Бала махаббат...

Екеуі колледжден бүгін де бірге қайтты.Әдеттегідей алдымен қалалық саябақтың адам аз жүретін жолдарымен қол ұстасып келеді. әлденені айтысып күлісті. содан кейін тұра қалып көзбен өбісіп, еріндері еріндеріне тие бергенде сарғайған күзгі жапырақтың бірі үзіліп түсіп екеуінің еріндерінің ортасында қалды…
Оянып кетті.Бұның бәрі бала жігіттің түсі еді. Иә, бұл оған ғашық.Ол қызды ұнатпайтын жігіт кемде-кем.Бірақ, ешбірі дәл бұл тәрізді сүйе алмас.Дәл түсіндегідей қол ұстасып жүргісі келеді,қосыла күлгісі келеді, бірақ, жеме-жемге келгенде қызға батып сөз айта алмай қалады.Қыздың қай аялдамадан түсетінін де біледі. Алдынан гүл алып шығып тосып алмақ та болған.Гүлді алды да, тосып та алды.Бірақ көзімен ғана тосып алды.Көзімен шығарып салған соң гүлді қоқыс жәшігіне лақтырып жіберді. Өзінің дәрменсіздігіне ызаланып қоқыс жәшігін аяғы ауырғанша тепті. Тағы бірде қолына екі балмұздақ алып алдынан шықты.Қыздың үнемі қандай балмұздақ жейтінін де біліп алған еді.Бұл жолы да ішкі сезімін жеткізе алмады.
Ендігі күйі мынау.Күнде бір түсті көретін болыпты.Қыздың нөміріне смс жазып сезімін білдіруге жігіттік намысы жібермейді.Жоқ, қалайда бүгін өз сезімін білдіру керек.Білдіре алмаса ше? Көзі кеше өзіне даярлап қойған, кереуеттің астында жатқан қысқа арқанға түсті…
Әрі қарай

Көрер қызық көбеюде...

Кеше дейм да, әдеттегідей «Жұлдыздар фабрикасын» көріп бітіріп, өзге каналдарда не болып жатыр екен деп, ақтрып отырсам, "Қазақстанда" кастинг сияқты бірдеме болып жатыр. Ух тыы дедім. (негізі өзімнің осындай ән жарыстар, конкурс, фестиваль десе бір иығым бұрып тұратын.) Қызық көрінді. Төрге Нұрлан Албан, Меруерт Түсіпбаева, сосын бір түрікті (Бурак Кут екенін кейін білдім) отырғызып қойып, әнші болам дегендерден сынақ алдырып жатыр екен. Бір уақытта конкурсанттар сыртқа беттегенде олардан қзақша-түрікше сұхбат алып жатыр екен, бұл не деп қоям. Соңына дейін көрдім сосын. Алайда толық не екенін онша түсіне алмадым. Содан қазір жұмысқа келе салып, бұл нендей жоба болды екен деп іздеп көріп ем, біраз мәлімет алдым.
Әрі қарай

Гастарбайтердің алғашқы жұмыс орындары

30 минут уақытым бар, ойлануға уақыт жоқ, сондықтан қарғап-сілемеңдер бір бірлеп жазам.

Ең алғашқы бір күндік табысым:
400 теңге. 16 жастамын шамамен. Ақшадан тарығып, бір жездемнің мебель өңдеу зауытына барып, парталарды жинауға помошник боп тұрдым. Бір шуруп екі теңге. 3 сағат ішінде 200 шуруп бұраған болып тұрмын ғой сонда. Неге жұмсағаным есімде жоқ. Досыма телефон соғып мақтанғаным есімде.
Әрі қарай

Көрме - көрмек үшін!

