ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

Он сегіз мың әлемді жаратқан Алла тағаланың саналы құлы адамзаттың тіршіліктік қағидалары ұқсас болғанмен, олардың саусақ таңбалары еш уақытта ұқсас келмейді. Саусақ терісін қанша рет сыпырсаң да, терісі қай-та қалпына келгенде, бұрынғы саусақ пен алақан сызықтары қаз қалпына өзгеріссіз келеді. Сондықтан да, алақан мен саусақ таңбалары жеке адамның өзіндік кодтық таңбасы. Дүние жүзінде қылмыскерлерді тек қана осы таңбалы белгі арқылы анықтайды. Бұл құпияны ағылшын ғалымдары 1884 жылы ашқан. Олар өздігінен ашпаған, оларға сонау VII ғасырда-ақ Құран-да жазылған жәйт әсер еткен болу керек. Қасиетті Құранда Алла адамды қайта тірілтуін, оның саусақ сызықтарына дейін құрастыра алатындығын былай дәлелдейді: «Кәпір бізді олардың (адамдардың) қаусаған сүйектерін кайта жинай алмайды деп ойлай ма? Олай емес, сүйектерін қара тырнақта-рына дейін (саусақтарының ұшына дейін) қалпына келтіреміз» (Қиямет сүресі, 3-4 аяттар).

Алланың құдіретті екенін мойындаймыз. Осыдан-ақ, қолымыздың алақан және саусақ сызықтарында, маңдайға жазған үш әріптің тағдырлық құпиясы мен өміріміздің басталып және бітетін күніне дейін жазылғанын білсек, алақан мен саусақтың сырын білу өте қажет те.
Аақан мен саусақтың осындай құдіретінің барын білген әлем елінің ғалымдары ғылыми орталықтар құрып, арнайы зерттеулер жасаумен көп-тен бері шұғылданып келеді. Осы саладағы ғылым болып табылатын дерматоглифология ғылымы саласы ғалымдары алақан сызықтарында тұқым қуалайтын белгілер болатынын анықтады. Мәселен, осы бағыттағы зерттеулер дәрігерлерге ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын ауруларды, сондай-ақ жаңа туған нәрестенің кім екендігін айқындауға мүмкіндік беретінін де дәлелдеді. Шешілмейтін, окылмайтын нәрсенің жоқтығын осыған карап айқын білуге болады. Жаңа ғылым дермато­глифология бойынша да ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан хиро­мантия (алақан сызықтарын оқу) насихаттағандай, адамның мінез-құлқы мен қабілеті, денсаулық сипаты атадан балаға жалғасып жататыны шындыққа ұласары алыс емес. Хироманттар әр уақытта адамның алақанындағы негізгі үш сызыққа қарап, болжамын айтады. Олар: 1. Өмір сызығы. 2. Жүрек сызығы. 3. Ақыл-ой сызығы. (5-суретке қараңыз). Бұдан басқа білектегі білезіктерде де шындықтың негізгі «болжамы» болады.
Хиромантияда жүрек сызығы мен ақыл-ой сызығы бір біріне қосылып кетсе, Шығыста бұндай адамды бақытты, ал жаңа туған нәрестені келе-шекте коғамда беделі зор болады деген. Антрополог М. Вилиямовская бұрынғы Одақтың Ғылым Академиясының этнография институтында тұр-ған Будданың 70 мүсінінің 30-ының оң қолында дәл осындай қосылысты сызықтар болғанын хабарлайды. Бұндай сызығы бар жас балалар әр түрлі ауруға тез шалдығатыны анықталуда. Егер бұл сызық әйелдерде кездессе, онда олардың аналық бездері немесе бүйрегі ауруға шалдыққаны.
1. Өмір сызығына келсек, хироманттар бұған қарап адамның жалпы денсаулығына баға береді және өмірінің мөлшерін де біле алады.
Егер бұл сызық кең әрі өңсіз, түссіз болса, онда ол денсаулықтың нашарлығын, адамның мінез-құлқындағы ерекше белгілерін көрсетсе, қосымша сызықтар адамның ұзақ жасайтындығын көрсетумен қатар денсаулықтың ақаулығы барын да ескертеді.
Егер өмір сызығы екі кесіктен тұрса, онда бұл адамның өлімші болып ауыратынын немесе аяқ астынан өлетінін көрсетеді. Сызық басталатын жерінде екі ашаға ұқсас айырылса, бұл денсаулықтың жақсы болғаны.
Өмір сызығының қосарлана жүруі кейде байлықты, бақытты болуды білдіреді. Ал әйелдерде өмір сызығының екеу болуы өзін қорлауға ұмтылуы. Өте жіңішке, ұзын өмір сызығы адамның ашушаңдығын, ал өмір сызығының кенеттен жоқ болуы – адамның жақында сал ауруына шалды-ғатынын білдіреді. Мүмкін өлімге итермелеген «жасырын» ауру да болуы ықтимал. Дегенмен мұның бәріне сене беру де дұрыс емес.
