Ақ өлім, сары ауру, тіпті қызылша. Бізде адам басына келетін дерт-нәубеттерді белгілі бір түске шырмап қою сирек кездесетін жайт емес. Бірақ бүгінгі біздің тақырыбымыз, көк індет — негізінен, адамның өз еркімен таңдап алатын құбылысы. Сондықтан індет делінуі шартты да шығар.
О, жоқ, жоқ, үркімеңіздер. Көк індеттің көгілдірлерге тікелей түк қатысы жоқ. «Көк індет» деп ғылымда татуировкаларға құмарлықты айтады. «Коловрат» тобының әнінде шырқалып, таралып кеткен бұл тіркестің мәнін, яки денесінің әлем-жапырақ суреттеріне психологиялық тәуелділікті қазақша бұған дейін тәржімалау кемшін-тін, сондықтан көк індет деп шартты түрде атап алайық. "Синяя болезньді" көк ауру емес, көк індет деп аударуыма түрткі — дыбыс үндестігі ғана, айыпқа бұйырмассыздар.
Меің ойымша бұл қазақты мәңгүртендіруді көздеген шаралардың бірі, бүкіл жастарды жинап өздерінің сасық өлеңдерін тыңдатқызып орысша сайрап жастардың басын улау шаралары.
Ресейлік «Титан» компаниялар тобының басшысы Михаил Сутягинский «Ведомости» газетіндегі сұхбатында топ қазақстандық компаниялармен альянсқа қайта дайын екендігін айтыпты.
Ол кім тағы дейсіз бе? Бір кездері елімізде салтанатты түрде Ресеймен бірлесе ашылған «Силициум-Казахстан» кремний зауытының басшысы. Тіпті «Силициум-Казахстан» 2010-жылы ең жоғары сапалы кремний өніміне қол жеткізген көрінеді. Бірақ аталмыш зауыт қалай салтанатты ашылса, солай тып-тыныш жабылыпты-мыс. Енді Сутягинский сол тірлікті қайта жандандырғысы келіп отырған сыңайлы. Ол жақсы ма, жаман ба, әзірге белгісіз.
Михаил Сутягинский «Ресей мен Қазақстан – ынтымақтас мемлекеттер, олар бірнеше мемлекетаралық бірлестіктерде бірге жұмыс істеп отыр. Кремний секілді стратегиялық өнімді бірге өндіру жай пайда немесе табыстың мәселесі емес. Бұл сонымен қоса ұлттық мүдде мен қауіпсіздік мәселесі» деген екен. Сонымен қатар Ресей әзірге кремний өндірісінен көшбасшы болып отырған «қысықкөздерге» тәуелді болғысы келмейтіні анық ;)
«Екі оттың ортасында біз отырмыз», деп әлгі жерде саясат соғып кетсем, ә))) Қой құрысын, нем бар саясатта.
Қауіпсіздік мәселесі, шынында, өте маңызды мәселе. 2011 жылы Факультетімізге Солтүстік-батыс политехникалық университетінің (Фримонт қ., АҚШ) профессор Т.Т.Палташев «Кристаллдардағы жүйелер» курсынан дәріс оқығанда айтқан ең басты ойы – «кез-келген мемлекет әскери және жалпы инфраструктурада пайдаланылатын электроника, цифрлық техниканы әр мемлекет өз ішінен өндіру керек деген болатын. Себебі алда-жалда қауіп төне қалса, өзге елдің цифрлық құрылғысына жай ғана «әмір» жүрмей қалуы ықтималдығы бар. Өзге елден алынған қарапайым бағдаршамның өзі ол елмен қарым-қатынас нашарласа, басқаруға көнбей кетуі мүмкін. Ал электрониканың маңызды шикізаты – кремний екені екібастан. Оны өзімізден ең болмаса өндіру — қауіпсіздікті біртабан арттыру деген сөз. Ал елдегі электроника өндірісін дамыту үнемі күн тәртібінде тұру керек деп ойлаймын.
Жо-жоқ, алдымен, мәтінді оқып шықсаңыз деймін.
