Үздік шахматшы қариялар анықталды

Астана жаңалықтары: Үздік шахматшы қариялар анықталды

Сарыарқа ауданы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қарттар күні қарсаңында қариялар арасында шахматтан жарыс өткізілді. Сайысқа аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбенғаппас Ахметов, мәслихат депутаттары мен «Астанаводсервис» ЖШС өкілдері қатысты.

Ойын кезінде дүниежүзілік шахмат федерациясының ережелері мен талаптары қатаң сақталып, жүзден жүйріктер алға шықты. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Қайырбек Сейітқұл мен Ілияс Қалин иеленіп, екінші орын Тұрсын Қадырбековке тиесілі болды. Ал, үшінші орынды Мекентай Бегенбаев пен Мажит Бекжанов бөліп алды.

Жеңімпаздарға марапаттау қағаздары мен ақшалай жүлделер табысталып, қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.
Әрі қарай

Аналар үйі жетімдерді жерде қалдырмайды

Астана жаңалықтары: Аналар үйі жетімдерді жерде қалдырмайды

Еліміздегі тастанды балалардың санын азайту мақсатында екі жыл бұрын «Ана үйі» атты жаңа жоба жұмысын бастаған еді.

Бүгінде осы бастаманың арқасында елімізде 1007 бала жетімдіктің азабынан құтылып отыр. Бұл жайында жобаның негізін қалаушылардың бірі, BI Group компаниясының жетекшісі Айдын Рахымбаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. Айтулы жоба жүзеге асырылғалы республика аумағындағы 6 сәбилер үйі жабылды. Алдағы уақытта жетім балаларды қамқорлыққа алатын тағы да 2-3 аналар үйін ашу жоспарда бар.
Әрі қарай

Құқық бұзушылыққа қарсы акция өтеді

Астана жаңалықтары: Құқық бұзушылыққа қарсы акция өтеді

Астанада 28-30 қыркүйек аралығында «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» атты кең ауқымды акциясы өтеді.

Қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бойынша шаралар үнемі жүргізіледі. Жыл басынан бастап 80 мыңнан аса әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде ұсақ бұзақылықтың – 3,4 мың, тыныштықты бұзудың – 7 мың, алкогольді ішімдіктерді ішу және қоғамдық орында мас күйінде болудың – 16,2 мың, белгіленбеген орындарда темекі шегудің – 12 мың, тазалық тәртібін бұзудың – 14,8 мың және бегіленбеген орындарда саудамен айналысу 3,5 мың фактісі тіркелді.
Әрі қарай

Құлагер ескерткіші күрделі жөндеуден өтті

Астана жаңалықтары: Құлагер ескерткіші күрделі жөндеуден өтті
Астанадан Бурабайға шығатын жол бойында орналасқан Құлагер ескерткіші күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл жұмысты «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалы жүргізді.

Ескерткіш айналасына төселген плиталар жаңартылды. Әдемі темір қашалар мен жолаушылар демалатын орындықтар қойылды. Шыршалар мен гүлдер отырғызылды. Қазір Құлагердің маңайы құлпырып тұр. Абаттандыру жұмыстары әлі жалғасатын болады.

– Ұлы Даланың символына айналған Құлагер ескерткішін күрделі жөндеуден өткізуге өзіміз ниеттендік. Ескерткішке жолаушылар жиі аялдайды. Шетелдіктер де көп келетінін білеміз. Көпшілік қоғам қайраткері Сәдібек Түгелдің идеясымен бой көтерген осынау ескерткіштің жанында тұрып суретке түсуді ұнатады. Сондықтан, Құлагердің көрікті болғанын қалаймыз әрі оның күтімін өзіміз атқаратын боламыз, – деді мекеме директоры, ұлтжанды азамат Арман Жүсіпов.
Әрі қарай

«Тарих пен тіл тамырлас» мүшәйрасы қорытындыланды

Астана жаңалықтары: «Тарих пен тіл тамырлас» мүшәйрасы қорытындыланды
Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырған «Тарих пен тіл тамырлас» атты жас ақындар мүшәйрасы мәресіне жетті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «Тілеп» қобыз сарайында өтті.

Атаулы шараға ҚР Парламентінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар мен студенттер қатысты.
Қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев бұрынғы Целиноград пен Ақмоланың, бүгінгі Астананың қазақылануына үлес қосқан бір топ адамға «Қазақ хандығына – 550 жыл» мерекелік медалін табыстады. Аталмыш медальмен марапатталғандардың арасында ұлағатты ұстаз, Еуразия гуманитарлық институтының ректоры Амангелді Құсайынов, осы өңірде басшылық қызметтерді атқарған саясаттанушы Зәуре Қадырова, мәдениеттанушы Отызбай Сүйіндіков, белгілі журналист, газетіміздің бұрынғы басшысы Жұмагүл Саухат, ақындар Серік Сейітман, Балғынбек Имашев және Қалқаман Сарин болды.

