Жаңа жұлдыз!


Эстрадаға жаңа қадам басып келе жатқан өнер иесі Балтаев Алишер. Жамбыл обылысы Аса ауданында 17-ші желтоқсан айында 1989 жылы дүниеге келген. 5 жасынан бастап ән айтады. 2009 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжде «Хор дирижеры» мамандығы
Әрі қарай

Тылсым үрейлі әйелдің құпиясы


Джеймс Уоткинстің "Қара киімді әйел" (Женщина в черном / The Woman in Black) — үрейлі триллері қалың бұқара үшін арналмаған. Аталған картинадан бұрын-соңды байқалмаған бірқатар ерекшеліктерді байқадым. Судай аққан қан, жүйке жұқартар азап-қорлықсыз-ақ көрерменді өлердей қорқытуға болады екен. Сонымен, "Қара киімді әйел" несімен ерекше?
Әрі қарай

Шымкенттік қарақшы журналистер

Көптен бері ұры журналистер туралы ләм-мим демей кетіп едім. Пернетақтам қышып қалыпты бүгін
Сонымен, қарақшы газеттерді әшкерелеудің екінші маусымын ашық деп жариялаймын.

Оңтүстік Қазақстан облысында шығатын «Замана» атты облыстық газет бар. Оқуға-тұрарлық және тұрмайтын мақалақалалар мен емші-бақсыларды пиарлайтын мақалаларды жиі жариялап тұрады. Бүгіндікке сол газеттің Интернеттегі сайтынан қарақшылық жолмен алынған үш мақаланы таптым. Бұрынғы блогта жазған мақалам және кейін «Мәліметтер» мен «Ана мен бала» сайттарында жарияланған мақалаларымыз аздап өзгертіліп, өңделіп, басқа авторлардың атынан жарияланып кеткен.
Әрі қарай

Махаббат күніне арнап сыйлығымыз!

Салем КерекИнфолықтар!!!
Ғашықтар күніне арнап сіздерге сыйлығымыз бар! Бұл жаңа бейнеклип!
Vbloggers.kz және Sen-ushin.kz сайттарының бірге қосылып жасаған бейнеклипі сіздерге ұнайды деген үміттемін. Бұл бейнеклип түсірудегі бірінші жұмысымыз. Келесіде бұдан да жақсы болады деген ойдамыз.
Міне бейнеклип:
Азамат Хасен — Твоя Нежная Походка (Cover)
Әрі қарай

Жолдастар, көмек кереееек!

Даусым қатты шығып кеткен жоқ па? Бірақ ренжімеңдер, қатты шығатындай да жөні бар. Өзім өзім болып өмірге келгелі қазақ болып тудым, қазақ болып өлемін деген патриотсымақ едім. Және қазақ тілін бір кісідей білемін деп те ойланатынмын. Бірақ керекинфоға кіргелі оныма күманданып жүрм. Сол себепті сіздерден, құрметті Керектіктер, маған сіздердің тілдеріңіз біраз қиындық келтіруде. Мысалы сіздердің «нақ», «лібә», «кастрөлдеп ақты», пәлендігіңссс-түгендігіңссс" («дереккөт» дегенді түсініп қойдым айып етпеңдер) деген сөздеріңізді түсінбей қор болып жүрмін. Белгілі бір ортаға кіргесін солардың тілінде сөйлеген дұрыс қо, үйретіп жіберіңдер. Сіздердің тілдеріңізде сөйлейін. Құрметпен сіздердің Албастыларыңыз!
Әрі қарай