"Әлемдегі ең кедей президент қызметінен кетті"

Сенбі күні тарихқа «ең кедей президент» ретінде енетін Уругвай басшысы Хосе Мухикидің мандаты мерзімі аяқталды, деп хабарлады Росбалт.Конституцияға сәйкес мемлекет басшысының екінші мерзімге қатарынан дауысқа түсуіне құқығы жоқ.Уругвайда өткен сайлаудың нәтижесімен 2015 жылғы 1 наурызда елдің бұрынғы президенті, 74 жастағы онколог-дәрігер Табаре Васкес 4 жылғы үзілістен кейін билікке оралады.Дегенмен, Мухики саяси сахнадан кетпейді, ол сенатор лауазымына жайғасады, деп хабарлады ТАСС.Уругвайдың қызметінен кетіп бара жатқан көшбасшысы бұрын 1960-1970 жылдары режиммен күресте лаңкестік, банктерді тонау, кепілдіктер алу сияқты күрестің қарулы әдістерін пайдаланған Tupamaros тобының қатысушысы ретінде танымал.Әскерлермен қақтығыста Мухики алты рет жараланды, тұтқынға алынды, азаптаулардан өтіп, жалпы алғанда 14 жылдан астам уақыт бойы түрмеде отырды.1985 жылы наурызда саяси тұтқындарға кешірім жарияланғаннан кейін билікті күшпен басып алуды қолдану қате екенін түсінген жағдайда бостандыққа шықты.Хосе Мухикиді баспасөз «әлемдегі ең кедей президент» деп атады«nur.kz»>//http://i-news.kz/category/14-kazaksha.html
Әрі қарай

Ата-аналарға арналған 10 ұсыныс (кеңес).

1.Балаңызды бар болмысымен шынайы қабылдаңыз.

2.Ешқашан орынсыз бұйырмаңыз. Мақсатсыз бұйрықтардың қажеті жоқ. Баланың өміріне араласпау қаншалықты қауіпті болса, үнемі орынсыз «басыңызды сұға беру де» соншалықты қауіпті. Аражігін ажыратып, тепе-теңдікті сақтай біліңіз.

3.Сізге қарсы шыққан адамға белгілі бір мөлшерде сеніміңізді сақтаңыз.

4.Орнымен сыйланған сыйлық қанағатсыздықтың алдын алады. Балаларға «жоқ» деп айтуды үйреніңіз. Қалағанын орындамау көбірек пайда әкеледі, я болмаса, қажеттілік пен ысырапшылдықты ажырата білетін болады.

5.Ешқашан жалғыз шешім қабылдамаңыз. Отбасылық өмірдің «алтын заңы» – диархия. Әке мен ананың бір-біріне қарсы шығып, сөзге келу барысы сәби үшін қызық құбылыс болып табылады. Әрине, ол жас санаға әсер етеді.

6.Әрқашан барлық істе өз үлгіңіз арқылы жұмыс істеңіз. Баладан өзіңіз істеген нәрсені ғана талап ете аласыз.

7.Барлық мәселе туралы қорқынышсыз ашық сөйлесеңіз. Сөз айтылса ғана өз мақсатына жетеді.

8.Туған-туыстарыңызбен жұмған жұдырықтай болыңыз. Отбасы – шағын мемлекет. Барлық іс-ірекет ақылдасу арқылы шешілу қажет.

9. «Ашық есік» саясатын ұстаныңыз. Ерте ме, кеш пе ер жеткен ұлыңыз бен бой жеткен қызыңызды үйде ұстап отыра алмайсыз. Уақытылы еркіндікке үйретіңіз.

10.Баланың өміріне араласуды өз уақытында тоқтатыңыз. Бұл заңдылық көңілсіздік тудырады, әрине. Алайда, ата-аналық кәсіптің шектеулері мен өз заңдылықтары бар. Қазақы менталитетке салсақ, тірліктеріне араласпай, махаббаттарына бөленіп, немерелеріңізді бағып, кәріліктің рахатын көріңіз!
Әрі қарай

Автомобиль қуаты қайдан шықты? Қозғалтқыштың коммерциялық көрсеткіші.

