-Комеди клаб? -Құрып кетсін...
Көксандықты қоссақ қозасың. Шаршайсың, жүдейсің тозасың. Бұл айдан анық, күннен жарық дүние. Әңгіменің әлқиссасын, әріден емес, беріден бастайын. «Бері» — дегенім бүгінгі таңның айшығы. Ертеде түріктің сериалы шыққанда алғашында жатырқаушы едік. Кейін ет үйреніп, қантамырымызға сіңіп бойдағы арам қанымызға айналды. Тіпті ауылда түрік сериалдарының себебінен семіз сиырлар ұрланып, соңында сыйрағы сайдан табылып жатты. Бармақ тістеп, аһ ұрғандар болды. Алдаспанның жарқылы!!!

дәрілеріңді уақытылы ішіп тұру керек
ана шартсыз рефлекстерің ол бар еді ғой айтпақшы, жалпы дәрігерге уақтылы көрініп тұрсаң болғаны ғой, біз оныңа тек қуанамыз
Телеарналарды кінәлай бергеннен ештеңе шықпайды. Халықтың да кінәсі бар екенін ескеру керек. Халық көрмесе, ешқандай бағдарламаның "ғұмыры" ұзақ болмайды.
Түрік және корей сериалдарын беретін телеарналар (Хабар, Еларна, 31 арна, тағы сол сияқты телеарналар) көрермендерінің сұранысын орындап отыр. Халық шетелдік сериалдарды көргендей болып қазақстанның ешбір сериалын көрмейтін шығар. Сериал дейтін сериал да жоқ қой көрсететін.
«Асыл арна» телеарнасы діни бағытты ұстанады. Діни бағытты ұстанғаннан соң өзіне тән ерекшеліктері болады. Ата-бабамыздың сал-дәстүрі деп барлық өнер мен дәстүрді көрсете берсе, онда ол телеарна діни емес, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін телеарна болып қалмай ма?
«COMEDY CLUB.KZ» масқара емес, оны көретін адамдардың көптігі масқара болу керек, меніңше. Бұл жерде де сол жоғарыда айтқандай сұранысқа байланысты ұсыныстың болатындығын тағы бір мәрте айтуыма тура келіп тұр.
«Бетің қисық болса, айнаға көпелеме». Халық.
«Сіз көрмесеңіз, мен көрмесем, басқа адамдар да көрмесе, кімге керек пайдасыз бағдарламалар?» деп, сол тұрғыда ойлансаңыз, сұрағыңызға жауап аласыз деп ойлаймын.
Бұл тек дінге қатысты проблема емес, ондай адамдар барлық жерді бүлдіріп жүруі мүмкін. Сөйтіп күллі ұлттың, діннің атына қара дақ салып жүруі мүмкін.
Бір қарын майды — бір құмалақ шірітеді. Әй, қоғам болып жарытпассыңдар.
Тарихты қанша оқығанмен, даталарды мүдірмей жаттап, сонша есімдерді есте сақтағанмен, тарихтан сабақ алған қоғамды қайдан көріп едіңдер?!
Лох қайда бара жатқандығын білмесе де, бара жатқан жолында рекорд қоюмен жүреді. (Мәселе лохтықта емес, адамның өзін өзі бақылай білуінде)
Хабар туралы бір бөлек әңгіме, оның ажырамас інісі "Қазақстан" арнасы туралы әңгіме бір басқа. Жалпы, кез-келген елдің мемлекеттік арналарының идеалды екендігіне күмәнім бар.
Бұндай мемлекет қаржыландыратын арналарды көріп жас балаша алданғанша, көрмей-ақ қойған жөн.
БАҚ — үшінші билік емес пе?! Барлық билік мемлекет құзырында болса, әр адамның проблемасын кім ойлайды?
Толығымен тек қазақша хабар тарататын арна керектігі бәрімізге мәлім, тек жұрт аз, көрермен аз, одан түсер пайда жоқ деп, мәселенің тек материалды жағын қарастыратындар бар, солар үшін отыз миллион қазақ болсаң да, телеарна ашу қиынға соғады.