Олжас Қасыммен айтыс 3

Оу, КАЗМУГЕ тусе алмадым білем бәрін,
Шалдар айтты, құтырып тіл алмадым.
Ал бүгін туу таразда отырып ақ,
Халтурщик Олжастарға жыр арнадым.
Әрі қарай

Пойызда

Бүгін Ақтөбе пойызымен Алматыға келдім. Келе жатқанда түрлі қызықтар болды.
Ең бірінші, қазақ жерінің табиғатына тағы да куә болдым. Алдында Семей-Қызылорда пойызымен қайтқанда(күндіз өттік, Ақтөбе пойызы түнде өтеді, содан көрмеппін) Түлкібас ауданының табиғаты керемет, қатты ұнаттым. Таудың етегінде жасылды-сары егін алқаптары, самсаған жемістер, бақтар енді табиғатына ғашық болдым. Бір сөзбен айтақнда, жұмақ дерсің.
Әрі қарай

Ана қабырғаның шегесі...

Екі жынды қабырғаға шеге қағу үстінде. Біреуі шегені беріп тұр, екіншісі қағып тұр. Бір кезде шегені беріп тұрғаны шегенің ұш жағынан ұстап беріпті. Анау қалпағын қабырғаға қаратып ұстап тұрыпты да «Мына шеге ана қабырғаның шегесі екен» депті.
***
БІр көкеміз отырыстарда арақтан артығырақ сілтеп жіберетін көрінеді. Өз нормасынан асыңқыраған кезде жеңгеміз столдың астына түсіп кетіп бір нәскиін шешіп ала қоятын болыпты. Осы белгіден соң ағамыз татып алмайды екен. Әйтеуір бір жиында ағамыз арақтан тартынбапты. Өз стаканындағын, көршісінің стаканындағын, маңайындағылардың стаканындағын қағып салып отырыпты. Жеңгеміз шыдай алмай, стол астына кіріп кетіп нәскиін шешпек болады. Қанша әуреленсе де шеше алмапты. Сонда ағамыздың айтқаны дейді "Қатын, сен әуре болмай-ақ қой, мен бүгін калготки киіп келгенмін".
Әрі қарай

"Қазақстан әйелдері" журналы қашан жаңарады?

"Қазақстан әйелдері" журналы 1925 жылдан шығып келе жатқан қазақша танымал журналдардың бірі. Оныауылдық жердегі оқырмандар көп оқиды. «Ауылбайларға бола береді» дегені ме, басқа да себебі бар ма, осы журналдың дизайны мен шығып жатқан қағазы осыдан 15-20 жыл бұрынғы журналдан еш өзгермегендей.

Құдайға шүкір, техника мен технологияның дамыған заманы. Журналдарды да әсем безендіріп шығаруға толық мүмкіндік бар. Солай бола тұра "ҚӘ" журналының отсталый болуына не себеп екен?
Әрі қарай

Компьютердің сөну жылдамдығын арттыру

Windows XP операциялық жүйесінде компьютердің сөну жылдамдығын арттыру үшін төмендегі команданы орындасаңыз жетіп жатыр.



1. «Пуск» түймесін басып «Выполнить» командасын орында
2. «Regedit» деп жазып OK батырмасын шерт
3. HKEY_CURRENT_USER\Control Panel\Desktop деген бөлімді тауып, сол бөлімнен WaitToKillAppTimeout деген бөлімшені тап
4. Тышқаншықңыздың он жағын басып Modify дегенді таңдаңыз,
5. Берлілген дәлдікті 1000 етіп өзгертіңіз,
6. OK батырмасын шертіңіз

7. HungAppTimeout деген бөлімді табыңыз
8. Тышқаншықңыздың он жағын басып Modify дегенді таңдаңыз
9. Берлілген дәлдікі 1000 қылып өзгертіңіз
10. OK батырмасын басыңыз

11. Енді HKEY_USERS\.DEFAULT\Control Panel\Desktop деген бөлімді тауып алыңыз
12. WaitToKillAppTimeout деген бөлімді табыңыз
13. Тышқаншықңыздың он жағын басып Modify дегенді таңдап
14. Берлілген дәлдікті 1000 етіп өзгертіңіз
15. OK батырмасын басыңыз

16. Жә енді HKEY_LOCAL_MACHINE\System\CurrentControlSet\Control деген бөлімді табыңыз
17. WaitToKillServiceTimeout деген бөлімшені тауып алыңыз
18. Тышқаншықңыздың он жағын басып Modify дегенді таңдаңыз
19. Берлілген дәлдікті 1000 етіп һөзгертіңіз
20. OK басыңыз

Содан кейін Пуск-Выключение-Перезагрузка командасын орындап компьютерді қайта жүктеңіз!
Әрі қарай

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне» әдемі тарту «Өсімдіктер әлемі» атты әдістемелік кешенінің тұсаукесеріне шақырамыз!

“Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір- қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді, жан-жақты мәдениетті, патриот азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз”.

Әрі қарай

Қауіп кімнен: содырдан ба, СОБР-дан ба?

«Азататтық радиосының» сайтында жарияланған "Арнайы жасақ содырлар шабуылына дайын ба?" деген дөңгелек үстелге қатысқандардың арасында Әмірбек Тоғысов (генерал-майор, ішкі істер министрлігінің жоғары шенді қызметкері және қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары) айтқан мына бірауыз сөз адамға ой салмай қоймайтындай.

… Тағы бір өте маңызды мәселе: бүгінгі күні арнайы мақсаттағы отряд бейбіт адамдарға қарсы, әлдебір саяси міндеттерді шешуде пайдаға жарап отыр. Кезінде арнайы бөлімшелерді бейбіт тұрғындарға қарсы пайдалануға рұқсат алу үшін прокуратураны, барлығын құлағдар ету керек болатын. Бүтін бір жүйе бар болатын.
Әрі қарай