-Әрине, қозғалтқыштан! Мотордан (неміс. аудар. –қозғалту).
Қуат -қозғалтқыштың негізгі техникалық көрсеткіштерінің бірі. Механиктерге қозғалтқыш және қуат сөздері тұрақты сөз тіркес.
Бу қозғалтқыштың өндіретін қуатын ат күші арқылы бағалауды 1789 жылдың төңірегінде Джеймс Уатт ұсынған. Кейіннен оның есімімен өзі енгізген ат күші ұғымын ығыстырған қуат бірлігі Ватт аталды.
Өз ұсынысын жасамас бұрын Джеймс Уатт инноватор ретінде, жылуды механикалық қозғалысқа айналдыратын бу машинасының жұмысын жетілдіріп танылды.
Таңқаларлығы! Техника тарихында бу машинасын жетілдіріп, бу қозғалтқышына айналдыру үшін біршама уақыт өткенінде.
Мұның себебі! Бу машинасының жұмыс принципі түсінікті, қарапайым, жетілгені соншалықты оның жұмысын түсінуге басқаша көзқарасты қажет етпейді деген үйренішікті ұғымның болуында, ғалымдар да осындай ұғымға сүйеніп бірінің ізін бірі басып жүре бергенінде болып тұр.
Уаттақа дейін ешқайсы ол түсінгендей бу машинасының жұмысын түсінбеген. Уатт болса бу машинасына бетбұрыс жасап, бу машинасын жетілдіріп, жаңа үлгідегі бу қозғалтқышын жасады. Қозғалтқышты!
Блог - bake: Автомобиль қуаты қайдан шықты? Қозғалтқыштың коммерциялық көрсеткіші.
Суретте Ньюкманның бу машинасы (wikipedia.org)
Оның қозғалтқышының негізінде алғаш кәсіптік мақсатта қолданылған Ньюкманның бу машинасы жатыр. Ньюкманның машинасы шахтадан суды шығаратын мамандырылған қондырғының ажырамас бөлігі ретінде қабылданды. Уаттың бу қозғалтқышы болса кең қолданысқа ие болған алғашқы қозғалтқыш. Сондықтан Уаттың бу қозғалтқышын сөз еткенде универсал сөзін қосамыз.
Осылайша жылуды механикалық қозғалысқа айналдыратын жылу қозғалтқыш ғасыры темір және өзен жолдарында оттың жылуымен жүретін көліктерді де адамзат қолданысына сыйлады.
Ғасырлар бойы жұмыс жасауға бейімдеген тірі жануарларды, соның ішінде атты, бу қозғалтқышы алмастырды.
Уатт жылу қозғалқыштарында қолданатын көптеген техникалық шешімдердің түпнұсқасын ойластырып жасады. Қазір мұнай өнімдерін отын ретінде пайдаланатын автомобиль қозғалтқыштарында кең тараған негізгі механизм -иінді білік және бұлғақ жұбы Уаттың оригинальді техникалық шешімі себепші болған десек қателеспейміз.
Өлшеуіш құрал шеберінің қол-көмекшісі бағындарған шың!
1975 жылы Джеймс Уатт және Мэтью Болтон (Баултон) кәсіпкерлік серіктестік құрады. Бу қозғалтқышын құрастырып жинайтын өнеркәсіп ашады. Екеуі серіктес болған жиырма бес жылда көптеген бу қозғалтқыштарын жасап шығарады.
Он сегіз жасында өлшеуіш құрал шеберінің қол-көмекшісі қызметін атқарып еңбек жолын бастады. Сонау заманда, транспортир тектес өлшеуіш құралды жасайтын шеберде қажет етті-ау!
Сексен үш жаста әл-қуатты, өнеркәсіптік қозғалтқыш жасау саласының пионері, танымал кәсіпкер, ғалым, көптеген техникалық жаңалықтың түпнұсқасын жасаушы дүние салды.
Қазіргі бензин, дизель қозғалтқыштарын бір-бірімен салыстырсақ ең бірінші оның қуат көрсеткішіне көңіл аударатынымыз.
Жүз, жүз елу, екі жүз аттың күші бар қозғалтқыштар бар.
Ең басты сұрағымызға жауап берейік.
-Сонымен, неліктен қозғалтқыш күші ат немесе Джеймис Уаттың есімімен аталған Ватт өлшем бірлігімен бағалынады?
Механикалық жұмысты атқаруға жұмсалған қуатты анықтауды көрсететін формулаға көңіл аударайық:

N=F*V мұнда N –қуат Вт, F –күш Н, V –жылдамдық м/сек.

