Кәрі қыздар клубына хош келдіңіз

Блог - Daniar-Alan: Кәрі қыздар клубына хош келдіңіз

Осы 2-3 күн бұрын өтірік-расын кім білсін Қазақстанда “кәрі қыздардың” саны 700 мыңға жетті деген ақпарат шықты. Түрлі әлеуметтік желілерде қолданушылар жүздеген рет бөлісіп, мыңдаған пікірлер жазды. Абай Отарларың ол мифтің негізсіз екенін айтып пост жазды ма, құдай ау… Рас болсын, өтірік болсын қазір қоғамда, дәл менің айналамда кәрі қыздардың өте көп екені жасырын емес. Автобуста да, түрлі шараларда да, кафелер, түнгі клубтар құдай ау, қайда барсаң да кәрі қыздар. Бұлар неге осынша көбейіп кеткен?! Пост осы туралы :)

Бірден айтайын, әйел жанының білгірі емеспін. Кәдуәлгі қажеттіліктері бар, әлем бойынша миллиондаған еркектер секілді қарапайым ғана адаммын. Еш артықшылығым да, еш (заметьте) кемшілігім де жоқ :) Сонымен?!
Блог - Daniar-Alan: Кәрі қыздар клубына хош келдіңіз
Идеал
Көз алдыңызға елестетіңіз, қаракөлеңке зал, төрдегі орын. Орындықта түрі де әдемі, мүсіні де келіскен бір сылқым отырады. Қолында вино, саусағында жүзігі жоқ. Ең қызығы жанында жігіті емес, құрбысы. Бұл алдыңғы постымда айтылған алты пункттің біріне сай келетін қыздардың бірі. Ия, бұл кәрі қыз. Кішкентай кезінде биге қатысқан, түрлі шараларда мектептің гүлі, университеттің үш жыл қатарынан миссі, Лондондағы бакалавр, Стамбұлдағы магистратура, тағы да толып жатқан білім жетілдіру курстарының сертификаттары мен алғыс хаттардың иегері. Аяғына енді ғана тұрған кезден бастап өмір оған басқаларға үлгі, идеал болуды үйретті. Ең қызығы, ол басқалардан да осы идеалды іздеді. Ақ боз атты ханзадасын күтті. Ал ол құмға сіңгендей жоқ. Айдар? Бойы қысқа. Арман? Сабақты жаман оқиды ғой :( Дастан ше? Ол басқа қыздарға көп қарайды! Ананың қарны салбыраңқы, мынаның машинасы жоқ. Әлгі біреу балбес, мынаусы тым ботан.
Блог - Daniar-Alan: Кәрі қыздар клубына хош келдіңіз
Жәй ғана секс
Туған күні. Ас та төк дастархан, бәрі көңілді. Ағыл-тегіл шампан. Гүлдер. О құдай, мен мас бола бастадым… Клуб, сұрықсыз да емес, емес те емес өмірін бір сәтке ұмытты ау ақыры. Бүгін оның туған күні, бүгін бәріне еркелей алады, бүгін оған бәрі болады. Жұмыста бірге істейтін Ізгілік те бүгін қатты дайындалып келіпті. Қара пиджак, сұл көйлек… оох, парфюмінің иісі… Таңғы төрт. "Қайда барамыз?", «Тарттық пәтерге». Жанында құрбылары жоқ. Ізгілік екеуі ғана. Қайда кеткен мына адамдардың бәрі? Жәрәйді, сексте тұрған ештеңе жоқ. Мен оған бәрібір тиейін деп жатқаным жоқ қой. Ал ханзада… ханзада күте тұрар…
Блог - Daniar-Alan: Кәрі қыздар клубына хош келдіңіз
Баланы өзіңнің ертеңгі күніңді ойлап туу эгойстік
Ізгілік те кетті. Айдар, Болат… Екі-үшеуінің аты да есінде жоқ. Ханзада әлі жоқ :( Ханзада жалпы керек па өзі? Ал жарайды тапты дейік идеалын. Тұрмысқа шықты. Бал айын өткізді. Бала тапты. Өмір дәл қазіргідей қызық бола ма ол кезде?! Әлбетте жоқ. Көріп жүр ғой тұрмыстағы құрбыларын. Әбіржіп кеткен, +15 келі салмақ қосқан… бррр… Пәтер бар, көлік бар. Артық проблеманың не қажеті бар? Бала? Тудым, өсірдім дейік, сосын? Егер өзім қартайғанда бағу үшін ғана тусам, ол әділетті ме? Ертең ақырзаман болады дейік, бәрі өледі де қалады. Яғни, оның өлуі үшін туу логикаға сай келе ме? Жоқ, кеттім барға. Глинтвейн керек ағзама :) Көңілімді көтермесем…

Басында айтқанымдай әйел жанының білгірі емеспін. Бұл ойлардың бәрі көрген, білген, естіген ақпараттардың қорытындысы ғана.

Сонымен,

Кәрі қыздар клубына хош келдіңіз

:)
Әрі қарай

Оң мен солыңды таны - мінезіңді анықта

Блог - asaubota: Оң мен солыңды таны - мінезіңді анықта

1. Саусақтарыңызды бір-біріне кіргізіңіз
Ең үстінде қай қолыңыздың бас бармағы тұр? Егер сол болса 1, оң болса 2 санын жазып қойыңыз.

