Қауіп кімнен: содырдан ба, СОБР-дан ба?

«Азататтық радиосының» сайтында жарияланған "Арнайы жасақ содырлар шабуылына дайын ба?" деген дөңгелек үстелге қатысқандардың арасында Әмірбек Тоғысов (генерал-майор, ішкі істер министрлігінің жоғары шенді қызметкері және қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары) айтқан мына бірауыз сөз адамға ой салмай қоймайтындай.

… Тағы бір өте маңызды мәселе: бүгінгі күні арнайы мақсаттағы отряд бейбіт адамдарға қарсы, әлдебір саяси міндеттерді шешуде пайдаға жарап отыр. Кезінде арнайы бөлімшелерді бейбіт тұрғындарға қарсы пайдалануға рұқсат алу үшін прокуратураны, барлығын құлағдар ету керек болатын. Бүтін бір жүйе бар болатын.
Әрі қарай

Қазақ астрономиясы

Көшпелі өмір салтын ұстанған ата-бабаларымыз ауа райын өздерінше болжап отырған. Ұшқан құстың, жүгірген аңның белгілерімен қатар, аспан денелерін де өздерінше зерттеген. Қазіргі уақытта (тамыз айының 22сінен қыркүйектің 21іне дейін-ау деймін, шатаспасам) түнгі аспандағы жұлдыздарға тағы бір жұлдыздың қосылатын шағы. Бұған дейін де ол жұлдыз болды, орнында тұрды тек осыншалықты анық көрінбейтін. Бұл сүмбіле жұлдызы. Осы Сүмбіле жұлдызы туған шақтан бастап өзен-көлдердің суы ептеп салқындай бастайды. Қазақта «Сүмбіле туа су суыр» деген сөз бар.
Бұдан кейін Таразы жұлдызы көрінеді. Бұл жұлдыз жайлы да «Таразы туа таң суыр» деген қағида тастап кеткен екен бабаларымыз.Кейбіреулер «Тау суыр» деп те айтады.Расында да осы уақытта жайлауда, тау арасында болсаңыз түннің де таңның да салқындағанын байқауға болады.

Сүмбіле жұлдызының суретінің алынған жері
Әрі қарай

Не деген масқара Манчестер юнайтед-Марсель 2-8 жолдастық кездесу

Манчестер юнайтед-Марсель жақында 2ші тамыз куні жолдастық кездесу матчын өткізді есеп 2-8 Марсельдің пайдасына бұл Манчестерге улкееен масқара болды бірақ манчестер 2ші құрамы(составы)мен ойнаған сол ойындағы видео
Әрі қарай