Энциклопедиядағы деректерге сүйенсек Джеймс Уатт бір ат күшін келесідей анықтағаны белгілі.
Сегіз сағаттық жұмыс аусымында немесе күнінде бір ат шахтадан жүкпен толтырылған бөшкені тік тартып шығарғанға жұмсаған күшін анықтап көрген.
Шахтадан көмірді, суды, жұмысшыларды жер бетіне шығару үшін сыйымдылығы 1 баррель, яғни сыйымдылық көлемі 140.9 -190.9 литр бөшкелерді қолданылған. Әдеткі бөшке салмағы 400 фунт, яғни салмағы 163.8 кг есептелінетін.
Бір аттың күші жүкке толы бөшкені тартып шығаруға шамасы жоқ, сондықтан екі аттың күші қолданатын.
Уатт бір аттың күші ½ баррельді сегіз сағат бойы 28.8 км-ге 3.6 км/сағ жылдамдықпен тартуға шамасы жетеді деп есептеп шығарды.
Яғни, 3.6 км/сағ дегеніміз 1 м/сек, яғни 1 сек. ішінде ат 73.71 кг күш өндіреді.
Уатт өмір сүрген Викторияндық заманда қолданылған ағылшын өлшем бірлігіне көшсек, яғни метр-фут, кг-фунтқа.
Бір секундта 1 футқа жылжып, 550 фунт жүкті тартады. Бір минут бойы 550 фунтты алпыс футқа тартып ат 33 000 фут-фунттың жұмысын істейді деп Уатт шешкен.
Уаттың есептеулерінің мағынасын қайтадан ой елегінен өткізіп не ұсынғанын түсінеңіз, келесі пікірге қосыласыз:
-Қозғалту үшін өндірілген күш және оны тұрақты өндіру уақыты жаңа өлшем бірлігі, жаңа түсінікті береді, -депген ойды өздігінен тудыратына көз жеткізесіз.
Қазіргі қозғалтқыштарды тірі ат күшімен салыстырып, бағалауға болмайды. Ат күші қосымша бірлік. Қозғалтқыш қуатын ат күшімен көрсету коммерциялық мақсатта қолданылады. Қозғалтқыштағы ат күші нақты шама.
Мысалы:
Қозғалтқыш қуаты 67 кВт =67 000 Вт. Бір ат күшінде 735 Вт тең деп қабылданғанын ескерсек, яғни қозғалтқышта 91 аттың күші бар.
Джеймс Уатт және Мэтью Болтон заманнан бері қозғалтқыштың цилиндрінің ішіндегі қысымдар едәуір артты. Қозғалтқыштың ат күшін есептегенде поршень диаметрі және цилиндрдегі поршень жүрісін ескеру жеткіліксіз. Газдар қысымы жасаған жұмысты ескеру үшін индикаторлық қысым ұғымы енгізілді, келесідей қозғалтқыш қуатын есептейін формула жасалынды:
Блог - bake: Автомобиль қуаты қайдан шықты? Қозғалтқыштың коммерциялық көрсеткіші.
Жалпы Ni қозғалтқыштың индикаторлы қуаты, Nэ қозғалтқыштың эффективті қуаты деп бөлінеді. Соңғысы бірінші көрсеткіштен 15-20% аз, өйткені қозғалтқыштың қуатының бір бөлігі қозғалқыштың ішкі кедергісін жену үшін жұмсалатынын ескереді.
Қозғалтқыштың қуатынан басқа иінді біліктегі айналдыру моменті деген ұғым бар. Оның көрсеткішіде қуатпен байланысты, айналдыру моменті автомобиль дөңгелегінде табамыз, бірақ-та бұл да маңызды, автомобильге жаңа әңгіменің басы.
Он сегізінші ғасыр соңы Ұлыбританияда сауданың, текстиль, көмір өндірудің саласын және протекционизмнің дамуы өндірістік төңкеріске себепші болды. Бүгінгіде жас мемлекетімізде де протекционизм көрінісі орын алды. Отандық өндірушілерді қорғап, дамуына жағдай жасау бүгінгі күннің тәртібі.
Джеймс Уатты, тарихта ең алғашқы кең қолданыс тапқан бу қозғалтқышының түпнұсқасын жасаушы және құрастырушы ретінде еске аламыз.

