Қыз алып қашу оперециясы №1 немесе перечита

Жігіт болғаннан кейін өміріңде бір рет болса да "қыз алып қашу" операциясына қатысып көрген дұрыс. Ауыл арасындағы «сыпсың» әңгімеден "қыз алып қашудың" неше-түрлі оқиғаларын естіп жатасың. Арасында сәттісі де болады, сәтсізі де болып тұрады. Тіпті кейбірінің ісі насырға шауып, беташарға деп «буып-түйіп» отырған қаржыға үстеме қаржы қосып, қыздан зорға құтылып жататыны да болады. Мына заманда қыз алып қашуға тәуекелді тек көңіл қимас кластастарың үшін баруың мүмкін. Бірақ, бұл тәуекелді де алдыңғы жылы дәл осылай үйленген сыныптас досымның әйелінің:«Сол Амангелді деген кластастарыңды жек көретінім сонша, көргім келмейді. Қолымнан қайырып, машина салып, қанша қарсыласқаныма қарамай зорлық көрсеткен қатыгез бейнесі көз алдымда қалып қойды. Қазір қанша кешірейін десем, сол бейне көз алдымнан кетпейді» деген әңгімесі тыйғандай болатын. Оқуымды міне бітірем, 4 жыл оқытқан ата-анамның еңбегін жұмысқа орналасып, өтеймін ау деген жоспарын күл-талқан қылып, телефонмен екі-үш мәрте ғана сөйлескен кластасым өмірін басқа арнаға бұрып жіберген болатын. Қазір құдайға шүкір жақсы отбасы болып, тұрып жатыр. Менің түсінігімде "қыз алып қашу" деген, қыздың пікірімен санаспай, жеке бас бостандығына қол сұғып, адамилықтың ең төменгі дәрежесіндегі жасалатын әлеуметтік құбылыс деп қарайтынмын. Бірақ, биыл кластасымның көңілі үшін, бәріне қолымды «сілтей» отырып, "қыз алып қашу №1 оперциясына" қатыстым.
Осы жылдың басында досым бір қызбен танысқан болатын. Қыз 95 жылғы. Екінші кездесуден кейін-ақ досым алып қашамын деп қамдана бастады. Әне-міне деп жүріп айтулы күнде келді. Жоспарымыз шала-шарпы. Бастысы көздеген қыз кездесуге келісімін берген. Біз мына жақтан машина сайлап, қаланың кептелісінен діттеген орынға жетемін дегенше, досым "қызын" аялдамаға әкеліп, бірнеше мәрте телепон соғып үлгерді. Қайтсін енді қыз қайтам дейді, бұл таксимен апарып тастамақшы. Ал «таксиі» біз отырған машина. Оған отырса қызға капец. Махаббат қызық мол жылдар: Қыз алып қашу оперециясы №1 немесе перечитаАялдамаға жетпей, жол бойында тұрған досымызды көріп, машинада отырғандар бір-бірімізге қарап «жымың» ете қалдық. Алдыға өтіп барып, біз екі бала болып түсіп қалдық. Енді ішінде адамы бар таксиге, оның үстіне қаланың қақ ортасында есі дұрыс қыз отырмайды. «Таксиіміз» жолды айналып келгенше, досым бір-екі такси тоқтаып, жолкіресіне келісе алмағансып, жіберіп жатыр. Сол аралықта, біздің «такси» де келіп жетіп, досым қызды салды. Ал біз не істейміз? Хабар келгенше, бізде қаланың екінші шетіндегі шығаберіс жолға барайық деп шештік. Бастапқы минуттар осылай тыныш басталып келеді. Бір уақытта досымнан «Алаш» базарына тез жетіңдер деген