Жанымдағы жақын жүрген жігіттердің бәрін тауысып болған соң, өзгенің назарын іздей бастадым. Менің еркек атаулыға келгендегі ұстанымым: бір ашқан есігіңді қайтып ашпа – бәрбір көретінің бір көрініс. Ал, мен көріністердің қайталанғанын қаламаймын.
Сәлем достар! Мен сіздерге алдыңғы блогымда кедейшілік өмірлерін өнері арқылы өзгерткен танымал адамдар жайлы жазамын деген болатынмын. Менің бүгінгі кейіпкерім барлығыңыз жақсы білетін, әлемге танымал өнер адамы!
Кеш жарық! Бүгін бір жұма өтті. Иә, иә, бір жұма бойы ұялы телефонымсыз жүрмін. Оқиғаның желісін білмейді екенсіздер, ендеше өкпе назымды тыңдауға (нақты айтқанда оқуға) дайын болыңыздар.
Басында бәрі сол баяғынша кешегі күндей тап-тамаша
Ашығын айтқанда, сүйкімсіз тақырып. Сіздерге қазнет, тіпті уорлднеттегі осы термин жайлы ақпарат ағымы, жаңалық лентасы аз болып жатыр ма? Білмеймін, менде аздап аллергия бұған…
Маған жоба ұйымдастырушылары пост орнына үлкен әлдененің суретін салуға рұқсат еткен жоқ. Ал мен сұрадым, ескерттім… «Сапалы контент, жауапкершілік», бла-бла… Бірақ қалай түсінбейсіздер, мен не жазсам да, қалай жазсам да, алдыңғы идея секілді дөп, қысқа, көркем жеткізетін дүние таба алмаймын. Жарайды, мен тырысамын.
2014 жылы «Нұр Отан» партиясының «StopҚылмыс» жобасы аясында «Жас Отан» Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау мақсатында «Таза сессия» атты акция өткізді. Акция барысында 26/05 — 10/06 аралығында еліміздің 14 облысы және Астана, Алматы қалаларындағы студенттердің қатысуымен аноним сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша қатысушылардың 90 пайызы ЖОО-да жемқорлықпен таныс екендерін айтқан.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша партия 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасына Жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша жария рейтингін шығарып отыру енгізілді.
Сауалнамаға еліміздің 62 ЖОО-нан 1200 адам қатысты. Оның 47% еркек, 53% әйел жынысты.
Сауалнамаға қатысушылардың орташа жасы 20 жас. Қатысушылардың 93,4% бакалавриатта, 5,2% — магистратурада, 1,4% — докторантурада білім алады.
Респонденттердің 40% грантта, ал 60% коммерциялық негізде оқиды.
Бір ЖОО-да 12 мың теңгеге бір сабақты шешуге болатын болса, кейбір ЖОО-да бұл сомаға сессияны түгелімен жабуға болады.
Жалпы, республика бойынша сессияны тапсырудың орташа құны 29 000 теңге. Бір сабақ бойынша проблеманы шешу құны шамамен 5000 теңге.
Курстық жұмысты сатып алудың орташа бағасы шамамен 13 000 теңгені құрайды. Ал ең арзан нұсқалары 2000-3000 теңгеден сатылады.
Республика бойынша дипломдық жұмыстардың орташа бағасы 60 000 теңге. Ең арзандарын 30 000 теңгеге сатып алуға болады. Басқа қаладан келгендер үшін жатақханадан орын алу көкейтесті мәселе. Бұл проблеманы шешудің құны орташа есеппен 15 000 теңгені құрады.
ЖОО-дағы парақорлықтың тағы бір түрі ақылы негізден грант бөліміне ауысу. Білім алудың ақылы формасынан грантқа ауысудың құны 500 000, кей аймақтарда бұл сома 100 000 теңгені құрайды. Орташа есеппен грантқа ауысу құны 250 000 теңге.
Парақорлықтың тағы бір кең тараған түрі – әскери кафедраға түсу және оқу. Бұл үшін орташа есеппен 500 000 теңге төлеуіңіз қажет.
