Жолдастар, көмек кереееек!

Даусым қатты шығып кеткен жоқ па? Бірақ ренжімеңдер, қатты шығатындай да жөні бар. Өзім өзім болып өмірге келгелі қазақ болып тудым, қазақ болып өлемін деген патриотсымақ едім. Және қазақ тілін бір кісідей білемін деп те ойланатынмын. Бірақ керекинфоға кіргелі оныма күманданып жүрм. Сол себепті сіздерден, құрметті Керектіктер, маған сіздердің тілдеріңіз біраз қиындық келтіруде. Мысалы сіздердің «нақ», «лібә», «кастрөлдеп ақты», пәлендігіңссс-түгендігіңссс" («дереккөт» дегенді түсініп қойдым айып етпеңдер) деген сөздеріңізді түсінбей қор болып жүрмін. Белгілі бір ортаға кіргесін солардың тілінде сөйлеген дұрыс қо, үйретіп жіберіңдер. Сіздердің тілдеріңізде сөйлейін. Құрметпен сіздердің Албастыларыңыз!
bk
Бөлісу:

14 пікір

meirzhan
Дереккөт деген не сонымен?
Aldeken
Админге хат жаз… жаңа тағайындалғанына…
QaradomalaQ
Мұндағылардың лексиконында «көтриот» — деген нәрсе тағы бар екен… Жалпы сіздің жазғандарыңыз осындағы қолданушылардың «олбанский» «тілінің» қазақша нұсқалары болуы керек)))
araika
Даусым қатты шығып кеткен жоқ па?
, сірә, олай болмаса керек, әйтпесе мына жерге жиналған адамдардың саны күрт өсуге тиіс-тін.
Менен көмек жоқ!
meirzhan
Көмегім бар, бірақ көмек бере алмаймын деп турасын айтсаңшы.
araika
Турасы да, көлденеңі де сол жауап, білетінім де аз менің…
madlen
Лібә — орыс тіліндегі боғауыз сөздің дәруішөлгендік сөйлеу стиліне бейімделген нұсқасы. Орыстың "… ля" сөзінің дәруішөлгендік толықмәнді баламасы. Әлдебір нәрсеге күйінгендікті, ызаға булыққанды, болмаса таң қалуды, риза болғанды білдіреді. Аталған сөздің «айтарға сөзім жоқ» деген интерпретациясы да бар. Халық арасында кеңінен қолданылатын, әмбебап сөз. Мысал: "Әккіміз ғо, пропиліне зу ете қалдым, лібә, Саттың өзі екен." Сатыбалдымен кездесу © sigma

Нақ — орыс тіліндегі боғауыз сөздің дәруішөлгендік сөйлеу стиліне бейімделген баламасы. Орыстың қысқартылған «нах» сөзінің дәруішөлгендік толықмәнді нұсқасы. Пікір жазушының тұжырымдап, бекітіп айтқан көңіл-күйін, болмаса айызының қанғанын немесе көңіл толмаушылығын, жақтырмаған кейпін білдіреді. Мысал: «Мен саған ештеңе деп жатқан жоқпын нақ». © @satibaldi, «Музарт-2 (суреттер)» жазбасы. (Қараңыз: Наққа кету)

Наққа кету, наққа жіберу — Әлдебір болашақта болады-ау деген, я болған жайттың, оқиғаның, іс-әрекеттің болмай қалуын немесе жоққа шығуын, бекер жасалғанын білдіреді. Қазақ халқының «Еңбегім еш, тұзым сор» деген мақалымен мағыналық жағынан ұқсас. Сонымен қатар, әлдебір жайттың басқа бір жағдайдан басым түскенінде де осы сөз қолданылады. Мысал: «Сол сайт „сайттың табысты дамуы оның дизайнына тәуелді“ деген ережені наққа жіберді». Самба Грил, © @patick.
«Наққа кету» дөрекі, тұрпайы түрде «кет нақ» та болып айтылады, жазылады. Әлдебір субъектті ұнатпағанда, жаратпағанда, оның бұрыс іс-әрекеттерге барғанын шұқып көрсеткенде және онымен бірге болмауға деген ниетін білдіргенде «кет нақ» делінеді. Мысал: «Кет-ей нақ, қайдағы: телефонды ала сала досыңа арнап шығарған «Аттың сыны» атты өлеңін тыңдайсың.» Қыздардың әуресі © Сатыбалды

Дәруішөлген үлкен түсіндірме сөздігі, Антуан Шәріпхан баспасы, 1993 жыл. @AKY, @Abilakim, @Sammita, @VKM, @blackbeard, @Erbol
Түпнұсқа
копирайт Қисықтікі.
madlen
Шешес, шшссс, шешссс — дәруішөлгендік эвфемизм. Мағынасы жағына «лібә» сөзімен ұқсас, яғни әлдебір нәрсеге күйінгендікті, ызаға булыққанды, болмаса таң қалуды, риза болғанды білдіреді. Этимологиясын қазақ халқының шешеге қатысты бұрыс іс-әрекетті білдіретін боғауыз сөзінен іздеу керек. Ш. қазақ баламасының дәруішөлгендік қайта өңделген нұсқасы. Мысалы: «Шешес» — Сатыбалдының 3-дара сөзі. © @AKY.
«Шешес» сөзінің, сонымен қатар, «анас», "әжес", "әкес" секілді баламалары да бар. Салыстырмалы түрде жиі қолданылатын аталған сөздерден бөлек бұл сөздегі «с» (немесе «сс», «ссс», т.с.с.) қосымшасы мән-мағынаға сәйкес кез келген сөзге жалғануы мүмкін. Формулировкасы: n (яғни қандай да бір сөз) + с. Мысалы: құдашассс, балдызынссс.

Зайып алу — әлденеден немесе әлдекімнен жалыққанды, қажығанды білдіреді. Орыстың «за… л» сөзінің дәруішөлгендік өңделген баламасы. Мағыналық жағынан ұқсағанмен, дәруішөлгендік сөйлеу стиліне сәйкес екі сөзден тұратын тіркеске айналған. Мысалы: вестибюльда, станцияда вагонда, зайып алыңды шығаратын реклама. © @sakenspb
KILYZAMAN
«Албастығада жан керек» — деген осы шығар Үйренде жирен…
Gastarbaiter
СаянҮш-тің де қазақтың тортіліне сіңірген сөздері бар.
Көт-бұтта әзіл, НЕгЕ дөС?, ғұӘ, т.б
Gastarbaiter
Айкодан қалған біраз сөздер бар.
ОЧМ, даЧы, ма**ма… көзден кеттім (как вариант бұттан кеттім)