ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ. 1/8. БАРСА VS МАНСИТИ

Футбол десе, қатынын төркініне жіберетін жанкүйерлер, атша шауып жүрмісіңдер?! Қалай, мониторға сәл еңкейіп, сол қолмен жақтарыңды таянып, ыңғайланып отырсыңдар ма? «Кім не жазды екен, ә?» миықтарыңнан мырсылдап. Футбол үшін көп сөздің қажеті жоқ, көпәріп деп ешкім оқымайды. Барынша қысқа етіп жазайын. Біршама уақыттан бері ештеңе жазбай кеттім. Жалпы, Керекинфоның «белсендісі» емеспін ғой. Менің Барсаға көкбауыр тұсымның бұратындығы жасырын емес-ті. Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында Мансити футбол командасымен ойнайды. Жеребе осылай түсті. Бұл команданы зерттеуге тырысып көрдім. Мықты тұсы, әлсіз тұсы қайсы. Сұрақтарыма жауап іздедім. Біраздан бері Манситидің ойындарын әр жерін көріп жүргенмін, былай жақсы команда. Топтық кезеңде Мюнхен-Аренада Байернді ұтты. Кеше Мансити-Ливерпуль ойынын төреші «ойын басталды-ойын аяқталды» деген белгіні білдіретін ысқырық шалған кездерінен, яғни, басынан аяғына дейін көрдім. Команданы бір ойынына қарап, «пәлен екен, түген екен» деген таяз ойлылық пен футболдық мағынада дүмшелік болар. Манситидің бюджеті қомақты, футболшылары шебер. Бапкері — Пеллегрини деген азамат. Бұл азамат Испания футболымен етене таныс, талай жыл Ла Лиганың бірнеше командасында бапкер болған. Барсаны жақсы біледі. Командалары Каталония шеберлерімен сан мәрте кездескен. Манситидің ең мықты тұсы — қос қапталдағы жартылай қорғаушылар мен шабуылшылар. Испания футболымен таныс — испан Силва (Бұрынғы командасы «Валенсия»), Навас (Бұрынғы командасы «Севилла» — испан акцентімен), Негредо (бұл да «Севилладан»), ЯЯ («Барселона») және Серхио Агуэро. Коларов, Джеко, Фернандинио, Насри Футбол, тек қана футбол!: ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ. 1/8. БАРСА VS МАНСИТИсекілді футболшылар бар. Мықты әрі әлсіз тұсы — орталық қорғаушылар: Компани мен Лескотт. Қарсылас команданың шабуылшыларынан әр ойында кемі екі-үш рет «көз жазып» қалатын әдеттері бар. Қателіксіз адам болмайды. Есесіне, осы қорғаушылар қарсылас команданың айып алаңындағы стандарттар кезінде басып-жаншып, баспен гол соғып кетуге қауқарлы. «Зік» еткізеді, болды, доп қақпада! Барсаның шағын денелі шабуылшылары осы екі азаматты әбден терлететін түрі бар. Қақпашы Хартты Барса сынап көреді. Көбіне, қақпашылар жайлы көп айтылмайды. Ойын барысына қарай, дәлірек айтсақ, бабы мен бағына қарай жұмыс істейді. Ал, көрер қызық көбейсін! Әдемі футбол көру бұйырсын!
Әрі қарай

Түрме үшін 305 мың фунт стерлинг

Біздің теңгемен алсақ 70-80 миллион шамасында. Осыншама қыруар ақшаны Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Марат Бекетаев өз қалтасынан бөліп отыр.
Блог - torgai: Түрме үшін 305 мың фунт стерлинг