Сәлем бердік, жамағат! Осыдан бірер күн бұрын «Түркі халықтарының дәстүрлі музыкалық мәдениеті: келелі мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми — теориялық конференциясы, яғни «KORKUT AND MUSIC OF THE GREAT STEPPE» түркі халықтарының бас қосуы болған болатын. Жиын қатысушылары: түркі халықтарынан келген делегаттар, музыкатанушы ғалымдар мен дәстүрлі орындаушылар және жазушы, драматург, «Мәдениет» журналының бас редакторы — Дулат Исабеков пен Қызылорда облысының әкімі — Болатбек Қуандықов, мәдениет ісінің бастығы — Берік Жүсіпов мырза. Мерекелік шара 21-24 аралығында, яғни 3 күнге созылды. Екінші күні өткен іс-шараға қатысқан болатынмын.  Жалпы, конференцияда келген қонақтардың ой-пікірі мен ғылыми жобалары қысқаша тыңдалды. Соңында «Сайын дала. Саза дала. Ұлы дала." деген атпен Сыр елі қолөнер шеберлері мен суретшілерінің көрмесі өтті. Көрмеден фоторепортаж ұсынайын
Әрі қарай

Бейсенбі Керекинфода "Археология" күні



Әр бейсенбі сайын бұрын жазылып кеткен тақырыптарды шолып шығып, пікір жазып Тікелей эфирге шығарайық. Қазір 5000-ға жақын мақала жазылды. Жаңа қолданушылар олардың көбісін көрмей қалулары мүмкін. Сондықтан осындай шара ұсынамын.

P.S әрине бұл әрекетті басқа күндер де істеуге болады. Тек бейсенбі күндері көп адам қатысса екен деймін.
Әрі қарай

Сен қазақсың

Блог - rakisheva: Сен қазақсың
Сен – қазақсың!
Қазақ деген ел бөлек,
Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.
Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр,
Шаңырағы күн сияқты дөңгелек.
Сен – қазақсың!
Бір Алланың құлысың!
Адамға адам құл болғаны — құрысын.
Жойқын соғыс, зұлматтарда жойылмай,
Қалған ұлтсың. Қаһармансың! Ұлысың!
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарыңның тұяғының дүбірі!
Сен – қазақсың!
Алғызбайтын барыссың!
Ар – ожданның асқағысың, намыссың!
Тағдырыңды танығысы келгендер
Тасқа басын тарихыңмен танисың!
Сен – қазақсың!
Байырғы жұрт – түздегі ең,
Табиғаттан тән тамырын үзбеген.
Қолын жайып, Көктен өмір сұраған,
Жер бетінен жерұйықты іздеген.
Сен – қазақсың!
Қазынасы – нәсіп, құт.
Қазақ болу – ғаламатқа ғашықтық.
Жерің, суың, тауың сұлу соншалық,
Көрген көзден кететіндей жас ытқып!
Сен – қазақсың!
Отаншылсың, тектісің!
Досыңа адал, дұшпаныңа кектісің.
Бұл далаға мұрагерлік, иелік — Ұрпақтарға ұлы аманат деп түсін.
Сен – қазақсың!
Айлалысың, ептісің!
Айбарлысың, ақылдысың, беттісің!
Көп болуға,
Бір болуға тиіссің,
Көрмеу үшін жаттың езгі, тепкісін!
Сен – қазақсың!
Рухы еркін, өзі еркін!
Мұзбалақсың, сорғалаған сөзі еркін!
Қайталанбас күйшісің сен құя алған
Домбыраның өзегіне өз өртін!
Сен – қазақсың!
Келе жатқан бағы асып,
Адамзаттық ізгілікке жол ашып,
Дастарқанның – елшілігің ежелден,
Мейірбансың, меймандоссың қолы ашық.
Сен — қазақсың!
Ғарышкерсің, жаны – аспан.
Өрелісің, өз орнына таласқан.
Төрге лайық марқасқасың, мықтысың,
Төрткүл дүние саясатта санасқан.
Сен – қазақсың!
Қазақ едің туғанда!
Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да,
Ата жұрттан, Ана тілден айрылма,
Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда!

Күләш Ахметова
Әрі қарай