ЕҰУ РЕКТОРЫ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

EҰУ ректоры Ерлан Сыдықов 2015 жылдың 15 сәуірінде Санкт-Петербург қаласында өткен Университеттердің еуразиялық ассоциациясының ХІІІ сьезінде Университеттердің еуразиялық ассоциациясының вице-президенті болып сайланды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының Университеттердің еуразиялық қауымдастығының вице-президенті болып сайлануы – ЕҰУ-дің халықаралық деңгейдегі рөлі жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Еуразиялық университеттер қауымдастығы 1992 жылы алғаш рет 25 жоғары оқу орнының басын біріктірсе, қазір бұл 128-ге жетіп отыр. Олардың қатарында Ресей, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Украина, Түркіменстан, Тәжікстан және тағы басқа елдердің оқу орындары бар. Қауымдастық президенті М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, Ресей Ғылым академиясының вице-президенті Виктор Антонович Садовничий.
Жасыратыны жоқ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы наурызда М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде ұсынған Еуразиялық одақ құру туралы бастаманың 20 жылдығынан кейін өтіп отырған бұл съездің символдық мәні бар. Өйткені, бұл басқосу Қазақстан Президентінің идеясының жүзеге асуының нақты көрінісі.
Білім мен ғылым қай мемлекет үшін де ортақ, Санкт-Петербордағы жиынға бірінші проректор Жәмила Нұрманбетова қатысуда. Өйткені алдағы уақытта университеттер арасында білім мазмұнын жетілдіру, оқу стандарттарын жасау, сапаны арттыру мәселелері осындай алқалы жиындарда шешіледі.
Еуразия ұлттық университеті алғаш рет QS WUR рейтингісіне 2009 жылы қатысып, «500+» тобына кірген болатын. Бір жылды артқа тастап, 2010 жылы ЖОО үздік «451-500 тобына» табан тіреді, ал 2011 жылы «401-450» қатарынан көрінді, 2011 жылмен салыстырғанда білім ордасы 69 ЖОО-ның алдын орап, әлемнің 400 үздік университеттері қатарынан көрінді. Ерлан Бәтташұлы басшылық еткен жылдардан бері де университет бірнеше биік белестер мен асқар асуларды бағындырды. Айта кетсек, 2012 жылы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымындағы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанса, 2012 жылы ЕҰУ QS World University Rankings рейтингісінің қорытындысы бойынша 369-шы орынды иеленіп, үздік 400 ЖОО тізіміне ілікті. 2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 66 сатыға көтеріліп, әлемнің кеңінен танылған университеттер тізімі ішінен 303-сатыдан көрінді.
10 қыркүйекте 2013/2014 жылғы QS World University Rankings университеттердің әлемдік рейтингісі бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 66 сатыға көтеріліп, әлемнің кеңінен танылған университеттер тізімі ішінен 303-ші сатыдан көрінді. Мұндай жоғары дәрежедегі халықаралық мойындау университеттегі білім беру сапасының жоғары екендігін, сондай-ақ, әлемдік білім беру кеңістігінің жоғары стандартына сәкес екендігін дәлелдей түспек.
Бүгінде университет құрамында жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағытта ғылыми зерттеу жүргізілетін 28 ғылыми бөлімше жүзеге асырылуда. Ғылыми-зерттеу жұмыстың басты бағыты – іргелі ғылым, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттары мәселелерін шешу болып табылады.
Университеттің халықаралық қатынасы мен білім беру сапасы, ғылымы мен әлеуметтік-мәдени өмірі халықаралық деңгейде мойындалуы – Е.Б.Сыдықовтың маңдай тері мен ерен еңбегі деп айтуға толық негіз бар.
Біз де Ерлан Бәтташұлын Университеттердің еуразиялық ассоциациясының вице-президенті болып сайлануымен құттықтай отырып, биік мақсаттар мен кемел табыс тілейміз!

