Көрме - көрмек үшін!
Сәлем бердік, жамағат! Осыдан бірер күн бұрын «Түркі халықтарының дәстүрлі музыкалық мәдениеті: келелі мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми — теориялық конференциясы, яғни «KORKUT AND MUSIC OF THE GREAT STEPPE» түркі халықтарының бас қосуы болған болатын. Жиын қатысушылары: түркі халықтарынан келген делегаттар, музыкатанушы ғалымдар мен дәстүрлі орындаушылар және жазушы, драматург, «Мәдениет» журналының бас редакторы — Дулат Исабеков пен Қызылорда облысының әкімі — Болатбек Қуандықов, мәдениет ісінің бастығы — Берік Жүсіпов мырза. Мерекелік шара 21-24 аралығында, яғни 3 күнге созылды. Екінші күні өткен іс-шараға қатысқан болатынмын. Жалпы, конференцияда келген қонақтардың ой-пікірі мен ғылыми жобалары қысқаша тыңдалды. Соңында «Сайын дала. Саза дала. Ұлы дала." деген атпен Сыр елі қолөнер шеберлері мен суретшілерінің көрмесі өтті. Көрмеден фоторепортаж ұсынайын
Қолөнер туындылары өте әдемі және шебер жасалыныпты
Осы сөмкелерге қатты қызығып кеттім
Енді, суретшілеріміздің суреттерін тамашалайық
Көрменің басты картинасы — Қорқыт бабаның бейнесі.
Тақырыпқа келетін болсақ, жиынның қонағы Дулат ағамыздың айтқан бірер сөздеріне тоқталайын: "Қорқақ елдің батыры көп", «Жеңеміз, ту тіге алмай кетеміз», «Егер түнгі 12-де қазақ радиосынан „Қазақтың саны /орыс, ұйғыр, өзбек т.б. қоспағанда/ 30 миллион болды!!!“ дегенді естісем, армансыз өліп кетер ем!..»
Пы.Сы.Келесі күні тағы біраз іс-шаралар өтіпті. Суретшілер мен қолөнершілердің аты-жөнін жазуға уақыт тапшы болды. Кешірім сұраймын, қателіктер болған жағдайда. Рухани ләззат алып, көз қуанарлық дүниелерді көруге шақырамын. Назар қойғандарыңызға рахмет!

анау шашпен шапка мен көрмеген нәрсе, қызық, жуылған соң, бұндай дүниелер солып қалмайд па кен? киізден жасалған нәрсе ғо ага?
Tolkyn urgan wagalaly tenizge karap demalp otrgan bala unady. Negizi, kiiz onimderinen ozge dunielerdn barlygy unady. Rahmet!!!