Құттықтаймыз

Қадірменді әріптестер, ITтірлік иелері, барлығыңызды жүйеәкімдер (сисадмин) күнімен құттықтаймын.
Жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер, серверлерің ақсамасын, юзерлерің дисковод жабылмағаны үшін шақырып мазаларыңды алмасын (құрығанда бүгін).
Әрі қарай

Шошқа тағалаушы

Боқай мырзаның айналыспаған шаруасы жоқ.Қазақша айтсақ «тышпаған төбесі қалмады». Колхоздар тарқамай тұрған сонау бір кездерде шошқа тағалаушы болып та жұмыс істеп көрді.Абырой бермеді. Ел бос отырған біреуді көрсе «Не істеп отырсың, шошқа тағалап отырсың ба?» деп мазақтайтын болды.
Кеңес үкіметі құлады. Шошқашы Мекалай шошқалардың бәрін жеке меншіктеп алды. Боқайдың балалары аштан өлуі керек пе? Жоқ, Боқайда өзінше тірлік қылмаққа ниеттенді. Жар жағалап, столбылардың басындағы қарғаның ұяларынан жұмыртқа жинады көктемгі мезгілде. Жылда балапандарын 21 күн дегенде шығаратын шұбар тауық 12-13 күнде алғашқы балапандарын басып шықты.
Әрі қарай

Тараз, Тараз!!! О, О, Тараз, Тараз

Мен қазақ әншілерін көп тыңдай бермейтінім белгілі. Ара-арасында рэптер болмаса. Сол кішкене ғана әннің орындаушыларының бірі Рассим. Тараз қаласының тумасы. 1988 жылы туылған дейді кей деректер. Қазақ түрік лицейінің түлегі. Рассимнің маған ұнаған үш өлеңі бар:
Әрі қарай

Баламалы энергетика - құлқымыз бен ынтамыз.

Керекшілер!!! Осы жерде биогазы бар, гидросы бар, жылу насосы бар, вакуумдық батареясы бар дегендей біраз түйіншектерді ақтардық… Оның бәрі әлдеқашан жаңалық болудан қалғаны анық болсада жаңа технология ретінде көп елдерде қолданыс тауып отырғаны бәріңізге мәлім. Соның қайсысына тоқталып, өзімізше қоғам болып іске асыра аламыз?
… Қатты қызығып жүргенім жылу насосын қолданатыны… Оны әліде жетілдірудің мүмкіншіліктері бар. Тек, бастап кетсек болды…
Әрі қарай

Түбі қайырлы болсын

Жұмыстамын. Еш настроение жоқ. Біреулер бізді қасқыр дейді -ау, қазіргі түрімді көргенкісі жаураған мысықтан да жаман дер, бәлкім. Кейбіреулердің алдында кезінде белсеніп шықпағаным үшін (бәлкім дұрыс жасаған да болармын), біреулердің алдында қазір бейшара күй кешіп отырғаныма жыным келіп отыр. Доменімізді біреу сатып алып, кері сатпақ ниетпен біраз ақша сұрап отыр.
Әрі қарай

Ғашық болу...


Батып бара жатқан күн, қимай сені әле тұр…

Ұзын қою қара шаш, тек өзіңе жарасқан,
Көркіңді сенің көруге ай мен жұлдыз таласқан.
Шашырайды жүзіңнен, жарты әлемге әппақ нұр,
Батып бара жатқан күн, қимай сені әле тұр.

сілтеме kiwi.kz/watch/k3ez7u86hgpd/
Әрі қарай

Тарихқа көз жүгіртсек...

Иә, тарихқа көз жүгіртсек небір нәрсеге қанық боламыз. Менің бұл жолғы жазбағым. Журналистер күнін неге айдың соңғы жексенбісінде атап өтіп жүрміз? Айдың соңғы жексенбісінде «Кеншілер күні», «Металлургтер күні» дегендей мейрамдар тойланушы еді.Біздің «кәсіби журналистеріміз» өздерінің көне кәсібін қашан тойлаулары керек екенін біле алмай жүр. Айтсаң «заң бойынша ғой» деп бойларына шаң жуытқысы келмейді. Бізде заң деген күнде өзгереді ғой.
Алтынбек Сәрсенбаев марқұм кезінде журналистер күнін 28 -маусым күні тойлауды,ұсынып ол бекігентін де. Себебі, 1913- 1918 ж.ж. Ахмет Байтұрсынов "Қазақ" газетіне радактор болғанкездері алғашқы саны осы күні жарияланған деген мәіметтер бар. Бірақ бұған дейінгі «Дала уалияты», «Түркістан уалияты» газетері де біздің қазақ баспасөзінің тарихынан шет қалмауы керек.
Ал, бұл мерекенің күнінің ауысу себебі… Алтекең…
Әрі қарай

Бір қате әріптің кесірі

Мән бермеппін басында. Комплимент мадағым ұятқа айналды… Кейін байқасам "Ауретің әдемі екен" деп жазыппын…
«С» әріпін жазам деп «А» кетіп қалғанын… у-ф-ф-ф-ф-ф-ф-ф....«Извращенец» деп қалды енді. Естімеген қарғыстар…
Әрі қарай