Бейтараптық!

«Ресей «Сирия» және «Иран» сияқты халықаралық мәселелерді реттеу бойынша өзінің ұстанымын қалыптастыруда бейтарап болады», — деп мәлімдеді Ресей Федерациясының премьер-министрі Владимир Путин.
«Сириялық мәселе бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі ұстанымыз, біздің ешкімді де қостамайтындығымызды білдіреді. Алда да осылай болады деген үміттемін», – деді Путин Ресейдің саяси зерттеулер орталығының президенті Владимир Орлов, Ресейдің Иран мәселесі бойынша өзіндік ұстанымда еместігі туралы өзінің ойын білдіріп, «америкалықтардың әр басқан қадамын қолдауды Ресей қашан қояды?» деп сұрақ қойғаннан кейінгі, сарапшылармен болған ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту сұрақтарына арналған кездесуде.
Сонымен қоса, премьер, «Ресей басқа да мемлекеттердің, әсіресе араб әлеміндегі елдердің «сириялық» және «ирандық» сұрақтар бойынша көзқарастарын ескереді, деді.
Орловтың, «тек еуропалықтар мен АҚШ-тың ғана емес, сонымен қатар Түркия, Мысыр, Индонезия, Қытай мен Бразилия сияқты мемлекеттердің пікірлерін есепке алу» жөніндегі үндеуіне жауап бере, Путин Мәскеу, сарапшының айтқан «барлық серіктестермен жұмыс жасауда» деп растады.
«Мысырмен жұмыс жасау қиынға соғып отыр, өйткені мемлекет өте күрделі ішкісаяси жағдайда тұр. Бірақ Мысыр – араб әлеміндегі көшбасшы, ал араб әлемінде Иранның ядролық қаруға ие болу мүмкіндігіне үлкен күмәнмен қарайды. Яғни, араб мемлекеттері бұған толықтай қарсы», — деді Путин. Оның айтуынша, «оған үлкен дәлел – араб әлемінің Сириядағы оқиғаларға деген көзқарасы». «Бұның барлығы бір-бірімен тығыз байланысты және біз осыны ескереміз», — деп ой білдірді премьер. «Бізде өзіміздің жеке қызығушылықтарымыз бар, бірақ біз жедел әрекет етіп, әлемде не болып жатқанын түсініп, ешқашанда көлеңкеде қалмауымыз қажет», — деп айтты ол.
Бұрынырақ Ресей мен Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Сирияға қарсы санкция енгізу қаупі болған резолюция шешімі жобасына екі рет «тосқауыл» қойды. Ресей зорлық-зомбылықты тоқтату және халықты қорғау мақсаттары шеңберінен шығып кеткен, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатымен Ливияда басталған әскери күш шаралары тектес «ливиялық сценарийді» қайталау қажет емес деп санап, Сирияны санкциялармен қорқыту әрекеттерін құптамай, қарсы шығуда. Сирияда 2011 жылдың наурыз айының ортасынан бастап антиүкіметтік наразылықтар тоқтамай келеді. Күн сайын адам өлімдері туралы хабарламалар келіп түсуде – оның ішінде бейбіт тұрғындар да, әлеуетті күш құрылымдарының қызметкерлері де бар.

Ал Қазақстан ше, таяу шығыстағы мәселелер жөнінде қандай ұстанымда екен?!
Әрі қарай

Блог құрылтай`12 жаңалығы: Баяндамалар жинағы

«Блогқұрылтай – 2012» шарасының нәтижелік есебі ретінде блогкемпте жасалатын презентациялардың мәтіндік баяндамаларының жинағын шығару қолға алынып отыр. Осыған байланысты кейбір мәселелерді аша кетсек.


Жинақты не үшін шығарамыз?
Әрі қарай

Бупанов Рауан - Аламанда


Сіздерге озімнің Аламан ұлттық порталына жарияланғанымды айтып кетпекшімін… Сондай ырза болып қуанып отырмын… Рауан Оқасов ағама рахмет айтамын
WWw.Alaman.Kz
Әрі қарай

ББҚҰКАҚОББ-ның ІІІ съезі


Блогкемп Блог құрылтай Ұйымдастыру комитетінің Астана қалалық орталық бас басқармасы кезекті бас қосуын
17.02.2012, жұма
Керуен штаб пәтерінің 3-ші қабатында
сағат 18.30 жасайтын болды.
Есігіміз жоқ ашық.
Әрі қарай

Әлемде талай қызық бар

Журналисттер Үндістанда тұратын ерекше отбасын, яғни “құбыжық синдромы” немесе гипертрихозом зардап шегіп жүрген апалы-сіңілер отбасын тауыпты.
Апалы-сіңілі құбыжықтар 23 жастағы Савита, 18жастағы Мониша және 16 жастағы Савитри Үндістанның Пуна қаласына жақын маңдағы ауылда тұрады.
Оларға Гипертрихоз ауруы әкелерінің қанымен берілген. Бұл көп кездеспейтін, ұрпақтан ұрпаққа берілетін, адам денесінің барлық жерін түк басатын ерекше ауру болып табылады.
Әрі қарай

Херман Кейн: "Убеки-беки-беки-стан-стан дегенді білмейм нақ!"

АҚШ, Республикалық Партия мүшесі Херман Кайнның CBN News-ке сұқбатынан, 2010 жылдың қыркүйегі:
«Менен Убеки-беки-беки-стан-станның президенті кім деп сұрағанда, білмеймін деп жауап
Әрі қарай

Бұғатталған сайт

Ау! Қазнеттің (Казнеттің емес) ығайлары мен сығайлары, қасқа мен жайсаңдары, сорпа бетіне шығарлары мен қаймақтары!!!
Сайт ашқаның бар болсын деген сөз еріксіз ауызыңнан шығады екен осындайда, күнде бір проблема әйтеуір, мәселе былай еді: сайт wordpress движогымен жасалған еді, интернеттен бір шаблон алдым да, сайтқа жүктегенім сол еді сайтым ашылмай қалды, неден болды сол баяғы вирус па? енді не істесем болады? жалпы сайттың қауіпсіздігі үшін нелер ге көңіл бөлу керек? осы жайлы ақыл кеңестеріңіз керек болып тұрғаны, сын-пікір, ақыл кеңес, сайқы-мазақ кез-келгенін кішпейілдікпен қабылдауға дайын отырмын, сайттың сілтемесі bioustaz.kz/ сонымен…
Әрі қарай