Бейтараптық!

«Ресей «Сирия» және «Иран» сияқты халықаралық мәселелерді реттеу бойынша өзінің ұстанымын қалыптастыруда бейтарап болады», — деп мәлімдеді Ресей Федерациясының премьер-министрі Владимир Путин.
«Сириялық мәселе бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі ұстанымыз, біздің ешкімді де қостамайтындығымызды білдіреді. Алда да осылай болады деген үміттемін», – деді Путин Ресейдің саяси зерттеулер орталығының президенті Владимир Орлов, Ресейдің Иран мәселесі бойынша өзіндік ұстанымда еместігі туралы өзінің ойын білдіріп, «америкалықтардың әр басқан қадамын қолдауды Ресей қашан қояды?» деп сұрақ қойғаннан кейінгі, сарапшылармен болған ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту сұрақтарына арналған кездесуде.
Сонымен қоса, премьер, «Ресей басқа да мемлекеттердің, әсіресе араб әлеміндегі елдердің «сириялық» және «ирандық» сұрақтар бойынша көзқарастарын ескереді, деді.
Орловтың, «тек еуропалықтар мен АҚШ-тың ғана емес, сонымен қатар Түркия, Мысыр, Индонезия, Қытай мен Бразилия сияқты мемлекеттердің пікірлерін есепке алу» жөніндегі үндеуіне жауап бере, Путин Мәскеу, сарапшының айтқан «барлық серіктестермен жұмыс жасауда» деп растады.
«Мысырмен жұмыс жасау қиынға соғып отыр, өйткені мемлекет өте күрделі ішкісаяси жағдайда тұр. Бірақ Мысыр – араб әлеміндегі көшбасшы, ал араб әлемінде Иранның ядролық қаруға ие болу мүмкіндігіне үлкен күмәнмен қарайды. Яғни, араб мемлекеттері бұған толықтай қарсы», — деді Путин. Оның айтуынша, «оған үлкен дәлел – араб әлемінің Сириядағы оқиғаларға деген көзқарасы». «Бұның барлығы бір-бірімен тығыз байланысты және біз осыны ескереміз», — деп ой білдірді премьер. «Бізде өзіміздің жеке қызығушылықтарымыз бар, бірақ біз жедел әрекет етіп, әлемде не болып жатқанын түсініп, ешқашанда көлеңкеде қалмауымыз қажет», — деп айтты ол.
Бұрынырақ Ресей мен Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Сирияға қарсы санкция енгізу қаупі болған резолюция шешімі жобасына екі рет «тосқауыл» қойды. Ресей зорлық-зомбылықты тоқтату және халықты қорғау мақсаттары шеңберінен шығып кеткен, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатымен Ливияда басталған әскери күш шаралары тектес «ливиялық сценарийді» қайталау қажет емес деп санап, Сирияны санкциялармен қорқыту әрекеттерін құптамай, қарсы шығуда. Сирияда 2011 жылдың наурыз айының ортасынан бастап антиүкіметтік наразылықтар тоқтамай келеді. Күн сайын адам өлімдері туралы хабарламалар келіп түсуде – оның ішінде бейбіт тұрғындар да, әлеуетті күш құрылымдарының қызметкерлері де бар.

Ал Қазақстан ше, таяу шығыстағы мәселелер жөнінде қандай ұстанымда екен?!
Бөлісу:

9 пікір

satibaldi
Ал Қазақстан ше, таяу шығыстағы мәселелер жөнінде қандай ұстанымда екен?!

Дәмең керіліп кеткен екен. Қаззақтардың көзқарасына Брюссельдің зәулім ғимараттарынан қақырғаны бар епті.
Өлтіресің нақ.
MickThatsMyNick
Нақ — нақ.  сол бүгінгі күнгі ықпалдығының аз болуы қынжылтады да…
asaubota
бізде көзқарас бар ма не?
satibaldi
Сен телевиозр қарамайтының көрініп тұр: ай сайын СІМ өкілі телекке шығып, қаззақтардың позициясын айтып тұрады ғой. Өзі күлкісі келіп тұрад кейде.
asaubota
сен сонда біздің елдің Косова жанжалына, Үндістан мен Пәкістан қатынасына, Иранның ядролық қаруына, Палестинадағы жағдайға және т.б тақырыптарға жеке, нақты, өз көзқарасы бар деп ойлайсың ба?

былай қарасам ересек адам сияқтысың…
satibaldi
Неге жоқ, бар ғой! Міне: "Қазақстан өз тарапынан ...-дағы(-дегі;-тағы; тегі) ахуалды бейбіт жолмен шешілуі тиіс деп есептейді".
Вордпен сондай шаблон істеп қойған, көп нүктенің орнына керек мемлекеттің атын жазып, баспасөз конференциясына шыға бересің.
asaubota
ахуалды бейбіт жолмен шешілуі тиіс деп есептейд



дәл!
ken
3 жылда біраз өзгерістер болыпты