2. Бір нысананы көздеңіз
Қай көзіңіз ашық қалды? Егер сол болса 1, оң болса 2 санын жазып қойыңыз.

3. Қолдарыңызды айқастырыңыз
Қой қол үстінде? Егер сол болса 1, оң болса 2 санын жазып қойыңыз

4. Шапалақтаңыз
Қай алақаныңыз үстінде? Егер сол болса 1, оң болса 2 санын жазып қойыңыз

Нәтижелер:

«2222» — 100 пайыздық оңқай, тұрақты мінез иесі, консервант, дау-дамайға қатысуға құлықсыз.

«2221» — батылсыздық, жасқаншақтық қасиеттер басым.

«2212» — адамдармен тез тіл табысып кетесіз, кез келген адаммен.

«2111» — тұрақсыз, бәрін өзі істейді, басқалардан көмек күтпейді.

«2211» — өте аз кездесетін адам түрі. адамдармен тіл табысу, байланыс құруы оңай, бірақ мінезі өте жұмсақ.

«2122» — сараптау, саралау қасиеттері басым. барлық нәрсеге сақтықпен қарайды, айналасына салқындау адам.

«2121» — қорғансыздық, басқалардың ықпалына еріп кетуге бейім.

«1112» — тез әсерленгіш, қызба адам, батыл, табанды, энергиясы мықты.

«1222» — эмоцияға берілгіш, табандылық жетпейді және өмірдегі мәселелерді шешуге батылдық керек, ықпалға еруге бейім.

«1221» — жұмсақ мінез, сенгіштік, эмоцияға берілу тән, табандылық жетпейді.

«1122» — жылы шырайлы, қарапайым, адамға сенгіш. ойларын қазбалай беруге, сараптай беруге бейім. қызығушылықтары көп, бірақ бәріне уақыты жетпейді.

«1121» — адамдарға сенгіш, жұмсақ мінез иесі. шығармалылық адамдарына тән мінез бар.

«1111» — 100 пайыздық солақай. шығармашылық басты қырларының бірі. көптеген нәрселерге бейстандарт қарайды. эмоциясы басым, индивдуалист, эгоист. қырсық-қыңыз мінезді, бірақ бұл оған кедергі емес.

«1212» — мақсатына жеткіш, табанды, батыл, мінезі, рухы мықты адам.

«1211» — достары аз, тұйық, жабық мінезді болып көрінгенімен алға қойған мақсатына жеткіш.

«2112» — еркін, жеңіл мінезді. достарды оңай табады, таыстары да көп. көп нәрсеге қызығады және қызығушылықтары өзгеріп тұрады.
Әрі қарай

Гүл алып

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Гүл алып
Гүл алып,
Келемін гүл алып.
Жай ғана. Білмеймін себебін.
Қарсы алсаң болды сен қуанып,
Мен сені шын жақсы көремін.

Сүйікті гүліңді кешірек
Сұрадым.
Қызықтым талғамға.
Көрсеттің нәзікті осы деп,
Гүл алып беруге барғанда.

Келуші ем сондықтан гүл ап та,
Кездесу сәттері туғанда.
Атауын білмеймін.
Бірақ та
Танимын гүл алып тұрғанда.

Сол гүлсіз, не байлық екенін,
Аптамыз өтпейтін біздің бір.
Біреуін, бесеуін, жетеуін,
Ал бірде сыйлағам жүз бір гүл.

Жаным-ау, неткен ең сұлу сен,
Тәнті боп берген әр гүл есте.
Махаббат не екенін ұғушы ем,
Ал гүл — ол жай ғана ілеспе.

Мың гүлден қос жүрек құралып,
Мен жүрдім бақыттан дәмелі.
Гүл алып, гүл алып, гүл алып,
Ол да сен секілді әдемі.

Қисынды бітердей бұл қызық,
Жоспарлап қойғанмын бір анық:
сыйлауды өзіңе бір жүзік.
Әрине, қасына гүл алып.

Болсаң да өзіндей хор қыздың,
Еш нәрсе бұйырмас, сірә, нық:
Өзіңнен хабарды шорт үздім,
Басқа жан жүрсін деп гүл алып.

Ажырау.
Жазылған бар міндет
бір сәтте өшкендей маңдайдан.
Тұп-тура сыйлардай тағдыр кеп
Қоштасу гүлін ап сарғайған.

Көз алмай көкпеңбек еріннен,
Даусымды бәсеңдеу шығарып,
«Мен сені сүймеймін» дедім мен,
Бердім де соңғы рет гүл алып.

Сен түгіл өзім де сезбегем,
Жараны жанымды қинайтын.
Боласың сен менен өзгемен
бақытты.
Ғажап гүл сыйлайтын…

***

… Жарты жыл дегбірді тауысқан,
Гүлдердей мен кеттім суалып…
Жазылмас дертіммен алысқан
Мекенге келдің сен гүл алып.