Осы ақпаратты оқып бастағанда, «Шенеунікке мұндай ақша қайдан келді?» деп ойладым бірден. Жымысқы ойдың келгені де рас. Сөйтсем, бұл көкеміз үкіметтің шешімімен 2008 жылдан бері ENRC-дің (Eurasian Natural Resources Corporation Plc) директорлар кеңесінің мүшесі болып белгіленген екен. Содан бергі алған жалақысы осы.
«Адал мемлекеттік қызметкер ретінде бұл табысымды өз қажетіме жарата алмаймын. Қайырымдылыққа беруім керек. Балалар үйі немесе басқа да қайырымдылық қорларына берсем болар еді. Алайда, әйелдер колониясына көңіл бөлінуі тиіс.» Бұл – Марат Бекетавтың өз қадамына қатысты айтқан пікірі.
Шынына келсек, құптарлық бастама. Абайсызда шалыс басып, тағдырдың тәлкегінен абақтыда отырған нәзік жандар қаншама? (Осы жерде мүмкіндігінше мына материалды қарап алуға кеңес берер едім.)
Біреулер «Өздеріне сол керек» дер бәлкім. Аяйтындар да табылары сөзсіз. Осы орайда, әйелдер түрмесіндегі ахуалды жақсарту реформасы қолға алыныпты. Ал аты аталған шенеуніктің аударған ақшасы елдегі тек 2 колонияға жұмсалмақ. Соның бірі Атыраудағы жалпы режимдегі әйелдер абақтысы. Бөлінген қаржының арқасында 232 әйел жазасын өтеп жатқан осы мекемеде медициналық қызметті жақсарту жоспарланған.
Европадағы түрмелердің бірінен алынған сурет Блог - torgai: Түрме үшін 305 мың фунт стерлингТіпті, жұмыс орындарын көбейтіп, мамандыққа даярлау көзделген. Екінші нысан Алматыдағы 107 адамға арналған балалар колониясы. Қысқа қайырғанда, түрмені тек жазалау орнынан, қоғамға бейімдеу нысанына айналдыруға басымдық берілмек.
P.S: Сонда да «Бұл деген артық табысыңды көрсетпеу үшін жасалған көзбояу» деген арам ой кетпей отыр. Қалай дегенмен, ақша бөлгені рас болса, өз мақсатына жұмсалса екен деймін.
Әрі қарай

Стақандастарым. Имам Қуатхан

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Имам Қуатхан

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Имам Қуатхан

— Әні, әні, айттым ғой әні, келе жатыр, келе жатыр!

Жылдап оталмағаннан әбден құтырып, тал болуға аз қалған арамшөптің ортасында отырған Қасым, кәнігі барлаушыларша сыбырлап қойып, менің иығымды төмпештей берді.

— Саған «айтқан жоқсың» деп жатыр ма біреу? Кетші-әй өзің! — дедім мен.
Әрі қарай

Стақандастарым. Полат.

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Полат.

— Ыбааа шешесс, ыздрого беречислениемен береміз дейд нақ, бітті нақ бәрі! — деді Ико, қытайы шатыраш сөмкені туалеттің жанына атып ұрып.

Иә, бұл антұрған күні Ико бізді әдеттегідей — жарты қапшық әбілқайырлардың, абайлар мен шоқандардың суреттерімен қуанта алмады. Бірақ Иконың адалдығына сенуші едік: ешқашан адам ақысын жемейтін. Арамыздағы түріне адам қарауға шыдарлық сол болғасын, бейресми бастық қып сайлап алғанымыз болмаса, құдайына қараған, сенен, менен айырмашылығы жоқ абзал пяншік болатын.

— Жашаштық дұрыс бәрін, эмнеге бербейді екен, ой енеңң! — деді қырғыз Талай ептібайымайд, Иконың намысының жарасын тырнай түсіп.
Әрі қарай

Ауруға шалдықтыратын 11 себеп

Емделгісі келетін адамнан ең алдымен аурудың пайда болу себептерімен күресуге дайын ба екенін сұра. Содан кейін ғана оған көмектесуге болады. Гиппократ

Емделмес бұрын бойыңызда пайда болған дерттің негізгі себебін анықтап алуды ұсынамыз. Төменде келтірілген факторлардың қай-қайсысы болмасын Сіздің ауруға шалдығуыңызға себепші болады:

1. ПСИХОЛОГИЯ.
Блог - ademi_alem: Ауруға шалдықтыратын 11 себепЕгер тәніңіз ауырса, ойыңыз бен кейбір іс-әрекеттеріңізді өзгертуге тиістісіз. «Адамның өз-өзіне көңілі толмаса, ешкімді жақсы көрмесе немесе оны ешкім жақсы көрмесе денсаулығына әсер ете ме?» деген сұраққа "Әрине, әсер етеді!" деп жауап береміз. Ішінде кек, реніш, қорқыныш, қызғаныш, ашу-ыза сияқты жағымсыз сезімдері бар адамның дені сау болу мүмкіндігі азаяды. Деніңіз сау болсын десеңіз психологияңызды өзгертіп, алдыңызға дұрыс мақсат қойыңыз.

