Чемпиондар Лигасы НӘТИЖЕЛЕР ТОПТАМАСЫ

Чемпиондар лигасының беташар турының екінші күні «Трабзонспор» «Интерді» ұтты. Ал «МЮ» сырт алаңда «Бенфикамен» тең түсті. «Бавария» сырт алаңда қиналмай «Вильярреалды» жеңді. Осы және тағы басқа матчтардың нәтижелері –
Әрі қарай

Жылт еткен ойлар...

Иә-ә-ә, пенде болған соң бір ой келіп бір ой кетеді…
Кейде жаныма жайлы «пана» таппағанда бас ауған жаққа ҚАШЫП КЕТКІМ келеді…
Құзырлы мекемелер түкке тұрғысыз өздерінің «заңдылықтарын, тәртіптерін» алдыңа кесе-көлденең тарта бергенде бәрінің астан-кестенін шығарып ШАШЫП КЕТКІМ келеді…
Танауын көкке көтеріп, тым масайрап кеткен жанды көрсем «тәубеңе түссеңші» деп кешегі жарасының ауызын ҚАСЫП КЕТКІМ келеді…
Кейде осындай өзімшілдікке негізделген пенделік ойлар жылт береді…
Әрі қарай

.қаз домені: "Ескіліктен жаңалық"

Қай күні ".каз" домен кімге керек деп жатыр едіңіздер. Енді, міне, ".қаз" доменін тіркеуге ICANN рұқсат беріпті. Ол турасында ҚИА вице-президенті Ш.Сабиров Twitter-де жазды.

Бүгінгі күннің ескіліктен болған жаңалығы осы. Қоғам латын қарпіне көшеміз не көшпейміз деп даурығып жатқанда ".қаз" домені кімге керек болды екен деген сұрақ туады. Өзім ол доменді пайдалбаймын, ең мағынасыз ашылған домен. Осындайда «Ресейліктер білгенін істейді, қазақстандықтар көргенін істейді» деген тіркес ауызға түседі.
Әрі қарай

О-О..!

Тағы бір оқиға есіме түсіп отыр. Студент атанған кезіміз. Мартбек ағайымыз (жаны жәннатта болсын) бір қызықты оқиғаны айтып берген болатын. Біз оқитын 8 корпус — кілең қыздардың оқу оқитын жері десек болады, ұлдар — дефицит. Көрші 7 корпуста керісінше әскери мамандықта білім алатындар, спортсмендер оқиды. Енді екі корпустың ұл-қыздарының арасында танысу, көңіл жарастырулар болатыны — мен айтпасам да түсінікті жағдай.Опшым, ұзын сөздің қысқасы, жігіт көрші корпуста оқитын қызға ғашық болмай ма?! Күндер өтіп, екеуі кездеспекші болады. Кездеседі. Жігіт қызды концертке апарады. Ғимараттың кіреберіс дәлізінде Құрманғазының портреті ілінген екен. Оны көрген жігіт: «О-о, Абай Жабаев!»-депті...
Әрі қарай

Конституция күні!!!


Мұртты Премеріміз Карим Масимов демалыс күндерін бекітті. Конституция күніне орай тамыздың 27-і күні жұмыс күні болып, 28-30 күндері аралығы мерекелік демалыс күндері деп жариялады.
Демалыстарыңыз сәтті өтсін Халайық!!!

Қосымша: Мұғалім ханым және мырзаларды жаңа оқу жылымен, оны қойш, жаңартылған айлықпен шығармашылықтарыңызды шыңдап, аяңдап жұмыс істеулеріңізді тілеп қаламыз!!!

Айтамыз үйіңізге жарапазан,
Оразаң қабыл болсын ҰСТАҒАН ЖАН!!!
Әрі қарай