Студенттердің пікірінше ЖОО жемқорлықтың негізгі себептері:
студенттердің оқуға қызығушылығының болмауы (20,8%);
P.S. Аталған акция дәстүрлі түрде биылғы жылы да өз жалғасын тауып, барлық аймақтардың оқу орындарында өткізіліп, қазіргі таңда деректер өңделу үстінде.
Екінші күнде де ғимаратқа кірудегі іркілістер жалғасты. Әдеттегідей, уақытынан қазақтарша кеш басталды.
Алдыңғы шолулардан байқағаным — ең терең, түбір-қобырымен талдайтыным — сәлемдесу екен. Әр әзілді шайнауға тырысу тек осы сайысқа тән. Ол заңды да шығар, себебі, бұл сайыста әр кезекті минатюра, элемент, қозғалыс — күлкілі болуы керек. Есесіне, фристайлдық, еркіндік бар. Ал соңғы сайыстар әдетте өзі тұтас бір нөмір болады. Деп өзім түйіп отырмын.
Әлқисса, өткен шолуымды қарасам, біршама мейірімді болған сияқтымын. Бұл қателік енді қайталанбайды. Сәлемдесуді Күлкі терапиясы, Қарағанды бастады. Сап, тізбек. Кененнің «Көкшолағы» жайлы бастапқы нөмір — қызық, бірақ бәрібір ағартушылық функциясы басым. Былай-былай енді, болады. "...Әннің тарихын жақсы білетін КТ" — типі тарих маусымына байланыстыру, әйтеуір үйтіп-бүйтіп әкеп телу. Қайықтың үстінде — біршама тапқыр. Бидің ырымын жасады — мен жымидым. Бірақ кей фронтмендердің қимыл қораштығына. Өй, қойш… :)
— Құдайдан, тозақтан қорықпайсың. Жамандық жасаудан не тежейді?
— Инстинкт. Ешкім қоғамнан шетте қалғысы келмейді. Ал кейбір нәрселер үшін, мысалы адам өлтірген үшін, ұрлық жасаған үшін адамдар қудалайды. Сыртқа тебеді. Адам жалпы қоғамдық жануар ғой. Сол жалғыздықтың қорқынышы бізді ұстайды. Адам өлтіруден, ұрылықтан, девиациядан қорғайды. Құдай емес. — Сауап жинаймын деп әуре болмайсың, сонда да жақсылық жасайсың ба ?
— Альтруизм. Мысалы мен адаммын. Мен басқа адамдардың өмір сүруіне мүдделімін. Себебі эволюция солай жұмыс істейді. Сондықтан да менің ішімде сондай альтруистік, мынау менің бауырым деген инстинкт бар. Құдай үшін жасамаймын, адамзат өмір сүру үшін жасаймын. -Сеніңше өлімнен кейін өмір жоқ па?
— Жоқ. — Рух қайда кетеді?
— Рух жоқ. Рух дегеніміз мына адамның миындағы нейрондар. Адам өлеген кезде нейрондар да өледі. Рух жоғалып кетеді.
Дін өмірді жеңілдетпейді, ойланған адамға. Үнемі ананы, мынаны ойлай бересің. Ислам дінінде «Би ля қаиф» сұрақ қойма, деген нәрсе бар. Сұрақпен тергей бергенде «Би ля қаиф», сұрақ қойма, деп айтады. Сонда ғана сен нағыз мұсылман бола аласың, дейді. Мен сол жерін жек көремін. Себебі ешқандай да нәрседе сұрақ қойма, деп айтуға болмайды адамға. — Осындай пікір қалыптастыруыңа қандай факторлар әсер етті?
— Оқыған кітаптарым, көрген киноларым, сөйлескен адамдарым. Осының бәрі. — Ал нақты қайсы?
