Қарсы алыңыздар - Aragin

КерекИнфоға қалай келдің?
Бұрын-соңды бұл сайтты естімегенмін. Бір күні жақын құрбыма жазған дүниелерімді, мақалаларымды өз атыммен жариялауға ұяламын дегенімде, сен керекинфоға лақап атыңмен тіркеліп жариялап тұрсайшы деп кеңес берді. Біраз уақыт сайттағы мақалаларды сырттай оқып жүрдім. Сосын тіркелдім.




Қазіргі бұлбұл заманда қылауы түспеген белсебет ойлап табу қиын да, көмескі аксиомаларды жаңашыл реалияға сәйкестендіру – актуальдылау. Күнделікті тіршілікте ірілі-ұсақты жағдайға толы мозаикада кейде әсіре әсершілміз, кейде алапаттарға міз бақпайтын гиперсалқынқанды шығармыз. Өмірдегі алуан ситуация көңіл-күйімізге әсерін тигізбей қоймайды. Кейбірі жаншиды, кейбірі қанат бітіреді. Сіздермен бірге мүмкіндігінше ауқымдырақ аудиторияға пайдасы тиеді-ау деген бақытты болудың алғышарты болуға тұрарлық тезистерді тізіп көруге талпынып көрейікші? Әрбіріміз ары кетсе жетеуден аспайтын «кілтпен» бөлісе отырсақ, әжептеуір бір мануал түзуге болатын сияқты. Мен ұсынатын кілттер:
Менің ішім пыса бастады. Келіншек еріні жыбырлап тоқтар емес, бір кезде дұғасын ұмытып қалды ма еріндері жыбырламай қалды. Есіне түскен болуы керек, тағы бірер минөт бірдеңелерін оқып, ақыры бетін сипады-ау.Бала кезімнен ауызашар уақытта дұға жасаған кісілерді көріп жүрмін, дәл мынандай ұзақ ниеттенген жанды бірінші көруім. Алла қабыл қылсын!