Кәрі қыз: Тұрмысқа шыққаннан кейін (Еркектерге ақыл)

Блог - Daniar-Alan: Кәрі қыз: Тұрмысқа шыққаннан кейін (Еркектерге ақыл)

kozildirik -тің Кәрі қыз: ол кім? деген постын оқыған соң осы тақырыпты жалғастырсам ба деген ой келді. Былайша өтімді тақырып сияқты *lol*
Мүмкін кейбіреулеріңізге жаңа жылдық көңіл-күй сыйлар, мүмкін кейбіреулеріңіз бұл посттан өздеріңізді көрерсіздер :) Қалай болғанда да менің кез-келген постым секілді ешқандай жоспарсыз, ойсыз, қызық не қызық емес болары алдын-ала белгісіз посттардың бірі бұл :)

Блог - Daniar-Alan: Кәрі қыз: Тұрмысқа шыққаннан кейін (Еркектерге ақыл)
1. Карьера қуғандар.
«Дьявол носит прада» фильмін көрмегеніңізге сенбеймін. Фото да бекер таңдалмады. Миранда Преслидің бейнесі осы тармаққа дәл келетін секілді меніңше.
Карьера, жұмыс, пәтер, PHD, машина, мақсат, інісін оқыту… и бір күні бабахх!
МЕН КҮЙЕУГЕ ШЫҒУЫМ КЕРЕК
Бұл сөз кез-келген жерде айтылуы мүмкін, бокалдан шардонені сіміріп (ия сіміріп, бұл жасқа жеткенде олар сіміретін болады) отырып ресторанда, қымбат қонақүйде сол кездегі якобы жігітімен жатып, балабақшаның жанынан өтіп кетіп бара жатып…
Мақсат бар. Оны енді орындау керек. Оо, енді жігіт таңдау азабы басталады.
"Әлгі бір семинардың кофе-брейкінде өзіне кофе алып келіп танысқан ғалым жігіт мүмкін? Бір жерде визиткасы сақталған болуы мүмкін… Жоқ, былай қылайық: оны «как вариант» ретінде қалдырайық. Басқа, басқа?!
О! жұмыстағы компьютердің интернеті істемей қалған кезде келіп қосып беріп кеткен… іі… а Сәбит аты шатаспасам, мүмкін сол?"
Шамамен осылай әркімді қарастырып жүріп бір жігітті табады (ол өзінен кіші де болуы мүмкін екенін айта кетейін :)
Сонымен әдеттегідей құдалық, той, «алғашқы» неке түні… Сосын ортадан жоғалып кету.
Бұл кейбіреулерінде ғана басқашалай болуы мүмкін, бірақ отырыңқырап барып тұрмысқа шыққан (біздің жағдайда бай алған) әйелдердің көбі өз ортасынан, интернеттен "қысқа мерзімді демалысқа" кетеді.
Ал келген соң ақыл айтуды бастайды кеп:
"- Қыздар, ертерек тұрмысқа шығыңдар", «Дүние қолдың кірі, бас екеу болмай мал екеу болмайды».
Ал дәл сол кезде ескіріңкіреп қалған (жоқ өзі емес, моделі) смартфонындағы «keepsafe»-ке тығылған бойдақ кезіндегі фотоларды көзі жасаурап көріп отырады.
Блог - Daniar-Alan: Кәрі қыз: Тұрмысқа шыққаннан кейін (Еркектерге ақыл)
2. Үйкүшіктер
Олар да адам ғой *lol* Басы жетсе өзі, басы жетпесе шешесі, құрбысы, әйтеуір тезірек тұрмысқа шығуға үгіттеп жүретін біреуі болады жанында. Жоқ, бұлар өздерімен-өздері көшеге шыға салмайды. Шешесі келіп "Әй, әлгі Мағрифа бар ғой, менің курстасым, соның баласы бар екен. Астанада пәтер алайын деп жатқан көрінеді. Өзі де жақсы жұмыста. Ажырасқан екен, әй бірақ қазір кім ажыраспай жатыр?! Сонымен таныстырайын, жүр". Бұл сөз әлбетте бұйрық райында айтылады :)
Құрбысы келеді ертеңіне «Салтууш, бір жігітпен таныстым кеше, былиин красавчик. Кешке кездесуге шақырып жатыр, жанына досын ертіп келеді екен. Жүрші барайықшы. Отыра бересің бе омалып?».
Қойшы әйтеуір бұл қыз да табады бір байды үйтіп-бүйтіп.
кездесуге ұялды, кездессе қолынан ұстауға ұялды, қолынан ұстаса сүйісуге ұялды. Сүйісуден де ары қарай жанға жағымды процестер болатын ойлауға тіптен ұялды
болып жүрген бұл қыздар, о чудо! Құрттың терісін сыпырып тастап көбелекке айналды. Жас кезінде «андай» фильмдерді көп көрген, армандаған, қиялдаған… Тұрмысқа шыққан соң 3 айдан кейін ақ осы фантазияларын жүзеге асыра бастайды.
