Қиял МАХАББАТ

Еркелеген үмітім үкіленген
Еркелесең ғажайып бір күйге енгем.
Елітіп бар еркімді алып қойдың
Виртуалдық сезім деген осы ма екен...?

Виртуалды ешқашан мойындамай
Жүруші едім бұл жерді ойыма алмай.
Үйленбеген жас баладай қобалжимын
Реалға жетпей жатып бұным қалай?

Сеземін реалда да кездесерміз
Жазбаймыз ол кезде біз сөйлесеміз.
Айтуға сөз жетпеген жағдайларда
«Басқаша тілдермен де» түсінісерміз.

Түсінерміз бір-бірімізді ымдасақ та
Бір үмітке бір үмітті жалғасақ та
Сеземін, сол себепті күтіп жүрмін
Кездесердей елде жоқ бір ғажапқа…

Сөкпеңдер, жүрегі дүк*дүк етіп жүрген жігіттің келісімімен қойдым.  
Әрі қарай

Казторка мен МГТ жабылды

Бүгін екі ірі қазақстандық торрент-трекер — Казторка мен Мегаторрентс зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға қатысты заңнамаларына өзгерістердің енгізулуіне байланысты жабылып қалды.
Мында дауыстар жиналып жатыр.
Бір-екі сағатта 9000 4000 астам дауыс жиналған.
Әрі қарай

Рационал эгоизмнің 30 қағидасы (1-ші бөлім)

Сана мен сезім: Рационал эгоизмнің 30 қағидасы  (1-ші бөлім)

Өзіме ұнаған кеңестердің аудармасымен бөліскім келеді. Таптаурын дүниелер. Сендерге ұнаса тіпті жақсы.
Роб Брукер есімді американ-блогер тірлігің теріс айналғанда, өзіңе уәде беруден шаршағанда, кедергілермен бейберекет алысудан зайыбың шыққанда, ойларың іске аспай тұралап мойныңа жүк болып артылғанда бірдеңе бастамас бұрын нені доғару керектігіне тоқталыпты. Былшылды қойып, сөз кезегін Роб Брукерге Марк Анжелаға берейін.
Әрі қарай

Аперис адам

Ол кезде ойын баласымыз. Ауылдың жайпақ (шатырсыз) үйінде тұрамыз.Шатырлы үйлерге қызығатынмын.Себебі, олардың шатырында кептер (көгаршындар) бар. Көгаршындардың уілдегені қызық еді. Сабаққа бармаған кезім.Мүмкін «Нөлебайға» барған шығармын қырсам. Шамасы жазғы каникулға келген болуы керек көршіміз Мәдина апаның (ауылдың бәрі мәдинаапа деп атап кеткен) үйіне біздерден екі-үш жас үлкендігі бар бала келді. Мәдина апа күніге бір рет келіп біздің үйден шай ішіп кететін.Қонақ бала апасымен еріп келді. Көзі жылт-жылт етіп тұратын қара бала екен.Есімі -Нурик. Жезқазғаннан келіпті. Қаланың баласы ғой ақыры, лып-лып етіп тұр. Білмейтіні жоқ. Екеуміз аз күнде достасып алдық. Ойынның түр-түрін ойнаймыз.Мендегі неше жыл сынбай келе жатқан ойыншықтарды сындырдық.
Әрі қарай

Елдер мен жерлер туралы қызықты мәліметтер

1. Мұздың тығыздығы бетонның тығыздығына тең.

2. Лас қар таза қарға қарағанда баяу ериді.

3. Ауаға қарағанда мәрмәр дыбысты он есе жақсы өткізеді.

4. Ауаға қарағанда болатта дыбыс он бес есе жылдам тарайды.

5. Таза алтын өте жұмсақ, оны қолмен майыстыруға болады.

6. Ыстық су салқын судан ауыр.

7. Кавказда қарбызды тұздайды.

8. Құрамында ең суы көп көкөніс – қияр.

9. Қара шайға қарағанда көк шайда С дәрумені 50 пайыз артық.

10. Қыста ағаш өспейді.

11. Бір түп ащы жусанда 100 000 тұқым бар

12. Жаңа үзілген алма суға батпайды.

13. Швейцарияда орден, медальдар жоқ.

14. Кувейт пен Катарда табыс салығы салынбайды.

15. Ұлыбританияда конституция жоқ.

16. Ең суық астана – Улан-Батор.

17. Сауд Арабиясында бірде-бір өзен жоқ.

18. Рим атты қала барлық континентте бар.

19. Территориясында шөлі жоқ Таяу Шығыстағы ел – Ливан.

20. Шөлі жоқ жалғыз құрлық – Европа.

21. Ең биік 25 шыңның он тоғызы Гималайда.

22. Экватордан бастау алып, теріс қарай ағатын жалғыз өзен – Ніл.

23. Жердегі ең жылы теңіз – Қызыл теңіз.

24. Вашингтонда адамнан телефон көп.

25. Малайзияда жол полициясы жоқ.
Әрі қарай

Ұлы ішпиендер. Шоқан Уәлиханов

Ішпиен Шоқан Уәлихановқа қойылған Омбы қаласындағы ескерткіш

1950-1960 жылдар аралығында Қытай Хуйлық Республикасы КСРО-ға жер дауы бар екенін мәлімдеді. Олар сол кездегі Алматы, Жамбыл, Шығыс Қаззақстан облыстары VKM -мен қоса – қытайдың меншігі, себебі 18 ғасырдан бастап сол жерді мекендеген қаззақтар қытай азаматы болып есептеледі деді, марғұлансстың. Оған жауап ретінде КСРО алдымен үлкен бұтақ көрсетті, қоймағасын – аз-мұз соғыс болып, ну енД андай* — кісі өлімі орын алып, ақыры осы дау нәтижесіз қалды. Дачы.
Айтылған жерлер қаззақтармен қоса Ресей Империясына қалай кірді? Ол кезде Қытай – үлкен
Әрі қарай

Жарыс алдындағы ұзақ күн

Таэквондоға барып жүргенімізге екі-ақ ай болғанына қарамастан, ертең, бұйырса, алғашқы жарысқа қатыспақшымыз. Қатыспай қалуымыз да ғажап емес, бірақ керек-жарақтарын алдырғанына қарағанда қатысатын сияқтымыз. Содан тықыршып отырмыз, жұмыс күні қашан бітер екен деп. Өзім қатысатындай болып кеттім, құрысын  Әзірге мынаны қарай тұрыңдар:
Әрі қарай

Коньки

Қыс та келді. Енді үнемі коньки тебуге барып тұруға болады. Мұз қатпаған кездері спорт кешендеріне барып тебуге көп ақша кететін. Күнде бірнеше сағат теуіп, одан соң тамақтанып алуға шығындалып қалуға болады. Қазір өзеннің үсті немесе арнайы корттарға барып өз конькиіңізбен тегін қанша сағат болса да сырғанай беруге болад.
Әрі қарай

Қарағандыда жаңа мешіт ашылды!

Қарағандының қақ төріндегі этнобақта жаңа мешіт бой түзеді.Төрт мың адамға арналған құдай үйінің сәулеті Ақордадан кем емес. Бүгін Алла қаласа елбасы келіп тұсауын кеспек. Фотосын сосын саламын.