2. АС — АДАМНЫҢ АРҚАУЫ.
Блог - ademi_alem: Ауруға шалдықтыратын 11 себеп
Бұл туралы көп айтылып, көп жазылса да, іс жүзінде ешкім мән бермейді. Шынымен де, дұрыс әрі жақсы тамақтануды қолға алу қиын. Себебі, дүкен сөрелерінде тәбетіңді ашатын тағам түрлері көп. қарнымыз ашқанда оның ағзамызға қаншалықты пайдалы не зиянды екенін ескермейміз. Сондықтан ең алдымен ешқашан жеуге болмайтын азық-түлік тізімін жасаңыз.

Бұлызмайтын азық-түлікті жеуге болмайды! Мысалы, жүзім. Жүзім 3-5 күннен артық сақталмайды, бұзылып кетеді. Қазіргі біз жеп жүрген жемістердің көбі дүкен сөресінде апталап, айлап сақтала береді.
Әрі қарай

Кім кімді таңдайды?

Жалпы, жігіттер мен қыздардың көбісі таңдалғанды емес, таңдағанды жақсы көретіні баршамызға да белгілі. Бірақ бір-бірін бірдей таңдау жағдайлары өте сирек кездеседі. Қарым-қатынаста кімнің кімді таңдағанын кімнің кімге керегірек екенінен түсінуге болатын шығар. Ал кімнің кімге керегірек екенін байқау қиын емес. Сонымен, көп жағдайда кім кімді таңдайды деп ойлайсыз?
Бір сұрақ: Кім кімді таңдайды?
Әрі қарай

Маған ұнаған ұзын әнек не қысқа әңгіме

Көктіреудің жерлеуі

«Ойбай, Көктіреу Әреңтұрғанов қайтыс болды!» — деп күрсінген елде есеп жоқ. Мәйітті жерлеуге алып жүрген көліктің артынан қара құрым қара мәшинеге сан жетпейді! Осынша қара көлік көктен түсті ме деп есің шығады. Сөйтсек, жерлеу кезінде көштен қалғысы келмегендер қызыл, сары, жасыл көңкелерін қараға сырлап, бояп үлгірмегені қара балшыққа көлігін бір аунатып алып қатарға қосылған екен. Қаралы митингте өксігін баса алмай, ардақты ағасына асыл сөзін арнаған ағайын сай сүйегімізді сырқыратты. Әсіресе, Көктіреу көкесінің арқасында адам болған Киізқазық Жергекіргеновтың, Майлыжер Жалағановтың, Көңілшек Көпбергенованың жүрек жарды жан айғайына егілмеген жан қалмады. Қаралы митингте қабырғасы қайысып, қайғыға батқандардың ішінде Кеңірдек Тоймағанов, Жалғанды Жалмағанов, Әділдік Көрмегенов, Әліпби Танымасов сынды еліміздің бетке ұстар белсенділері де болды. «Айналайын Көктіреу ағам-ай, енді көкті кім тірейді? Енді мені кім сүйрейді?!» — деп аңыраған Тіреусіз Жүреалмасовтың зарынан кейін, көрнекті ақын Арнаубек Одабайдың сөзіне жазылған Күйсыйлап Әнжазардың «Көшеде жатқан Көктіреу жоқ» атты патриоттық әнін елімізде ең көп сүйілген әнші Хошиіс Еміренгенова орындап бола бергенде, табытта жатқан Көктіреу көкеміз ризашылық өксігіне шыдамай шашалып, орнынан тұрып, өзі үшін өкіре жылаған көпке алғысын білдірді! Ақыры, ағасын қара жерге қимаған Майлыжер Жалағановты көкесінің орнына жерлеп, Көктіреу Әреңтұрғановты қолтықтап, қаралы қауым артқа қайтты. Бейіт басынан қайтқан ақ мәшинеде есеп жоқ! Жалт-жұлт етеді!

© Асқар Наймантаев
Әрі қарай