Астана - махаббатым менің

Астаналық әншілер десе, Медет Салықов пен Клара Төленбаева ойға оралады. Астана астана болмай тұрып, осында өмір жолын да, өнер жолын да бастаған әншілер бүгінде бақытты отбасы. Медет мырза мен Клара ханым Астанамен бірге отбасын да үлкейтіп келеді. Бұл тәтті сезімін әншілер өздеі айтып берді.

Әрі қарай

Қазақстан Республикасының Президенті Қазконтент АҚ алғыс білдірді

Байланыс және ақпарат күнінде Қазконтент АҚ Қазақстан Республикасының Президентінен алғыс хат алды.

Блог - kaztube: Қазақстан Республикасының Президенті Қазконтент АҚ алғыс білдірді

Бұл марапат — біздің кішкентай ғана компаниямыз үшін өте үлкен жетістік. Қазконтент АҚ өз жұмысын 2009 жылы бастаған, ондағы көздегені – ұлттық контентті құрып, қазақстандық интернет саласын дамыту болатын. Бар-жоғы 5 жылдың ішінде компаниямыз әлеуметтік маңызы бар және ірі 10 жобаны құрды, атап айтар болсақ: Strategy2050.kz және Primeminister.kz интернет-ресурстары; Bnews.kz, Baq.kz ақпараттық агенттіктері; El.kz қазақстандың әлеуметтік желісі; Adebiportal.kz әдеби порталы; e-history.kz Қазақстан тарихының порталы, баспа БАҚ-ты Интернетке көшіру, Sanamaq.kz және ұлттық видео-портал Kaztube.kz.
Kaztube.kz – қазақстандық интернет-ресурстар арасында ойып алар орны бар ең алғашқы жобалардың бірі. Бүгінде видеоматериалдардың қайнар көзі болып отырған бұл портал арқылы тәжірибелі және жас блогерлер өз жұмыстарын қазақстандықтармен қатар, әлемге көрсетуде. Бұл жобаның танымалдығын порталға кірушілер санынан-ақ байқауға болады – жылына 7 миллиондай адам кіреді. Бізді әр түрлі елден, әр түрлі маман иелері, әр түрлі қызығушылықтағы және әр түрлі жастағы адамдар көреді. Ең белсенді көрермендеріміз – 18 бен 40 жаса аралығындағы қазақстандықтар. Көрерменге жиі ұнайтыны – қазақстандық фильмдер, музыкалық видеоклиптер, сериалдар, мультфильидер, жаңалықтар және спорт. Ал, ең эксулюзивті материалдар – әрине, Kaztube Studio! Елімізде болып жатқан атаулы оқиғалар, «ұлттық» тақырыптардың талқылануы, танымал және танымал емес тұлғалар, бәрін-бәрін біздің операторымыз камерасына ілуге тырысады.

Бізге қызығушылық танытқаныңызға рахмет! Алдағы жетістіктер мен мақсатқа бірге жетейік!
Әрі қарай

Отбасымен шай ішіп, 31 арна жүлделерін ұтып алыңыз

31 арна бас директоры Бағдат Қоджахметов:
«Біз өзіміздің мақсатты аудиториямызға бағдарлама таңдауымызға зор мән береміз. Барлық жобалар қатаң сапа тексерісін өтеді, әр жаңа жоба тек фокус-тобының нәтижелері бойынша ғана басталады. Біздің көрермен эфирде көргісі келетін бағдарламаны өзі таңдайды десек те болады. „Сен келерсің“ хикаясы сәтті шыққандықтан, біз көреремендерді әрі қарай осындай мелодрамалармен қуантуды жөн көрдік. Бұл бүкіл отбасымен көруге қауіпсіз теленовеллалар. Осылайша, біз отбасының бүкіл мүшелерін 31 арна алдында біріктіргіміз келеді.»

Блог - 31arna: Отбасымен шай ішіп, 31 арна жүлделерін ұтып алыңыз

«Уәде беремін» — апалы-сіңлілі Бани, Пия және Раноның өмірі туралы теленовелла. Әкелері өмірден өткеннен кейін бойжеткендер туған қаласы Муант Абудан көшуге мәжбүр болады. Әкесінің аманаты бойынша олар бұрын-соңды естіп көрмеген Мумбаидағы 40 жасар бизнесмен Джай Валиадан көмек сұрауға барады. Кетпес бұрын Бани сіңлілеріне бас-көз болуға және туған үйін сақтап қалуға уәде береді.

Мумбайда Бани Джайға жұмысқа кіріп, ал кіші қыздар жалдаушы шартымен Валияның үйінде тұрады. Үшеуінің де жолдары болып, жұмыстары алға жүреді: Бани жұмысында жоғарылап, Пия қамқоршыларына тұрмысқа шығуға дайындалуда, ал Рано колледжге оқуға түседі. Алайда, Пия жас жігітпен өз тойынан қашып, оның орнына Бани Джайға тұрмысқа шығуға мәжбүр болған кезде бәрі өзгереді. Ызаға булыққан қамқоршылары апайы-сіңілілерден кек алуға көшеді. Бірақ, Бани берген уәдесін ұстап, уақыт өте жақсы көріп бара жатқан күйеуін жеңіп шығуға белін бекем буған.

Оның ақылына, іскерлігіне, мейірімділігі мен қамқорлығына тәнті болған Джай өзі сезбей, Баниды сүйіп қалады. Джайдың өткен өмірдегі құпияларына байланысты, олардың бақыттары ұзаққа бармайды. Бани анасының өліміне Джайдың қатысы бар екенін біледі. Сонымен қатар екеуінің өмірлеріне біреу қастандық жасауды бастайды. Оның кім екенін білуді айқындаған сайын Банидың өмірі мен жақындарының өміріне қауіп төнеді және берген уәдесін орындау қиынға түседі.

Бүкіл отбасымен жұмыс күндері сағат 22:00-де 31 арнадан көріңіздер!

Акция тура толығырақ www.31.kz сайтынан біле аласыздар.
Әрі қарай

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР БЮРОСЫ БАС АССАМБЛЕЯСЫ 155-СЕССИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАСАЛДЫ

Астана қаласы.
13 маусым, 2014 жыл.

«Rixos President Astana» қонақүйінде ЭКСПО-2017 Комиссары – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Ермегияевтың Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 155-сессиясының қорытындысы бойынша бірлескен баспасөз мәслихаты болып өтті.

Баспасөз мәслихатында сөз алған «ЭКСПО-2017» Комиссары – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев шетелдік қатысушылармен келіссөздер басталғанын және инвестициялық әріптестіктер орнатылып жатқанын жеткізді.
Әрі қарай

Белгісіз

Бір аға бар. Өмірде таныс емеспіз. Тіпті, офлайнда да танымаймыз. Жекеде хат жазыспаймыз. Салған суретіне, жазған жазбасына қараймын. Менен едәуір үлкен. Қайда жұмыс істейді?! Қайда тұрады?! Әлде, ол тролльме екен? Белгісіз бір «аға».

Мен оны оффлайн болса да іздеймін. Себебін, өзім де білмейм. Махаббат дейін десең… Бұл басқа әңгіме.

Патриот екенін білемін. Өйткені дәлелдеп жүр. Түрлі жерде өткізген шараларынан, айтқан сөздерінен қазақылықтың иісі шығады. Иісі тіпті «мұрыныңды жарады». Фотолары ғой көргенім. Патриот бір «аға».

Жазған әр жазбамның астына коммент қалдырады. Нағыз қазақ жанашыры. Менің биікке шыққанымды қалайды. Әр қадамымды аңдып отырады. Репост жасайды. Әр комментінде айтар ойын жазып-жазып «Сен орында осыны!» деп аяқтайды. Бірақ, бетіне бұйырып ешкім сөйлемеген қызға мұндай комменттер ұнамайды. Модератор өзім болғаннан кейін өшіріп тастаймын ондайларын. Қалқаман ақынның «Оқырман қызы» секілді. Өмірде алыспыз. Бейтаныс бір «аға».

Бірақ, мен ол кісіге таң қаламын?! Неге мен?! Басқа қыз көөөп қой. Жазып жүрген. Жазайын деп жүрген. Себебін талай рет білгім келді. Хат жазуға оқталдым да. Қарындасы екенімді білсем де, намысым жібермеді. Ұят қой. Қалай бастайсың? Не дейсің? Намысшыл бір «қыз».

Сөйттім де… Ойланып. Толғанып. Ол кісіні өшіріп тастадым. Бітті. Ауыр жүктен құтылғандай боп жүрмін. Бірақ, бұл аға мені ол сияқты тағы қаншама адам тығылып оқып отырғанына көзімді жеткізді. Рахмет, сізге! Ехх… Әйтеуір, сендер аман болыңдаршы «ағаларым»!

P.S: Вконтактеде жазып едім. Бұл жерге қатысы жоқ негізі.
Блог - Sikosha: Белгісіз
Әрі қарай

Компьютерлік графика анатомиясы

Егер қылқалам үшінен бояу емес цифрлар төгілсе не өзгереді?
Техникалық жабдықта қайнасып біткен әр қилы өнерден цифрлы сурет шығады. Цифрлы суреттей тағамның дәмін келтіретіндей нендей құрамасы бар?
Инженерлік сызу. Сызғыш көмегімен сызық, циркуль көмегімен шеңбер сызылып жандарына өлшемдері қойылса инженерлік сызудың қарапайым түрін көреміз. Инженерлік сызу әр түзудің орнын, оның мәнділігін заңдылықпен анықтайды.
Объектінің геометриялық өлшемдері оның бүкіл бойының кез-келген жерінің параметрін анықтайды. Геометриялық объектке қима жасағанда объект өлшемдерінің бір тұтастығын көре білу компьютерлік полиномды (polynomial) модельдеудегі негізгі дағдысы.
Ең қарапайым геометриялық объект сызық. Оның ерекше түрі Базье сызығы атауымен белгілі. Түзу сызықтан қисық сызыққа оп-оңай трансформатталады. Күрделі объект контурын бір-біріне жаланған бірнеше қисық сызықтар анықталса және осы контурдың бір түзудің деформациясынан алынса онда контур қисық сызығы сплайннан (spline) тұрды деп есептелінеді.
Геометриялық объектінің сызықтарын сплайн арқылы анықтаса оны трансформаттау мүмкіншілігін ие болғанын көреміз.
Көлемді геометриялық объектіні өзгертсек онда жай ғана сплайн дегеннің орнына базис (basis) сплайн терминін қолданамыз. Трансформаттау кезінде дене бетін құрайтын әр сызық көршілес жатқан сызыққа байланысты өзгереді. Жалпы сызық өзгерістері белгілі аумақты қамтиды. Аумақ шекарасын анықтаған сызықтар трансформаттаудың қалайша жүретінін алдын-ала анықтап тұрады. Мұндай әсерді алу үшін тор көздік есептеулер жүргізіледі (NURBS беттері).
Жарық құбылысының физикасы. Жарық көзі қалайша жарықтандырады? Бөлме ішін жарықтандырған электр шамы қайсы қабырғаны қалайша жарықтандырады? Сұраққа жауап беру үшін жарық көзінің орналасуын (қабырғаға дейінгі қашықтығын), қабырға бетінің материалын (material), материал бетінің текстурасын (texture) ескеріп жауап іздейміз.
Жалпы 3D сценаны модельдеу арқылы суретті алғанда сценада: объектілер жиынтығын, жарық көздерінің жиынтығын, текстура жиынтығын, камера жиынтығын көреміз. Камера өзінің орналасуына байланысты сцена көрінісін жоба күйінде немесе дайын күйде рендеринг (rendering) жасалғаннан кейін көрсетеді.
2D графикалық редакторларда рендеринг үнемі суретке өзгеріс енгізілген сайын жүргізіліп отырады. Суретші 2D графикалық редакторда ондай рендеринг әрекеті барына мән бермейді. Векторлық 2D редакторда суретті құрайтын элементтердің реті ескеріледі. Әр элемент өзіне қатысты жазықтықта орналасады. Бірнеше жазықтықта элементтер біріктірілген соң соңғы нәтижені аламыз.
Блог - bake: Компьютерлік графика анатомиясы
3D графикада сцена көрініс камераға түседі. Көбінде 3D редакторда суретші салып жатқан суретін жоба ретінде көреді. 3D графика компьютер ресурсына талабы жоғары болғандықтан жобалауды жарықтың физикалық құбылысын, геометриялық объектілерінің текстурасы ескерусіз жүргізіледі. Тек камерадағы көрініске рендеринг жүргізген кезде сцена жобасы суретті дайын көрінісіне айналады. Бірақ та ылғи да осы жолмен 3D көрініс алына бермейді, 3D сцена жобаланып жатқанда бірден рендерингте жасалынатын кездер де бар. Компьютерлік ойындарда рендеринг суреттерді түзеп -үзілмей ауысқан кадр-кадр легі ретінде бейнекөрініс береді. Компьютерлік ойындарда жарық құбылыстарын, сұйықтық беттерінде толқындарды, оттың жануын, тұмандағы көріністерін компьютерлік модельдеусіз, яғни симуляттаусыз, имиттаттаусыз (simulation, imitation) реалистік (realist) көріністер алу мүмкін емес. Жалпы компьютерлік модельдеу сценаны тұрғызғанда автоматты түрде үнемі іске асады, 3D редакторларда компьютерлік модельдің параметрін суретші реттеп сценада түзеліп жатқан суретке қажетті әсер жасайды, әрлейді. Жарықтың түсуін модельдегенде суретші жарықтың интенсивтілігін, оның табиғаты параметрлерден таңдайды.
Қазіргі 3D графикалық редакторлардың мүмкіншіліктерін шолып өту үшін жекелей мүмкіншіліктерін қарастыру қажет, онда анатомиясын емес нақты бір редакторды қарастыру қажет. Сонымен анатомия нені көрсетті?
Үшінші Z осьі математикалық иллюзия!( illusion) Сол себепті 2D редакторларда 3D иллюзиясына бар сурет алыну әбден мүмкін.
Дайын суретке қарап оның салу жолын айыру мүмкін емес. Қылқалам, түсті қарындаш немесе қара қарындаш мүмкін сурет гравюра немесе 2D, 3D редакторларымен алынған сурет шығар. Суреттің қандай түрін жеке бөліп қарастырсақ та оның ішіне техникасы шебер суретшінің туындысы көзге бірден түседі.
Бірден 3D редакторға отыра сала нәтиже алу оңай емес. Адамды салсаң дәстүрлі суретші секілді адам анатомиясын ескересің. Машина бөлшегінің 3D моделін жасасаң оның геометриялық дәлдігіне көңіл бөлесің. Конструкторлық құжаттармен жұмыс істей білу дағдылығы да қажет.
Көбінде 3D редакторда бір –екі сурет салған соң әрі қарай сурет техникасын арттыруға құштарлық жоғалады. Өйткені сурет салу күткеніндей оңай, жылдам іске жатпайтыны туралы түсінігі тез келеді. Бірақ та, тамаша туындыны алу үшін қиындығын бойындағы талаппен, өнермен жеңгендер де баршылығын еңбектерінен көріп жүрміз.
Әрі қарай

Қазақстан қор биржасының ашық есік күні

Ертең, 7 маусым сағат 09:30-да КИМЭП университетінде Қазақстан қор биржасының ашық есік күні өтпек. Кешкі беске дейін қор нарығы туралы түрлі тақырыпта семинарлар жоспарланған. Тәжірибелі инвесторлар мен студенттер, қор биржасының мамандары, құнды қағаздар нарығының майталмандары жиналатын осы керемет шараға керекинфолықтарды да шақырамын.
Семинарлар мен лекциялар уақыты мен атауларын мына жерден қарауларыңызға болады:
www.kase.kz/ru/events/show/2014/opendoors_2014#section-2
Қатысу тегін, алайда алдын-ала онлайн тіркеуден өту міндетті. Тіркелу үшін сілтеме:
docs.google.com/a/kimep.kz/forms/d/1Lc2M7h27jzEnF6LMqG7wQHmk3uOmwET3uTjWOQUEpNY/viewform
Әрі қарай

Сәуле Төлепберген. "Джинсты жұма"

Құрметті сайтымыздың қолданушылары! Сіздерге берген уәдеміз орындалды! Сіздерге кейіпкердің демалысы мен оның сол демалысқа деген көзқарасы туралы кеңінен әңгіме өрбитін «Джинсты жұма» жобасының алғашқы видеосын ұсынып отырмыз.


Әдетте, демалысты сенбі мен жексенбі деп есептейміз де, нағыз демалыс жұманың кеші екеніне мән бермейміз. Жұманың кеші – достарыңның арасында керемет уақыт өткізуге не сүйікті ісіңмен айналысуға өте тиімді уақыт.

Сүйікті істі әркім әрқалай түсінеді. Жұманың кешінде армандар орындалуы мүмкін, жаңа идеялар туындап, бастамалар іске асуы мүмкін. Сондықтан жұмыс аптасынан кейінгі уақытты қалай тиімді өткізу туралы әңгіме өрбітетін боламыз. «Джинсты жұманың» лайт-форматы дәл осындай! «Джинсты жұманың» кейіпкері демалысты қалай өткізетінін, армандарын қалай жүзеге асыратынын Kaztube.kz портаымен бірге тамашалаңыз!

Ал, енді жобаның кейіпкеріне келсек: ол — Prince Charming емес, SC Stroy Contract құрылыс компаниясының СЕО-сы, табысты кәсіпкер, қоғам қайраткері, қазақстандықтардың жаңа буынына үлгі бола білетін азамат. Бір сөзбен, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Бұл жігіт жетекшілікк ету саласында да, шетелде білім алуда да, мемлекеттік қызметте де молынан тәжірбие жинаған. Бар-жоғы 30 жаста ғана. Бірақ, «заманымыздың батыры» деген атаққа лайық жан. Бүгін Қайрат Құдайберген өзінің менеджмент саласындағы жеңістері мен «жасыл технологияны» жетілдіру туралы ойларымен ғана бөлісіп қоймай, патриот болу қандай екенімен де бөліседі. Бүгін «джинсты жұмада» ол жәй ғана Қайрат ретінде демалып, өз армандарын әңгімелейді. Бұл армандары біреуге дем беруі мүмкін! «Джинсты жұмада» бәрі мүмкін!

P.S. Жобамызға қатысқан Қайрат Құдайбергенге алғысымызды білдіреміз. Біз тың ақпараттар алып қана қоймай, сіздің тәжірбиеңізден үлгі алдық. Рахмет!
Әрі қарай