Республика күні құтты болсын!!!
Наурыздағы 3 күн демалыс үшін құрбандыққа шалынған мейрам ғой бүгін.
]
Мемлекеттік егемендік пен тәуелсіздік ұғымдары соңғы кезде синоним есебінде қолданылып жүргендей… Шынымен солай ма?
Тәуелсіздіктің не екенін әркім өз деңгейінде түсінеді, ал «Егемендік» ше, осы сөздің жалпы этимологиясы, анықтамасы туралы кезіндегі «Социалистік Қазақстан» газетінің «Егеменді Қазақстан», сосын Шерхан Мұртазаның араласуымен «Егемен Қазақстан» болып өзгергенінен басқа не білеміз?(админнің сол газетке қызметтік қатысы бары басқа әңгіме)
Мемлекеттік егемендік — тәуелсіз мемлекеттің саяси-құқықтық дербестігін, халықаралық құқықтың бастапқы субъектісі ретінде жоғарғы жауапкершілігі мен құндылығын сипаттайтын, тәуелсіз мемлекеттің толыққанды әлеуметтік құрылым ретінде өз мәртебесін ерікті түрде өзгертуіне байланысты пайда болатын немесе жоғалатын, мемлекеттік билікті ұлықтап, басқа мемлекеттің билігіне бағынбауды білдіретін тәуелсіз мемлекеттің ажырамас заңи сипаты.
Опшым, егемендік дегеніміз тәуелсіздіктің заңдық сипаты болып тұр менің түсінгенім…
Негізі, айтпағым бұл емес, күнтізбеден алып тасталса да, мейрам етіп тойлағанымыз рас қой. Құтты болсын мереке! Бір-бірімізге деген ниет дұрыс, айналамыз тыныш болсын! ">
]
Мемлекеттік егемендік пен тәуелсіздік ұғымдары соңғы кезде синоним есебінде қолданылып жүргендей… Шынымен солай ма?
Тәуелсіздіктің не екенін әркім өз деңгейінде түсінеді, ал «Егемендік» ше, осы сөздің жалпы этимологиясы, анықтамасы туралы кезіндегі «Социалистік Қазақстан» газетінің «Егеменді Қазақстан», сосын Шерхан Мұртазаның араласуымен «Егемен Қазақстан» болып өзгергенінен басқа не білеміз?
Мемлекеттік егемендік — тәуелсіз мемлекеттің саяси-құқықтық дербестігін, халықаралық құқықтың бастапқы субъектісі ретінде жоғарғы жауапкершілігі мен құндылығын сипаттайтын, тәуелсіз мемлекеттің толыққанды әлеуметтік құрылым ретінде өз мәртебесін ерікті түрде өзгертуіне байланысты пайда болатын немесе жоғалатын, мемлекеттік билікті ұлықтап, басқа мемлекеттің билігіне бағынбауды білдіретін тәуелсіз мемлекеттің ажырамас заңи сипаты.
Опшым, егемендік дегеніміз тәуелсіздіктің заңдық сипаты болып тұр менің түсінгенім…
Негізі, айтпағым бұл емес, күнтізбеден алып тасталса да, мейрам етіп тойлағанымыз рас қой. Құтты болсын мереке! Бір-бірімізге деген ниет дұрыс, айналамыз тыныш болсын! ">
өз басым және қарным демалыс және премия берілмейтін күндерді мейрам ретінде қабылдамайды екенмін
Сонда ол сеніңше жартылай демалыс болып тұр ғо…
Тақырыптан тыс:
Сегізінші мартта премияны тек қыз-келіншектерге беретіні нағыз әлеуметтік теңсіздіктің шарықтау шегі дейтін бір танысым… ))))))
Ал біз қуанып, дүкеннен как будто даладан ақша тауып алғандай жүрегіміз ауырмай косметика сатып аламыз!
косметикаға қаны қас, табиғи сұлулықпен жүретін немесе ақшасын аяйтындардың жағдайын білгім кеп тұр?
Жұма күнгі кешкі эфирді жұма намаздан бетер күтетін кездер-ай…
Керек мейрам негізі, артық етпейтін еді тойлана бергенінде. Отаншылдық, ұлтжандылық рухты қалыптастыруға әсері болар еді деп ойлаймын.
Осыған қатысты, салыстырмалы түрде айта кетейін, 29 қазан Түркияның республика күні. Сол күні барлық жер қызыл түске боялады кәдімгідей. Балкондар, терезелер, машиналарға байрақтарын желбіретіп іліп тастайды. (Ал бұл жылы ол дәстүрлері ерте басталып кетті, террорлық актілерден кейін өткендегі)
Бүгін таңертеңнен әуеде әскери ұшақтардың дайындығы жүріп жатты сол республика күніне. Қап қара сүйкімсіз, қорқынышты ұшақтар, дауыстары да жаман. Соғысты сезіндіреді адамға кәдімгідей. Бейбітшіліктің қадірін түсіне білейік деп ойлайсың сол кезде шынымен.
биылғы 16-желтоқсанды қалай атап өтер екенбіз?!
2-президент күні деген күн де бола ма?
менде қай әкеңнің құны бар
әр президентке күн арнаймыз ба деген астарлы, қағытпа пікір жазған едім.
@Tyulpan-ның дегенін деп түсінгеніңе жол болсын, пірадар!