Ұры журналистерге нан жоқ!

Ұры журналистерге нан жоқ! Осылай ұрандатқан баннерлер мен ескертпе жазуларды "Ұры журналистерге нан тауып беруге міндетті емеспіз!" дейтін сайттар іліп қойса қайтеді? Мен бір сайтқа солай іліп, мақалаларды көшірілімейтіндей қылып қойдым.

Немесе бір аптаны таңдап, соны ұры журналистерге қарсылық аптасы ретінде түрлі виртуалды шаралармен өткізсек деген ұсыныс бар. Әрине, оның іске асуы барлығымызға байланысты. Ары таза, сауатты журналистер журналист деген атқа кір келтіргендерге қарсы «соғысты» қолдайды деген үміт бар.
Әрі қарай

Айтарға сөз жоқ, бүгін 2013 жылға Еуропа біріншілігінің іріктеу ойынында біздің ұлттық құрама қыздары неміс қыздарынан ойсыра ұтылды


Ойын «Брита-Арена» (Висбаден) стадионында өтті. Бірінші минутардан бастап неміс қыздары бірден бас аслды, Оксана Железняк қорғаған қақпаға бірінші таймда неміс қыздары он доп соқты. Үзілістен кейін екінші таймда неміс қыздары өз бетерінен қайтпай жауапсыз тағы жеті доп салды сонымен есеп 17:0. Өкініші көрген адам түсім шығар деп ойлар, бірақ бұл ашшы ышындық.
Әрі қарай

Қансонар

Аппақ далада қарайған екі ноқат көрінеді. Бірі үлкен, екіншісі кішкентай. Үлкені қаракер ат мініп, қарсақ ішік киіп, қарына сойыл ілген жас жігіт.Кішісі сол жігіттің қара тазысы. Ақ қарды алғаш басқан тазының күшік мінезі әлі басыла қоймаған тәрізді. Біресе жапалақтай жауған қарды қауып, біресе тұмсығын қарға тығып-тығып жіберіп, басын шайқап отыра қалады.
Әрі қарай

Абайдың қара сөздері - II сөз

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе — шаршап, жаяу жүрсе — демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген… не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.

Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.

Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық — бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», — деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі — бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?
Әрі қарай

Граунд-хоппинг - саяхаттың бір түрі

Биыл Қарағандыға футболға барғанымда 2 неміс жігітімен таныстық. Өздері келіп танысты. Ертеңіне Астанада кездесетін болып келістік. Граундд-хопперлер екен.



Граунд-хоппер деген кімдер?
Граунд-хоппинг (ground-hopping) — ағылшын тілінен тіке аударғанда «алаңнан алаңға секіру» деген сөз, яғни стадионнан стадионға. Бұл жігіттер әр түрлі елдерге барып, футбол қарайды. Сол елдің фанаттар мәдениетімен танысады және сол елдерді де аралар, тұрмыс-тіршіліктерімен танысады.
Әрі қарай