— Жоқ, енді мен айта алмаймын дәл осы кітаптың осы сөйлемін оқи қалдым да әрі қарай Құдайға сенбей қалдым деп. Белгілі-бір мезетте ойлана бастайсың неге?, деп. Мен бұл өмірде бар болғаны бір 70 жыл өмір сүремін. Соның ішінде түкке тұрмайтын күнәлар жасаймын. Неге мен сол үшін мәңгі бақи тозақта жануым керек? Немесе, егер менің тағдырымда мұның бәрі жазылып қойған болса, осындай күнәлар жасайтыным. Онда неге мен оған жауап беруім керек? Содан тереңдеп-тереңдеп әрі қарай белгілі бір мезетте шешімі жоқ сұрақтар тым көп болып кетеді. Содан кейін бәрін тастауға тура келеді.
— «Дінтану» мамандығында оқитындар арасында сауалнама жасалды. Сонда қазақ группасында оқитындардың бәрі Құдайға сенген, дінді берік ұстанған болып шықты. Ал орыс тобында оқитындардың дені атеистер. Сондағысы анау да, мынау да қазақ. Философияға тереңдегендер сенбейді. Сондықтан Исламда философиямен айналысуға болмайды. Тыйым салынған. Өйткені философияға тереңдеген адам Құдайға күмән келтіре бастайды. — Әль-Фараби ше?
— Әль-Фарабиді бүкіл мұсылман қауымы сыртқа тепкен. «Сен шын мұсылман емессің», деп қудалаған. Ол «Құдай мен жаратылыс бір. Құдай жаратылысты жаратқан кезде өзін-өзі жаратты. Сонда белгілі бір мезетте Құдай басталды. Оған дейін Құдай болған жоқ», дегенді ұстанған. Бірақ Исламда Құдай мәңгі ғой. Оның басы жоқ, соңы жоқ. Негізі дінтанушылардың барлығы атеист болу керек. Өйткені діннің бәріне объективті түрде қарау керек. — Үміт, жақсылыққа сенім қайдан келеді саған?
— Үміт жоспарлардан келеді. Жақсылыққа сенім жақсы адамдардан келеді. — Өмірдің мәні неде?
— Мәні жоқ. Ғаламда секунд сайын болып жатқан кездейсоқтықтардың біреуінің нәтижесінде дүниеге келеміз. Басқа бір кездейсоқтықтан өлеміз. Сол екі аралықта, сол кездейсоқтықтардың сұлулығын түсіне білсе, өмір қызықты өтеді.
P.S. Атеист десе қанішер қылмыскер, безбашенный образ жизнимен өмір сүретін, айналасына үнемі қиянат келтіретін адам елестейтін. Сөйтсем пәлсапалық, ғылыми кітаптарды көп оқып қойған адам атеист болып кетеді екен ғой. Кітап оқыған қауіпті ма, деп қалдым) «Құдайдан қорықпағаннан қорық», дейді ғой данышпандар. Бірақ олар құбыжық емес сияқты))
1.Аз ұйықтаңыз. Бұл қасиет Сіздің өміріңізді өнімді етеді. Қалыпты денсаулық жағдайында адамға 6 сағаттық ұйқы жеткілікті. 21 күннің ішінде ерте тұруға тырысып көрсеңіз, ол әдетіңізге айналады. Есте сақтаңыз: ұйқының ұзақтығы емес, сапасы маңызды. Және өзіңізге елестетіп көріңіз, Сізде қажетті шаруалармен айналысуыңыз үшін артық 30 сағат пайда болады.
2.Күнде таңертеңгі 1 сағатты өз-өзіңізді жетілдіруге арнаңыз. Күніңізді жоспарлаңыз, мотивациялық кітаптар мен адамды шабыттандыратын ойларды оқыңыз.Осы тыныш уақытты қарбаласқан күн үшін өзіңізге күш-қуат жинауға қолданыңыз.Аптасына бір рет таң атқанын тамашалаңыз, табиғат аясында серуендеңіз. Күннің жақсы бастамасы – өз-өзіңізді жаңартудың ең жақсы тәсілі.
