Алматы-Астана-Алматы

Шұғыл шараулар шығып Астанаға теміржолмен емес, ұшып баруға тура келді — бір қалғып алып жеттім.
Қайтарға билеттің табылғаны — плацккард. Көршілер, әңгіме:… 67 жасар апайдың хикаялары мен өмірге деген өздік көз қарасы біресе күлдіріп, біресе мұңайтты. Қайнап тұрған өмір — апай осындай адам болса, балалары(қыздары) қандай болды екен деген оймен келдім… Әзірше, өзектісі — апайдың өмірге құштарлығы(агент, екі симкалық сотка + теле2 + далаком, планшеткамда да бар дейді :-) ) МЛМ-ге деген жеке көз қарасы тіпті ерекше — мақсаты өз жүйесін ашу(брендовый зат іздеп жүрсе керек)
Әрі қарай

"Албасты, топас мал, шайтан, қырсық..."

Бейуақыт кездері поштамды ақтарып, бұрынғы хаттарды бір қарап шығамын. Лібә, қатындарға романтик көріну үшін жазып отырған жоқпын нақтың, шынымен, эпистолярлық жанр қайтыс болды дейтіндердің сөздерін жоққа шығару үшін.Бұл — намба уан. Намба ту мақсатым — адамда сонша
Әрі қарай

Астанада кездесу. 02 қараша. 18-30да

Астаналық керекшілер, бүгін 02 қараша сағат 18-30да Керуеннің 3-ші қабатында жиналамыз.

Астанаға қонақ болып келіп жатырған атыраулық sigma , қарағандылық Abilakim мен алматылық qisyq та бұл кездесуге келеді.

Бұл басқосуда тағы бір жақсы жаңалық болғалы тұр. Жаңа сайттың тұсаукесері болады. Кездесуге келгендер алғашқы болып көретін болады ;)

Мұмкін болса Wi-fi қабылдағыш құралдармен келсеңіздер болады.
Әрі қарай

Еріккен ойлар: Біз қандаймыз өзі?

Таяқшаны Қисық берген екен

Ұнайды: тыныштық, көп достар, ашық әңгіме, тура пікір, адалдық, театр, мелодрамалар, Пауло Коэльо кітаптары, өмірзая, етті тағамдар, интернетте 2 сайтымнан шықпау, «біреудің» қырсыққан сәттері, диззи, кока-кола, тауға шығу, қыздармен кездесу, машина, қалада түнде серуендеу, Вигостың джинсилары, жылауық мағынасы бар әндер, манюкир жасату, жаңбыр, аппақ қар, үйдегі диваным мен ДВД-иім

Ұнамайды: белгісіздік, түсінбестік, қысылысққан автобус, көп ақыл айтулар, мылжыңдар, мақтаншақтар, кашалар, үретін иттер, түсінігі жоқ бастықтар, аптап ыстық, дыңқылдақ музыка, адамды жақтырмаулар. т.б.

Эстафетаны АКУ ға берем.
Әрі қарай

Алтын Қалам

Өткен жолы айтқанымдай Арзу.кз деген сайтта «Алтын қалам-2011» тәуелсіз әдеби жүлдесі болып жатыр.
Менде сол жерге Құстардан сыр және Өмір дегендеп аталатын екі өлеңімді жіберген едім.
2011 жылдың үздік шығармалары төмендегі аталымдар бойынша «Алтын қалам» сыйлығымен марапатталады екен.
1) «Жылдың үздік прозасы»- (роман, повесть, әңгіме, сатира, эссе т.б.)
2) «Жылдың үздік поэзиясы» (өлең, поэма, дастан, сатиралық өлең т.б.)
3) «Жылдың үздік балалар шығармасы» (өлең, ертегі, әңгіме, повесть, т.б.)
4)«Драматургия» (пьеса, кино сценарий т.б.)
5) «Жылдың үздік публицистикалық, іскерлік және ғылыми еңбегі» (зерттеу, сараптама жұмыстары, көлемді мақала, талдаулар т.б.)
6)«Жылдың үздік блогы»
Соған атсалысып, пікір білдіріп, бағалауға қатысып жіберсеңдер қалай болар екен.Бір өкініштісі бағалағанда біздегідей минус деген жоқ екен.Тек 5 жұлдызша ғана тұр.Бірақ минус қоймасаңда қойғандай қылып пікір жазуға да болады.
Әрі қарай

Bookcrossing

Әлемде Bookcrossing деп аталатын жақсы дәстүр бар. Кітапқа жаны құмар жандар жиналып, әңгіме-жүкен құрып, оқып болған кітаптарын басқа адамдарға сыйлап, орнына басқа кітаптарды алады. Ол кітаптарды оқып болған соң келесі Bookcrossing-те мүлдем басқа кітаптарға ауыстырып алады. Солай солай кете береді.

Елде бірнеше қалада өтіп тұратынын білемін. Керекшілер де жиналып, оқитын кітаптыр болса, басқа керекшіден сұрап, алмасып оқып тұрса деген ұсыныс бар. Біралық керекшінің бір шаһарда жиналуы міндетті емес. Екі керекші бар ауыл-аймақта өткізуге де болады. Ниет болса, қызығушылық болса жетеді.

Осы идеяны айтып қалған @meirzhan-ға алғыс жарияладым!
Әрі қарай