"Аспан балалары" - адамға арналған ода

1997 жылы Оскардың «Ең үздік шетел фильмі» номинациясын ирандық режиссердің «Аспан балалары» атты туындысы жеңіп алады. Фильм бірнеше отандық телеарналарымыздан көрсетілді.
Фильмнің басы: Үшінші сыныптағы Әли қарындасы Зухраның туфлиін жөндеуден алып, үйге қайтар жолында аяқ астынан жоғалтып алады. Енді не істеу керек? Қарындасы мектепке бара алмайды ғой. Анасының ауруынан әкесінің ғана тапқан-таянғанына зорға күн көріп отырған отбасы жаңа аяқ киім ала алмайды. Әли Зухрамен келісімге отырады, екеуі оның кедиін кезек-кезек киетін болады: Зухраның сабағы — таңертең, Әлидікі одан соң басталады. Алайда мұндай жағдайда мектепке уақытында жету үшін желаяқтай жүгіруің қажет…
Фильмнің басты ойы балалардың періштедей тазалығы, кедей адамдардың адалдығы, қиын сәттерде де Адам болып қала білуі.
Табиғи ойналған, таза да тұңғиық осы туындыны балаларыңызға, немерелеріңізге көрсетсеңіздер, нәтижесін, балаға тигізген әсерін келесі күннен-ақ байқауға болатынына уәде бере аламын.
Кішкене суреттер ұсынайын:
Мынау нағыз Адам — Әли:

Әли қарындасы Зухрамен:

Тағы да Әли мен Зухра:

Фильмнің постері:

Зухра Әлидің кедиін киіп, мектепте жан-жағындағылардан ұялып, аяғын тығып тұрады:
Әрі қарай

ТУ -ТАЛАҚАЙ





Бір аптадай уақыт бұрын kerekinfo.kz блогтұғырында «Жыртылған ту» деген тақырыппен пост жарияланды. Әдетте шулап кететін журналистер қауымы да, ұлтшыл патриоттар да үнсіз. Тек астына 5-6 пікір жазумен ғана шектелген. Айта-айта журналистер, жаза-жаза блогшылар шаршаған сияқты.

Жауапты орындардың да заң шығарумен ғана шектеліп, заңның орындалуына аса бастары ауырмайтынын осы жолы тағы байқадық. Ең өкініштісі, билік қазақ тіліндегі блогтұғырнамаларда жазылып жатқандарға назар аудармайтынын көрсетті. Әйтпесе, ту баяғыда-ақ ауыстырылар еді. Тағы бір "әттеген-ай!" дегізер жайт КеренИнфодағы материалды әдетте қырағы келетін журналистер іліп әкете алмады. Ал, біз күттік. Бақандай бір апта күттік. Өзгеріс болмады. Бәлкім, енді қателік түзетілер…
«Бұл сурет қайдапн шықты?» демес үшін мәселенің мән-жайына да тоқталып өтелік. Бұл фото ОҚО Түркістан қаласында түсірілген. Онда жаңадан мешіт салынып жатыр. Түсірілген суретке сенсек, бас-көз болып отырған Астана қаласындағы Түркия елшілігінің дін қызметтері кеңесі екен. Салсын. Құптарлық-ақ іс. Алайда, бір емес екі мемлекеттің туының жыртылып тұрғаны қынжылтатын-ақ іс. Құр жыртылып қана қоймаған, суретте жұлым-жұлым болып тек жартысы ғана қалғаны анық көрініп тұр. Бұлай жыртылу 1-2 аптаның емес, 3-4 айдың «тірлігі». Яғни сонша уақыт бойы салынып жатқан мешіттің үстінде жұлым-жұлымы шыққан қос ту «желбіреп» тұрды деген сөз.
«Бөрілі менің байрағым»,-деп жырлаған ата-бабаларымыздың ұсақталған ұрпағы бөрімен бірге намысын да жоғалтқан секілді…
Ілмектер: ту
Әрі қарай

Мені көрген блогкэмп. ИМХО

Бұл жазбаны ешқандай конкурсқа ұсынбаймын. Блогкэмптегі әсерім ғой. Алда-жалда жүлдеге лайықты деп жатсаңдар, үшінші орынды бере салыңдар
Кіріс*
Басында Шымкентке бармаймын деп ойлаған едім. Ауылға барып наурыз өткізу, көмектесу тәрізді жұмыстар блогкэмпке баратын жолымды жапқандай көрінген. Наурыз мерекесі күні таңертең қым-қуыт басталды да, ештеңе ойлауға мұрша болмады. Бір қарасам ұялы телефоныма хабарлама келіп түсіпті. «Наурыз құтты болсын!» Кобус Блок. Әлі ешкімге хабарласпағаным, оның үстіне алғаш болып шетелдік мені құттықтағанына ұялып кеттім. Бірден телефонға жармасып, «А» әріпінен басталатын контактілерге қоңырау шала бастадым. Аты «А»-дан басталатын блогшылар көп екен менде. Олардың дауыстарынан-ақ блогкэмптің аурасы, құрылтайдың қызықты өтетіні бірден сезілді. Соған дейін «барайын ба, бармаймын ба?» деген сұрақ ойландырып келсе, блогшылармен сөйлескеннен кейін нақты шешімге келдім. Барамын! Аман-есен наурызды өткізгесін, 23 күні таңертең «Шымкент қайдасың» деп тартып кеттім.
Әрі қарай

