Шоу бизнестегі ерекшеліктер

  • Kaztube
Kaztube: Шоу бизнестегі ерекшеліктерШоу бизнеске келудегі мақсат, әрине, жарқырау, танымал болу, өз өнерін паш ету секілді, бір ғана ниет болғанмен, әр өнерпаз түрлі стилмен келеді. Осы ғасырдың бас жағында қазақ шоу бизнесінде топпен ән айту сән болған секілді. "АБК" бастап, "Нұр-мұқасан", "Бәйтерек" қостап, сонан соң "Орда", "Музарт", "Жігіттер" болып кете барды.

Kaztube: Шоу бизнестегі ерекшеліктерКейін фонограммадан жалыққан жұртқа керемет көңіл күй сыйлау үшін, көпшілігі бір кездегі даңқы шырқаған "Дос-мұқасан", «Айгүл» секілді қазақ өнеріндегі танымал ансамбліндері секілді ВИА құруға көшті. Бұрын қолдарына тек домбырамен немесе баянмен шығар болса, кейін түрлі аспаптар шоу бизнестің көркі болды. Мысалы Музарттың Кенжебегі сылдырлағымен ерекшеленсе, қыздардан құрылған "Асыл" тобы қобызымен ән салды.

Соңғы кезде этно-топтардың да қатары көбейіп, онысы сәнге ұласып келе жатқан секілді. "Тұран", "Алашұлы" секілді топтар көрерменнің көзайымына айналып, әндері жұрт көңілінен шығып жүргені белгілі. «Тұран» әлемдік деңгейде өте жоғары өнер көрсетіп жүрген санаулы топтың бірі.

Kaztube: Шоу бизнестегі ерекшеліктерСонымен қатар музыканттар да шоубизден аламыз деген үлестері мол екенін дәлелдеуге тырысып жүр. Қазақ сахнасында жүргендердің арасынан оқ бойы озық тұрғаны Лұқпан Жолдасов шығар. Гитарамен сүйемелдеп, ән айтумен қатар, әсем әуендері жұрт есінде. Ал соңғы ұлттық бағыттағы музыканттардың саны артып келеді. Ал олардың жаңбырдан кейін саңырауқұлақтай қаптауына "Ұлытаудың" жеткен жетістіктері әсер етті ме екен? Әйтсе де, Асылбек Еңсеповты қалай ұмытамыз?! Оның әкесі Жасарал Еңсепов «Декко» жанрының негізін қалаған соң, осы бағытта небір тың ізденістер жасалған болатын.
Дәл қазір домбырашылардың көбі «Декко» жанрымен өнер көрсетіп келеді.

Міне, осындай қаптаған қалың өнерпаздың арасынан жарқ етіп шығып, тасбауыр шоу бизнестің биік шыңынан көрінгісі келетіндер осылайша өзгеше шығып танылып жатады. Бірі тойға арналған әнімен (Заттыбек Көпбосынов, Абай Бегей т.б.), бірі танымал әншіге ұқсастығымен (Ернар Айдар, т.б.) танымал болса, енді бірін көрермендер жұлдыздардың аналары арқылы таныдық деп жатады…
Ал соңғы кезде тез танымал болудың жолы интернет болып отыр. Соның ішінде YouTube видеосервисі көп көмектесуде. Яғни танымал әндерді өз стилімен қайталау арқылы, кавер түсіріп, сонысымен жұрт көңілінен шығып жүр. Айталық осы жолмен жұлдызы жанып келе жатқан әншінің бірі — Нұрым Қуаныш екені даусыз. Оның әндері қазір жастардың арасында кеңінен танымал болып үлгерді.Kaztube: Шоу бизнестегі ерекшеліктер

Сонымен қатар, каверді пайдаланып, жұртты елең еткізген жастың бірі — домбырашы, күйші Темір Дулат. Оның ерекшелігі жай ғана кавер жасау емес, танымал кинолардың саундтрегін домбырамен орындау. Жақын күндері шықса да, жарқ етіп, өз ерекшелігін көрсете алған Темір дәл қазір "Тақтар ойыны" және отандық "Рэкитер 2" фильмдерінің санудтрегін ойнап берді.
Осындай жұрттың тасасында қалып кетпей, өзінің қолынан келгенін пайдаланып, жұлдыз болуға тырысқан жастардың ісі, әлбетте, құптарлық. Барлығына алдынан жарылқасын дейміз. Тек ерекше стильде шығу үшін, артық қыламыз деп тыртық қылмаса бопты.

