Мен өскенде осындай болам


Мен өскенде осындай болам. Иә, дәл көріп отырған суреттегідей… Күлем де қоям. Баяғыда студент болып жүргенде, қарауылдық қызмет істеп нәпақа тауып өмір сүрген жағдайым бар еді. Келісетін шығарсыздар, сіздерде студент болған кездеріңізде жұмыс істеген боларсыздар, иә! Дәл солай, менде жұмыс істедім…
Сонымен не керек, қасымда серігім бар екеуміз кезекті жұмыс күнінде отырмыз. Досымның есімі Ақылжан өзі Қарағандылық жігіт. Ол сурет салуға әсіресе, карикатура саласынын маманы екеінін айтты. Көптеген суреттер салды, мультфилім кейіпкерлерін нақышына келтіріп салды. Талантты жігіт. Ақылжан менің суретімді салып берем, естелік болсын дегені бар еді. Сөйтіп бір емес 2-3 суретімді салды… Мынау соның біреуісі… Өзімнің блогыма салуды жөн санадым… Ал Ақылжан достымның қазір қайда, не істеп жүргенінен бей хабармын…
Әрі қарай

Кітап білім бұлағы

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов.
Әрі қарай

Cағыныш

Сағыныш. Біреуді сағыну күнә ма екен? Шыдай алмаймын. Оған барып қатты сағынғанымды жеткізгім келеді. Ол кетіп қалмағанда ғой. Бірақ, кетуге тура келді. Күні-түні ойлаймын. Қатты сағындым. Сол адам маған сонша қымбат.
Әрі қарай

Сөздің парқы. 1. Бұлыңғыр шамалар туралы

Біреудің далбасасына қой дегің кеп кетеді, не пікіртласқа белден қойып кеткің келеді. Бірақ соңғы кездері ойланатын болып қалғанбыз ба. Себебі, қазақтың сөз қабылдау ерекшелігі — хрестоматиялық нұсқадан әлдеқайда алыыыыыста жатыр екен. Бірер мысал келтірсем.
1. Қазақ мықты идеалист. Оны кезінде студенттерімнен байқағам. Мысалы, лекцияда "… бұл әдісті қолдану онша құпталмайды" (програмистер үшін: goto операторы туралы лекция ғой) десең
Әрі қарай

Қош бол,балалық

Балалық.Сол шаққа қайта оралғым келеді.Кіп-кішкентай қыз болып, уайым-қайғысыз өмір сүру қандай бақыт! Кішкентай кезімде «тезірек үлкен қыз болайыншы» деп армандайтынмын.Балалық шақ, бір қызық кезеңдер ғой!
Кітаптарды қарап отырып, Ділдәр Мамырбаеваның "Қош бол, балалық" деген шығармасын тауып алып, оқыдым.Бұл хикаятта үш бала.Олар Кәрім, Бөкен, Мұрат. Кәрім аздап мақтаншақтау.Бөкен қорқақ.Мұрат… Мұрат жөнінде сөз басқа.Шығармада ол жөнінде біршама жазылады.Оның әкесі жоқ еді.Көп қиналатын.Олар сондай ақылды, ересек балдар.Үлкендерге көмектеседі.Жын-пері болып,өзі ешкіммен сыйыспайтын Тұрдыбекті қорқытқаны да бар.Даладан әр түрлі заттарды тауып алып,өздеріне мұражай ашып алды.Оқыған адамға қызықты.Ішіне кіріп кетесін.Қазіргі кішкентай балалар сондай ма? Далаға шыға беріп, көрші үйдің терезесін сындырып дегендей әр түрлі тентектік жасайды.Осы үш балаға қызығып, балалық шаққа оралғандай болдым.
Әрі қарай

Салат, котлет...

Жаңа жыл дастарханына оригинальный рецептер іздуге кірісіп кеткен шығарсыздар. Біздің үйде де газет қиындыларынан, ескі блокноттардан, кулинария сайтарынан табылған тағам түрлері алдын ала «пробник» ретінде дайындалып жатыр. Әкеміз, бауырымыз, жарымыз деген сияқты бабы қиын персоналар ұнатқан тағамдарды мерекелік дастарханға қоямыз деп жоспарлап жүрміз.
Бұрын жасап көрмеген тағамдар, қаншалықты оңай әрі дәмді сияқты көрінгенмен, бір дегеннен көңілден шыға қоймайды. Төменде ұсынып отырған бір-екі рецепт не отличаются оригинальностью, есесіне үйдегілердің дәм айырғыш рецепторларынан «құламай» өтіп, овацияға ие болған деуге болады.
Әрі қарай

Ұлы дала

Дүбірлей естілген үн сәт өткен сайын күшейе түсті.

Ә дегенше болған жоқ бір топ салт атты сүйел-шоқпарларын сүйрелеп келіп-ақ қалды.

Екі үйден тұратын шағын қыстақ азан-қазан болды. Еңгезердей жігіттердің сыздата ұрған соққысынан қараша үйдің сырықтары сықырлап кетті.

— Ит! Иттің тұқымы! Шық дегенде, шық! Атаңның тап аузын! Еркекпін деп анаңнан тусаң шық үйден, ит! Шық, қане!!!
Әрі қарай