Егер өмір сызығы тарам-тарам болып шашырап барып, қайта қосылса, ол қанның аздығы (анемия). Денсаулықтың нашарлығын, әлсірегенді біл-діреді. Алақанға қарап ырымшыл болып, бекерден босқа азуға болмайды.
2. Жүрек сызығы – айқын әрі дұрыс, анық тартылса, онда бұл сызық иесінің асқан мейірбан, жайдары, ақкөңіл, өзін құрбан етуге дейін бара алатындығын көрсетеді. Жүрек сызығы ортаңғы саусақ пен сұқ саусақтың ортасынан басталса, адам махаббатта да және басқа істерде де табысқа жетеді. Бұл сызықтың бастамасы сұқ қолдың Юпитер төмпешігіне неғұрлым жақын болса, онда ол адам таза адам болғаны. Ортаңғы саусақ түбіндегі Сатурн төмпешігше жақын болса, онда бұл адамның сезімі мен көздеген мақсатының арамдығы. Жүрек сызығы алақанның бір шетінен екінші шетіне түгел жетіп, қамтып жатса бұл адамның ерекше сезімталдығы мен нәзіктігін көрсетеді. Жүрек сызығы – сынық-сынық, ирелең болып келсе, иесінің аурушаңдығын (кейде сәтсіз некелескенін), өңсіз әрі кең болса, бұзылған, жүргіш адамдардың әлсіздіктерін және ерік күштері-нің нашарлығын көрсетеді. Жүрек сызығындағы аралдар (сызықтың бұтақталып барып, қайта қосылуы) жүрек ауруларына бейімділікті (немесе әйелдердің жеңілтек мінездігін) білдіреді.
3. Ақыл (бас)-ой сызығы тура тартылса, ұзын әрі жаксы болса, иесінің жарқын ойлы, жігерлі, саналы адам болғаны. Сызық қысқа болса, оның үстіне Сатурнның астына келіп бітсе, онда бұл адам уақытынан бұрын өлуі мүмкін. Сызықтың Ай төмпешігіне қарай қатты ауытқуы – жүйкелері бұзылудан зардап шегетіндерде, есуастық пен фанатизм шекарасында тұрғандарда кездеседі.
Ақыл сызығының үстіндегі дөңгелекше (аты жоқ саусақ астында) адам-ның соқыр болып қалатынын көрсетеді. Ал, сызықтың бойындағы «арал» (бұтақталып барып қайта қосылса) мидың катты шаршағандығын дәлелдейді. Алақанның дәл ортасына келіп аяқталған ақыл-ой сызығы иесінің психикалық ауруға шалдыққандығын білдіреді. Сызықтың бойындағы «аралдар» (сызықтың бұтақталып барып қайта қосылуы) жүйке ауру-ларын, сызықтағы нүктелер – бастағы жарақатты білдіреді.
Адам мінезіне және қабілетіне толық талдау жасау үшін "қол оқуда" тағы да көмекші үш сызық бар. Олар: 1. Тағдыр сызығы. 2. Күн (Апол­лон). 3. Денсаулық (бауыр немесе қарын) сызығы. Сондай-ақ, басқа белгілер де болады.
Алақанда тағдыр сызығының болмауы адамның алдында ауыр да сұрықсыз өмір, сәтсіздіктер күтіп тұрғанын білдіреді. Ал үзік-үзік қисық тағдыр сызығы иесінің өмірінде жиі-жиі өзгерістердің болатынын білдіреді. Алақанда Күн сызығы жоқ болса, өмірде адам айтарлықтай табысқа да жетпейді, ерекше бір қуанышқа да кенелмейді.
Денсаулық сызығы айқын әрі түзу болуға тиіс. Керісінше болғаннан оның болмағаны жақсы.
Өйткені, денсаулық сызығы дені сау, ары таза, дарынды да зерлесі күш-ті адамдарда өмір сызығынан басталады, әрі айкын білінеді, таралмайды да. Бұл сызықтың үзік-үзік түсінің қоңырқай болуы – иесінің арам пиғылда екендігін дәлелдейді.
Екі алақанда да бірдей Шолпан сақинасы (белдеу) болса, ол айқын білініп тұрса, айқынырақ дөңгеленіп келсе, Шолпан төмпешігі көзге айқын көрінсе, сақина қосарланып, тіпті үшеулеп түрса, адамның жүргіштігін, көрінгенге көңілі ауғыштығын білдіреді.
Қол басы мен білектің қосылатын жеріндегі білезікке келсек, онда оның (білезік сызығының) үшеу болуы – адамның денсаулығының құлпырып, ұзақ жасайтынын дәлілдейді.
Сіз қолға қарап болжау арқылы хиромантия ғылымын үйренгіңіз келсе, ең алдымен алақаныңыздағы неше түрлі тарамдалған сызықтардың сырын оқып үйреніңіз. Қолдың ішкі бет жағын емес, қайта сыртқы бет жағын білген де хиромантияға терең үңілгендік.