Ал KazTube порталы кез-келген жастың насихатын арттыруға әркез дайын!
Әрі қарай

Астанада "Астана дауысы" байқауы өтіп жатқанын білесіз бе?

Блог - kaztube: Астанада Астана дауысы байқауы өтіп жатқанын білесіз бе?Жүздеген жас әнші, жалт-жұлт жарық ойнаған караоке сахнасы, елімізге танымал өнерпаздар, қатаң қабақты қазылар алқасы… Бұлардың бәрін «Астана дауысы» байқауынан көре аласыздар! Мақсаты биік, арманы асқақ жоба. Авторы және жетекшісі — Нариман Думанұлы деген белсенді жас азамат. Бұл істің басы қасында өзі шапқылап жүріп, жұмысын өрістетіп келеді. Келесі жылы халықаралық деңгейге шығуды жоспарлап отырған жоба жетекшілері биыл көптеген жас әншілердің талантын шыңдап, дарынын ұштады.
Блог - kaztube: Астанада Астана дауысы байқауы өтіп жатқанын білесіз бе?Бұл жобада ең әуелі жүздеген жасқа есігін ашты. Содан соң солардың ішінен небір күміс көмей, алтын дауыстарын таңдап алып сайысты бастаған болатын. Оларға вокалдан дәріс беріп, дауысын қояды. Содан соң олардың ішінен іріктеліп, іріктеліп келіп, финалға шыққандарға авторлық ән сыйлап, студияда жазып та береді. Бұл өнерге келген жас әншіге үлкен қолдау екені рас.
Сайыстың ерекшелігі — әр сайыс қаладағы түрлі караоке барда өтетін болады. Еркін, заманауи стильде жүргізіліп, жастардың барынша өздерін жайлы ұстайтындай атмосфера қалыптасқан.
Алайда бір әттеген-айы — насихат жағы ақсап тұр. Бұндай жобаның ең басты атқарар шаруасы сол насихат емес пе?! Бірақ ұйымдастырушылар ол жағына жете мән бермеген секілді. Бірақ біздің порталымыз осындай еңбекқор, патриот жастарға деген көмегін көрсеткісі келіп, жобаға ақпараттық демеуші болды. Дәл қазір қорымызда «Астана дауысының» бірнеше сайысының бейнежазбалары бар.
Айтпақшы сайыстың ерекшеліктерінің бірі әр сайыс әр түрлі тақырыптарға арналады. Мысалы мына сілтемедегі сайыс kaztube.kz/video/191603 Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Сілтеме арқылы өтіп, Астана жастарының әндерін тамашалап көріңіздер!!!
Әрі қарай

Kaztube жобасы: "Дәрігер кеңесі"

  • Kaztube
Kaztube жобасы: Дәрігер кеңесіҚазіргі кезде көп жағдайда көбіміздің дәрігерге барғымыз келмейтіні бар екені жасырын емес. Біріміз инеден түршігеміз, біріміз ауруымызды жасырамыз, кейбіріміздің тіпті аурухананың дәлізінен де қорқатынымыз да бар. Алайда «Ауруын жасырған өледі» демекші, түбінде ақ халатты абзал жандардың алдынан бір-ақ шығамыз.

Осындай жағдай болмас үшін, бізге аурудың алдын алып, қандай жағдайда не істеу керектігін біліп, қандай аурудың қандай әсерлері мен белгілері барын білудің артықтығы жоқ. Десе де, қазір ондай кеңестерді қазақ тілінде табу қиын. Ал біздің портал сол олқылықтың орнын, аз да болса, толтыру ниетімен «Дәрігер кеңесі» айдарын ашып отыр.