хабар жетті. Таксимен жеделдетіп бізде жеттік, оларда келді. Мен алдыңғы есік жағынан кірмекші болып есікті аша бергенде, артқы есікті ашып жолдың ортасына қыз шығып кетсе болама… "Ұста, ұста" деген досымның жан дауысымен екінші сыныптасым жалма-жан қыздың жанына жетіп барып, қолынан сүйреп әкеп, машинаға сүңгітіп жіберді. Дәл осы сәттерде өзінің алып қашу "құрбандығына" ұшырағанын білген қыз жанұшыра айқай салып, машинаның ішінде аласапыран басталды да кетті. Қаланың ортасы. Ойпырмай, "қыздың жаны қысылғанда бір жігітке әл бермейді деген" рас екен ау. Жұлқынып келіп есікті бір тепкенде, есік ашылып кетіп жатты. Шопыр жігіт жүрісінен жаңылмай келе жатыр әзірге. Қыз алып қашушы досым мен «сыбайлас» досым қыздың екі қолынан қапсыра ұстап алған. Қолын қоя беріп, ол қызда екі аяғымен күшене тепкенде шопырдың рөлі тайып, жолдан ауып кете жаздадық. «Аяқтан ұстасай» деген шопырдың дауысынан кейін барып, есімді жинап, менде әрекетке көше бастадым. Бірақ, қаладан ашыққа шығу үшін әлі 4-5 км қашықтық бар. Оның үстіне қаланың шыға берісінде әшейінде жалмаңдап тұратын «гаишниктерді» ойлағанда зәрем зәр түбіне кетіп жатыр. «Неге келістім екен еййй» деген ақкөңіл пейілімді осы жерде жеккөріп баражатырмын. Қырсыққанда, аэропортқа бұрылатын жолдың қиылысында кептеліс болып жатыр екен. Бір ғана қатармен қозғалыс болып жатыр екен. Біздің қатарымыздағы бір жеңіл көлікті тоқтатып, тексеріп тұрған патрульді мащинаны көріп, біткен жеріміз осы шығар деп ойладым. Әлі кеш батып, қараңғы түсе қоймаған уақыт. Тонировкада тым әлсіз сияқты ма? Іштегі "ұрлықтың" бәрі сыртқа айшықты сияқты. Кептелісте тұрмыз. Қыз бұл уақытта күшейіп, бар дауысымен "Құтқар" деп шыңғыруда. Бұл дауысты тек, барынша зор дауысымен ән шырқап тұрған мафон ғана бөлуде. Әупірімдеп жүріп шопыр жігіт бірінші қатарға өтті. Дәл патрульдің жанынан өтіп бара жатқанда қыздың «Полиция» деген бар дауысымен шыңғырған үні құлақтың түбінен біраз уақыт жаңғырып жүрген шығар. Қайран, қыздық дәурен десей. Жан бере салу оңай емес екен. Қалып қоюдың үлкен үмітін "Ұмыт оны, ұмыт" деген әннің ырғағы колонкамен зорайып шығып, қыз дауысын сыртқа шығармай тастауымен, үзіп тастады. Алдымызда кептеліссіз жол шыққанда «уф» деп орнына түскен көңілді «жаңа күдіктер» торуылдай бастады. Қыз енді қалып кетудің басқа амалдарына көше бастады. «Айдооооос мен саған тимеймін» деген жанайқайының ендігі жерде пайдасыз екенін түсінгендей. "Қолымды жібер, екеуміз жеке сөйлесейік" деп бастады келесі амалын. Бұл уақытта қаладан шығып үлгердік. «Кінәлі» досым тоқтатпа, ұра бер деп шопырға бұйыра айтты. Бұл жерде бізге қарағанда шопыр жігіт опытныйлау екен. Өйткені бұл оның №1 оперциясы емес. Менің ішім алай-түлей. Қазір апарып алдық