3.Ұсақ-түйек нәрселердің маңызды шаруаларға кедергі жасауына жол бермеңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Өз уақытым мен күш-қуатымды пайдалы нәрсеге жұмсап жатырмын ба?». Уақытты басқару – өмірді басқару. Сол себепті, уақытыңызға үлкен қамқорлықпен қараңыз.
4.Өміріңіздің дұрыс жақтарына бағытталу үшін «резеңке таспа» әдісін қолданыңыз. Резеңке таспаны білегіңізге тағып алыңыз. Басыңызға теріс, пессимистік бағыттағы ойлар келген сайын, резеңке таспаны созып тұрып, қайта жіберіп қалыңыз. Сонда сіздің миыңыз теріс ойлар мен қолдағы ауырсынуды байланыстырады. Пессимистік ойлар ауырумен байланысқандықтан, тек қана жақсы ойлауға әдеттенесіз.
5.Әрқашан телефон қоңырауларына ынталы, құлшынысты дауыспен жауап беріңіз және хабарласушы адамға сыйластық білдіріңіз. Сөйлесу мәнерін қалыптастыру – өте маңызды іс. Хабарласушы адамға өзіңіздің абыройыңыз бен дәрежеңізді сездіру үшін тұрып сөйлесіңіз. Ол сіздің даусыңызға сенімділік береді.
6.Күн ұзағына әрқайсысымыздың басымызға неше түрлі идеялар келетіні мәлім. Қай жерде жүрсеңізде, сол идеяларды бір жерге түртіп қойыңыз. Содан соң сол идеяларды күнбе-күн қарап, ары қарай жетілдіріңіз. Оливер Уэнделл Холмс айтқандай «Бір идеяға үлкейген адам миы, бұрыңғы көлеміне қайта оралмайды екен».
7.Жексенбілік күнді өзіңізге арнаңыз және бұл әдетті қатаң түрде сақтаңыз. Бұл уақытта келесі аптаңызды жоспарлауға, алда болатын кездесулер мен маңызды істерді ойластыруға, жаңа материалдарды игеруге, пайдалы кітаптар оқуға арнаңыз. Жақсы музыка тыңдап, жәй ғана өзіңізді еркін ұстап, тынығыңыз.Бұл әдет Сіздің келесі аптада зейінді, мотивациялы болып, өнімді жұмыс жасауыңызға әсер етеді.
8.Әрдайым есіңізде сақтаңыз: сіздің өміріңіздің сапалылығы – сіздің қарым-қатынасыңыздың сапалылығы. Өміріңіз сіздің басқалармен, ең бастысы, өз-өзіңізбен қарым-қатынасыңыздың айнасы.Не нәрсеге зейін қойсаңыз, сол нәрсеге қолыңыз жетеді. Егер ақ ниетпен жақсы істер ойласаңыз – жақсылыққа тап болсыз. Бұл табиғаттың негізгі заңы.
9.Нәтижеге емес, мақсатқа зейін қойыңыз. Әрбір істі пайдалылығы үшін емес, Сізге соны жасау ұнағандықтан істеңіз. Ақша немесе өзіңізді мойындату үшін емес! Егер жұмысыңызды жақсы көрсеңіз, олардың барлығы өз-өзінен келеді. Әлем сол жүйеде жұмыс жасайды.
10.Әр таң сайын айнаның алдында 5 минут күліңіз. Атақты Стив Мартин солай жасайды екен. Күлкі ағзамыздағы көптеген пайдалы элементтерді іске қосады. Және де күлкі ағзамыздың тепе-теңдігін сақтап, үйлесімділікте ұстайды. Күлкітерапиясы тұрақты түрде көптеген ауруларды емдеуде қолданылады және өмірлік мәселелердің керемет шипасы болып табылады. 4 жасар бала орта есеппен күніне 500 рет күледі, ал үлкендер әрең дегенде 15 рет күледі екен. «Күлу» әдетін қалыптастырыңыз, сонда өміріңіз де жанданады.