Адамның қолының сыртқы формасы да әртүрлі болуына қарай олардың құрылымдық ерекшелігі де адамның қандай екендігін таныта ала­ды. Қысқасы, қолдың аумағы адамның дене бітіміне үқсамай үлкен не кіші болса, ол адамның тұрақсыз, өте жағымсыз қылықтарға ие екендігін білдіреді. Осындай қолдың әртүрлі өлшемі ол адамның кім екенін білдіреді.
Мәселен, колдың аумағынан басқа өңіне қарап та адамның мінез-құлқын білуге болады.
Алақан терісінің түсінің тым қызыл болуы – жан-жағында болатын жағдайларға тез араласып, адамдарды бірден жақсы көруге ұмтылған-дығын білдіреді.
Егер тері боп-боз болып көрінсе, ондай адам салқын қанды, өзімшіл келеді. Тері сарғыштау болса, ондай адам тоң мінез, ашушаң, сарыуай-ымшыл болады.
Егер алақан ыстық әрі құрғақ болса, ондай кісі еңсесі түсіңкі, ойшыл келеді. Қолы қуаттының ізгі мақсатына жігері жоғары болады. Қолын селқос қана ұсынатын алақаны жұп-жұмсақ кісі өзі жерде – қиялы көкте ұшып жүреді. Бұндай адамдар жалқау әрі жалғыз өмір сүруге бейім.
Өте епті, алақаны тегіс кісі – тәтті дәмге әуес, тағам талғағыш келеді. Қолдары сүйекті, әрі арық кісілердің ақылы мол болады.
Күре тамыры әрең білінетін кісілердің мінезі салмақты болады. Бұған қарап қолдың өзінің және алақанның терісінің өңін де білу пайдалы. Дегенмен, жай "қол оқу" айтқан болжамдардың бәріне де ғылыми дәлдік фактісі қажеттігінен хабардар болған дұрыс.
Қолдың сыртқы формасының (кескінінің) жүз елуге жуық түрі бар екен. Ғылым оның жеті-ақ түрін айырыпты. Біз соның қажетті үш түрін таныстырайық.
1. Шаршы бітімді (квадрат) алақан. Түрлік көрінісі доғалдау «шар-шы бітімді» саусақты, қысқа тырнақты кісі, "қоғамдық өмірден" аулақ жүреді. Махаббат пен достыққа берік, ғылымға бейім, еңбеққор келеді.
2. Үшбұрыш пішінді алақан иесінің саусақтары жіңішке және қозғал-ған сәтте сәл діріл білініп тұрады. Ондай адам романтикаға берілгіш, қызба, елікпе мінезді "өнер адамына" тән қасиетке ие болу бейімділігі болады. Бұлар толық еркіндікті қалағанымен, махаббатқа тұрақсыз келеді.
3. Үзынша бітімді алақан кісінің – алақанының ұшы ұзын, әрі сау-сақтары жіңішке, ал тырнақтарының пішімі бадам дәні тәрізді бір-бірінен өткен әдемі әрі нәзік келеді. Бұндай алақанды кісі айырықша сезімтал, арманшыл, сүйкімді, романтик ойлы болып келеді. Дегенмен, олар сақтық пен тәжірибені аз меңгереді.
Саусақтардың да ерекше маңыздылығын да білген жөн:
— Ұзын саусақты адамдар ұқыпты, байсалды, төзімді келеді. Кейде өзімшілдікке де ұрынуы мүмкін.
— Ұзындығы орташа саусақтар байсалдылықты білдіреді. Мұндай сау-сақ иесі ақылды, мінез-құлқында жасандылық жоқ, ұсақ-түйекке мән бермейді.
— Өте жуан саусақтар практикалық іс-әрекеттерді табысты атқаруға бейім. Жіңішке саусақтылар – қиялшыл, арманшыл, олар жалған сөйлеуі де мүмкін.
— Өте арық саусақ ғалымдар мен өнертапқыштарға тән.
— Ұш жағы ұзыншалау әрі дөңгелене біткен саусақтар (егер бұған қоса жүрек сызығы айқын көрініп тұрса) адамның жарқын мінез екенін көрсетеді.
— Доғалдау шаршы (квадрат) бітімді саусақтар салмақтылықты білдіреді.
— Егер сұқ саусақ ортаңғы саусаққа қарай біршама қисайыңқырап тұрса, онда бұл адамның ашушаң, намысшыл болғаны.
— Егер ортаңғы саусақ аты жоқ саусаққа қарай қисайыңқы көрінсе, ол өнер мен ғалымға бейімділікті білдіреді.
— Егер аты жоқ саусаққа қарай қисайыңкы болса, ол салмақтылық, тағдырға көну, сенімдік белгісі.
— Аты жоқ саусаққа сүйене қисайған шынтақ – зеректік, тапқырлықты білдіреді.
Бөлісу:

5 пікір

satibaldi
Жазба — құсық, аффтарды — Гуантанамоға.
KILYZAMAN
Рахмет! Дегенмен — егер аударма болса, сілтемесін қойғаның немесе дереккөздің есігін ашып отырғаның дұрыстау болар еді…
Serzha
дәрет сындырып жатқанда муладхара чакраң ашылып кетсін