Астанада «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті
Еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғауға қатысты қолданыстағы заңнамалар жетілдірілуі қажет
Бүгін Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ҚР Ұлттық музейі ғимаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы Мәулен Әшімбаевтың басшылығымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы болып өтті.
Іс-шара барысында арнайы әзірленген көрме ұсынылып, «Еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қазіргі жай-күйі» тақырыбының аясында мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау, қайтадан жасау жұмыстарының сапасы, қорық-мұражайлардың мәдени туризмді дамытуға қосар үлесі, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамалардың орындалуы мәселелері қаралды.
Отырысқа ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев, ҚР Парламенті депутаттары, сондай-ақ тарихшы ғалымдар мен сәулетшілер, мұражай саласының өкілдері қатысып, есептік баяндамалар жасады.
«Нұр Отан» партиясының Саяси доктринасында «Мәдениет пен руханилық қоғамды біріктіреді. Мәдениет – өмірдің өнерден, тарихи мұрадан, дәстүр мен тілден нәр алатын аса маңызды саласы. Біз қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтап, ұлғайта түсуді жақтаймыз» делінген. Сондықтан да, партия мәдениет мен өнерге айрықша мән беріп, осы салада уәкілетті органдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы жүргізілуін бақылауда ұстайды.
Еске сала кетейік, 2007 жылы өткен «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі мәжілісте Елбасы Н.Ә.Назарбаев тарихи жәдігерлерге қатысты өз алаңдаушылығын білдіріп, былай деп тапсырма берген болатын: «Әсіресе, реставрациялық жөндеу жұмыстарының сапасына мұқият болған жөн. Баяғыдай, биыл қыруар қаржы жұмсап жөндеп, жылға жетпей сылағы түсіп, кірпіші құлап, жәдігер-мұраларымыз қотыр тайға ұқсап қалып жүрмесін» дей келе, «Археология жұмысында да бейберекет қаза бермей, қазылған сол тарихи орындарды сақтау жағын да ойластырғандарыңыз жөн. Ұлттық мұраларымыз қарлы боран, жауын-шашынның астында шайылып кетіп жүрмесін. Ертеңгі күні орнын да таба алмай қалып жүрерміз» деген еді.
Осындай ойды ортаға тастаған Қоғамдық кеңес төрағасы Мәулен Әшімбаев тарихи-мәдени мұра ескерткіштердің сақталуының ұдайы Елбасы назарындағы мәселе екендігін айрықша атап өтті.
«Содан бері 8 жыл уақыт өтті. Осы және басқа да тапсырмалар орындалып жатыр ма? Қолданыстағы заңнамалар қаншалықты дәрежеде ықпалды? Тиісті атқарушы органдар осы жағын жіті қадағалап отыр ма? Бұл сөз әлі де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Біз тарихи нысандарды қорғау жауапкершілігін жаңа деңгейге көтеруіміз керек»», — деді өз сөзінде Мәулен Әшімбаев.
Отырыста тарихи-мәдени мұра объектілерінде атқарылған ғылыми зерттеулер мен олардың есептілігі, ұлттық құндылықтарды сақтау, зерттеу және насихаттау, оның ішінде қайта қалпына келтіру секілді күрделі тұстарға да қатысты бірқатар сыни пікірлер айтылды.
Қатысушылардың айтуынша, бүгінгі күні нарықтық жағдайға орай реставрация саласында лицензия алған мекемелер көп. Өкінішке қарай, қажетті ғылыми тәжірибелік деңгейді талап ететін бұл өрісте әзірге тек қана олқылықтарды тізбелеуге болады. Бұған «ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне» енген бірегей тарихи құрылыс – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазіргі жағдайы жарқын мысал. Бірде-бір облыста реставрация саласын түсінетін, эксперттік баға бере алатын мекеменің жоқтығы да мәселенің өткірлігін көрсетіп тұр. Жалпы, әрқайсысының орны бөлек, тарихи, мәдени құндылығы қайталанбас мұраға қатысты жасалып жатқан кез-келген жұмыс мемлекеттік деңгейде сапа тұрғысынан тексеріліп отыруды талап етеді
Бұдан бөлек, «Мирас» қоғамдық кеңесінің 2014 жылғы 20 маусымдағы Қазақстанның мәдени саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдама жобасын талқылау жөніндегі отырысының ұсыныстары бойынша атқарылған іс-шаралар қорытындыланды.
Отырыс соңында мәдени ескерткіштерді қайтадан жасау мекемелерін лицензиялауды пысықтау, қажетті мамандар даярлау, азаматтарды ескерткіштерге қамқор болуға ынталандыру және бұл үрдістерді заңнамалық тұрғыда сүйемелдеу мен табиғи апаттардан құтқару шараларын қарастыру бойынша сындарлы ұсыныстар айтылды.

Пікір жоқ әзірше