"… Аялдамаға келіп қалған екен, алдыға қарай аттай бергенімде, тралейбус кілт тоқтады. мен екпініммен алға қарай тәлтіректей жөнелдім. жығылатын ба едім, алдыңғы есіктен шыққалы тұрған ақ құба жігіт қарсы ұмтылып құшақтай алды...." [325 -бет] (Бексұлтан Нұржекеұлы. «Ерлі-зайыптылар». Шығармалар жинағы. 4-том. Алматы: Жалын, 2008.)
ОҺ.Романтика. Жалғасы не болғанын кітаптан оқуға болады. Ал, қазір жазушы осылай кейіпкерін суреттесе, күлкілі болатыны анық. Ол кейіпкерлер уақыттың уысында кетіп қалған. Сол жерден кітапты жауып тастаймын. Себебі:
Иә, аптуызда жұртқа қарауға уақыт жоооқ.
"— Оу, көке, жесір қатындарға, барған қалай болады? Сауап болады ма?
— Сауап болады! — деп еш күмәнданбастан жауап берді."
«Көзден кеткен, көңілден де кетеді»
Сәлем достар! Көгілдір емес экранның бетінде жазбаларым көрінбегелі біршама уақыт болды. Тіпті, арасында Алмас блог әлемін тастады деген тұжырымдар да пайда болып үлгеріпті. Не де болса, «МЕН ОСЫНДАМЫН!» деп қолымды көтеріп қояйын. Ары қарай әңгіме барысы бойынша…
Қаһарлы қыстың ызғарынан кейін, көктемнің жайдарлы да жасылды күндерін сағынумен келеміз. Томбы қаламызда күн айтарлықтай жылына қоймаса да, көкек айы алып келер жылулықты күтіп отырған жайымыз бар. 6 ай қар жауатын аймақ болса дағы, адамдарында жылы шырай сақталған деп толық айта аламын. Адамдармен байланыстан б-лек, интернет желісінде көп отыратын шығармын. Негізгі әңгіменің төрі сол «интернет» желісінен келді. Жастар бұзылды ма, әлде ғаламтор торабы бізді құртып жатыр ма, білмейміз ғой. Жаңалықтар көріп отырып, көзім бір бейнебаянға түсті де қалды. Оның тақырыбы,
«Жесір әйелге бару сауап деді..»
Жігіттердің арасында естіп жүрген әңгіме болғандықтан ба, ашып қарауға бірден асықтым. Жауабын берген адам кім екен? Шынымен олай жасау дұрыс пе екен? Мың сұрақтың форматы басымда құрыла бастады. Сонымен, бейнебаян былай дейді:
(Айтып отырған шамамен 40-45 жастағы ағамыз)
— Ақиқат айтылғанда ешкімнен қорқылмайды. Кім болса да, ол болсын! Кім болса да, ол болсын! Менің бір жолдас балам қайтыс болды. Анандай, бір атыс-шабысында атып өлітіріп кетіпті. Досым болғандықтан, сол жерге бардым. Енді, барып отырып, жаназасына қатысып отырсам, айналамда өңкей көшенің тақырбастары отырып алған. Өлім көргенде ғана таубесіне келетіндер, да, олар. Менен сұрады:
— Оу, көке, жесір қатындарға, барған қалай болады? Сауап болады ма?
— Сауап болады! — деп еш күмәнданбастан жауап бердім. – Ертең, әкең өлсе, шешең жесір қалады. Сонда, үйіңнің бір есігін ашып қой да, «сауап табатын жер» деп жазып қой. Мынадан сауапқа батасын… (қолымен сілтеп, көп дегендей келтіріп) Бір күнде шешеңе 10 еркек кіретін болса, сауапқа батып қаласын!- дедім. Сонда пистолетін менің нақ маңдайыма тақады.
