Ұлы ішпиендер. Шоқан Уәлиханов

Ішпиен Шоқан Уәлихановқа қойылған Омбы қаласындағы ескерткіш

1950-1960 жылдар аралығында Қытай Хуйлық Республикасы КСРО-ға жер дауы бар екенін мәлімдеді. Олар сол кездегі Алматы, Жамбыл, Шығыс Қаззақстан облыстары VKM -мен қоса – қытайдың меншігі, себебі 18 ғасырдан бастап сол жерді мекендеген қаззақтар қытай азаматы болып есептеледі деді, марғұлансстың. Оған жауап ретінде КСРО алдымен үлкен бұтақ көрсетті, қоймағасын – аз-мұз соғыс болып, ну енД андай* — кісі өлімі орын алып, ақыры осы дау нәтижесіз қалды. Дачы.
Айтылған жерлер қаззақтармен қоса Ресей Империясына қалай кірді? Ол кезде Қытай – үлкен жұмбақ ел еді. Тіпті пәлсапашы Сыма Цянь бірде Марко Поломен бықсып отырғанда: «Сендер түгілі осы халықты кейде өзім де түсінбейм» деген екен, шешесстің. Ендеше, бұл үлкен әскери-экспедициялық жұмыстардың нәтижесі, және оның тасты кейіпкері ретінде №1 ішпиен – Шоқан Уәлихановты қорс-қорс жылап отырып, атап өтпеске болмайды. Өтпеске демекші, отпускі де жақындап қалд, әнасс. Әлгі Отырардың қақпасын ашып берген Қарамеңді мен KILYZAMAN -нан басқа бұ қаззақта көрнекі тыңшылар болмады деген сөлекеттік болар еді.
Қытайға барлауға барудың бір үлкен проблемасы бар еді. Ол – адамның түрі болатын. Еуропеид келбетті адам Қытай жеріне кіргеннен бастап үнемі қадағалауда болған. Көп жағдайда, «тарихшы», «этнограф» деген желеумен баратын еуропалықтар бәрібір белгісіз жағдайда Аид амигоға аттанып кетіп тұратын. Мысалы, ағылшын экспедициялық корпустарының өзі бас-аяғы 20 адамнан айырылған.
Осы кезде барлау тарихының сахнасына Шоқан Уәлиханов шығады. Ол қаззақ болғанымен қоймай, тіпті әріп танитын; ал енді жерді картаға түсіру қабілеті — Әскери Ведомоствоны тасына дейін қуантты. Сөйтіп, оны 1858 жылы Қытайға барлауға жіберді. Барлаудағы лақап аты «Әлімбай» болды, ал легендасы – саудагер болатын. Шоқан бас-аяғы 1 жылдай жүріп, жолай кездескен бекіністердің барлығын дерлік сызып, конструкциялық ерекшеліктерін сипаттап, картаға түсірді. Жергілікті халықтардың да мәдениетін, дүниетанымын сипаттай кетті. Лібә, гуманист болғасын емес: алдағы уақытта қытайдың ішіне іріткі салу керек болса деп. Нақтың.
Алқашқы қаззақ ішпиені Шоқан Уәлихановтың еңбектері Батыста үлкен жаңалық болды. Қытай туралы теңіз жағынан болмаса, құрлық жағынан хабары әлсіз француздар, немістер, әсіресе – ағылшындар Шоқанның жазбаларын үсті-үстіне жариялады. Ал Соғыс Министрлікеріндегі Азияны зерттейтін бөлімдер тіпті 20 ғасырдың бір, кешірерсіздер – бірінші жартысына дейін тек қана Шоқан Уәлихановтың еңбектерін ең компетентті мағлұмат көзі ретінде пайдаланды. Мысалы, Гитлердің штабының өзі Шоқанның сызбаларына сүйеніп, Шығыс Түркістанға қатысты жоспарын жасады деген сыбыс бар.
Бөлісу:

35 пікір

satibaldi
Дереккөт — мына жерде.
Vikilikas
Ұлы ішпиендер деп неге жаздың? хахаххаха қатырасың еу естімеген елді еөп!
қазақы сөздерімізді бұрмалап оытрады екенсің талай жазбаларыңды оқыдым, ұнамады ешқайсысы, басқалар қалай оқып жүр екен, қызық қалай коммент жазады. көтіңе кіріп жүргендерма?
punk
Ал Соғыс Министрлікеріндегі Азияны зерттейтін бөлімдер тіпті 20 ғасырдың бір, кешірерсіздер – бірінші жартысына дейін тек қана Шоқан Уәлихановтың еңбектерін ең компетентті мағлұмат көзі ретінде пайдаланды.
мақтану керек,
shimaibek
Керемет! Мұндай мәліметті қазып алып отырған сіз бір шпиен!
izbasar
Дегенмен сіз 8 сыныптың географиясын жақсы біледі екенсіз. Сізге Шоқантану пәніне бағдарлама жазуға болады.
19852407
«Шоқан -ішпиен»!
тәрбиесағатыңдыссс
izbasar
Шоқан Уалиханып деген жеке такырып ошылып айтпаймыз Шатыпалдыға ырза болып калдым.
sakenspb
кнб-ның офисының алдында тұрған мүсін болар. алғашқы разведчик/шпиен
nurbergen_makym
Мұрттыбайымайд-ай, дейсің…
Әжесстер, құмай тазым біліп пе, дейтұрғанмен, әлгі, қазззақтардың Алаш зиялылары деп жүргендері де шынымен ішпиен болса, болған шығар, а?
izbasar
Олар ішпиөндық қызмет атқарсада әлемнің арты жзағынан тәуелсіздік алу оңай екенін білген шұығар мүмкін. Ал мын, а саасық орыстан құтылу қиын ғой.
patick
Бұл амигоны басқа қырынан танып жатырқ енді
sammita
уауу
атап өтпеске болмайды. Өтпеске демекші, отпускі де жақындап қалд, әнасс
KILYZAMAN
Зиянын Шоқанға тигізбек болған Дәруіштің ұрпағы ма едің? Кезінде дарымаған уыңда енді қанша қауқар қалды дейсің?
sammita
сіз осы, бәрін сол қалпында қабылдайсыз ба?
KILYZAMAN
Сіздің сұңғылалығыңызға не тең келер?
Zilola
Негізі сол жаққа жасаған сапарын жайдан-жай емес екенін сезіп едім )
Abilakim
Дәл солай болғанына сендіре алды мынап жазба
xsanatos
Шоқаннын тубтан өлгені рас па? Біреулерден оның өліміне Венера жеңгейдің қатысы болған дегенді естідім.
a63a1
Шоқантанушылар барма? Мына вариантқа не дер екен? Жобасы бар, бірақ екі жақты пікір талассыз болмайды екен.
Туберкулезден өлгені де күдік туғызды мынадан кейін, ликвидация жасаған шығар мүмкін?
Zilola
басқа да кеселден кетуі мүмкін Аид патшалығына, тарихты қазбалап қайтеміз, ол бәрібірде ұлы тұлға болып қала береді мен үшін!
qisyq
Достоевский «Сіз маған бауырымнан жа жақынсыз» деп қорс-қорс жылағанда, осыны меңзеген екен ғой, алда, айналайын-ай, Абылай атамның ұрпағы-ай…
e_zhalgas
Мысалы, Гитлердің штабының өзі Шоқанның сызбаларына сүйеніп, Шығыс Түркістанға қатысты жоспарын жасады деген сыбыс бар.
дегенмен, мен үшін мына сөйлем жаңалық болды!
KILYZAMAN
Посттағы дәйксіз қайдағы бір сарттың(білмеймін — мүмкін сарт шатысы бар шығар) өсегіне «Бақилық болған Әкем жайлы өсекті төсек қылсам менде не қасиет» — деген ой келе береді. Ғылым мен мен саясаттың ау(й)ылы алшақ. Көзі тірісінде алпауыттарға( не бары 20-27 жас) киргиз емес Қазақ екенін мадақтай білу бақытына ие болған, қашқарлықтардың(ұйғырлар ұйый алмай құрып кетті) сарттығына сәтті ілімі мен білімін қөарсы қоя білген Қазақтың ағып түскен жұлдызының орыны бос емес екенін түсінсеңдерші!  Айға қарап ұлыған бОБИКкее ұқсағасандарыңа қайран қаламын? Сынағыш болсаңдар жан жақтарыңа қараңдаршы — не болып жатыр өзі
KILYZAMAN
«Бақилық болған Әкем жайлы өсекті төсек қылсам менде не қасиет» — деген ой келе береді
— …
meirzhan
Жергілікті халықтардың да мәдениетін, дүниетанымын сипаттай кетті. Лібә, гуманист болғасын емес: алдағы уақытта қытайдың ішіне іріткі салу керек болса деп. Нақтың.
Бұл ол кісінің этнограф, тарихшы екенін терістемейді. Ол бірінші кезете ғұлама ғалым, тарихы, этнограф, қазақ әдет-ғұрыптары, сот жүйесі туралы, «Манасты» не үшін жазды сонда?
KILYZAMAN
Орыстардың біз жайлы білімпаздануынан туындаған Киргиз деген танымға сәйкестендіре отырып Азияда да (жалғыз ол емес ау — турасын айтқанда бөсе бермеңдер мағынасында)олардың Циклоптарына сай баламаның бар екенін мақтаншақ қырғыздардың эпосынан ептеп келтіргені деп түсіну керек сияқты…
Onlasyn
Ендігі жолы Жамбыл туралы жазшы
berkut
Шоқан бабамыз шынтайтында өте дарынды тыңшы болған. Бірақ бұл қазақтан шыққан тұңғыш шпион болмаса керек. Анау президентіміздің арғы ата-бабасы Қазыбек бек Тауасарұлы деген бір жиһангез диуана бұ дүние түгілі о дүниенің де сызбасын картага түсірген дейді ғой. оқып отырып, 18 мың ғаламның тең жартысын Тауасарович білеме ме қалғам… Нағыз құсық шақыратын туынды деп бағалағам
meirzhan
Ол кезде Қытай – үлкен жұмбақ ел еді. Тіпті пәлсапашы Сыма Цянь бірде Марко Поломен бықсып отырғанда: «Сендер түгілі осы халықты кейде өзім де түсінбейм» деген екен, шешесстің.
MurattiZzaere
Керемет іпөст екен юмор араласқан, Шокан керемет ішпиөн тіпті Жəкең (Джеймс Бонд) оның қолына су құюға да жарамай қалады