Гүлжазира ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Әрі қарай

Өмір жайлы әндер...

Мен ұсынатын үш ән!: Өмір жайлы әндер...… Жаңалық ашқандай болып отырмын, әдеттегідей. Бұл туралы бәрі білгенімен, Өзім жаңа білдім, демек Мен үшін жаңалық. Мына 2 әнді үнемі бірінің артынан бірін тыңдап жүргеніме біраз болған. Керменбаевтың клипі бір фильмге саундтрек екенін білгеніме біраз болған, ол фильмге барғым да келген… Шақырушы да болмады, атын естіп «Давай, кеттікс»-дейтін де жан табылмады. Сонымен, Жанайдың әнінің клипін көрейін деп отырсам, сол фильмдегі кейіпкерлер жүр.))) Демек, 1 фильмге қатысы бар 2 ән екен. Ғаділбектің әнін тыңдаған сайын «Ееееех, өмір-ай!» деп, әбден шимайланған парақты, қайта ағарту мүмкін емес екеніне көз жеткендей ме?! Қысқасы, бұл ән мені «Селк» еткізді!

www.youtube.com/watch?v=1ePzZJtDNYY

www.youtube.com/watch?v=pbbaYZyNBpA
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/8 финалдық ойын

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/8 финалдық ойын
Әлгіндегі ойыннан кейін 10 шақты күн өткен болатын. Кезекті ойынды көруге бардым.
Ойында кіржиген көзқарасымның фокусына 4 команда ілінді. Немене??? Неге 5 емес?
Жоқ, команданың ниеті ұрып тұрса да, өмірде түрлі жағдай болады: қаржылық, ұйымдастырушылық, бюрократиялық, адами фактор мәселелері ойынға аттануға кедергі болуы мүмкін. Оның үстіне, әскери оқу орнындағы команда болса. Бірақ, оны түсіністігі бар мейірбан адамдар ойласын, ал менің бас қатырғым келмейді.
Жоғары лигада ойнау үшін қаншама команда арттарын жыртып, тырмысып, уақытын кетіріп, даңғыл жол жүреді. Ал өте салып, келмей қалу…
Әрі қарай

Бір өкініш… Бір арман… Бір үміт...

Блог - MukhtarZhamishzhanov: Бір өкініш… Бір арман… Бір үміт...Футбол- жер шарындағы ең бәсі биік саналатын аламан дода. Он бір жүрек, бір мақсат, бір мүдде! Жан алысып, жан беріскен ойыншылар ордасы. Ешқашан өлмейтін әрі өшпейтін спорттың айрықша түрі. Бірақ қазақ топырағында аталмыш спорт түрі жарық дүниеге келмей жатып, бақилық болған. Тірі болған күннің өзінде ауыр науқас. «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» дегендейін, біршама уақыттан бері отандық футбол жайлы айтып-айтып біраз адамдар қажып кеткелі қашан! Тегі қазақ футболының бойына қан жүгірмей-ақ қойды. Шет ел футболына қарайсың да, қайран қаласың! Тепкендері гол, құлағандары фол. Иә, бұл-нағыз футбол, ағайын! Қашан өзгені емес өзімізді мысалға келтіреді екенбіз? Құпияға толы қазақ футболының қалы қалай? Отандық футбол тасын қалай өрге домалатамыз? Осы сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітіп көрелік.