Мүмкін акт үстінде, мүмкін күйеуіне шәй беріп отырып осы уақытқа дейін үйінде отыра бергенін, өзі тұратын қаласындағы ешқандай мейрамханалардың аттарын білмейтінін, түнгі клубқа өмірінде екі ақ рет барғанын ойлап, өкініп отырады. Бірақ, ол тұрмыста :( Ал, күйеу, тұрмыс, жанұялық құндылықтар олар үшін киелі ұғым. Олардың кейінгі өмірі бала, балабақша, мектеп, достарының әйелдері (сәйкесінше жақын құрбылары), той. Ия, іш пыстырарлық. Бірақ тәуекелге барып қажеті не? :)
Блог - Daniar-Alan: Кәрі қыз: Тұрмысқа шыққаннан кейін (Еркектерге ақыл)
3. Іскер әйел
Өміріңіз қызықсыз ба? Осы уақытқа дейін мамаңыздың көйлегінің астынан шықпағансыз ба? Онда сізге іскер әйелдерге үйлену керек. Өміріңіз күрт өзгеріп сала береді. Олар әдемі, аптаның үш күнін фитнес орталықтарында өткізеді (сәйкесінше мүсінді), кез-келген туысқаныңызбен бұрыннан сол үйде тұрғандай әңгімелесіп кете алады, қаржы табу сіздің проблемаңыз болмайды. Негізгі жұмысынан бөлек қосымша кішкентай 2-3 бизнесі болады. Бірақ… ну енді бұл өмірді сіз өзіңіз таңдап алдыңыз :)
Арыстанның прайдында ұрғашылар екінші орында сырт көзге. Бірақ сырт көзге ғана. Ұрғашылары аң аулайды, күшіктерін бағады, толып жатқан басқа да қызметтері бар. Ал еркек арыстанның екі ақ міндеті бар. Бірі жерін, ұрғашыларын, күшіктерін қорғау, екіншісі ұрықтандыру. Рас өтірігін білмеймін, бірақ ұрықтандыру кезінде еркегі ұрғашысына «күші» жетпесе, еркегі арыстан емес. Тышқан аулап кетеді :)
Іскер әйелдерде де солай. Сіздің негізгі 2-3 міндетіңіз болады. Қалғанының бәрін өзі жасайды.
Мұны неге еркектерге ақыл (уиии *lol* ) ретінде айтып отырмын?! Өйткені, іскер әйелдер сізге күйеуге шықпай тұрып болашақтағы минимум 15 жылды сізбен елестетіп, жо жоо жоспар құрып тастайды. Ал сізге бағыну ғана қалады. Таңдау? Сіз бұл кісіге үйленбей кетіп жоспарының күл-паршасын шығаруыңызға болады :) Бір рет қақпанға түстіңіз ба, бітті. Ол тағдырыңыз *lol* *lol* *lol*
Блог - Daniar-Alan: Кәрі қыз: Тұрмысқа шыққаннан кейін (Еркектерге ақыл)
4. Қиялилар
Оо, менің ең жақсы көретін типажым :) Бұлар әдетте үйінің кенжесі, жеті ұлдан кейін дүниеге келген қыз, он жыл күткен балалар болып келеді. Кейде кішкентай кезінде шығармашылық үйірмелерге барып, не туғаннан ақын қыздар. Олар ешқашан ештеңені жоспарламаған, тіпті ертең не болатынын да білмейді. Бірақ қиялында Парижде жүреді. Олар шынын айтқанда өздерін кәрі қыз есебінде көрмейді де. Тұрмыс құрмай жүріп отызға толды ма? Мәселе емес.
Әдетте өздерінің болашақ жарларын кафедегі музыкант, көше музыканты, ішіп кеткен суретші, алқаш философ, очм қоғамнан тым алыстап кеткендер арасынан іздейді.Ең қызығы табады да.
Ал тұрмыс құрған соң проблемалар басталады. Терезеден әдемі жауып жатырған қарға қарап тұрып, қуырып жатқан жұмыртқасын күйдіріп алу, қиялданып жүріп жолға шығып кету, бүгінгі жұмысын шабыт келмегені себепті ертеңге жылжыта салу…
Бірақ, оо бұл қыздармен ішіңіз пыспайды. Өзіңіз де шығармашылыққа жақынсыз ба? Тіпті жақсы. Сіздің үйіңізден үнемі апельсиннің иісі шығып тұрады (қиял қыз жаңа жылды жақсы көреді ғой), теледидардағы әншіден көз алмай қарап отырған әйеліңізді (уже) қызғанасыз (оның да өз кайфы бар), түнгі сағат үште үйден шығып кетіп аққала соғасыздар.
Ия, аздап қалталы болу керек.