Аталған айдарда еліміздегі білікті дәрігерлерден видеосұхбат түрінде кеңестер беріліп, ауру түрлері бойынша нақты мәлімет алуға болады. Оның ерекшелігі, әр видеода ауру түрлерінің бірсыпырасын айтып, қалқып өтпей, жеке жеке тоқталады. Яғни бір сұхбатта бір ауру түрі туралы әңгімелейтін болады.

Қазірге дейін "Қант диабеті", "Скрининг" секілді аурулар туралы айтылды. Алдағы уақытта тағы да басқа тақырыптарда қамтылатын болады.
Әрі қарай

Астанада «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғауға қатысты қолданыстағы заңнамалар жетілдірілуі қажет

Блог - Abylaikhan_Kalnazarov: Астанада  «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Бүгін Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ҚР Ұлттық музейі ғимаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы Мәулен Әшімбаевтың басшылығымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы болып өтті.
Іс-шара барысында арнайы әзірленген көрме ұсынылып, «Еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қазіргі жай-күйі» тақырыбының аясында мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау, қайтадан жасау жұмыстарының сапасы, қорық-мұражайлардың мәдени туризмді дамытуға қосар үлесі, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамалардың орындалуы мәселелері қаралды.
Отырысқа ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев, ҚР Парламенті депутаттары, сондай-ақ тарихшы ғалымдар мен сәулетшілер, мұражай саласының өкілдері қатысып, есептік баяндамалар жасады.
«Нұр Отан» партиясының Саяси доктринасында «Мәдениет пен руханилық қоғамды біріктіреді. Мәдениет – өмірдің өнерден, тарихи мұрадан, дәстүр мен тілден нәр алатын аса маңызды саласы. Біз қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтап, ұлғайта түсуді жақтаймыз» делінген. Сондықтан да, партия мәдениет мен өнерге айрықша мән беріп, осы салада уәкілетті органдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы жүргізілуін бақылауда ұстайды.
Еске сала кетейік, 2007 жылы өткен «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі мәжілісте Елбасы Н.Ә.Назарбаев тарихи жәдігерлерге қатысты өз алаңдаушылығын білдіріп, былай деп тапсырма берген болатын: «Әсіресе, реставрациялық жөндеу жұмыстарының сапасына мұқият болған жөн. Баяғыдай, биыл қыруар қаржы жұмсап жөндеп, жылға жетпей сылағы түсіп, кірпіші құлап, жәдігер-мұраларымыз қотыр тайға ұқсап қалып жүрмесін» дей келе, «Археология жұмысында да бейберекет қаза бермей, қазылған сол тарихи орындарды сақтау жағын да ойластырғандарыңыз жөн. Ұлттық мұраларымыз қарлы боран, жауын-шашынның астында шайылып кетіп жүрмесін. Ертеңгі күні орнын да таба алмай қалып жүрерміз» деген еді.
Осындай ойды ортаға тастаған Қоғамдық кеңес төрағасы Мәулен Әшімбаев тарихи-мәдени мұра ескерткіштердің сақталуының ұдайы Елбасы назарындағы мәселе екендігін айрықша атап өтті.
«Содан бері 8 жыл уақыт өтті. Осы және басқа да тапсырмалар орындалып жатыр ма? Қолданыстағы заңнамалар қаншалықты дәрежеде ықпалды? Тиісті атқарушы органдар осы жағын жіті қадағалап отыр ма? Бұл сөз әлі де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Біз тарихи нысандарды қорғау жауапкершілігін жаңа деңгейге көтеруіміз керек»», — деді өз сөзінде Мәулен Әшімбаев.
Отырыста тарихи-мәдени мұра объектілерінде атқарылған ғылыми зерттеулер мен олардың есептілігі, ұлттық құндылықтарды сақтау, зерттеу және насихаттау, оның ішінде қайта қалпына келтіру секілді күрделі тұстарға да қатысты бірқатар сыни пікірлер айтылды.
Қатысушылардың айтуынша, бүгінгі күні нарықтық жағдайға орай реставрация саласында лицензия алған мекемелер көп. Өкінішке қарай, қажетті ғылыми тәжірибелік деңгейді талап ететін бұл өрісте әзірге тек қана олқылықтарды тізбелеуге болады. Бұған «ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне» енген бірегей тарихи құрылыс – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазіргі жағдайы жарқын мысал. Бірде-бір облыста реставрация саласын түсінетін, эксперттік баға бере алатын мекеменің жоқтығы да мәселенің өткірлігін көрсетіп тұр. Жалпы, әрқайсысының орны бөлек, тарихи, мәдени құндылығы қайталанбас мұраға қатысты жасалып жатқан кез-келген жұмыс мемлекеттік деңгейде сапа тұрғысынан тексеріліп отыруды талап етеді
Бұдан бөлек, «Мирас» қоғамдық кеңесінің 2014 жылғы 20 маусымдағы Қазақстанның мәдени саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдама жобасын талқылау жөніндегі отырысының ұсыныстары бойынша атқарылған іс-шаралар қорытындыланды.
Отырыс соңында мәдени ескерткіштерді қайтадан жасау мекемелерін лицензиялауды пысықтау, қажетті мамандар даярлау, азаматтарды ескерткіштерге қамқор болуға ынталандыру және бұл үрдістерді заңнамалық тұрғыда сүйемелдеу мен табиғи апаттардан құтқару шараларын қарастыру бойынша сындарлы ұсыныстар айтылды.
Әрі қарай