Блог - MukhtarZhamishzhanov: Бір өкініш… Бір арман… Бір үміт...«Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» деген қайран қазақ атам. «Кубаньды» құрдымға кетіріп, «Теректің» түбіне жеткен Красножанға қалай ұлттық құрама тізгінін ұстатуға болады? ҚФФ-ның ғана қолынан келетін кезекті сенсация. Шторг пен Беранектің күйін кешіп, ақыр аяғында қара шапанды арқалап кететіні анық қой. Соқыр бапкерден басқа не күтесің?! Ішкі біріншілікте біраз нәтижеге қол жеткізген ойыншылардан гөрі қосалқы құрамда тек орындық жылытқан жалқауларды артық санаған жаттықтырушыны сынамаған пенде жоқ. Красножан келгелі жасыл алаңнан қарадомалақтардың қарасын көру арманға айналды. Ұлтжанды емес ұлтшыл орыс бапкерінің құрамасында тек орыстардың ойнайтыны айдан анық. Тізімге ілінетін бес қазақтың біреуін ғана негізгі құрамнан көресің. Жанға бататыны да осы. Бұл не деген сұмдық? Қазіргі өгізаяң қалпымыздан арылу үшін ұлттық құрамадағы қазақтардың шоғырын көбейту керек. Жеңіске жету үшін адам бойында ұлттық рух жоғары болуы тиіс, буырқанған намыс тыным бермеуі керек. Сонда ғана жеңістің тәтті дәмін татуға болады. Бұның жолында Красножан құрбан болуы тиіс болса, оған да барудан тайынбау керек. Өзіндік ойын манерасын әлі қалыптастырмаған, тактикалық қателіктерге жиі бой алдыратын бапкерге де керегі сол. Ұтылудан шаршамаған Красножаннан, егемен елімізге жанашыр, қаны қазақ бапкердің баптағаны баршамызға тиімді. Тіпті болмаса талай команданың футболын ұшпаққа шығарған Моуриньо мен Хиддинк секілді білікті бапкерлерге арқа сүйеген абзал. «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда болса, соңғысы сонда» екенін естен шығармаңыздар!

Блог - MukhtarZhamishzhanov: Бір өкініш… Бір арман… Бір үміт...Сүреңсіз ойындарға тек бапкерді айыптау әбестік. Ойыншылардың кәсіби шеберлігі өте төмен. Физикалық тұрғыдан қарастырғанда да жетісіп тұрғандары шамалы. Жауырыны жерге тимеген, нар көтерген қазақтың 90 минутқа шыдай алмағаны қай мазағы? Моральдік те дайындығы еуропалық ойыншылардың деңгейінен көш кейін. Алаңда бір-бірінің тілін түсінбейді. Соның салдарынан пас алмасудағы қателіктері шаш етектен. Үреймен ойнайды. Сылбыр қимылдайды. Жан-жақты дайындықтың жоқтығы көзге ұрып тұр. Адам тойып семіреді, бұлар әбден ақшаға тойған жатып ішерлер өңкей! «Доп ойнаған тозар» дегенді сылтауратса керек, мүлде ойнаудан қалды. Тіпті ойынды өз мойнына алып, дирижерлік ететін мықты бір футболшыны көрмейсің. Марадоннаға еліктеген кешегілер бүгін Месси болды. Қара қазағыма еліктеп, бой түзетін бір қазақ футболшысының табылмағаны жүректі қан жылатады. Дегенмен, Исламхан, Қонысбаев секілді серкелер жүрекке аз да болса сенім ұялатады. Қазақстан құрамасы футболшылары, барлығы өз қолдарыңызда!