Мүшәйраға 50-ден аса үміткер қатысып, іріктелген 10 ақынның ішінен жеңімпаздар анықталды. Сонымен, 1-орын Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Әлімжан Әлішерге бұұйырса, 2-орынды халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, Айжан Тәбараққызы иеленді. Ал, 3-орынның жүлдесін Қарағанды қаласындағы «Болашақ» университетінің студенті Абай Ораз бен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Дәулетберді Жекей бөлісті. Бұдан бөлек бес ақынға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Жас ақындардың барлығы Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің атынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Астанада автомобиль шиналарын өңдейтін зауыт жұмысы жанданды

Астана жаңалықтары: Астанада автомобиль шиналарын өңдейтін зауыт жұмысы жандандыKazakhstan Rubber Resycling мекемесі Қазақстанның инвестициялық қорының қолдауымен кәсібін қайта дөңгелетті. Өңделген қалдық қай жерлерде қолданылады? Қалдықтар қараусыз қалмайды.
Автомобильдің мынадай жарамсыз шиналары енді кәдеге аспақ. Астанада 2010 жылы ашылған бұл зауыт қаржы қолбайлау болып, жұмысы тоқтаған. Осы күзден бастап тұралаған кәсіпорын қызметі қайта жанданды. Қазақстанның даму банкі бұл кәсіпорынға 6,8 млн доллар бөліп, тынысын ашты. Қарыз қамытын киіп, тығырыққа тірелмеу үшін банк жайлы жағдай жасаған. Нәтижесінде 3 жыл бойы шаң басып тұрған аппараттарға жан бітіп, қан жүгіріп, қайта іске қосылды.
Аян Есжанов,«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің директоры:
— Бұл мекеменің несиені төлеуге мүмкіндігі болмады. Қазақстанның инвестициялық қоры өз қол ұшын берді. Бұл жоба Астананың экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен үлесін қосады деген сенімдеміз.
Ат шаптырым аумақтың 9 мың шаршы метр алаңын алып тұрған мекеме жылына 30 мың тонна шина өңдеуге қауқарлы. Әзірге зауыт жұмысына 30 адам тартылған.
Ермек Абдиев Kazakhstan Rubber Resycling зауытының директоры:
— Наурыздан бастап сынақ жұмыстарын жүргізгенбіз. Елорда төңірегінен жиналған мың тоннадай шинаны өңдедік. Қазір зауыт толықтай өз қызметіне кірісті. Бұл жобаның құны 10 млн доллардан асады.
Қалдық ұнтағынан балалар мен спорт алаңына төсеніштер әзірленеді. Бастысы – бала өміріне қауіпсіз. Аңсат Исатай зауытпен келісім-шарт жасасқан кәсіпкерлердің бірі. Алдағы уақытта 3D ойыншықтарды шығаруды жоспарлауда.
Аңсат Исатай кәсіпкер:
— Қазір неше түрлі гипстен жасалған ойыншықтар қойылып жатыр. Бірақ, олардың бәрі қауіпсіз емес балаларға. Әзірше бұндай жоба жоқ, Құдай қаласа келесі жылдан бастап, біз анық осыны бастаймыз деп жоспарлап отырмыз.
Астанада жылына 480 мыңдай жарамыз шина қоқысқа тасталады. Қалдықты қараусыз қалдыру экологияға кесірін тигізері анық. Сондықтан зауыт қала тұрғындарын жарамсыз шинаны мекемелеріне өткізіп, шаһар тазалығына өз үлесін қосуға үндеп отыр.

сілтеме
Әрі қарай

Биыл 1 500 м артық магистральды жылу желісі жөнделді

Астана жаңалықтары: Биыл 1 500 м артық магистральды жылу желісі жөнделді

Елорданың энергия көздерінен жылу энергиясын сенімді және тоқтаусыз беру мақсатында Астана қаласының Энергетика басқармасы жылу магистральдарын қайта жаңарту және салу бойынша жобаларды іске асыруда. 2015 жылы 2 060 м құбыр (соның ішінде: ЖМ-5, ЖМ-18, ЖМ-50, ЖМ-36) тартылды.

Астанада жылумен жабдықтау объектілерінің құрылысы аясында «ЖМ-20 жылу магистралін қалпына келтіру» жобасы бойынша жалпы ұзындығы 3 784 м құрайтын жұмыстар жүргізілуде, соның ішінде 2 710 м төселді. Аталған жылу магистралі А. Жұбанов көшесінен Ғабдуллин көшесіне дейін Ж.Омаров көшесінің бойымен өтеді. Сондықтан 2015 жылғы 22-30 қыркүйек аралығында Ш. Уәлиханов және Ж. Омаров көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы жабылады.

Астана қаласы Энергетика басқармасының хабарлауынша, бүгінде елордада қалалық шаруашылықты жылыту маусымына дайындау бойынша жұмыстар қолға алынды. Жыл басынан бері жөндеу бағдарламасы аясында 551 м таратушы және 1 549 м магистральды жылу желісіне күрделі жөндеу, ұзындығы 10,9 км таратушы желіге ағымдық жөндеу жүргізілді. 50 жылу магистралі гидравликалық сынақтан өткізілді.