— Сен ата алмайсың! Намысы жоқ адам ата алмайды! – дедім. – Сен, жесір деп айтқанда, кімді көзге тұтып жатсын?? Ертең сенің анаң болмайды ма? Әпкең жесір болмайды ма? Қарындасың жесір қалмайды ма? Сен ертең өліп кетсең, сенің қатының жесір қалмайды ма? Егер күйеу балаң қайтыс болса, қызың жесір болмайды ма? Сенде мына бас жоқ! (қолымен басына сілтеп). Жай ғана ешектің басы ұқсатып көтеріп жүрсің. Сен мені ата алмайсың! – дедім. – Сол уақытта мен 20 жасар бала едім. Бәлкім, біз өзіміздің бір елі ауызымыздан шыққан әрбір сөзімізге аса қатты мән беруіміз керек. Найзаға үкі тағып, дәстүрін мықтап ұстанған, намыс үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан қазақ халқының ұрпағымыз. Аталарымыз жесірін көшеге тастамаған, жетімін жылатпағанын тарихтан анық көре аламыз. Кешегі бабаларымыз:
Қаратаудан көш келеді
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді
Қарындастан айырылған жаман екен
Қара көзге мөп-мөлдір жас келеді — деп, аттың үстінде, ұйықтамастан жылап айтып кеткен…
Мақала біткен кезде, оқырман, саған өтірік маған шын, көзіме кішкене болса да, мөлдіреген жас тамшыларын байқадым. Ауызбен патриот болу оңай да, ата-бабаларымыздың бізге сіңдіріп кеткен қасиеттерін ашып, пайдалану неткен қиын іс еді… Сол аталарға тартып туған ұрпақ болуды жазсын деп ішімнен қоя бердім. Ғаламторға 2 көзін 4 қылып салып қойған кейбір іні, қарындастарымыздың миына кіріп шықпасада, осы жазба кездесіп, ойланулары нәсіп болсыншы деген ниетпен жазуға бел будым.
Студенттер кейбір жағдайларда (мүмкін көп жағдайларда) түрлі ұйымдар мен тұлғалар ұйымдастыратын шәкіртақыларға сене бермейді. Олар алдын-ала кімге берілетіні белгіленіп қойылған, стипендия тағайындау жұмыстары әділ өтпейді деп ойлайды. Бірақ барлық жағдайда олай емес екеніне кеше көз жеткізген сияқтымыз.
«Тайбурыл» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен іске асқан, «Kaspi bank» демеуші болған «Білімді қолдау» бағдарламасының нәтижесін жариялауға арналған шараға барған едік. Осы бағдарламаның аясында Алматыда оқып жатқан 100 студент ай сайын көктемгі семестр кезінде 30 мың теңгеден алып отыратын болды.
Сертификаттар ресми табыс етілді, «Kaspi bank» пен «Тайбурыл» басшылығы студенттерге өз ақылдарын айтты, келешектеріне сәттілік тіледі. Алайда бәрінен бұрын мені қызықтырғаны мына факт болды: Осы стипендиаттарға банк картасы тегін ашылады және еліміздегі кез-келген (!) банктің кез-келген банкоматынан шәкіртақыны түсіріп алу ешбір комиссиясыз жүргізіледі. Әрине, бұл кереметтей қолдау емес шығар, бірақ, бәрібір бұндай «бонус» болашақ мамандардың аға буынға деген сенімін арттыра түседі деп ойлаймын.
Биыл осы стипендияны алуға еліміз бойынша 1000-нан астам студент өтініш берген. Оның ішінен 252 шәкірт іріктеліп алынған екен.
Аңшылықтың неше түрлі қыр-сыры бар,ә?!.. Тіпті бүркіт асырау үшін, оны осындай әдіспен алады екен… Таңғалып отырмын..
Бүркітті аулау үшін малта тастарды жинап, өлген өгіздің қызыл етіне орап тастайды да оны көгалға шашып тастайды.
Бұл кезде аңдар төлдеп, шарана иісіне жиіркенген бүркіт қызыл ет аңсайтын кезі.
Аңшы атқа мініп тұтқиылдан шыға келгенде түз бүркіттің алғашында үйреншікті әдетпен садақ санын серпе секіріп, қос шалғылығын айқұш-ұйқыш сермеп еді, бөтегесін басқан малта тас бой жаздырмады. Мұнан әрі қанатын артынан түре соққан аңызақ жел төстігін көтертпей жер соқтыра берді.Аңшы желге қарсы өзі атпен тұрып алып. үстіне шапан жауып алады.
(Ақселеу.С Тауға біткен жалбыз..)