Блог - MukhtarZhamishzhanov: Бір өкініш… Бір арман… Бір үміт...Талай команданың обалына қалған Қазақстандық арбитрлар алқасы жайлы да айта кеткен жөн. ФИФА мен УЕФА түзіп шыққан қағидалар кітабында төрешінің қателігінен матчты қайтадан ойнап шығуға рұқсаттың жоғы айтылған. Яғни төреші пенальтиді дұрыс белгілемеді немесе ойыннан тыс қалған сәтті дұрыс анықтамады деп, команда басшылары мен құзырлы органдардың матчты қайтадан ойнатуға хақы жоқ. Бұл қағида тура Қазақстанға арнап жазылғандай. Егер біздің елде төрешінің қателігінен кеткен ойынды қайта ойнайтын болса, біріншілік бел ортасына жетпей, бір маусымды 3-4 жыл ойнайтынымыз сөзсіз. Келісілген ойындарды да кездестірдік. ФИФА мен УЕФА-ның тізімінде бар бір Қазақстандық төреші жоқ. Көрші ел Өзбекстанның Равшан Ирматов бастаған төрешілер тобы ӘЧ-да қызмет көрсетеді дегенде, барлық БАҚ өкілдері бұл күтпеген оқиғаны жарыса жазған еді. Әйтсе де, өзбекстандық төреші дүбірлі доп додасының барысында өзінің білікті маман екенін дәлелдей білді. Алыстағы Африка мен Бразилияда міндетін абыроймен атқарған арбитр талайға үлгі бола білді. Ирматовтан үйрен, ҚФФ төрешілері!

Блог - MukhtarZhamishzhanov: Бір өкініш… Бір арман… Бір үміт...Жанкүйер! Жаныңды беріп, күйіп кету деген сөз емес пе? Күймек түгіл қарпайым ойынды көруден аулақпыз. Стадионда жанкүйерлердің аздығы бәрімзіді қынжылтады. Орташа есеппен үш мың адам жиналады екен. «Бәрібір ұтыламыз» дейтін Қазақстандық жанкүйерлер лапылдаған отқа қалай май құйып жүргендерін өздері де білмейді. Жанкүйерлер толы болса, футболшы да рухтанып, иығына үлкен жүк артылғанын сезер ме еді? Жанкүйер болмаса олар кім үшін ойнайды? Қазақстан командаларында фан-клубтың өзі толық құрылып біткен жоқ. Ал, Еуропаның командаларының басым бөлігінде «12» нөмір берілмейді. Оны арнайы жанкүйерлерге арнаған. Алаңдағы 11 ойыншы ғана емес, жанкүйерлерді де он екінші деп санайды. Еуропа жанкүйерлерінің мәдениетінің жоғарылығы соншалық, түрлі анимациялар жасап, клубтың гимнын шырқап, үлкен-үлкен банерлерге дем берер қанатты сөз жазып, қолдарынан келер көмекті аянбайды. Қазекең болса, отырып алып балағаттағаннан басқа не білсін. Туған елінің футболын ары ысырып жүргендер қатары аз емес. Қазақстанның атағын, абыройын, ар- ұятын әлем алдында қорғап жүргендер үшін қам жейтіндер аздығы жанымды жегідей жейді. Ұлттық құрамаға қолдау көрсетейік, ағайын!

Блог - MukhtarZhamishzhanov: Бір өкініш… Бір арман… Бір үміт...Комментатор мен асаба егіз ұғым. Тойды төңкеретін де, көмкеретін де асаба болса, матчтың мәні мен сәнін келтіретін комментаторлар. Жоғарыда айтылған дерт қазақ комментаторларына да жұқса керек. Бейдауа сырқат-ау шамасы. Тыңдаушының құлағына түрпідей тиетін орыс тілінен алынған калька сөйлемдерді жиі қолданады. Футбол десе қаны қызбайтын, спорттан хабары шамалы адамның матч тізгінін ұстап, талқылағаны күлкілі естіледі. Жаттанды сөз, таныс трафарет, жанама әңгіме, артық күлкі-қазіргі қазақ комментаторларына тән қасиет. Ойын біткенше миллион рет кешірім сұрайтыны да бар. Мағынасы майысқан сөйлемге әуес. Қазақтың осынау кеңпейіл, мейірбан, дархан даласы сияқты ұшан-теңіз бай, шешен де көркем тілін қолданбай, өзге тілден аударма іздеп, әлек-шәлегі шығатындай комментатор мырзалардың басына не күн туған? Қазақи қалжыңы мен тапқыр теңеулері, өткір сын, ирониясы қатар жүретін, спорт саласынан сауатты комментаторлардың аздығы көңілге кірбің түсіреді. «Дайын асқа тік қасық» болмай, ізденіп, талаптанып, жаңа леп, спорт санасына соны серпін сыйлаңыздар, комментатор көкелер!