Блогкемптің пайдасы

Заман-ай десеші). Пенде біткен пайда жоқ жерге аттап баспайтын болды. Санаулы күннен соң, Blogcamp өтпекші. Уа, қандай пайдасы бар дейді, білмейтіндер. Отыра қалып, түсіндіре бастайсың. Танысасыз, табысасыз, тәжірибе жинайсыз. Ой түйесіз. Ойланасыз. Таныстырасыз. Жобаңызды басқалармен салыстырасыз. Жоқ дегенде, Сатыбалдыны түсініп оқи бастайсыз, дейсің арасында. Сөз тәмам. Ақша табам ба, ақша дейді кейбірі. Бара қалса, аспаннан ақша жуатындай. Ақша іздеген бармай-ақ қойса болады. Басқа пайдасы… Блогкемптің пайдасы әркімге әртүрлі. Мен үшін, мен үшін… Тәжірибе, блогшылармен танысу өз алдына. Өзіме қымбатты Блогкемптен таптым. Сол бір алтын адам айтады.

-Блогкемп болмаса біздің таныспауымыз да мүмкін еді, деп. Үнсіз қостаймын.
-Блог болмаса біздің таныспауымыз мүмкін еді. Тағы да қостау.
Әрі қарай

04:24 Сен келме. Мен күтемін



00:13. Түңгі сағат. Түңгі Алматының аспанында жұлдыз
болсайшы. Көк түтін ғана. Сұрланып тұр. Қою қара түнді
сағындым.

00:45. Түннің тыныштығына рахаттана алмай ұйықтап
жатқандарға Жаным ашиды.

01:26. Қалғып кеттім бе? Жоқ. Менің ойым екен қалғып
жүрген …қалқып жүрген

02:11. Жүрегім жұлынып қалардай соғып кетті. Артық
жүрегім жоқ. Ол өзі біреу.

02:36. Жете алмай келемін. Бірақ қайда? Кімге?

03:10.Тағы да түн. Мына таңның ататын түрі жоқ қой. Сенсіз
қанша таң атты?

04:24.Сен келме. Мен күтемін… Ұйқым
Әрі қарай

Тағы бір Астана жаңалықтары

Тұтынушы кейпінде жезөкшелер және жеңгетайларын ұстауға кеткен тағы бір полиция қызметкері нәпсісіне жеңіліп қайтты.

***

Тағы бір қырсық көшеге гамажсыз шықты. Шыдауда.
Әрі қарай

Нағыз қазақтың тәбеті жайлы естігеніңіз бар ма???

Бірде Горбачев түскі асын өз кабинетіне алдырып ішіп отырса көмекшісі кіріп келіпті, алдындағы асының көптігіне ме әлде басқа себеп болды ма әйтеуір таңырқап қарап қалыпты. Осыны байқаған Горбачев мақтанып тұрып «Негізі ұлы адамдардың тәбеті де ұлы болуы тиіс» деген екен. Сонда әлгі көмекшісі «олай болса сіз қазақтардың тәбетін білмейді екенсіз олар бір отырғанда бір қойдың етін жеп қояды» деген екен. Мына сөзге таң қалған Горбачев дереу Қонаевқа қоңырау соғып көмекшісінің сөзінің растығына көз жеткізбекші болады. Дінмұхаммед ағамыз сәл жыртылыңқырап жіберіп «Бір қой ешнәрсе емес біздің қазақ бір сиырды да жеп қояды» дейді. Мынаны естіген бірінші хатшы «сол бір сиырдың етін жейтін адамыңды үш күннен соң Москваға алып кел егер шынымен жесе мен ол адамға бір волга мінгіземін» дейді. Телефонды қойғаннан соң Димекең неге бөсіп жібердім деп басы қатып сол кездегі 19 облыстың әкімдеріне звондайдығой. "Қайдан тапсаңдар да маған бір сиырдың етін жейтін адам табыңдар" деп. содан екінші күні бір орта жастан асқан егде кісіні алып келеді. Содан әлгі кісіні Москваға алып барса Кремльдің ішіне бір сиырдың етінен түрі тағам жасатып күтіп алыпты. Горбачев Қонаевқа ал бастап жей берсін депті Қонаев жаңағы кісіге келіп «Ал аға асықпай жей беріңіз» деген екен. Столдың бір шетінен бастап түскен әлгі кісі бәрін дерлік жеп соңынан бір табақ ет қалады сонда Димекең қобалжып жанына келіп «Аға не болды мынау симай қалды ма? Егер осыны жеп қойсаңыз Волгаға қосып мен өз атымнан Урал мотоцикл беремін» десе әлгі кісі тісін шұқып отырып «Мұны жеуін жеймін ғой тек жаңағы айтқан сиырыңызды әкеліп қалады ма деп орын сақтап отыр едім» деген екен!!!
Әрі қарай