Ақ рэпер

Блог - SabinaTlegenova: Ақ рэпер
Сәлем достар! Мен сіздерге алдыңғы блогымда кедейшілік өмірлерін өнері арқылы өзгерткен танымал адамдар жайлы жазамын деген болатынмын. Менің бүгінгі кейіпкерім барлығыңыз жақсы білетін, әлемге танымал өнер адамы!

— Анасы оны он сегіз жасында 73 сағат қиналып дүниеге әкелген. Анасының босану кезінде тірі қалуының өзі таңғажайып құбылыс!
— Бойында шотланд, ағылшын, неміс, швейцар және польяк ұлттарының қаны бар;
— Бір жасқа толмай жатып әкесі отбасын тастап кеткен;
— Бес жасынан бастап анасы екеуі қаладан қалаға көшіп жүрген. Сол себептен ол оннан астам мектеп ауыстырған;
— Ең соңында олар афроамерикандықтар тұратын қала сыртындағы Детройта елді мекеніне тұрақтайды. Оның қара нәсілді құрдастарымен арасында бірін-бірі ұнатпаушылық, жек көрушілік болды.
— Сол аудандағы афроамерикандықтардың ақ сары баланы жек көргендері соншалық, он жасында оны мектеп дәретxанасында қатты соққыға жығады. Жағдайының ауыр болғандығы сондай, оны аман алып қалу үшін он екі дәрігер күш салған. Есін он күннен кейін бірақ жинаған.
— Он төрт жасында басынан қатты соққы алып, ауыр жағдаймен тағы да ауруxанаға түседі. Құлағынан тоқтамай қан кетіп, бес күн жан сақтау бөлімінде жатып аман қалған.
— Он алты жасында мектептен қуылған. Рэп оқуды армандаған, бірақ оған ешкім көңіл бөлмеген;
— Он тоғыз жасында ең жақын досы мен туыс ағасы өз-өздеріне қол жұмсаған. Бұл жағдай рэперге өте қатты соққы болды;
— Жиырма төрт жасында алғашқы альбомын шығарған, бірақ бәрі сәтсіз аяқталған. Өмір сүруге ақшасы жоқ, киімін достары әперетін бұл кез оның өміріндегі ауыр кезең болды;
— Жиырма алты жасында оны үйінен қуып жіберген. Сол жылы ол бас жүлдеге ақша тігілген рэперлер байқауына қатысып, екінші орынды иеленеді. Бірақ, өкінішке қарай ақшалы жүлде иемдене алмайды;
— Жиырма жеті жасында бәрінен қол үзіп, депрессияға ұшырап есірткі қолдана бастайды;
— Сол жылы шыққан альбомы әйгілі продюсер Dr.Dre-нің көзіне ілігеді. Альбом үлкен жетістікке жетіп, ақ рэперге әлемдік танымалдылық әкеліп қана қоймай оны ең сұранымға ие рэп-орындаушысы етеді! Сол кезден бастап оның жұлдызды сәті басталып, көптеген платинді альбомдар шығады!
— Бұл рэпердің есімі- Маршалл Брюс Мэтерс ІІІ. Бұл қай рэпер деп таңқалып отырғандарыңыз болса, оның саxналық лақап аты-Эминем!
— Рэпердің саxналық есімі аты-жөнінің инициалдарынан алынған EMINEM;

Бөлісу:

14 пікір

bake
Жазбаларындағы хит сөз -"Қуылған". Мектептен, оқудан… Университеттен…
SabinaTlegenova
*lol*енді ескеріп жүрем, раxмет)))
asaubota
сурет және соңғы клипін қосып қойдым, қарсы болмассың?
SabinaTlegenova
Жоқ қарсы емеспін, керсінше қуаныштымын! Айтуға ұят, бірақ сурет пен видеоны қалай қосатынын білмей жүрмінU_u
asaubota
ол енді тәжірибемен келетін нәрсе :)
qonyrbai
Қарағандыдансың ба?
SabinaTlegenova
Иа
qonyrbai
Қарағандыда Медициналық университеттің бас ғимаратының бірінші қабатында гардероб бар. Жоқ, гардоб жаратын жер емес. Сол гардеробтың бастығы бар: Нұрлан Жанай деген немесе Нұрлан Джанаев. Ертең қыста ашады гардеробты. Сол гардеробшының "Әлеуметтік желіде ақша табу" деген өткен жылы жазған медициналық-әлеуметтік монографиясы бар. Сонда сайттарға қалай сурет қоюды, видео салуды, басқа да қыр-сырын үйрететін тақырыпшалары бар. Поштасы: nurlanzhanai_sexygirl@mail.ru. Поштасына хат жазып, біраз нәрсені үйреніп алсаң болады. Көбіміз соның курстарына қатысып, әлеуметтік желі арқылы ақша тауып отырмыз.
SabinaTlegenova
Ой раxмет,өте қуаныштымын! Поштасына жазып, сөйлесемін онда)))
asaubota
Эминемнің қай әндері ұнайды? менің жас кезімнің қаһармандарының бірі еді. мына әндерін әлі тыңдаймын:


SabinaTlegenova
Love the way you lie,Beautiful pain,You don't know осы әндері)))