Блог - MukhtarZhamishzhanov: Бір өкініш… Бір арман… Бір үміт...«Футбол саясаттың жетегінде кетпеуі керек» деп, шыр-пыр болған Мишель Платинидің сөзінде жан бар. Елімізде саясаттың спортқа ықпалы зор. Керісінше өкімет футболға қолдау көрсетіп, дем беруі шарт. Осыдан бірнеше жыл бұрын бірлескен Спорт басқармасы футболды дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жасады. Инфрақұрылымды жаңғыртуды бастамаға алғандарын жарияға жар салды. Нәтижесін көзбен көріп, құлақпен естіп жүсіздер. Әбден былыққа батқан, жемқорлық белең алған, футболдан бейхабар басшылықтан кері кетпесек, ілгері жылжымаспыз!

Мақаланың мақсаты көпке күйе жағу емес. «Айтпасаң сөздің атасы өледі» дейді ғой. Сын түзелмей, мін түзелмес. Жыртығымызды жамап, тыртығымызды түзеп, қалың қазағыма қозғау салу. Айтар дүние аз емес. Дегенмен, бұл күндері төрткүл дүниені өзіне иландыра білген, үлкен сұранысқа ие спорт түрін неге елімзге насихаттамасқа? Ахмет Байтұрсыновтың өлеңіндегідей масадай ызыңдап, халқын оң өзгерістерге бұрсын деген ақ ниетті дұрыс түсініңіздер, ағайын! Білікті бапкер өз бабында болып, дұрыс нұсқау берсе, ойыншыларымыз намысқа тырысып, қажымай тер төксе, төрешілеріміз әділдікті ту етсе, комментаторларымыз ойынды жүйелі жеткізсе, өкіметіміз «шабамын» деген жігітке ат берсе футбол ойнамақ түгіл, әлемдік бәсекеде топ жарамыз! Ал, сен, жанкүйерлік ет те, нәтиже талап ет! Қашанғы өзгенің доп тепкеніне телміріп жүре бермекпіз. Өзіміз дегенде өгіздей қара күшті сарп етіп, күллі дүниеге қазақтың доп тебе алатындығын дәлелдейік, қазақ елі!
Әрі қарай

Біздің мұңымыз бір...

«Алдағы 2015-2016 жылдары аралығында елімізде 10 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтеретін болады. Әрине, біз бұдан да көп соғуымыз керек. Алайда, ол үшін қолайлы жағдай жасалуы керек. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы мемлекеттің ұйымдастыруымен ғана емес, инвесторларды тарту арқылы да жүзеге асырылуы тиіс. Оның үстіне, бізге „Жалдамалы тұрғын үй“ бағдарламасын дамыту қажет» -деген еді кезінде экс-министр.
Блог - azhar_sagatpekova: Біздің мұңымыз бір...
Алайда!
Елімізде қаншама адам баспанаға мұқтаж болып отыр. Мәселен, баспанаға кезекке тіркелгені біршама, ал тіркелмегені қаншама. Олардың негізгі көпшілігі жастар.
Блог - azhar_sagatpekova: Біздің мұңымыз бір...
Қалай баспаналы боламыз?
Блог - azhar_sagatpekova: Біздің мұңымыз бір...
Банкке құлдыққа алынсақ?
Блог - azhar_sagatpekova: Біздің мұңымыз бір...
Бірақ, құлдықта қартаямыз-ау.
Блог - azhar_sagatpekova: Біздің мұңымыз бір...
Тағы да басқа 2 жол бар:

1) Олимпиада чемпионы болу
Блог - azhar_sagatpekova: Біздің мұңымыз бір...
2) Үшем туса ғана
Блог - azhar_sagatpekova: Біздің мұңымыз бір...
Бірақ біз Елбасымызға сенеміз!
Блог - azhar_sagatpekova: Біздің мұңымыз бір...
Қолжетімді баспанаға қолымыз жетпей жүр
Блог - azhar_sagatpekova: Біздің мұңымыз бір...
Әзірге қолдан келері көшедегі зәулім үйлерге жалдамалы пәтеріміздің терезесінен телміру ғана…
Блог - azhar_sagatpekova: Біздің мұңымыз бір...Блог - azhar_sagatpekova: Біздің мұңымыз бір...
Біздің мұңымыз бір!
Блог - azhar_sagatpekova: Біздің мұңымыз бір...
Әрі қарай

Қазақ тілін дамытуды әуелі өзіңнен баста

Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын алып қарайық. Оның ішінде қазақ тілді газет-журналдар мен теле-радио хабарлар. Барлығында ұлт, дін, тіл, діл туралы жоқ дегенде бір мәселе қозғалады. Қызыл тілмен көсіле жазған автор, өз мақаласында (баяндамасында) қазақ тілінің қазіргі жағыдайы жаман, өліп барамыз деп ышқынып қалады. Аталмыш жазба жарияланады, мәселе халық пен билікке жеткендей болады. Арада аз уақыт өткен соң ел есінен шығып, ұмытылып кетеді. Әлгі автор сол мәселені қайта көтеріп, тағы да шу шығарады. Осылай жалғасып кете береді. Нәтижесі «Ноль». Қазақ тілінің дамуы туралы мәселе тәуелсіздік алған алғашқы жылдары көтерілген болатын. Содан бері арада қанша жыл өтті. Құлаған экономикамыз қалпына келіп, дамудың сара жолына түстік. Ал тіл мәселесі сол тұралап қалған қалпында қалды. Жазғыштар жазудан, айтудан жаңылмады. Сәйкесінше бұл тақырыптан халық жалығып, ондай дүниелерді оқымайтын дәрежеге жетті. Жауыр тақырып атанды. Расында бұлар ең өзекті дүниелер, бірақ нақты іспен емес құр сөзбен көтеріліп жатқандықтан қадірі қашқан. Мұнымен қалай күресуге болады? Әуелі бос аттан мен құр айғайдан арылу керек.

Ғаламтордағы қазақ тілі

Блог - tomarlik: Қазақ тілін дамытуды әуелі  өзіңнен бастаЖоғарыда айтып өткеніміздей, ана тілімізді дамытуда бос аттаннан пайда жоқ. Мәселен қазақ тілінің жай-күйі туралы қазақ тілді газетке жазып көтерудің пайдасы қанша? Ұлттық мүддеге пысқырып қарамайтын кейбір шекпенді ағаларымыз, ана тілімізде жарық көретін газетпен санасады, оларды оқиды деп ойлау асылық болып шықпай ма? Сондықтан нақты қадамдарға барып, тіл дамытуда өзімізден бастайық. Ол үшін не істеу керек? Егер тілді қалай дамыту керек екенін білмесеңіз, тым құрығанда айналаңыздағылармен қазақша сөйлесуге тырысыңыз. Оған көңіліңіз жақпаса қолыңыздан келетін бір шаруаны қолға алып, нақты қадамдарға барғаныңыз жөн. Мәселен, ғаламтор бетінде қазақша ақпараттар аз. Әсіресе википедияда. Бұлда бір кездері біраз шу болып, жазғыш ағайындар газетте мәселе көтерген болатын. Шешімін тапқан шенеуніктер емес алайда. Қолынан іс келетін азаматтар. Барлығын санамалай бермей, өзім білетін бір жігіт туралы айтып өтейін. Есімі барлықтарыңызға жақсы танымал болуы керек. Қазақша уикипедияның әкімшісі Данияр Тәжімбет деген жігіт. Менен бір жасқа кіші, 94 жылғы азамат. Мектепте оқып жүргенде бір өзі укипедияға жүз мақала салыпты. Қазір сол дүниелер талай ағайынның кәдесіне асып жатыр. Ал енді ойлап көріңізші. Тіліміз дамымай артта қалды деп қазақ газетінде жылауық «жүз» мақала жазған, сол үшін айлық алған жазғыштың еңбегі зор ма? Әлде үндеместен үйде отырып алып, елге пайдасы тиетін һәм ғаламторда қазақ тілінің дамуына үлес қосатын «жүз танымдық мақала» жазған жас баланың еңбегі зор ма?