дейік, ертең ол арыз жазса "құрыдық қой" деп қоям. Жұмыс орны, әні міні деп отырған жаңа «жылы» орынмен іштей қош айтыса бастағам. Бір жағы болары болды, енді аяғына шейін жүрем дейм. Ана сыбайлас досымда "үн" жоқ. Тілден кеткен мүлдем. Оның жағдайын көріп, күлкім келді ау :)))))). Осылай ой арпалысында келе жатқан, «Пышақты ұста, қолын ұста, жіберме» деген дауыстан артқа жалт қарасам, қыздың қолында жаппалы шаппа жүр. Шаппаның сабынан ұстап, өзіме тартып қалып ем, қыздың алақанының дап даласы шықты. Өзіміздің қайғымыз аздай, мынау енді төбемізді ойып жіберетін жағдай болды. Не істедік? Қызға дәсторамалымызды беріп, саулаған алақанын сыртынан түйіп әлекпіз. Солай жүріп, Бадамнан астық ау деген уақытта, қыздың қарқыны басылып, сабасына келе бастады. Осыны пайдаланып, шопырда әңгімесін бастады:«Айналайын қарындас, Айдос жаман жігіт емес, енді осы жерде араларыңды жақсылап шешіп алыңдар. Мен бұл жерде тек көлік жүргізуші ғанамын. Ертең маған зияның тиіп кетпесін» деп қызға сөз берді. Досым«жаным, күнімдеп» өліп барады. Қайтсін, ауылдың дайындалып, бәрі күтіп отыр. Қызда"қалаға апарып тастасаңыз, мен тіпті қолымның қанағанына шейін ешкімге айтпаймын. Бәрін түк болмағандай қабылдаймын" деді. Оған көнетін досым жоқ, оның үстіне қыздың дауысының бәсеңсігенін бізде байқап отырмыз. «Тарт ауылға» дедік үшеуміз бір ауыздан. Уже, батылданып алғанбыз))). Ары қарай үнсіз жүріп отырып, Арысқа жеттік. Арыстың шыға берісінде қыздың болашақ абысыны, досымның жеңешесі артымыздан жеткен машинадан ауысып, бізге отырды. Досымның жеңгесі не айтқанын білмим, біздің жаңадан бері жанымызды шүберекке түйген "қалыңдығымыз" сол сәттен-ақ күлімсіреп сала берді. Мұны көріп іштей «терең» демалғансың ғой. Соткаға келген қоңырауларға енді еркін отырып, жауап қата беруге болатын сияқты. Ауылға бара жолда, сырдарияға салынға көпірде ауылдағы бүкіл кластастарымыз күтіп отыр. Сонымен, түн ауасын қақ жарып, бипілдетіп ауылға кіріп бардық. Осылайша "қыз алып қашу" операциясының соңы ауылдың қарапайым гулянкасына ұласты. «Перешита» деген ән құлақтан кіріп, бойды алып бара жатты. ауылдағы гулянка немесе перешита жыла не жылама бұл алып қашу сәби
Жаңағы қорқыныштан титтей де белгі қалмай барады. «Енді қыз алып қашуға қатыспаспын» деп қоям бір жағы :))))
пысы: Өмірінде бір рет болсада қыз алып қашуға қатысу еркектің басынан өтуге тиісті нәрсе сияқты маған. Өзіңе сенімді болсаң әрине. Айтуға оңай ғой, бірақ, алып қашу құрбаны болған қыздың басындағы жағдайды әркімнің басына бермесін. Өз теңін тауып, Ата-ана разылығын алып тұрмыс құрғанға не жетсін! Қызды зорлықпен әкелудің бір көрінісі мына жерде. Қазір сол досым жап-жақсы отбасы болып кетті. Күзде тойына бардық.
Әрі қарай

