Gmail-да жаңа интерфейс



Жақында барлық Gmail қолданушылары жаңа интерфейске көшіріледі. Қазір де өз беттеріңізбен жаңасына көшулеріңізге болады.

Жаңа интерфейс өте қарапайым. Хаттар тізбегі бұрынғыдан да жақсы көрінеді, хат алмасушының аватары да шығып тұрады. Іздеу функциясы күшейтілген, хат іздеу енді оңайырақ. Темалар мен қатар интерфейсті де таңдауға болады, мысалы кең, тар, қарапайым. Чатты да қалаған жеріңе жылжытуға болады.

Маған қатты ұнады. Google-дың басты қасиеттері: қарапайымдылық, ыңғайлылық. Осынысымен поштаның жаңа интерфейсі ұнады.
Бөлісу:

18 пікір

omarbirat
Жұмыстағы компьютерде көшіп алдым :) Үйдегі компьютерде әлі ескі келбет тұр.
Nurgisa
TERISKEY айналайын келбетіңнен,
Сен бізге ақ бесіксің, тербетілген,

деп ата-бабамыз жырлап өткендей…
Nurgisa
Кешке үйдегіден кіріп ауыстыру керек. Қатты қызығып кеттім.
asaubota
айтпақшы Гугл Базздан баз кешуде. жақында жауып тастаймыз деп жар салып жатыр.
Nurgisa
Біршама боп қалды.
«Google Buzz is going away, but your posts are yours to keep.» («Google Buzz қызметімен таяуда қош айтысамыз, бірақ посттарыңыз жоғалмайды, сақтап қойсаңыздар болады») деп жар салып тұр.
omarbirat
Базз жақсы еді. Енді Гуглдағы таныстардан да көз жазып һалатен болдіһ. Жұмыста Гугл+ дұрыс істемейді, үйде болмаса. Бірақ кешкісін қайдағы Интернет… :)
Gulistan
Менде Твиттерге доступ жоқ, ал ГБазз жақсы ғой.
2005-жылы ескі Керектен Сапарғали Қамбар деген азамат шақыру жіберіп, солай Гмейлге келіп ем, содан бері үзбей қолданамын.
Aikona
Екі күн болды өзгертулер деп жатсыздар, дым да байқай алмай отырмын :)
Nurgisa
GMail'дің төменгі оң қапталында «Switch to the new look» деген жазба шығуы керек…
Aikona
а көрдім, рахмет ))
Marat
Басында үйренбегендіктен көз жатырқап еді, енді енді артықшылықтарын сезініп келемін. Дизайн қазіргі үрдіс бойынша планшеттерге көбірек ыңғайлы етіліп жасалған. Саусақпен шұқылағанда кәдімгідей ыңғайлы. Өз басым поштаны көбіне стационарлы компьютерден қарайтындықтан «Компактный» дегенін қойып алдым.

Ең басты жаңалығы иконкалар түсінікті, көрнекі бола түскендігінде. Жәшіктің шапкасының жоғары төмен жылжығанда қозғалмайтындығы бір қуантып тастады. Дәл сол шапкадағы саймандарады жиі пайдаланатын едім.
serjan
Мынау керемет қой, Майыл рудан ғана почта ашатын мекемелер көрсе ғой осындайды.
konvict
Жақсы екен. Осы жерде гугл+қа байланысты бір сұрақ қоя кетсем айып етпессіңдер. Менде ше сурет көрінбейді гугл+ те, неліктен?
meirzhan
Маған да жаңа келбет ұнады.