Қазақша сыйлық
Блог - tomarlik: Қазақ тілін дамытуды әуелі  өзіңнен бастаТағы да сол тіл мәселесі. Өткенде респудбликалық басылымдарды ақтарып отырған едім. (Негізгі мамандығым журналист болғандықтан басылымдарды қарап отыратын әдетім бар). Бір ағамыз көлдей мақала жазыпты. Айтқан сөзі сол баяғы жылауық тақырып. Ұлттық мүде аяқ асты болды, тіліміз өліп барады. Мереке қарсаңында қазақ тілінде жазылған ашық хаттар емес орыс тілділер көптеп сатылады. Қазақы нақышта жазылған кәдесыйлар жоқ… Солай деп кете береді. Бұл бос сөздерден тілдің дамуына қаншалықты пайдалы? Осы мақаланы жазған автор, мәселені басқа қырынан танып ұлттық нақыштағы дүниелер шығарып жүрген жігіттерге қолдау көрсетуге шақырса жөн болар еді. Мәселен, өткен блогерлер құрылтайында Қарағандылық қыздардың жігіттерге ұсынған сыйлығы қазақша күнделік болған еді. Оны жасап шығарған, Қарағандылық Айбек деген жігіт. Болашақпен сонау Лондонда оқып келіп, қазір Қарағанды қаласында жұмыс жасап жатқан жайы бар. Қазақ қыз-жігіттерінің басын қосып шамасы жеткенше ағылышын тілін үйретуде. Одан бөлек, наурызға сыйлық ретінде күнделік дайындатты. Орыстардікі тәрізді емес. Қазақ жыл санауы бойынша 23-наурыздан басталады. Әр бетінде ұлт тұлғаларының қанатты сөздері жазылған. Ұлттық нақышта бейнеленген. Достарыңызға ұялмай естелік ретінде сыйлыққа ұсынуға тұрарлық дүние.

P/S: «Өзіңнен баста» деп санамалап жаза берсем кете беретін түрім бар. Өмірге теріс жағынан қарамай, басқаша қырынан қарап көрейікші? Неге біз тек жаманын көреміз? Егер позитив іздесек ол табылып қаладығой. Сондықтан кез-келген дүние туралы теріс пікір қалыптастырардың алдында «Мен не істедім?» деп ойлаған абзал тәрізді.
Мен не істедім? Дәл қазір мақтанышпен айтуға тұрарлық еш нәрсе істемеппін. Колледжда металлург мамандығында оқып жүрген кезімде, қажетті дүниенің барлығы орыс тілінде болған еді. Соны қазақшаға аударып, орысша түсінбейтін достарыма беріп жүрдім. Кейін келе жинақталған дүниелерді ғаламторға жариалады. Бар бітірген шаруам сол. Сіз не істедіңіз?
Әрі қарай

Қазақилықпен Қазақпайшылық

Қазақилық дегенің ол қазақтың дархандығы оның кеңдігі өзінің даласындай мейрімділігі. Ал, қазақпайшылық деген көккөз орыс құл қылу үшін қолданған қазақты мұқату үшін жасалған жаңа сөз. Әйтпесе ертедегі қазақта "қазақпайшылық" деген сөз болмаған. Сіздер қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай