ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

Он сегіз мың әлемді жаратқан Алла тағаланың саналы құлы адамзаттың тіршіліктік қағидалары ұқсас болғанмен, олардың саусақ таңбалары еш уақытта ұқсас келмейді. Саусақ терісін қанша рет сыпырсаң да, терісі қай-та қалпына келгенде, бұрынғы саусақ пен алақан сызықтары қаз қалпына өзгеріссіз келеді. Сондықтан да, алақан мен саусақ таңбалары жеке адамның өзіндік кодтық таңбасы. Дүние жүзінде қылмыскерлерді тек қана осы таңбалы белгі арқылы анықтайды. Бұл құпияны ағылшын ғалымдары 1884 жылы ашқан. Олар өздігінен ашпаған, оларға сонау VII ғасырда-ақ Құран-да жазылған жәйт әсер еткен болу керек. Қасиетті Құранда Алла адамды қайта тірілтуін, оның саусақ сызықтарына дейін құрастыра алатындығын былай дәлелдейді: «Кәпір бізді олардың (адамдардың) қаусаған сүйектерін кайта жинай алмайды деп ойлай ма? Олай емес, сүйектерін қара тырнақта-рына дейін (саусақтарының ұшына дейін) қалпына келтіреміз» (Қиямет сүресі, 3-4 аяттар).
Әрі қарай

Абайдың қара сөздері һәм EPUB


… Сонымен…
Барлығыңыз .pdf немесе .djvu секілді электронды құжат форматтарын білесіздер. Осы күні .mp3 дегенді жас та, кәрі де үйреніп алғандай, жаңағы айтқан .pdf секілді .epub деп аталатын электронды кітап форматтары күнделікті қолданысымызға еніп жатыр. Себеп, Apple шығаратын iPad бастаған планшеттер мен Amazon Kindle қостаған сан алуан электронды кітап оқу құралдарының пайда болуы. Бұл форматтың артықшылығы сол .pdf секілді салмағы ауыр емес және электронды құрылғыға салып оқығанда кітап өлшеміне байланысты қиындықтар туындамайды. Өйткені, оның белгілі бір өлшемі жоқ. Мұндай e-кітап құрылғыңыздың экран өлшеміне сай өзі мөлшерін келтіріп алады. Сондай-ақ, кітап оқу барысында сіз оны көлденең де, тікесінен де оқи аласыз. Әріптерді үлкейту, кішірейту немесе оқып жатқан бетіңізге қыстырма салу, мазмұны арқылы беттер немесе бөлімдер арасында жылдам ауысу жағы өте жақсы қарастырылған.
Әдетте, iPad немесе соның тумаластары, сондай-ақ Андройд операциялық жүйесімен жұмыс істейтін қалтафоны немесе басқа да қазіргі заманғы гаджеттермен қаруланғандар үшін осы форматтағы қазақша кітаптар жоқтың қасы. Өзім жаңа ғана айтып өткен құрылғылардың барлығын пайдаланып жүргендіктен, әрине, менде де осы форматтағы кітап оқу қажеттілігі туындады. Бірақ, жоқ нәрсені қалай болдырамыз?.. Айналып келгенде, осы сұраққа жауапты өзіме-өзім бергім келді де Google-шейхқа қайта жүгіндім. Бетімді қайтармады. Еш қиналмастан білгенімен бөлісті. Сөйтіп, дәл қазір мен сіздерге ұсынғалы отырған Абайдың қара сөздері epub форматында өмірге келді. Оны мына жерден жүктеп ала аласыздар: Абайдың қара сөздері (EPUB)
Кейбір қызығушылық білдіретін адамдар үшін бұл форматтағы кітап қандай болатынын, қалай пайдаланатынын iPad планшетімде және Android қалтафонымда іс жүзінде түсіріп, осында салып отырмын. Әлі бейнекамераға қолым жетпей жүр, сондықтан уебкаммен түсірген видеомның сапасы үшін сөге көрмеңіздер.
Кітаптағы қара сөздер түгелімен adebiet.kz сайтынан алынды. Сұрап жатпадым ал, ренжімесін… Кері байланыс арқылы хат жазып едім, он шақты рет каптчаны дұрыс жазбадың деп лақтырып тастады. Егер осы сайттың иелерінен біреу-міреу менің бұл әрекетімді құп көрмей, “Материалдарды кері қайтар. Керек болса, өзің теріп, өзің сканерлеп ал!” десе, онда әрине, айтқанды тыңдауға тура келеді. Дейтұрғанмен, қабыл алыңыздар!
“Абайдың қара сөздері” iPad-та:


“Абайдың қара сөздері” Android-та:


timurdan.info/?p=813
Әрі қарай

Астананы виртуалды аралау



Яндекс картасының «Көше панорамалары» деген қызметі бар екен. Бірқатар қалаларды «аралауға» болады. Астана да енгізіліпті:

maps.yandex.ru/?index&ll=71.443404%2C51.126193&spn=0.040340%2C0.006967&z=15&l=sat%2Cskl%2Cstv&ol=stv&oll=71.443404%2C51.126193&ost=dir%3A115.9166631460337%2C0~spn%3A90%2C56.11333273074227
Әрі қарай

Левит жартылай финалда

Мына жердегі ақпаратқа сенсек біздің Василий Левит деген боксеріміз жартылай финалға шығыпты. Негізі оны білмейді екенмін.
Мына бойын интернеттен тауып алдым. Білетін информациондарың болса бөлісе отырыңдар
Әрі қарай

Қай жағынан келсем екен?

сурет Сыйымдылық — конденсатор…
Бұл жерде көңілің сиса да басқасы сиамайтынына көзіммен қоса басқа жерлерімде жетті.
Әрине — эелектро… тұрғысынан.
Небір электро(…… ...)айымдар — сіздердің токтырыңыз бөлек табиғат — ренжімеңіздер.
Еркектің тірлігіне араласпаңыздар, дейін десем — Кюри ханымға тарих арнаған Бек пен Рыстарды қайда жіберем?
Олай болса ойларыңызды қосыңыздар ;-)
… Түйіні: Керекшілер — белесебепеттен шаршадым: Қазақша қарапайым арбама қолдану жолында мені сол пәле(конденсатор) жалпамнан түсірмейтіндей амалын айтыңдаршы :-(
Әрі қарай

Жартылай финал

Қазақстан бокс федерациясының кубогы үшін өтіп жатқан облысаралық боксшылар сайысының жартылай финалында Жамбыл облысы мен Қарағанды облысының боксшылары Қарағандының цирк ғимаратында бақ сынасты.10 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасқан былғары қолғап шеберлері өзара мықтыларды анықтасты.
Әрі қарай

Амир Табар Алматыға келіп кетті

Құрбан Айт мерекелеріңізбен!


Бұл пост көп күтіп қалды :), себебі, инет ауылынан алыстап кеттім қыздар/балдар :(.

Жақында(яғни 2 ай бұрын) Қырқүйек айының 20 күні Алматыда, Парсы елінен шыққан суретші Амир Табар келіп кетті. Көк симфония* деп аталатын көрмесі, ҚМЭБИ-дің залында өтті. Көрменің ерекшелігі жасалған туындылар құран аяттарынан болды. Яғни осы «Көк симфониясымен» әлемнің түкпір/түкпірін аралаған, және 2009 жылы Florence Biennale алған. Амир Табар сонымен қатар ақындық өнерді қатар алып жүрген өнер адамы.

кезек суреттерімде түсірген :)
Әрі қарай