Ұмытылмас КиноПати-К


Кеше, яғни 26 мамыр күні, Kinostan.kz сайтының админі Ернар-Патиктің туылған күні болды. Осыдан біраз күн бұрын туған күнін ерекше стильде, яғни кино стилінде өткіземін деп, киносүйер қауымды шақырған болатын. Кешке келгісі келетін адамға талап: киноға байланысты бір элементпен келу болатын.

Әрі қарай

Мен Гуглмін!



Мен Гуглмін немесе Гуглменмін!

Негізгі жұмысымнан бөлек жұмыста бір оқиғаға байланысты материал, фото тауып берумен айналысамын. ХХІ ғасырда өмір сүреміз, технология бәрі дамыды дейміз, бәрінде интернет бар дейміз. Бірақ, соның бәрі босқа сияқты. Бәрін тастап гуглдетуге мәжбүрмін. Өйткені бұл жұмысты тек Гуглмен істейді, Google тек солар үшін ғана құрылған сияқты.

Жұмыстан бөлек те көп адамдар мазалайды, көбісін наққа емес Гуглге жіберемін. Түсінбеймін адамдар өздері іздеуге ерінеді ме әлде мен бәрін біледі деп ойлайды ма екен?

Қиын емес қой іздеу деген. Кілтсөздерді дұрыс жазсаң болды ғой. Суретті де материалды да оңай табуға болады. Әлде бұл іс әркімнің қолынан келмей ме? Орысша айтқанда «чутье» да керек пе?

Қой жарайды кеттім, Моңғолия президентінің, грек премьерінің, Сингапур президентінің фотоларын іздеп келейін.
Әрі қарай

Блиц-сұхбат: Tyulpan

Жылды қортындылау және жаңа қолданушыларды таныстыру мақсатында жаңа эстафета басталды. Бір қызығы бұл эстафетаны тек бір жерден емес әр жерден бастап кетуді ұсынамын. Яғни басқа қолданушылар өздері бастап кетсе болады, алдымен бір қолданушыдан сұхбат алып, соны сайтқа шығарады. Одан кейін кезекті сұхбат берген қолданушы алып, өзі қалаған басқа қолданушыға сол сұрақтарды қояды. Тек сұрақтар өзгермесін. Мен Tyulpan -нан бастадым.

Tyulpan

Қала: Атырау (уақытша)
Сала: Атырау болса, әрине, мұнай

— КерекИнфоға қалай келдің?
— керекинфоға таксимен келдім деп айтат дит шақырушылар болды алдында. қазақ тілді жылы ортаны сағынғаннан, өзім іздеп келдім…
Әрі қарай

Діни секталар мен ұйымдарды қатал жазалау (Sayan3-тің мақамымен)

"Қассақша білмейтіндерді автобус аялдамаларында ұрып кету, қолдарын сындыру" ©СаянҮштің Программалық Баяндамасынан үзінді.

Оқып отырсам, либреалды екеніміз соншалық, әуелде мұрнының астынан күңкілдеп жүрген сектанттар енді біздің төбемізге
Әрі қарай

Финн әскерлерінің тесті

Жұма күнгі бояннндар: Финн әскерлерінің тесті
Бұл психологиялық бір тест, финн армиясындағы еркектер де қыздар да өтуге тиіс тесттердің бірі. Тест мақсаты — әскерлердің басында проблема бар ма жоқ па соны анықтау, медиктер және командирлер тест нәтижелеріне жүгіне отырып әр әскермен қалай
Әрі қарай

Махаббатсыз - дүние бос.


Соңғы кездері өмірімнің астан-кестеңі шықты. Сезімге тым қатты беріліп кетіппін. Ойда сан түрлі сұрақтар, армандар т.б. кетер емес! Адамның жүрегі нәзік екен, кезінде бір өлеңді оқыған едім, өлең былай басталатын еді:

Атыңды жаздым ақ қарға,
Үйіңнен шыға көрсін деп!
— тура сол жағдай менің басымнан өтіп жатыр, жынды адамға ұқсат бір парақты ұстап алып, сол жанның атын шимақтап отырамын.
Әрі қарай

Тостаған төс

Шіліңгір шілденің шыжыған күнінің аяғын ала бере, екеуі ауыл шетіндегі өзеннің жағасына келіп отырды. Дәлірегін айтқанда шашын бір жақ иығынан алдына асыра салған Маржан отыр да, Ерлан екі қолын желкесіне қойып шалқасынан жатыр. Екеуі де биыл мектеп бітіріп, қалаған оқуларына түсті. Бұларды қинап тұрған бір ғана жайт екеуінің екі қалаға оқуға түсулері ғана. Қыздың арқа тұсынан көз салып отырған жігіт, оның самал желмен жай ғана желбіреген шашының исін жұтып-жұтып алғысы келгендей кеудесін кере демалды. Қыздың ақ көйлегінің астынан төстартқышы анық көрініп тұр. Бұл екеуі төстеріне төстерін тигізіп билегендері болмаса, бірер мәрте сүйіскендері болмаса, көп қыдырмаған да еді.
-Маржан, енді екеуміз екі қалада оқимыз. Демалыс кезінде ауылда кездесіп отырамыз десек те, екеуміздің арамыздағы сезімнің өршу-өршімеуі белгісіз. Сенің ана жақта біреуді ұнатып қалуың, менің де басқа қызға сезімім оянуы мүмкін. Сен қалай ойлайсың?
-Ерла(қыз оны неге екенін кім білсін, бірінші рет осылай атады), бір-бірін күту деген жетпісінші-сексенінші жылғы кітаптардың кейіпкерлерінде ғана бар болар бұл өмірде. Ештеңеге кепілдік бере алмаймыз.
Жігіт басын көтеріп, жайғаса отырып, қызды қапсыра құшақтады.
-Олай болса маған төсіңді көрсетші…
Әрі қарай