-Комеди клаб? -Құрып кетсін...

Көксандықты қоссақ қозасың. Шаршайсың, жүдейсің тозасың. Бұл айдан анық, күннен жарық дүние. Әңгіменің әлқиссасын, әріден емес, беріден бастайын. «Бері» — дегенім бүгінгі таңның айшығы. Ертеде түріктің сериалы шыққанда алғашында жатырқаушы едік. Кейін ет үйреніп, қантамырымызға сіңіп бойдағы арам қанымызға айналды. Тіпті ауылда түрік сериалдарының себебінен семіз сиырлар ұрланып, соңында сыйрағы сайдан табылып жатты. Бармақ тістеп, аһ ұрғандар болды. «Юсуф, Зейнеп,Торғай, Бериван, Қамбар, Әли, Назар» — бұларды жастарымыз жеті атасындай таниды. Тіпті, жеті атасын білмесе де әлгіндерді бес бармағындай айырады. Қазір түрік сериалды өз сериалымыздай болып кетті. Себебі де бар. Атам қазақ «қара қытай қаптаса сары орыс өз әкеңдей көрінеді» деуші еді. Расында, шетелдің жобалары көксандықта көбейгелі бері түрік сериалдары жүрегіміздің жартысындай болды. Жетелдің жобасы деп атқан жебемнің нысаны «COMEDY CLUB.KZ»! Масқара, қатты еліктептік басқаға. «Шешеңнің...» деген сөзден сескеніп, «Әкеңнің...» деген сөзге зығыр қаны қайнайтын қазақтың жүрегіндегі «ұят» бүгінгі таңда қаза тапты. Жиырма бірінші ғасырда қазақты қалай боқтасаң да өз еркің. Былқ етпейтіндер жетерлік. Ең тамашасы орысша боқтау. Тіпті, сол тілде былапыт сөздерді айтып қасиеті қалмаған қазақты күлдіруге де болады екен. Атап айтқанда «Жетінші» арнаның суымен суғарылып, іш өткізер жеміс берген «COMEDY CLUB.KZ»-ті тамсанып тамашалайтындар шаш етектен. Тіпті, «шаш тобықтан» дегім келіп тұр. Жемісінің сипаты мынандай: «Тоңқайған қыз, пілдің артына басын сұққан пенде, боқтау, мәдениетсіздік, масқаралау, айыбын әшкерелеу» сынды бейнелер мен суреттер. Осыларды қазақ тамсанып көріп, жүрегі соқырлыр қарқылдап күліп жатыр. Қазақстанның кей арналары шетелдің қоқыстары(біреулер үшін керемет дүние) салынатын жәшік. Бәрі қарады, заман талабы деп ұлттың қытығын кетіріп, қыздың қылығын жойып, ұлдың ұлылығын төмендетпегеніміз жөн шығар. Қоқыстың қалқаны болған қазақ жанашыры Бекболат Тілеухан да «Айқайлай берсең қасқырдан ұят болады» — деген мақалды темірқазығына айналдырған сыңайлы. Себебі- секіруі өзгеше! Жұп болсынды жақтайтын қазақтан Бекболаттың қасына қосылар қасқалар бой көрсетпейді. Бәлкім ұлтының тағдыры, ұрпағының келешегі зиялыларды мазалай бермейтін де шығар. Бір арнамыз жаныстық қатынасты, енді бірі былатып сөзді, келесісі қылмысты үйретіп жатқандығының себебінен болашағымыздың бұлыңғырлығы байқалады. Ата дінді насихаттайтын арнаңның түрі анау. «Асыл арна» асыл болса, асыл бабаларымыздың асыл термелерін неге жасырып жатыр. Бірде бие, бірде түйе болудан айырылатын күн қияметте туатын шығар қазаққа. Бабаларымызды, дараларымызды, даналарымызды, боздақтарымызды көрсететін, тарихтан хабардан қылатын, дәстүрді дәріптейтін, ұлтты ойлайтын арна қашан ашылады екен? Қазақтың күні қашаңғы қараңғылықпен өтуі керек. Сонда қара домалақ балалар тарихты, дәстүрді білмей жүре берсін бе? Тереңге тамыр жаймай өмір сүре берсін бе? Жоқ, ешқандай да олай болмайды. Болмауы тиіс емес пе? Тоқсан сөздің тобықтайы, арналар ұлтымыздың деңгейін жоғарылатын өнімдер ұсынсын. Болмаса, барлығы да жабылып, тек газет-журналдар болсын. Қазақстанның азаматы, ұлт шанашыры, ел болашағына алаңдай алатын адам ретінде мемлекетке осындай талап қойып, ұсыныс айтамын.
Алдаспанның жарқылы!!!
Әрі қарай

Туылған жердей жер болмас

Жантақ, тікен қаптаса да, бұл мен үшін орман бел ©
Жұмақ мекенім Жаңатасым, туылған жерім болған соң жақсы көремін, күйреп бара жатқанын көріп жаным ауырады.
Менің туылған жерім Жамбыл облысы (Тараз облысы емес, Тараз деген қала) Сарысу ауданының
Әрі қарай

Ұлымның туған күні!

Бүгін — бізде отбасылық мейрам Рәміздер күні мен басқа мейрамдарды қайдам. Ұлым Әли төртке толып отыр.



Не дейміз енді, опшым, балаларымыздың да, өзіміздің де өміріміз позитивке толы болсын
Әрі қарай

"Лексус Қазақстан" 2010 жылды қорытындылады


Бүгін Алматыда «Лексус Қазақстан» компаниясы 2010 жылдың қорытындысын жариялады. Былтырғы жылы компания қызметі табысты болғанға ұқсайды, 219 Қазақстандық, бағасы бас айналдырар су жаңа Лексустың кілтін ұстапты. «Бұл біздің жоспардан 10 пайызға
Әрі қарай

Досымжан Таңатаров гастрөлдік сапармен Қызылордада болды

Бүгін қазақ эстрада жұлдызы Досымжан Таңатаров Қызылорда қаласында Н.Бекежанов атындағы драма театрында жеке концертін өткізді.

“Қызылорда-мен үшін ерекше, мен үшін биік. Репертуарымда қызылордалық сазгерлердің бес әні бар, бұл- менің Қызылордаға
Әрі қарай

"Жетімдер": көрермендер ауылбай ма әлде қорғайтындар - дауылбай ма?

«@patick – бәдік!» @Kilyzaman

Лібә, Инеттің бір қуысында «Жетімдер» деген скетчті — кино деп, ал оны түсірген Рақышевті — «режиссер» деп қойыпты! Шынымен бұл сендерде кино санала
Әрі қарай

Суреттер сөйлесін


Мынау 1903-жылы түскен Абай атамыздың жанұясы. Бұлардың тіршілігі қалай болды екен?! Бөтен біреу сияқты… Ойға не келіп, не кетпейді
Әрі қарай

Ubuntu-дағы жедел хабар алмасу бағдарламалары

Өзімде тұрған 10.10 нұсқасы болғандықтан осы нұсқаға қатысты айтамын, басқа нұсқалары да ұқсайды.
Сонымен убунту қойған екенсіз енді сізге не керек?
1 мал десекте агент керек
2 скайп керек
3 ICQ керек

Майл ру агентін пайдаланудың бірнеше
Әрі қарай