығады күндер.

Семеді гүлдер, өседі гүлдер,
Келеді күндер, көшеді күндер.

Өмірде қымбат асылдар – күндер,
Өмірде қилы ғасырлар – күндер.

Өмірге керек бақыттар – күндер,
Өткізген сәтті уақыттар – күндер.

Өмірдің мәңгі қосағы – күндер.
Өмірді мәңгі тосады күндер.
Күндер…
Күндер...


М.Мақатаев, 1973 ж.

Күнді күн алмастырып, өмір өзен еш тоқтаусыз, дамылсыз алға қарай сырғып ағып жатыр, ағыыып жатыр. Жағада мен отырмын ойланып. Неменеге ғана ойланып отырмын?.. Өзгенің қанжығасына байлаулы кете берген өзіме тиесілі несібеме жармасып, алысып-жұлыспай, күресіп-шалыспай, шарпыспай несіне ғана отырмын?
Міне, таң атсыншы келесі, сонда бастаймын… Осы апта аяқталсын, келесі дүйсенбіден қалдырмай барлық істі қолға аламын әлі. Жоқ, айдың соңы тақап қалыпты, неде болса келесі айдың бірінен бастап басқаша өмір сүретін болам…
Бірақ, қайдам өз өмірімді өзгертемін деп оқталғаныммен, әлі атыла қоймай-ақ жүрмін-ау… Сол баяғы бұрынғы орнымдамын… Туған ай — туралған ет…
Әрі қарай

Пайдалы, әрі пайдасыз сайт.

Фэйсбукте бір адамның мынандай сайтты ұсынып жатқанын көрдім… Бұл сайт клавиатурамен тез жазуды үйренгісі келгендерге арналған… Сайтта неше түрлі ойындар бар… соларды ойнай отырып, тез жазуды, және сол арқылы практикалық түрде жаттығуңызға болады… Пайдалы сайт сияқты, бірақ заразный болып кетуі мүмкін, ойынға салынып кетсеңіз жұмысыңызға кедергі болуы мүмкін… Ескертіп қояйын… Сосын айтпады демеңіз..)))

klavogonki.ru/
Әрі қарай

Сенемін

Мен жастарға сенемін!

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты —
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар-балапан,
Жайылып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан.
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиетті тілектер —
Мен жастарға сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды Алаш елім дер,
Алтын арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Қажу барма тұлпарға,
Талу барма сұңқарға,
Иман күшті олрарда,
Мен жастарға сенемін!
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті Құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға,
Алаш отын оспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Әрі қарай

Жазбаға қойылатын талаптар

Басқа сайттан (http://gitivi.com/Profile/View/1-10000035) көшіргенімді ескертемін.


Біз өзіміздің жазып жатқан жазбаға сыни көзбен қарап, оқырмандардың көңілінен шығу үшін кейбір ережелерді сақтау керекпіз:
1. Тақырыптын аты мен айқайлап тұру керек. 3-5 сөз болса жеткілікті.
2. Тым ұзын жазба оқырмандарды шаршатып жібереді. 1500-2000 қаріп болады.
3. Жазбаны бастаудан бұрын оның негізгі ойларын айқындау керек.
4. Жазбаның басында қысқа шолу болса тіпті жақсы. Және де жазба ішінде тақырыпшаларды ұмытпау керек.
5. Жазбада кескін, иллюстрация, кесте болса оқырмандар оңай қабылдайды.
6. Не жазсаңыз да оны сауатты жазыңыз. Әйтпесе ондай жазбаға сенім болмас.
7. Жазба міндетті түрде тым үлкен емес азат жолдарға бөліну керек.
8. Маманданған блог жазушылар үшін мета таңбалар қою лазым.
9. Егер ақпарат басқа сайттан алынса, онда оның түпнұсқасын көрсетеміз.
10. Жазба түсінікті әрі оңай оқылу керек.
11. Жазба әрдайым қызықты әрі пайдалы ақпаратты айқындаты керек.
12. Осы оңай ережелерді сақтау аркылы оқырмандардың санын көбейтіп, көптеген адамдардын сапалы әрі жарамды жазбаны оқитын авторлардың бірі боласыз.

Іске сәт!
Әрі қарай