Реплика:
-Барлық күш көрсеткіштерді тізбей бірден Bugatti Veyron бар емеспе демейсің бе? Оның қуатты қозғалтқышы аталған автомобиль моделін ең жылдам сериялық өндірілген супер автомобильге айналдырғанын айтпайсың ба! Қозғалтқышта 1000 аттың күші бар! Соңғы 10 жылда әлемде ең жылдам автомобиль орынын сақтады, бірақ-та (2015) қазір ең жылдам автомобиль LaFerrari дейді-мыс.
Репликаға жауап:
Өмірден түйіп білгенімізге сүйене:
-Неғұрлым автомобиль қозғалтқышында аттың күші мол -соғұрлым автомобиль жүйрік, -деген пікірді қағида деп қабылдаймыз. Аталған пікір орынды. Механиктерде де осы қағиданы ұстанады.
Қазіргі өмір техникаға бағынышты. Сондықтан оқытын –оқтын, үзік –үзік түскен ақпарат техниканың мүмкіншілігі туралы интуитивті білімізді қалыптастырады. Интуитивтік білім мектеп, колледж, институт, университет қабырғасынан тыс қалыптасқандықтан:
-Білім ошақтарында өмірге керектіге оқытпайды, -деген, пікір бар.
Интуитивті білім кейде өзіне артқан міндетін атқармайды.Соған көңіл аудартқым келеді.
Жауап соңын түсінбей, пікірін білдіртпекші болған оқырманға (аңқау) оқырманға:
Білім ошақтарында өмірге керектіге оқытпайды деген пікір барына көңіл аудартып тұрмын, керісінше, жүйелі білімді білім ошақтарынан алатынымызға көңіл аудартқым келеді, осы мақсатта жазбамды жаздым.
Әрі қарай

"Болашақ" өнер мектебінде өнерге құштар жастар білім алуда

Жақында ғана Астана қаласында «Болашақ» өнер мектебі ашылды. Мектептің директоры — радиожурналист Әсел Ергешқызы.
Мектепте оқушыларды, жастарды өнерге оқытады, дауыс қою, вокал сабақтары, қолөнер бұйымдарын жасау, ақындыққа үйрету, тағы да басқа сабақтар беріледі.
Мектепті жақыныраө, тереңірек білгіңіз келсе, мына видеоны көріңіз.

Әрі қарай

Дәмді десерт мәзірі

Елбасшымыз халықты отандық өнімдер пайдалануға шақыруды тапсырғаннан бері елімізде өндірілетін тауарларға назар сала бастадық. Байқасақ, олар шынында да өте сапалы. Әрі химиялық қоспалары жоқтығына, тіпті, аздығына сенімді боламыз.
Мысалы, сүт өнімдерін алайық. Сүт өнімдерінің сақтау мерзімі ұзарған сайын құрамында қоспалардың көп екенін аңғара беріңіз. Өзімізде шығатын сүт өнімдері ары кетсе, он күн ғана сақтауға жарамды. Ал, шет елдерден импортталатын сүт өнімдері айлап тұрса да, мыңқ етпейді. Демек… Демек, ой түйетін сәт жетті-ау :)

Оны қояйықшы, жалпы сүт өнімдерінен жеңіл әлі тез жасалатын десерттің мәзірін ұсынамыз ;)

Әрі қарай

Визажист Айдана Әлімжаннан бет әрлеу сабақтары

Қыз баланың әдемі киініп, таза жүргені жеткіліксіз. Сұлулықты нақтылай түсетін әдемі макияж да керек. Мұны бүгінгі заманның арулары өте жақсы біледі. Сондықтан бет күтімі, бетті әдемілеп бояп жүру сәнге айналып отыр.
Барлық қыздар бетіне бояуды ұқыппен, орынды жағуды біле бермейді. Сондықтан кейде бояудың сұлуландырып емес, сұрықсыз қылып жіберетіні бар. Мұны білген нәзік жандар кәсіби визажистердің көмегіне жүгініп, түрлі сабақ алуда.
Кей қыздардың мұндай сабақтарға ақшасы жете бермейді.
Сол үшін біз визажист Айдана Әлімжаннан бояну сабақтарын беруді дұрыс деп шештік.
Ең алғашқы сабақ — бетті әрлеу.