Дыбыссыз режим. 2 шығарылым.

«Дыбыссыз режим» көрермендерге ұсынылғалы бері жақсы пікірлер оқудамыз. Бұл — біздің команда үшін үлкен жетістік.

Сіздерге де ұнапқалатын шығар деген үмітпен назарларыңызға жобаның екінші шығарылымын ұсынып отырмыз. Дыбыссыз режимнің бірінші шығарылымына Жайдарманшылар қатысса, екінші шығарылымында 7 арнаның журналистері ойнады.

Өте қызық болды. Көріңіз, күліңіз! :)

Әрі қарай

«Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдау үздіктері анықталды

Астанада «Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды
Блог - asaubota: «Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдау үздіктері анықталды
Елордада «Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау құрметінің рәсімі өтті.

Тұңғыш рет байқау қорытындысын шығару рәсімі өңірлермен бейнеконференция байланысы арқылы өтіп, оған партияның өңірлік және аумақтық филиалдары қоғамдық қабылдауларының жетекшілері қатысты.

Жеңімпаздарды анықтауда мынандай өлшемдер есепке алынды: өтініштің қаралу мерзімінің сақталуы, өтініш білдірушілердің қоғамдық қабылдаулар жұмысына қанағаттануы, оң шешілген өтініштердің үлес салмағы, ағымдағы жылдағы азаматтармен өзекті мәселелерге орай өткен тақырыптық қабылдауларды салыстыру, азаматтарды қабылдау мен өтініштердің «электрондық қоғамдық қабылдау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне дер кезінде тіркеу, «электрондық қоғамдық қабылдау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтердің толық және орынды енгізілуі.

«Партияның қоғамдық қабылдауларында жұмыс істеудің жаңа жүйесі енгізілетін болады. «Электрондық партия» жобасы шеңберінде жазбаша өтініштер мен азаматтарға ауызша кеңес беру бойынша есеп бөлімі енгізілмекші. Кеңес берулер біздің партиялық жобалардың тақырыбы бойынша жүргізіледі. Меморгандардың азаматтардың өтініштерін қарауын қадағалау партиялық бақылау комитеті мен «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі және мәслихаттардағы фракция мүшелерінің қатарынан тағайындалған партиялық кураторлар арқылы іске асырылатын болады. Бүгін біз қоғамдық қабылдаулар жұмысының рейтінгін жариялап отырмыз. Қоғамдық қабылдауларды бағалаудың негізгі өлшемі – ақпараттардың нақтылығы мен жергілікті жерлердегі мәселелердің тиімді шешілуі», — деп атап өтті марапаттау салтанатында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Құрамына партияның орталық аппаратының өкілдері, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракция мүшелері енген Орталық комиссия, байқауға қатысушылардың ұсынған материалдарын қарап, өңірлік және аумақтық қоғамдық қабылдаулардың арасынан шыққан жеңімпаздарды анықтады.

Қаралған өтініштердің қорытындысы бойынша партияның өңірлік филиалдары арасынан «Нұр Отан» партиясының «Ең таңдаулы қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауының жеңімпаздары атанғандар:

I орын — «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы;
II орын — «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы;
III орын — «Нұр Отан» партиясының Батыс-Қазақстан облыстық филиалы.
Партияның аумақтық филиалдары арасынан:
I орын — «Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалы;
II орын – Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара аудандық партия филиалы;
III орын – Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар аудандық партия филиалы;

Анықтама үшін::
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауларының жұмыс істеу механизмі:
— республикамызда барлығы 241 қоғамдық қабылдау бар;
— 2013 жылы республикалық қоғамдық қабылдаудың арқауында Бірыңғай үйлестіру орталығы құрылды;
— 2014 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында партияның қоғамдық қабылдауларына 560 мың азамат келді.
2014 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін партияның қоғамдық қабылдауларында 82 713 өтініш тіркелді;
Партия жетекшілері, ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері, мемлекеттік органдардың жетекшілері өткізді:
— 20 678 жеке азаматтардың қабылдауын (2014 жылдың қаңтарынан бері), бұл 2013 жылғы осы кезеңдегімен салыстырғанда 5 есе көп;
— 325 «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракция мүшелерінің қабылдауы;
— 62 орталық мемлекеттік органдардың жетекшілерінің қабылдауы;
— 1 808 барлық деңгейдегі әкімдер мен олардың орынбасарларының қабылдауы;
— 10 140 аумақтық меморгандардың жетекшілерінің қабылдауы;
— 8 343 барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Нұр Отан» партиясы Фракциясы мүшелерінің қабылдауы;
— 2014 жылдың басынан өте өзекті мәселелер бойынша 2,2 тақырыптық қабылдаулар өтті.
— 2014 жылдан бастап адвокаттар мен заңгерлік компаниялардың заңгерлері 1 412 адамға тегін кеңес берді.
— азаматтардың қоғамдық қабылдаулар қызметіне қанағаттануының бағасы енгізілді (тексеру құралы: жасырын (Mystery Shopping), телефондық сауалнама, партия порталындағы электрондық сауалнама).
Әрі қарай

CMS Joomla-ны Жұмекеге айналдыру

CMS Joomla-да құрылған сайттардың компоненттерін қазақшалау қиындық тудырмайды.
Мысал ретінде «Поиск» компонентін қазақшаға аударып көрсетемін.
Мен тәжірибе үшін локалды серверге орнатылған сайтты алдым. Ол үшін сайт орнатылған папкаға кіруіңіз керек. Шамамен осы суреттегідей папкаларды көресіз. Ішінде language→ru-RU деген папкаларды ашамыз.
IT маманның кеңестері: CMS Joomla-ны Жұмекеге айналдыру
«ru-RU» деген папкада «ru-RU.com_search.ini» деген файл қажет.
Ескерту! Өзгертетін файлды (құжат) көшіріп алыңыз.
Файлдың түпнұсқасын кез келген мәтіндік редактормен өзгертеміз. Сол жақтағы объект – сайттағы «Поиск» формасы, оң жақтағы – өзгеріске ұшырайтын файл.
IT маманның кеңестері: CMS Joomla-ны Жұмекеге айналдыру
Енді қалғаны орысшамен дос болсаңыз қазақшаға аудару қиындық тудырмайды).
Тек қана орысшы сөздерді өзгертеміз, қалған символдардың тыныштығын бұзбаймыз).
Болған соң файлды сақтап, браузердегі іздеу формасы ашылып тұрған парақшаны жаңаратсаңыз болғаны.
Егер құжатта аударылатын кейбір сөздер кездеспесе, онда оларды басқа құжаттардан іздейміз.
Мысал ретінде көрсеткендіктен толық аударған жоқпын.
IT маманның кеңестері: CMS Joomla-ны Жұмекеге айналдыру
IT маманның кеңестері: CMS Joomla-ны Жұмекеге айналдыру
Сөйтіп Joomla-ны Жұмекеге айналдыруды жалғастырамыз). Сәттілік тілеймін!!!
Әрі қарай

"Сән мен сахна" V Халықаралық сахна киімдерінің фестивалі

27 қараша күні Астана қаласының Music Hall мейрамханасында Сән мен сахна» V халықаралық сахна киімдерінің фестивалі өтті. Бұл фестивальде Қазақстан мен Түркияның сахналық ұлттық нақыштағы киімдері көрсетілді. Қазылар алқасы жас дизайнерлердің өнерін бағалап, бірінші орынды «Нәзік» сән үйінің топтамасына берді. Ал, екінші орынға жас дизайнер Дариға Тайшықова ие болды. Жеңімпаздар Түркияда өтетін «Дефиле» қойылымына жолдама алды.
Әрі қарай

Айгүл Иманбаева əн кешіне шақырады

29 қараша күні Астана қаласының Қазақстан орталық концерт залында Айгүл Иманбаева кеш өткізгелі жатыр. Кештің басты ерекшелігі: концерт театрландырылған түрде өтеді. Эстрада жұлдыздары не басқа да қонақтар ән айтып шықпайды. Тек Айгүлдің ұлымен айтатын дуэті бар. Өте қызық кеш болатын сияқты.
Астана қаласыны тұрғындары және қала қонақтары!
Концертке барайық, көрейік!
Әрі қарай