Көк індет

Сауалды тереңірек қаужау үшін "Өз ісінің мамандарымен кеңеспесем болмас" деген менің қаладағы танымал (өз шеңберінде, әрине) тату-салондардың бірі — «Адреналинге» жолым түсті. Мұнда жұмыс жасайтын мамандар орыс жігіттер екен. Менімен мылжыңдасу үшін аздап үзіліс жасап алды.
"Бастысы, келешек кескінінің эскиздерін ұсынып, кеңесіп аламыз. Өзінің дилетант ойлары болса, бас тартуға үгіттеп, клиент көңілінің қошын табатын сурет жобасына келісеміз. Шағын татудан бастап тұтас жон арқаны жабатын үлкен сызбаларға дейін жасаймыз. Оның эскизінің бәрін бізде арнайы шебер салады".
Сұрақ — сұрағымен, өзіміз жасап алған үзіліс бітіп, Василий де кезекті Владимир есімді клиентіне қызмет қылуды жалғастырды. Бірақ әңгімесін тыйған жоқ:
— Жалпы, сендердің блогосфераларың секілді бізде де бас қосатын фестиваліміз өтіп тұрады. Қозғалыс енді дамып келе жатыр, негізінен, Астана, Алматы, Қарағандының кәсіби шеберлерінің мұрындық болуымен ұйымдастырамыз. Арнайы бір ұйым, федерация деген жоқ. Соңғы фестиваль 2014 жылы өтті. Әмбебап шеберлер кем де кем, көбіне әркім өз бағытына қарай маманданып жатады.
Ойымды Вася шебердің "Болдық!" деген сөзі бөлді. Володя мәз!
Слава, Алматы, ұлты кәріс:
Микрофон мен фотоаппарат — менің өмірлік серіктерім, менің жеп жүрген наным, ал кубик менің идеалға ұмтылған жан-жақтылығымды сипаттайды.
Иә, дегенмен, асқан бір энтузиазм алғашқы негатив салдарға дейін екенін де жақсы түсініп тұрмын. Жалпы, бір анығы — әлемде татуға арналған бояу өндірісін жіті бақылап отырған органы бар мемлекет жоқ. Ғалымдар татуировка бояуының құрамындағы түрлі заттар, мысалы, мышьяк рак аурына әкеп соғуы мүмкін екенін айтады. Жалпы бояуда денеге үнемі жағымды әсер ете бермейтін химиялық элементтердің біразы бар. Оларды СПИД-тен бастап, гепатитке дейінге бәленің біразына септеседі дейді білетіндер. Жалпы, аллергиясы бар теріге оны жолатпау керегі саналы адамның өзіне де түсінікті болса керек. "Құланнан құлан туады, жыланнан жылан туады, індеттен індет туады" деген осы. Егер мына бір Лаки Даймонд Рич бауыр сияқты иммунитет пен бассыздығыңыз болмаса, қашыңыз одан, қашыңыз!
Жоғарыдағы жігіттер айтқандай, көп жағдайда тату — өз ортасынан ерекшеленіп, өзіндік «менін» (Мағауин детектед) ұлықтау көрінісі. Киім, аксессуралар, макияж, шаш үлгісі секілді назар аударту құралы. Оның үстіне, статистика деген псевдоғылым (бірақ жиі сеніп тұрамыз) денедегі кескінді көбіне амбициясы жоғары жандар салдырады дейді. Мүмкін, шығармашылық адамдарының, жұлдыздардың ішінде жаңашылдыққа оңай бара алатындардың болуы да заңды шығар. Мысалы, Қазақстанда Илья Ильин, Мақпал Исабекова, Луина, Дилани, Тұрал, Шамси (соңғыларын танымайды екем, шынымды айтсам) деген танымал жандардың денесі бүлінген.
Жарайды, мұның бәрі символизм.Әлемде денесіне өз пір тұтар жұлдыздарын, яғни кумирлерін бейнелеу кең таралған. Біздің елде де соңғы кезде Сталин мен Ленинділер азайып, төл тарихи тұлғаларымызды әр жеріне салу жақсы жайылып келеді. Абай, ана кісі, сонсоң қазақ жерін біріктіруші Абылай хан (ұлтшылдар қалай қарайды екен осыған? :) ). Әсіресе, Абылай ханды көбірек салушылар тұлғаның тарихтағы рөлін мойындаған болса, екінші жағынан, соларға ұқсағысы келіп, өмірлік жолын үлгі тұтады. Солар секілді рухы бекем, сөзі өтімді болғысы келеді-мыс. Бірақ оларға ұқсағысы келсе, олар өздеріне тату салдырмағанын білмей ме екен…
p.s. Егер мұны індет деп қабылдайтын болсақ, онда өз басымызға мәселе тудырмай-ақ қойған дұрыс болар. Ал егер адам таңдауымен тоғысқан өмір сүру стилі (бәрібір ауру ұғымына қайшы бола алмай тұр) дейтін болсақ, онда ақылды адамдарды тыңдап, сұлулық пен қауіпсіздік шегіндегі дүниені таңдап алған жөн. Әйтпесе, кейде өмірде таңдаусыз-ақ, табиғаттың (жоғарғы күштердің, Құдайдың — қажетін белгілеп алыңыз) қалауымен болатын нәрселер бар. Суретте — найзағай соққаннан кейінгі адам денелері. Бәрібір табиғаттан асқан суретші жоқ.
Соңы түгілі ортасына да жете алмай қапсыз ғо )