Қазақтелеком -АЛТЕЛ: «Мемлекеттің сенімі ақталды»

15 мамыр күні Қазақтелеком» АҚ және «АЛТЕЛ» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында 4G/3G/2G инновациялық мультитехнологиялық желісін енгізген сәтінен бастап алғашқы жылдың қорытындысын жасады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын, сонымен бірге «Қазақстан Республикасының аумағында кең жолақты деректерді жіберудің стратегиялық даму бағдарламасын» жүзеге асыру барысында республика аумағында мультитехнологиялық 4G/3G/2G желісін құру бойынша 2012-2014 жылдарға арналған жоспарын мерзімінен бұрын орындады. Еліміздің жалпы 9 млн. жуық (еліміздің жалпы халқының 56%) тұрғындары бар 450 елді мекендерінде дауысты GSM байланысы және төртінші буындағы 4G:GSM интернетке мобильді кең жолақты қатынау пайда болды.
Бір жылға тарта уақытта «АЛТЕЛ» АҚ абоненттері екі есеге көбейді және 2015 жылдың 15 мамырына қараған жағдайда 2,1 млн. құрады. 2,5 мыңнан аса базалық станциялар пайдалануға енгізілді.

«Компаниямыздың ең басымды бағыттарының бірі – телекоммуникация саласында заманауи технологияларды енгізу, сонымен қатар елдің қалың көпшілігін онымен қамтамасыз ету болып табылады және Елбасының бізге білдірген сенімін ақтай отырып, LTE жобасын жүзеге асырудағы қол жеткізген нәтижелеріміз — алдымызға қойған мақсатымызға жоспарлы түрде жеткенімізді көрсетеді – дейді», «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

«АЛТЕЛ» АҚ деректерді жіберу желісі «Қазақтелеком» АҚ оптикалық транспорттық желісіне негізделген және Қазақстандағы ең заманауи болып табылады. «Қазақтелеком» АҚ және «АЛТЕЛ» АҚ Қазақстан Республикасында жаңа мультитехнологиялық LTE/GSM/UMTS желісін дамыта отырып, маңызды әлеуметтік міндетін орындап отыр. Бұл – ауылдық елді мекендерді дауысты байланыспен, сондай-ақ ҚЖҚ қызметімен қамтамасыз ету, еліміздің барлық азаматтары үшін байланыс және телекоммуникация саласындағы жаңа жетістіктердің және әлемдік трендтердің қолжетімділігін арттыру, «сандық теңсіздікті» жою жөніндегі мемлекетіміздің бағдарламалары мен тапсырмаларын жүзеге асыру.