Әрі қарай

Өнер адамдары Қазақ Хандығының 550 жылдығына дайындалуда

Қазақ Хандығының 550 жылдығын тойлауға дайындық басталып кетті. Еліміздің, ұлтымыздың мерейін асқақ ететін дүбірлі мерекеге өзін патриот санайтын азаматтар қолынан келгенше ат салысуда. Мысалы, интернет желілерінде танымал болған суретші Аңсаған Мұстафа әзірден-ақ атаулы мерекенің жақсы өтуіне ықпал етуді бастап кетті.
Сондай-ақ, басқа да қолынан іс келетін азаматтар өз үлестерін қосып жатыр.

Айтар болсақ, жақында ғана Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл кітапта сонау тарихтың қойнауынан шыққан талай ақпараттар бар.


Өнер адамдарының біразы дүбірлі мерекеге дайындығын бастағаны жайлы хабарлауда. Суретші Қалиолла Ахметжан да Қазақ Хандығының 550 жылдығына қандай дайындықты бастағаны туралы ақпарат айтты. Тарих тақырыбында әдемі картиналардың дүниеге келетініне сеніміміз мол!

Әрі қарай

Kaztube.kz, туған күніңмен!

Блог - kaztube: Kaztube.kz, туған күніңмен!
Қазнетте алған орны бар, көрермендердің көзайымына айналған Kaztube.kz бейнепорталы бүгін 6 жасқа толып жатыр. 6 жылдың ішінде қанша шара атқарылды, қанша шаралардан видео ұсынып, қанша жобалар жасалды. Аз уақыттың ішінде көп жетістікке жеткен видеопорталдың әлі де көрерменге берері көп.
Біз ұсынған әрбір видео баршаңыздың көңіліңіздер шығып, талғамдарыңызды арттыра берсін! Kaztube.kz ұжымы сіздер үшін шаршамай, талмай қызмет ете бермек. Сіздің біздің порталды таңдағаныңыз – біздің еңбегіміздің зая кетпегені. Еліміздің еңсесін көтеріп, халыққа күлкі мен қуаныш сыйлайтын видео көп болсын! Отандық контенттің артуына үлес қоса берейік!
Әрі қарай

«Болашақ» қауымдастығының Төрағасы қайта сайланады

2015 жылдың 6 наурызында «Болашақ» Қауымдастығы Кеңес мүшелерінің сайлауы, сондай-ақ Төрағаның сайлануы өтеді. Бұл шешім өткен аптада Қауымдастық Кеңесінде қабылданған болатын.
Блог - Abylaikhan_Kalnazarov: «Болашақ» қауымдастығының Төрағасы  қайта сайланады
Айта кетейік, 6 жылдан астам болашақтықтардың көшбасшысы Бауыржан Байбек болған еді. 2008 жылдан бастап ол Қауымдастыққа басшылық етуде және Кеңес Төрағасы міндетін атқаруда. Кеңес 17 мүшеден құралған, солардың ішінде мемлекеттік және бизнес құрылымдардың, ұлттық компаниялар, банктер, даму институттарының басшылары, саяси мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Уәкілеттік ету мерзімі аяқталуына байланысты Кеңес құрамы кемінде жартысына жуық жаңартылады.
14 жыл бұрын құрылған Қауымдастық бүгінгі таңда ең табысты қоғамдық ұйымдардың біріне айналды. Ол президенттік бағдарламаның 10 мыңнан астам стипендианттарының мүдделерін қорғайды, мұнда тек болашақтықтар ғана емес, сонымен бірге белсенді қазақстандық жастар біріктірілген.
Осы уақыт аралығында болашақтықтар білім беру, білім трансферті, ұлттық мәдениетті және мемлекеттік тілді дамыту, сарапшылық әлеуетті қалыптастыру саласында 60 астам ірі әлеуметтік жобаны іске асырды.
Қауымдастықтың аса жарқын әрі айтулы жобалары – әйгілі голливуд блокбастерлеріне қазақ тілінде дубляж жасалуы, жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңкелер, шетелде білім алып жатқан студенттік қозғалыстар көшбасшыларының слеты, қысқы қайырымдылық балдары.
Нақтырақ www.bolashak.kz сайтында
Әрі қарай