Көрер қызық көбеюде...

Кеше дейм да, әдеттегідей «Жұлдыздар фабрикасын» көріп бітіріп, өзге каналдарда не болып жатыр екен деп, ақтрып отырсам, "Қазақстанда" кастинг сияқты бірдеме болып жатыр. Ух тыы дедім. (негізі өзімнің осындай ән жарыстар, конкурс, фестиваль десе бір иығым бұрып тұратын.) Қызық көрінді. Төрге Нұрлан Албан, Меруерт Түсіпбаева, сосын бір түрікті (Бурак Кут екенін кейін білдім) отырғызып қойып, әнші болам дегендерден сынақ алдырып жатыр екен. Бір уақытта конкурсанттар сыртқа беттегенде олардан қзақша-түрікше сұхбат алып жатыр екен, бұл не деп қоям. Соңына дейін көрдім сосын. Алайда толық не екенін онша түсіне алмадым. Содан қазір жұмысқа келе салып, бұл нендей жоба болды екен деп іздеп көріп ем, біраз мәлімет алдым.

Сөйтсем, түріктердің «TRT AVAZ» каналы бауырлас — Түркия,Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркменстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикаларынан «Евразия жұлдызын» іздеп, жаһанға жар салыпты Қазақстандағы кастинг 17-18 қазанда "Қазақстан" қонақ үйінде өтіпті. Солардың арасынан «кіші финал» 30 қазан күні тікелей эфирде (22-50де) көрсетілетін болыпты. Бұл жобаның жүгін бізде ұлттық арна көтерген көрінеді. Жоба күнделіктерін әр күн сайын кешкісін көрсетіледі екен…
ПыСы: Мұны аталмыш арнаға жарнама деп қабылдамағайсыздар, тек маған қызық көрінді, сосын өзгелерге де айтқым келді
bk
Бөлісу:

22 пікір

asaubota
түркітілдестер арасында осындай мәдени байланыстар болып тұрғаны дұрыс. менде бұрыннан бір идея бар, тек кімге айтарымды білмей жүрмін. бір танымал түрік спорт журналистіне хат жазғам, одан жауап болмады.
қысқы демалыс кезінде түркітілдес елдердің командаларымен бір турнир өткізуге болар еді. мысалы әр елдің чемпиондары қатысса. Қазақ, түрік, қырғыз, түркімен, әзірбайжан, татар, өзбек және қабылдаушы жақ тағы бір команда қосса қызық турнир болар еді.
Nurgisa
TURKSOY хатшылығына жолдау керек Аршат бұл жақсы ойыңды. Қазір президиумындағылар интеграцияға сеп болар прожекттерге оң көзқараста сияқты. Сенікі — сондайлардан.
asaubota
Бекжанға айтайын ба әлде?
Nurgisa
Алдымен идеяңды патенттеп алсаң — пажалыстаң.
omarbirat
түркітілдестер арасында осындай мәдени байланыстар болып тұрғаны дұрыс.
Дұрыс, дұрыс. Саяси-экономикалық тұрғыдан бола алмаспыз, бірақ мәдени одақ болуы өте қажет. Спорт жағынан да араласып тұрғанға не жетсін.
Nurgisa
Түркітілдестердің футболдан бәсі бола қалса Шмидтгааль, Остапенко, Хижниченко, Гридин, Карпович сияқтыларымызға алаңға шыққан қарсы командалар «Бұ неғылған түркітілдес» деп абдырамаса бопты.
Dinara
мен оқып жатқан Гази университеті былтыр осы типтес шара ұйымдастырған университеттер арасында. мына жерден қарап көрсең болады, аты айқайлап тұр енді: www.turkdunyasi.gazi.edu.tr/
TURKSOY-ға жазсаң болады шынында, жақсы қолдау көрсетеді бұл сияқты жобаларға.
satvaldo
есімде-есімде. аабейлер (бірақ) Истанбулда футбол ұйымдастырған. негізі түркілер қатысады деп жоспарлаған, ал шынында бүкіл келгінбай елдер онйнап кеткен еді. бизим қозоқлор бірінчі болған
asaubota
идеяны ешкім жыныс, ой кешірерсіз ұрлап кетпей тұрғанда Түрксой мен ТРТ Авазға жібердім.

ал андай студенттер арасындағы турнирлер бұрын да көп болатын, ол қызық емес.
Dinara
ТРТ Аваздан да оң жауап келіп қалады деп ойлаймын, қызығушылықтары жоғары түрік тілдес елдерге деген ;)
Aikona
Менде че та байқадым, бірақ қарамадым
Bekjan
Turk Konseyi'ің Бас Хатшысына жаза аламын..:))) Бұл ойыңды солай жүзеге асырады..:)) Әрине сенің атыңнан жеткіземін… Бәз біреулер меңзегендей плагиатпен айналысатын әдетім жоқ..:))
meirzhan
Кеше болды конкурс. Алматылық әнші Қазақстанның атынан Түркияда өнер көрсететін болды ғой деймін. Залдың шулап, қолдағанына қарағанда.
ErNur
Түнде бұл байқаудың ақтық сайысын берді "Қазақстан" арнасынан. Ақтық мәреге қатысқан алты жігіттің ішінде бірінші болып Қырғыстандық жігіт Гүлжігіт бастап айтты өлеңін. Өздерінің «гүн гуркуреп, джанбур төктө» деп айтылатын әнін тамаша орындады. Вокалдық қабілеті жоғары, тартымды, әдемі қоңыр дауысы бар әнші екен, риза боласың айтқанына! екінші біздің Қазақстандық бауырымыз Ардақ деген жігіт шықты. Ардақ былай жақсы әнші екен, тек әттегенайы менің ойымша ән таңдауда қателескен сияқты деп ойладым.
Б. Тілеухановтың "қазақ елім" бе еді сол әнді айтты. Жігіттердің барлығы жанды дауыста, оркестрдің сүйемелдеуімен орындады әндерін. Солтүстік Кипр Түркия Республикасының жігіті тек музыкамен, елдерінің басшысының қазасына байланысты үнсіз тұрып өткізді. Опщым қырғыздық жігіт жұлдыз атанды, ұйымдастырушыларды 30 000 долларына ие болды. Жалпы жақсы жоба екен. Барлығы әділетті болған сияқты.
sammita
«гүн гуркуреп, джанбур төктө» деп айтылатын әнін
«Жамғыр» деген Ильяз Абдразақовтың әні. Бұны қазақшалап Қайрат Нұртас орындап жүр қазір.
meirzhan
«Жамгыр токту» әнінің авторы Туголбай Казаков.
sammita
музыкасын жазған Ильяз. соны іздеп келдің бе.
meirzhan
Гүлжігіттің «Еуразия жұлдызында орындаған әні» «Жамгыр токту»

Бұл әнді Ильяз бен Қайрат Нұртас мектепте оқып жүргенде Гауһар Қаспақова орындаған

Ал Ильяздың төл әні «Жамгыр»
sammita
Сұлтан Садыралиев мықты орындайды бұрыннан. Гаухар, одан кейін Қайрат айтты (рұқсатсыз шығарған дейді сөзін өзгертіп). Әнді толық білем айтып берейін бе
meirzhan
жоқ, керегі жоқ.
Авторы Ильяз емес