««АЛТЕЛ» АҚ танымалдығының артуы заңды деп есептейді – «АЛТЕЛ» АҚ Басқарма төрағасы Максут Сауранбеков, «Тек жаңа технологиялар бойынша қызмет көрсету ғана емес, сонымен қатар тарифтік саясатпен өз абоненттерімізге мол мүмкіндік аша отырып, абоненттік базамыздың қарқынды өсуіне алып келді. Сөйтіп, ұялы байланыс және мобильді интернеттің заманауи қызметтерінің сапасымен және қолжетіміділігімен Қазақстанның алғашқы және жалғыз ұлттық операторы ретінде қазақстандықтардың сенімін ақтадық,- деп атап өтті Максут Сауранбеков.

«Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2018 жылға дейін LTE/GSM/UMTS қызметтері барлық аудан аймақтарында, қаламаңында және ірі ауылдық елді мекендерде тұрғындарға қолжетімді болады. Бүгінгі күні желі 160 аудан орталығының 30-да құрылған. Даму динамикасын ескере отырып, 2015 жылдың соңына LTE/GSM/UMTS абоненттік базасы 3 млн. абоненттен артады деп күтілуде.
Әрі қарай

Асығыңыз. «Нұр Сұңқар» республикалық байқауы басталды

Биыл тұңғыш рет радиожурналистер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпты көтерген БАҚ қызметкерлері марапатталады

Блог - Abylaikhan_Kalnazarov: Асығыңыз. «Нұр Сұңқар» республикалық байқауы  басталды

«Нұр Сұңқар» – бұл жыл сайынғы дәстүрлі үрдіс – партия мен БАҚ өкілдері арасында әріптестік пен ынтымақтастықты дамытуға үндейтін ел аумағындағы барлық журналистерге арналып өткізілетін ашық байқау.

Байқау жұмыстарының тақырыбы – партияның аса маңызды бастамаларын, партияның жастар саясатын, партия мен оның филиалдары, маслихаттардағы фракцияларының жұмысын, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының қызметін жария ету.
Өткен жылы еліміздің барлық аймағынан «Нұр Сұңқар» конкурсына қатысуға 221 өтініш келіп түсті. Байқауға Елбасы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған міндеттерінің іске асырылу барысы, «Қазақстан-2050» стратегиясының басымдықтары, партия Доктринасының ережелері, сондай-ақ партиялық бастамаларды жариялаған журналистердің еңбектері қабылданды. Былтырғы жылы Байқау комиссиясы шараның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша 114 жұмысты іріктеп алды.
2014 жылғы 1 қыркүйектен 2015 жылғы 11 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар және де жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері түрлі жанрларда (очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, журналистік зерттеулер және басқалары) қабылданады.
Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылдың 12 маусымы (алынатын күн). Жеңімпаздар Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңында елордамыз – Астана қаласында марапатталады.
Биыл сыйақы тізбегіне радиожурналистер мен жемқорлыққа қарсы тақырыпты көтерген тілшілер үшін жаңа номинациялар қосылып отыр.
Осылайша, жеңімпаздар 9 номинацияда анықталатын болады:
1) «Ерекше пікір» – Ең үздік телевизиялық журналист
2) «Сөз шебері» – Ең үздік газет журналисі
3) «Медиа-профи» – Ең үздік ақпараттық агенттік журналисі
4) «Көзқарас» – Ең үздік блогер
5) «Аймақ айнасы» – Ең үздік өңірлік корреспондент
6) «Қоғам үні» – Ең үздік радио журналисі
7) «Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін»
8) «Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін»
9) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ең үздік материалдар үшін».
Айта кетейік, былтыр «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында партияның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы қабылданған болатын. Оның мақсаты – бүкіл қоғамда коррупцияның кез келген көрінісіне төзімсіздік ортасын қалыптастыру арқылы халықты жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.

Жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі.
Байқау Ережесімен мында танысуға болады: www.nurotan.kz/kz/news/9274.
Материалдарды Байқаудың ұйымдастыру комитетіне жолдау керек: 010000, Астана қаласы, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты, Д.Қонаев көшесі, 12/1, №705 каб., тел.: +77172 55 55 96, +77172 55 55 63,, электрондық пошта мекен-жайы: nursunkar2015@nurotan.kz.