Дәл осы жерде Найманның дәлелдері нақты болмағандықтан оның постындағы бесінші, алтыншы тармақтарды айналып өтсем ба деймін.



Блог - Daniar-Alan: Кәрі қыз: Тұрмысқа шыққаннан кейін (Еркектерге ақыл)
7. Пофигистер
Бойдақ кезінде пофигистер тобына кіретін бұл қыздар күйеуге шыққан соң керісінше мысық болып қалады. Пофигизм… білесіздер ме маска ғой жәй. Әлемнен өзін-өзі қорғау мақсатында пайдаланатын қарапайым ғана маска.
Ал тұрмыс құрған соң ол масканы шешеді де әйел болады. Қарапайым ғана әйел. Барлық тұрғындар секілді дүкенге барады, коммуналдық қызметтерді төлейді, кезекке тұрады. Егер сіздер «ортадағы ең ерекше „асауды“ бағындырдым» десеңіз қатты қателесесіз. Ол бағынып қойған. Енді сіз оның қорғанысыз.
Бұл әйелдер өткен өмірі туралы ойлағысы келмейді. Пофигизм маскасын киіп алып талай тірліктер істеген, ортаңғы саусағын көрсетіп талай суретке түсіп оны желіде жариялаған, оо қайбір жылғы жаңа жылдағы көйлегінің омырау тұсындағы қиығы ше?!
Жо жоқ, мұны балалары көрмеуі керек.


Екі пунктті алып тастағанның өзінде ұзақтау пост болып кетті. Сұмдық тәжірибелімін, пәленше доқтырдан психологиялық курстар алғанмын деп айтпаймын. Жәй отыз жылғы өмірімдегі аздаған анализ ғана. Келіспеуіңізге әлбетте болады.
Пост тәмәм.
Бөлісу:

8 пікір

Basic
пфф. осы еркектер не біледі әйелдер туралы. Дым білмейді. Иә-иә)))
Daniar-Alan
Үйреніп жатырмыз :)
merekeee
Неше жастан бастап кәрі қыз?
DinaAbdigalieva
Қыздар жайлы… кәрі қыздардың құлақтарын шулатып… Ееех, көп талқыланып кетті ме, қалай? Шаршатты ғой)))
bake
саясат. Көбірек бала дүниеге келген маңызды. Теледидарда көп балалы «жұлдыздар» қатары көбейді деп қайта-қайта айта бергенде шаршап кетпейсің бе? Бақыттымын,… бала сүйдім… Бақытсыздар бар, әйелдің бақытсыздығы жайлы былайша тіке жазбаймын, қорқамын. Әрқашан мынандай әңгіме жазғанда ішімнен ойлаймын -Қыз өсіріп отырмыз, қашан тұрмысқа шығып немерелі болғанға дейін маза жоқ қой, -деп.
bake
«кәрі қыз» деген тек сылтау, уақыт өткізбей балалы-шағалы болсын дегендей, былайша, 14-29 жас аралығы түгелдей жастар деп нақты анықтайтын заңнама бар. Яғни, отбасы құратын жастар 18-29 аралығында. Үйленгеніде жастар болып саналады. 38 жасқа жетіп отбасы құрдым, жұбайым 36 жаста. Бір минус, екі -үш баланы ғана өсіргенге уақытымыз бар. Мүлдем күйеуге шықпай, тағдыры ана атану жазылмаған жанға «кәрі қыз» деу оларды еркелеткенмен бірдей… Денсаулығы келмеуі мүмкін. Себептер мол. Ана болу бәріңіздің тағдырыңыз болсын! Денсаулығы келе мүлдем балалы болмаған жандар әңгімесі мүлдем бөлек, дәл солай еркектер жайлы айтуға болады.
MamaAya
Бір типажды оқып, мен сияқтылар туралы мааа деп қалдым. Иииххх… Уәж!