«Астана-РЭК» АҚ бекітілген кестеге сәйкес жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шараларды жүргізуде. Жыл басынан бері жөндеу бағдарламасы аясында 52 трансформаторлық және таратушы пунктері және 34,6 км ауа желісі ауыстырылды. Ағымдық жөндеу жұмыстары бойынша қосалқы станция жабдықтары ауыстырылды.

2015-2016 жылғы жылыту маусымына дайындық бойынша барлық шаралар бекітілген жоспар бойынша жүргізілуде.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астана жаңалықтары: Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 2015 жылдың қыркүйек айының 5-6 күндері Б. Момышұлы көшесі мекенжайы бойынша орналасқан Оқушылар сарайының жанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке қыркүйек айының әр сенбі-жексенбі күндері сағат 09.00-18-00 аралығында жалғасады.

Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, жәрмеңкеге Астана мен Ақмола өңірінің тауар өндірушілері өз өнімдерін халыққа ұсынады. Аталмыш жәрмеңке елорданың үш ауданында да өтеді. «Алматы» ауданында Абылай хан даңғылы, «Есіл» ауданында Сауран көшесінде ХҚКО маңында, «Сарыарқа» ауданында Бөгенбай даңғылындағы «Көктем» СО жанында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2015 жылдың 2 кыркүйегіне дейін 45 жәрмеңке ұйымдастырылып, оған 102 тауар өндіруші қатысты. Жәрмеңкедегі тауарлар нарықтық бағадан 10-12 пайызға арзан сатылады.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған мерекелік шаралар басталды

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған мерекелік шаралар басталды

Биыл қазақ халқы үшін айтулы мереке – Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтілуде. Барша қазақстандықтар үшін тарихи маңызға ие мерекеге арналған негізгі іс-шаралардың бірі бүгін таңертеңнен бері Астанадағы «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда өтіп жатыр. Мерекелік шараны тойлау үшін елордаға еліміздің өңірлерінен 1,5 мыңға жуық адам келді.

Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов:

— Қазақ хандығының 550 жылдығына жиналған барша қауымды бүгінгі айтулы күнмен құттықтаймын. Елордада бүгін республиканың барлық өңірлерінің келген үздік ұжымдар, әртістер, шеберлер және т.б қала тұрғындары мен қонақтары үшін өнер көрсетуде. «Қазақ Елі» алаңында 50 киіз үй тігілді, әрқайсысы өз өңірінің ерекшеліктерін көрсетуде. Үш күн бойы республикамыздың әр өңірі елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына театрландырылған көрініс, үздік хореографиялық ұжымдардың, этнографиялық ансамбльдердің, эстрада әртістерінің қатысуымен мәдени бағдарлама ұсынады. Мерекелік шаралар бағдарламасына сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнердің көрме-жәрмеңкесі, халық шеберлерінің шеберлік дәрістері енгізілді.

Сонымен қатар, этноауылда ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқанда, қазақ күресі, арқан тарту, тоғыз құмалақтан жарыстар өтеді.

Шолпан Бейімбетова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті:

«Сыр елі — жыр елі» атты тұғыры мықты қазақ жұртының алғашқы астанасынан келіп отырған жайымыз бар. Бүгінгі «Сыр елі — жыр елі» атты этноауылымыздың үлкен сән-салтанатын келтіріп отырған Сыр еліндегі жыраулар мектебі деп айта аламыз. Сол үлкен үрдіспен орталарыңызға бар өнерімізді салып, қуанышпен келіп қалдық.

Еске салайық, 12 қыркүйекте барлық облыстардың ұлттық киім киген өкілдерінің шеруі өтеді. Шара сағат 09.00 «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңнан басталады. Осы күні сағат 19.00 өңірлердің ең үздік номерлері гала-концертте көрермендер назарына ұсынылады.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Астанада Керей мен Жәнібек хандардың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Астана жаңалықтары: Астанада Керей мен Жәнібек хандардың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Керей мен Жәнібек хандардың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Аталған шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Тахир Балықбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Керей мен Жәнібек хандар ескерткішін орнату Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы екенін атап өткеніміз жөн. Елбасы өз сөзінде Керей мен Жәнібек осыдан 500 жыл бұрын қазақ хандығының негізін қалағананын айтқан. Ескерткіштің орны кездейсоқ таңдалмаған, себебі Астана – Қазақстанның тәуелсіздігінің символы.

Мүсіндік композицияның барлық элементтері тұтас бір қалыпта әзірленіп, таза қоладан құйылған. Ескерткіштің жалпы салмағы — 16 тоннадан артық. Монументтің авторы – қазақстандық мүсінші Ренат Әбенов.

astana.gov.kz
Әрі қарай