Ақпарат көзі: nurotan.kz
Әрі қарай

Сәуірдегі сезім

Көңілге де әр берді тамаша бір,

Наурыз көшіп туылған бала сәуір.

Күн еріншек боп алды, түн асығыс,

Кештеу жағып жүр содан қала шамын.

 

Кәрі кетті қаңтардың, ақпанның да,

Тоқымдай-ақ қап қойды ақ қар шыңда.

Жылу жетіп жасылын жамылды жер,

Өрік гүлдеп, жаңғақ тал таққан сырға.

 

Тарыдай мұң жүрекке ауыр келед,

Жылу жетсе жаныңа тәуір медет.

Кештеу жанған шамдайын сезіміме,

Ойға батам себепкер сәуір ме деп?

 

Тоқым қардай шыңдағы кірсіз бе арың?

Сенің жоғың – сәуірдің гүлсіз хәлі.

Сақтамашы сәуірге,

Жүрегіңнің,

Тастап кетіп қаңтарға жүрші ызғарын.
Әрі қарай

Қазақтың ұлттық киімі күні

«Даларух» қоғамдық ұйымының жетекшісі Арман Нұрмұханбетов бастаған жасампаз топ барша қазақстандықтарды «Қазақтың ұлттық киімі күні» акциясына қатысуға шақырады. Акция барысында елміздің барша ұлтжанды азаматтарына жұмыс орнына, оқу орнына немесе қонаққа қазақтың ұлттық киімінде келу ұсынылады.Блог - Tore_baga: Қазақтың ұлттық киімі күні
Аз ғана уақыттың ішінде осы идея халық арасында кең қолдау тауып, ғаламторда дауыс беру арқылы «Қазақтың ұлттық киімі күнін» әр жылда сәуір айның соңғы жұма күнінде өткізу шешімі жөн саналды. Осы жылы бұл күн сәуір айының 24 жұлдызына келіп тұр. Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары – республикалық және аймақтық телеарналар, ғаламторлық блогтар, газет-журналдар мен өзге де басылымдар үлкен қолдау көрсетуде.Блог - Tore_baga: Қазақтың ұлттық киімі күні
Сонымен қатар, «Қазақтың ұлттық киімі күні» аясында «Ел-шапан» акциясы да жол тартады. Еліміздің және әлемнің түкпір-түкпірінен қала және ауыл атауларымен Қазақстан халқына бірлік, татулық пен береке тілеген лебіздер жазылған мата кесінділері Алматы қаласына жіберіледі. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының алаңында бұл мата кесінділерінен көпшілік алдында кең шапан тігіліп, сахналық сипаттағы ұлттық мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Бұл шапан «Қазақтың ұлттық киімі күнінің» нышаны болып қана қоймай, ұлт бірлігін паш етеді. Оған қоса, сән үйлері, ателье және шеберлердің өз өнімдерін халық пен бұқаралық ақпарат құралдарына көрсетуге бағытталған қазақ ұлттық киімдерінің жергілікті көрмелері ұйымдастырылады. Алғашқы көрме 15-17 мамыр аралығында Қарағанды қаласында өтеді, одан кейін Астана мен өзге де қалалар жоспарда. Блог - Tore_baga: Қазақтың ұлттық киімі күні
2015 жылғы 22 сәуірде Алматы облысының жастар саясаты орталығының қызметкерлері осы акцияны қолдап «Қазақтың ұлттық киімі күні» тақырыбында жұмыс орнына ұлттық киімдермен келді.Блог - Tore_baga: Қазақтың ұлттық киімі күні
«Қазақтың ұлттық киімі күні» акциясы еліміздегі жеңіл өнеркәсіптің, туризмнің, ұлттық көркемдік стильдің дамуына, қазақ мәдениетіне қатысты зерттеулер мен шығармашылық еңбектің жандануына, халықтың рухани байлығы мен ел бірлігінің нығаюына үлес қосады деген сеніммен, Сізден осы патриоттық әрі көркем іс-шараға қала жұртшылығын тартуға ат салысуыңызды сұраймыз.
Әрі қарай