Жолдастар, көмек кереееек!

Даусым қатты шығып кеткен жоқ па? Бірақ ренжімеңдер, қатты шығатындай да жөні бар. Өзім өзім болып өмірге келгелі қазақ болып тудым, қазақ болып өлемін деген патриотсымақ едім. Және қазақ тілін бір кісідей білемін деп те ойланатынмын. Бірақ керекинфоға кіргелі оныма күманданып жүрм. Сол себепті сіздерден, құрметті Керектіктер, маған сіздердің тілдеріңіз біраз қиындық келтіруде. Мысалы сіздердің «нақ», «лібә», «кастрөлдеп ақты», пәлендігіңссс-түгендігіңссс" («дереккөт» дегенді түсініп қойдым айып етпеңдер) деген сөздеріңізді түсінбей қор болып жүрмін. Белгілі бір ортаға кіргесін солардың тілінде сөйлеген дұрыс қо, үйретіп жіберіңдер. Сіздердің тілдеріңізде сөйлейін. Құрметпен сіздердің Албастыларыңыз!
Әрі қарай