АТЫРАУДА ДОМБЫРА PARTY ӨТПЕКШІ

ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУЛЫҚТАР! Барлығыңызды 24/04/13 күні сағат 19:30да (жергілікті уақыт бойынша), Махамбет-Исатай алаңында өткелі отырған ДОМБЫРА PARTYге шақырамыз! Бірнеше домбырашылар мен жас айтыскерлер және бірқатар блоггерлер мен интернет белсенділері келеміз деп отыр. Сіздің де домбыра шертетін өнеріңіз болса, жұлдызды сәтіңізді пайдаланып, ел-жұртты бір таң қалдырып қайтыңыз. Немесе жәй әсем ән мен тәтті күйдің ләзатына шомылып, адамдармен танысыңыз. Күтеміз, ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ!=)



P.S.: Сурет аптыры Maralbek Sagynganov. Мен жәй өзгерттім)
Әрі қарай

Кітап, жыр жинақ, ЖЫРДЫҢ АЛТЫН БҰЛАҒЫ жыраулар поэзиясы Асанқайғыдан Махамбетке дейін.

Ассалаумағалейкүм ардақты әлеумет!

Бүгін сіздерге Жырдың алтын бұлағы жыраулар поэзиясы Асанқайғыдан Махамбетке дейінгі жыраулардың шығармаларын бір E-PUB формат кітапқа жинақтап ұсынып отырмын. Жалпы жыраулар поэзиясының қадірін түсіну үшін ең төменде Мұхтар Мағауин мен Бекболат ағамыздың жыр туралы айтқан сөздеріне көңіл бөліңіздер.

Ең алдымен ескеретін жағдай, егерде сіздің планшетіңіз немесе смартфоныңыз Андройд операциялық жүйесінде болса мына программаны, Meego Harmattan (Nokia N950, N9) үшін мына, Symbian үшін мына программаны орнатып алыңыз! iOS (iPad, iPhone, iPod) құрылғылары үшін қажет емес. Компьютерлер үшін мына жерден таба аласыз.

Кітаптың өзін жүктеу.


ЖЫРАУЛЫҚ ПОЭЗИЯ – 15 – 18 ғ-лардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғ-дың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемелдікті, көркем келісімді аңғару қиын емес. Жыраулық поэзия сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Содан да болар, Жыраулық поэзияда мейлінше терең танымдық ойлар буырқанып, ұдайы философиямен шендесіп жатады. Онда өмір мен болмыс, заман және адам туралы толғанады. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз пен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, о дүние мен бұ дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады.
М. Мағауин

Бекболат Тілеухан

Әрі қарай

Орал қаласы (life)

18-нші наурызда еліміздегі көне қалалардың бірі Оралға сессиялық емтихан тапсыруға барған мен, қаладағы ескі және белгілі нысандарды фотосуретке түсіріп алған болатынмын. Фоторепті мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар. Енді назарларыңызға қала өмірі туралы фотоларды ұсынсам деймін. Суреттер аз емес, бірақ тек 30-ын жүктедім.

P.S. Фотоларды қарамас бұрын төменде орналасқан «тағы да»-ны басыңыз.)
Әрі қарай

Үздік үнді билері

Үнді фильмдеріндегі ең тамаша шыққан би номерлерін назарларыңызға ұсынамын.
1. Айшварияның «Bunty Aur Babli» атты фильмдегі итем-номері. Басты рольдерде оның болашақ жолдасы мен қайын атасы ойнаған фильм.


2. Мадхури Дикшиттің «Кел билейік» атты фильміндегі би номері. Бұл фильм Мадхуридің кино саласына қайтып оралған кездегі фильмі.


3.Ал мынау Катрина кайфтың итем номері.


4. Дәл осы биді 6 жасар биші Джит дастың билеуі /мұның фильмдерге қатысы жоқ, сонда да/


5. Тағы да Айшварияның Шакрукх Кханмен бірге жасаған итем номері.
Әрі қарай

Мен көрген алғашқы БлогКемп


БлогКемп, яғни блоггерлер құрылтайы. Осы құрылтай біткеннен кейін блог тұғырларда да, әлеуметтік желілерде де блог кемп туралы жазбалар мен фотосуреттер, бейнебаяндардың ағыны басталды. Қысқасы, Ұшқын айтқандай, Блогқұрылтайдың буы басылмай тұр әлі…

ВИРТУАЛДАН РЕАЛҒА

Сонымен, құрылтай туралы не айтайын. Ең бірінші айтарым, биылғы құрылтайға мен алғашқы рет барып тұрмын. Виртуалдағы достарыңмен түңғыш рет кездесу ерекше әсер берді. Бір қызығы блог әлемінде жақын достай сөйлесіп жүрген блоггер қасыңда жүрсе де танымай қалуың мүмкін. Өйткені кей блоггерлер (мәселен мен) ешқашан суреттерін аватарына қоймайды немесе шынайы жүзі суретінен өзгеше болады екен. Блоггер болғаныма бар-жоғы бір жыл ғана болыпты. Алайда мен өзім жеке сайт ашып, көбінесе сол жерде блог жүргізген едім. Құрылтайға барып, блогтұғырларда блог жүргізген әлде-қайда тиімді екенін ұқтым. Өйткені бір блогтұғырдың блоггерлері бір-бірімен көптен бері көрісіп тұрған көршілердей амандасып жатады екен. Қызық, виртуалды әлемнің де адамдарды рухани табыстыратын ыстық қасиеті барына таң қалдым.
Әрі қарай

Қызық!

Қызық! «Өмір өтіп бара жатыр» деп жиі налимыз, бірақ жүрегіміздің түбіне терең үңілсек, сол өмірдің шынымен өтіп бара жатқанына өкініш таппаймыз.
Қызық! Қолымыздағы 100 теңге садақа үшін беруге көптік етеді, ал «100 теңгеге базарға барып сауда жаса» десе күлкіміз келеді.
Әрі қарай

Қай оқу орны дұрыс?

Мен биыл 11-ші сыныпты бітіруші жас түлекпін. Алға қойған мақсатым: Елімнің Дина Төлепбергендей қайсар да батыл журналисті болу! Мектеп бітіруге де бар болғаны 78-80 күн қалды. Алда ҰБТ. Қай оқу орнын таңдарымды білмей жүрмін. Жалпы өзім Астана қаласында оқығым келеді. 9-сыныптан бергі оқимын деп жоспарлап қойған жер де Астана болатын. Астанының әсемдігі, оның тыныштығы, барлығы мені баурап алғандай болды, Астанадан басқа жерді ойлағым да келмейтін.Егер Астанаға түссем таңдайтын оқу орным Еуразия Ұлттық Университеті болады. Егер Алматыға оқуға түссем Сулеймен Демирел университетінде оқимын. Кеше ғана осы университет біздің мектепке келіп өздерін таныстырып кетті. Менің таңдап отырған пәнім әдебиет, мамандығым журналист. Қазақ тілі мен тарих пәндерінен жоғары балл алып, шығармашылық емтихан тапсырамын. СДУ-дың ұнаған жері журналистикаға ерекше мән берілетіндігі, жатақханасы, 2-курста өзге шет елдерге 1 семестрге оқуға жіберіп, тәжірибе алмасатындығы. Бір сөзбен университет өте ұнады. Бір жағынан СДУ бір жағынан АСТАНА, қалай ойлайсыздар, қай оқу орнын таңдағаным дұрыс?
Әрі қарай