Білмеймін, естідің кімдерден,
Тағдыр ғой. Осыны қиыпты.
Көзімді алмадым гүлдерден,
Енді олар маған да сүйікті.

Қалпында гүліміз солмаған
Түседі бір жұлдыз шын ағып.
Келесің жиі енді сен маған
Бұл жолы екі тал гүл алып.
Әрі қарай

Домбыра Party: Өш, домбыра қайда?

Домбыра Party-дің бесігі болған Астанада үш апта қатарынан ән шырқалмай қалды. Содан өткен бейсенбіде Нұржол бульварына жиналдық. Барсақ, ән айтуға келген, домбыра тыңдауға келген қалың көпшілік бар да, домбыра жоқ. «Ұяттың көкесі осы болды-ау» дей бергенім сол еді, арамыздан бір супержігіт табылып, домбыра әкелуге жүгіріп кетті.
Әрі қарай

Ал, сендер Қазақстанда ғана демократия жоқ дейсіңдер...

Опшым, Қазақстанда сөз бостандығы жоқ, қалған жерде бар дейтіндерге тағы айтайын, сөз бостандығы басқа жерде де жоқ, негізі… «Демократия должна быть управляемой» деген күчт сөз бар, соны есте ұстаңдар…
Ал, постыма мұрындық (бұйда, тізгін, себеп, түрткі, муза — қалағанын таңдап алыңдар.) болған мына мақала болды.
Сілтемемен барып, оқып келуге ерінгендерге қысқаша аннотация:
Жақында, Израильдің көсемі болған Ариель Шарон 85 жасында Аид амигоға қарай сапар шеккенін естіген шығарсыңдар. Уоооот, осы жаңалыққа Израильдің бірқатар блогшылары өздерінің қуаныштарын жасыра алмай, интернетте бөлісіп, шейір тарқатжверсе керек. Израиль үкіметі блогшылардың бұл қадамын сорақылыққа бағалап, құзырлы органдарға әлгі блогшыларды жазалауды тапсырыпты. Уоооот…
Жуырда "Үздік блогшыға — 1 миллион теңге" деген бе, бір сайыс жарияланып, соған дайындалыватқандарға кеңесім, 1 миллион ұтам деп, есерленбей, «Блогшы, блогшы дегенге кө*іне микропост жазыпты» деген мәтелді естен шығармай, лайктау, шейір тарқату, пікір жазуда сақ болыңдар, очм… Израильде андай болғанда бізде қалай боларын кім білген…
Өзім де қорқывотырм, нақ…
Әрі қарай

Бұл қай керекші? #2 (Эстафета)

Эстафеталар: Бұл қай керекші? #2 (Эстафета)

1. Керекинфо дегенде ойыңа ең алдымен не келеді, немесе кім келеді?

Атына сай «еркін блог». Керекинфо десе — әрбір құбылыс пен оқиғаның біз ойламаған тұстары келеді. Оның үстіне айтылғандардың көбі шындыққа жанаспаса да жанға жақын. Нағыз троллингтің ордасы дер ем.
Әрі қарай

2000-жылдар ностальгиясы

Блог - asaubota: 2000-жылдар ностальгиясы

Қазір 2013-те кетіп бара жатырмыз. Бұрын 80-90-дардың ностальгиясын айтып отырушы едік. Қазір 2000-ның балалары да ер жетті. 2000-шы жылдар деп ностальгия қууға да болатын сияқты. Есімізге түсіре отырайық, 2000-жылдар дегенде ойымызға не келеді?

Мен 2000-ның символы ретінде Нокианың жіңішке қуаттолтырғышын айтар едім. Әр үйде бар еді ғой жарықтық. Адамдарды шынымен жақындастыратын, байланыстыратын (Connecting people) құрал еді.

Блог - asaubota: 2000-жылдар ностальгиясы
Әрі қарай

Алғашқы кіруім бұл сайтқа

Менің аты-жөнім Қыдырбай Қарабаев. Интернет желісінде тіркелгеніме 4 жылдай болды. Алғашқы тіркелген әлеуметтік сайтым — майл.ру. Одан кейін вконтакте, нұр.кз, фейсбук, твиттер… Бұл мақтанғаным емес (мақтанарлық нәрсе деп те ойламаймын). Айтайын дегенім, адам интернетке бір байланса, ауру болады екен. Бір күн кірмесең біраз жағдайдан құр қалғандай боласың))) Жаңа сайттар іздейсің. Әр түрлі адамдармен танысып,әр түрлі көзқарастағы пікірлер мен жаңалықтарды оқисың. Діни тақырап па,әлеуметтік па, ұлттық па, қандай тақырыпта сөйлескің келсе, білгің келсе интернетте бәрі дайын тұр. "Үйрен де жирен" деген, интернетте онлайн сабақтар да бар. Қазіргі уақытта интернетсіз ештеңе істелінбейтін болды. Бұдан 10 жыл бұрын бұлай болады деп кім ойлаған?)) Бүл сайттан да өзіме керекті, жақсы жаңалықтар таба алам деп сенемін атына заты сай деп «керек-инфо», яғни керек информация (хабарлар) болотын шығар))
Әрі қарай