Қауіп кімнен: содырдан ба, СОБР-дан ба?

«Азататтық радиосының» сайтында жарияланған "Арнайы жасақ содырлар шабуылына дайын ба?" деген дөңгелек үстелге қатысқандардың арасында Әмірбек Тоғысов (генерал-майор, ішкі істер министрлігінің жоғары шенді қызметкері және қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары) айтқан мына бірауыз сөз адамға ой салмай қоймайтындай.

… Тағы бір өте маңызды мәселе: бүгінгі күні арнайы мақсаттағы отряд бейбіт адамдарға қарсы, әлдебір саяси міндеттерді шешуде пайдаға жарап отыр. Кезінде арнайы бөлімшелерді бейбіт тұрғындарға қарсы пайдалануға рұқсат алу үшін прокуратураны, барлығын құлағдар ету керек болатын. Бүтін бір жүйе бар болатын.
Бүгінгі тәжірибеден басқаны көріп отырмыз. 2008–2010 жылдары Алматының қазіргі Алатау ауданы бойынша әкімшілігі, жер қатынастары басқармасының қызметкерлерінен, полицейлерден құралған мобильді атанған топ жұмыс жасайтын, арнайы бөлімшелерді де тарта бастаған болатын. Сол кездерде арнайы бөлімшелер сот өткізбей тұрып, қарапайым азаматтардың 1200-ден астам баспанасын құртқан. Ол жерде жігіттердің қолына кісен салып, ұрып-соғып, шал-кемпірлермен, жүкті әйелдермен шайқасқан.


СОБРлар (Арнайы жедел әрекет ету отрядтары): «Арлан», «Сұңқар», «Бүркіт»
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше